Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда


Жеке тұлға мен жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесінің түсінігі, мағынасы және даму тарихи кезендері



жүктеу 139,44 Kb.
бет2/7
Дата03.02.2022
өлшемі139,44 Kb.
#35373
1   2   3   4   5   6   7
Кивашов Ж.К. дипломдық жұмыс

1 Жеке тұлға мен жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесінің түсінігі, мағынасы және даму тарихи кезендері
1.1 Қазақстан Республикадағы жеке тұлғаның түсінігі мен мағынасы
Демократияның бір көрінісі болып табылатын референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өтпелі кезең болмысына сай және қажет жаңашылдықтар енгізді. Конституцияның енгізген жаңашыл өзгерістерінің бірі – адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және міндеттерін бөлек тарау тұрінде жариялауы болды. Бұл алдыңғы қатарлы идеяларды дамытуға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жаңа құқықтар және бостандықтармен толықтыруға мүмкіндік берді.

Құқықтарды, бостандықтарды және міндеттерді жариялау кезінде адам және азамат ұғымы қолданылады. Адам құқықтары, бостандықтары және міндеттері дегеніміз – мемлекеттің барлық тұрғындарына қатысты құқықтар мен бостандықтар және міндеттер, ал азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және міндеттері – тек белгілі бір мемлекет азаматына тиесілі құқықтар мен бостандықтар және міндеттер ұғымын қамтиды. Құқықтар мен бостандықтарды адам құқықтары және азамат құқықтары деп бөлу, құқықты пайдаланушы субъектілердің құқықтық жағдайына байланысты, яғни оның бір мемлекетке қатыстылығына тәуелділігі. Бұл жіктеуде адамның азаматтығына басты назар аударылады.

Құқықтық әдебиеттерде азаматтардың құқықтары және жеке тұлғаның құқықтары деген ұғымдар қолданылады. Адам құқықтары табиғи сипатта болғандықтан жеке тұлғадан бөліп қарауға болмайды, ол территориялық, ұлттық шеңберлермен шектелмейді және мемлекеттік органдардың актілерінде бекітілуіне тәуелсіз, халықаралық-құқықтық реттелуге және қорғалуға жатады. Бұл құқықтар адамды адамзат өкілі ретінде танытады және оның өмір сүруіне қажетті фактор болып табылады. Адам құқықтарын нақты мемлекеттің заңдарында нормативтік түрде бекіткен жағдайда, олар сол мемлекеттің азаматтарының да құқықтарына айналады. Азаматтардың құқықтары дегеніміз – қоғам және мемлекеттің даму барысында табиғи және мемлекеттің нормативтік-құқықтық актілерінде бекітілген және қабылданып алынған өкілеттіктер жиынтығы. Азаматтардың құқықтары міндетті түрде құқықтық актілерде бекітіледі, мемлекет тарапынан қорғалуға жатады және ол адамды мемлекеттік-ұйымдық қауымдастықтың мүшесі ретінде танытады.

Жеке тұлғаның құқығы дегеніміз – нақты жағдайлардағы жеке тұлғаның өкілеттіктері, олардың көлемі, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, қоғамдық-саяси мәртебесіне, оның жұмыс жағдайына және тұрағына байланысты болып келеді. Тұлға деген ұғым азаматты, шет ел азаматын, азаматтығы жоқ адамды, босқындарды, қоныс аударушыларды қамтиды. Жеке тұлға құқықтары адамның жеке өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды, яғни оның әлеуметтік жетілгендік дәрежесін, құқықтарын сезінуі мен өз әрекеттеріне жауап бере алуын білдіреді.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген адам құқықтары, азаматтардың құқықтары, жеке тұлға құқықтары бір мағыналас терминдер, олардың қолдануы логикалық және стилистикалық ережелерге байланысты және адам құқықтарының қажетті аспектілерін айқындау үшін қолданылады.

Адам құқығы – әлемдік өркениеттің басты жетістіктерінің бірі. Мазмұны жағынан бұл ұғым күрделі және көп қырлы. Оны бір ғана анықтамамен түсіндіру өте қиын, өйткені адам құқығы тек заң ғылымының институты емес, фәлсафа, саясаттану тағы басқа ғылым салаларына да қатысы бар болғандықтан қоғамдық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан зерттелуді қажет етеді.

Адам құқығы ол дүниеге келген сәтінен бастап пайда болады, оның өмір сүруіне қажетті жағдай, әрі қарай дамуына мүмкіндіктер туғызады, мемлекет тарапынан қол сұғушылыққа жол берілмейді, тіптен адам табиғаты талап етіп отырған өмір сүру құралы және мақсаты болып табылады. Адам құқығы – адамның нақты бір қоғам мүшесі ретінде өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін әрекеттенуінің алғы шарты ретінде қайталанбас өзіндік, өз алдына тәуелсіз тұлға ретінде орнықтырудың тәсілі болып табылады. Жеке тұлғаның қоғамға қатыстылығы, оның еріктілігі, бостандығының шамасы, әрекеттерінің шеңбері құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалармен белгіленген. Адам құқығы – оның негізгі материалдық және рухани құндылықтарға қол жеткізу, өзінің мүмкіндіктері мен дарынын қанағаттандырудың құралы болып табылады.

Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар басқа жалпыға танымал құқықтарды және бостандықтарды жоққа шығармайды.

Адамның құқықтары мен бостандықтары қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің Ата заңдарында көрініс алған қоғамдық құбылыс және конституциялық құқықта маңызды рөл алатын, тіптен пәні болып табылатын мемлекеттік құрылыс, билікті үйымдастыру институттарымен қатар тұратын институттардың бірі.

Адам құқықтары дегеніміз – жеке тұлғаның қоғамның барлық салаларындағы өмірін, қадір-қасиетін және бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер.

Жеке тұлға институтының даму динамикасындағы жалпы әлеуметтік сипаты, оның заңдылық формаларына баға бере отырып қаралған құқықтық мәртебе түрлері – бұл жұмыстың өзегі болғандықтан, оларды жан-жақты қараған жөн. Тұлға ұғымының әлеуметтік, саяси, экономикалық негіздері бар. Олар құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің жаңа түрге енуіне әсер ететін алғы шарттар десе де болады. Ал бұл құбылыстар ғылымның басқа салаларының да нысандары болып табылады. Сондықтан, оларды талдау барысында біз саясаттану, әлеуметтану, психология және басқа қоғамдық ғылым салаларымен байланыста қарастырамыз.

Жеке тұлғаны зерттеу, оған негізді анықтама беру тек заң ғылымдарында жүзеге асырылмаған. Бұл мәселе әлеуметтану, саясаттану, психология және басқа ғылым салаларында да қамтылған, оған осы салалардағы дәйекті зерттеулер мысал бола алады. Адамзат тарихында бұл ұым пайда болды, оның даму жолдары қандай кедергілерге кездесті деген сұрақтар көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Тұлға ұғымының табиғатын түсіну үшін осы зерттеулердің бірқатарына тоқталып қарастырайық. Сондықтан, жұмыстың бұл бөлімінде біз тұлға ұғымын әлеуметтану, саясаттану, психология салаларымен тығыз байланыста қарастырамыз.

Қай әлеуметтік жүйе болмасын, оның негізгі құраушы элементі болып, адам табылады. Адамдарды қоғамға біріктіру әр қилы әлеуметтік бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады. Ал, оларды таңдау кезінде әр адам ерік-жігерге ие. Әлеуметтік жүйе әлеуметтік топтардан, институттардан, үйымдардан және қабылданған қоғамдық нормалар мен құндылықтардан түрады. Осыған орай, адам көптеген әлеуметтік жүйелерге енеді және олар тұлғаға жүйелі түрде әсер етіп отырады. Адам ендігі жерде тек жүйе бөлшегі ғана емес, ол жүйені басқарушы болып табылады [6].

Жеке дара ұғымы әдетте белгілі бір әлеуметтік қоғамды танытатын өкіл ретінде қарастырылған. Тұлға ұғымы әрбір адамға қатысты қолданылады, өйткені ол қоғамның маңызды белгілерін білдіреді. Жеке тұлғаны сипаттайтын бірден бір белгілер ретінде өзіндік сананы, құнды бағыттылықты, әлеуметтік қатынастарды, қоғамға қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті, өз әрекеті үшін жауаптылықты айтуға болады. Ал, оның ерекшелігі ретінде әр адамға тән белгілерін айтуға болады. Мысалы, биологиялық айырмашылық немесе мұра ретінде қалдырылған немесе кейіннен пайда болған әлеуметтік ерекшеліктер.

Тұлға әлеуметтік ортадағы этникалық әрекеттердің салдары ғана емес, оның себебі де болып табылады. Әр тарихи типті қоғамдағы экономикалық, саяси, идеологиялық және әлеуметтік қатынастар әр түрлі болып келеді және әр адамның жеке әлеуметтік қасиеттерін, оның қызметінің мазмұнын және сипатын білдіреді. Осы үрдісте адам сыртқы ортаның әлеуметтік қатыстылығын жоққа шығарып, екінші бір жақтан өзінің сыртқы әлемге деген ерекше қатынасын білдіреді. Адамның әлеуметтік сипатының құрамдас элементтері оның қызметтік мақсаты, әлеуметтік рөлі және алатын әлеуметтік мәртебесі, қызмет барысында қолданатын нормалар мен құндылықтар, белгілер жүйесі, білім деңгейі, арнайы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, белсенділігі және шешім қабылдаудағы дербестігі болып табылады. Тұлға ұғымы қоғамдық қатынастар жүйесінде ұмаңызды. Адам индивид ретінде жемісті әрекет арқылы өзін-өзі көрсете алады.

Жеке тұлғаны философиялық тұрғыдан қарастырған ойшыл И. Кант жеке тұлғаны автономия ұғымымен байланыстырып, бұл сөздің екі мағыналы екендігін айта отырып, біріншісі, бір нәрсеге қатысты тәуелсіздікті білдірсе, екіншісі, өзіндік заңдылық деп түсіндіреді. Яғни, әр адам өз бойында адамзатқа зиянды емес әрекеттілікті қалыптастыру керек, оның іс-қимылы адамгершіліктің жоғарғы құндылықтарына негізделуі тиіс, «алдама», «ұрлама», «зорлық-зомбылық жасама» деген қағидаларға негізделуі қажет және бұл оның мінез-құлық императивіне айналуы керек. Осы адамгершілік базисінде жеке тұлғаның тәуелсіздігі қалыптасады және ол тәуелсіздік қоғамнан нигилистік және аморальдық түрдегі тәуелсіздікке айналмау үшін тұлғаның бойында өзін-өзі шектеу қасиеттері болуы шарт. Ал, оның негізі – адамның принципті болуы, өмірде белгілі бір стратегия ұстануы. Бұл қасиеттердің болмауы адамның тұтастығын тұлға ретінде қалыптасуын жоққа шығарады. Осы жерде жеке тұлғаның құрылымдық компоненттерін атап айтуға болады.

Жеке тұлғаның сенімі дегеніміз – адамның әлеуметтік қасиеттерін білдіретін стандарт, яғни жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, әлеуметтік бірлестіктердің, институттардың ұйымдардың тұрақты және қайталана отырып көрінетін әлеуметтік құндылықтарға деген көзқарасы. Оларды стереотиптер деп те атайды.

Қазіргі кезде жеке тұлғаны зерттеудің екі концепциясы бар:

- жеке тұлғаны функционалдық тұрғыдан қарау;

- жеке тұлғаны адам болмысына байланысты қарау.

Бірінші концепция, адамның әлеуметтік функцияларына, оның әлеуметтік рөліне негізделген. Бұл концепцияның маңыздылығы ол негізінде адамның тұлғалық қасиеттері, оның сыртқы белгілері немесе, дәлірек айтсақ, оның әлеуметтік қоғамдағы орны мен әрекет белсенділігіне байланысты анықталады. Бірақ, бұл жерде адамның ішкі билік резервтері, оның мінезі, зерттеу нысанына деген айна болмыстық белгілері, ішкі дүниесі ескерусіз қалады. Міне, бұл қасиеттер екінші концепция негізінде ашылады. Яғни, адамның рухани әлеуеті, субъектінің әрекет еркіндігі, өзіндік болады. Адам болмысына негізделген бұл концепция жеке тұлғаны зерттеуде маңызды болып табылады. Міне, сондықтан әлеуметтану ғылымдарында жеке тұлғаны адам қызметін, таным субъектісін, құқықтар мен міндеттер, этикалық және эстетикалық, сондай-ақ, барлық басқа әлеуметтік нормаларды білдіретін қоғамдық қатынастардың бірігуін бойына сіңірген адам деп анықтама беріледі [7].

Адам болмысынан жеке тұлға, сондықтан ол қоғамға сіңіп жоғалып кетпейді, ол сол қоғамның дамуына әсер етеді және өз үлесін қосып отырады. Бұл жеке тұлғаға әлеуметтік тұрғыдан берілген ұғым.

Жеке тұлғаның рольдік теориясы екі ұғыммен анықталады, олар әлеуметтік мәртебе және әлеуметтік рөл. Адам бірнеше мәртебеге ие болуы мүмкін, бірақ оның біреуі ғана қоғамдағы орнын белгілейді. Көп жағдайда жеке тұлғаның мәртебесі оның лауазымымен, қызметімен анықталады. Әлеуметтік мәртебе оның сыртқы кескініне, әрекеттеріне және өмірлік ұстанымына байланысты анықталады. Әлеуметтік мәртебе деген ұғым, жеке тұлғаның әлеуметтік жүйедегі орнын білдіреді. Жеке тұлғаға қоғам қоятын талаптардың жиынтығы, әлеуметтік рөл мазмұнын құрайды. Әлеуметтік рөл дегеніміз – индивидтік, әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу үшін жүзеге асыратын әркеттер жиынтығынан тұрады және бұл жиынтық әлеуметтік мінез құлықты қалыптастырады [8].

Заң ғылымы тұрғысынан алатын болсақ, жеке тұлға ұғымы құқық ұғымымен тікелей байланысты қарастырылады, тіптен бір-бірінсіз дара қарастыру мүмкін емес. Жеке тұлға қоғамды құраушы элемент ретінде басқа қоғам мүшелерімен түрлі қоғамдық қатынастарға түсетіні белгілі. Ал, осы жағдайда күштінің әлсізді езгіге ұшыратуына жол бермеудің құралы құқық болып табылады. Барлық адам тумысынан құқықпен қамтамасыз етілген, міне сондықтан болар, адамға қатысты жеке тұлға деген ұғым қолданылады.

Кейбір ғалымдар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне азаматтықты кіргізеді. Осы мәселеде ғалымдар азаматтықты нақтылы саяси құқықтық жағдай – алғы шарт ретінде қарайды.

Жеке тұлға ұғымына заңды тұрғыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 12-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгіленбесе, бұл тараудың ережелері барлық жеке тұлғаларға қолданылады» деп түсінік берілген [9]. Аталған заң нормасында берілген ұғым бойынша жеке тұлға дегеніміз – Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және басқа мемлекет азаматтары екендігін сезіне отырып, ол жалпылай айтқанда адамдар екендігіне көзіміз жетіп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының талабына сай Қазақстан Республикасының азаматтығы заңмен белгіленетіндігі көрсетілген [2]. Осы жерде жеке тұлға ұғымы адамды емес, азаматтар мен азаматтығы жоқтарды ғана танитындығын байқаймыз.

Азаматтық дегеніміз – мемлекет пен жеке тұлға арасындағы тұрақты саяси, құқықтық байланысты білдіретін категория. Азаматтыққа ие болу дегеніміз – азаматқа заңмен танылған барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуға және міндеттерді атқару мүмкіндіктерін беретін, өз мемлекеті территориясында ғана емес оның сыртында да қорғауды қамтамасыз етудің алғы шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан территориясында тұрақты труға міндетті емес, ол шет елдерде жүрсе де, біздің мемлекетіміздің қорғауында болады, өйткені ол біздің мемлекетіміздің тұрғыны болып саналады. Тұрғын категориясы демографиялық ұғым болып табылады. Азамат мемлекетпен белгіленген заңдық ресімделген қатынаста болады және ол азаматтықтың мазмұны болып табылады. Азаматтықты ресімдеудің құжаттары төлқұжат, паспорт, туу туралы куәлік болып табылады және ол жөніндегі белгі хал актілерін тіркеу органдарында жүргізіледі.

Азаматтықты алу тәртібі «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеліп отырады [10]. Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады.

Заң ғылымында азаматтықты алудың төрт жолы белгіленген: филиация, натурализация, аптация және трансферта. Филиация дегеніміз – азаматтықты туа алу; ол екі қағидаға негізделген: қан және жер. Қан қағидасы – баланың азаматтығын оның ата-анасының азаматтығына байланысты анықтау болса, жер қағидасы – бала азаматтығын оның туылған жеріне байланысты анықтау болып табылады. Натурализация дегеніміз – азаматтықты заң негізінде алу, яғни тініш беру немесе басқа да заңда көрсетілген негіздер бойынша азаматтықты өзгерту жолы десе де болады. Трансферта және аптация – бір мемлекеттің тұтастығы бұзылған немесе бірнеше мемлекеттер біріккен кезде азаматтықты белгілеу жолдары болып табылады.

Азаматтықтың тұрақтылығы оның қолдану мерзіміне байланысты. Яғни, әдетте азаматтық туа пайда болады және азаматтың қайтыс болуымен аяқталады. Қазақстан Республикасында азаматтықтан айыруға жол берілмейді, ешбір негіз бойынша азаматтың еркінсіз азаматтықты жоюға болмайды [10]. Азаматтықтан азаматтың өтініші бойынша айыру белгілі бір процедураларды қажет етеді. Яғни, өтініш беру, сол өтініш негізінде мемлекеттің рұқсат беруі.

Заң ғылымында азаматтықтың мына қағидалары бекітілген:

- азаматтықтың баршаға қатыстылығы, яғни бірегейлігі, азаматтықтың бұл қағидасы негізінен федеративтік мемлекеттерде қолданылады;

- азаматтықты алу жолдарына қарамастан теңдік қағидасы. Бұл қағида негізінде азаматтықты алу жолдары және уақыты ешқандай құқықтық маңызды емес;

- азаматтықтың еріктілік және ашықтық қағидасы.

Бұл қағида негізінде әр адам азаматтықты алу еркіндігіне ие және мемлекет оған ешқандай қарсылық білдірмейді. Мысалы, Ресейде азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту үшін азаматтығы жоқ адамдар арасынан пайда болып, Ресей территориясында дүниеге келген нәресте азаматтықты туа алады деген норманы енгізген. Азаматтықты өзгерту – әр адамның құқығы болып табылады және оған мемлекет қол сұға алмайды, яғни заңда көрсетілген негіздер болмаған жағдайда, азаматтық беруден бас тартуға тыйым салынады.

Қазіргі кезде халықаралық тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, мемлекеттер көбіне ұлттық режимді қолданылып жүргенін аңғаруға болады. Бұл режим негізінде шет ел азаматтарының құқықтар ауқымы азаматтарға қарағанда тар болып келеді, бұл шектеулер қоғамдық қауіпсіздік және экономикалық тәртіптерге негізделеді. Шет ел азаматтары көбіне саяси құқықтарын пайдаланбайды, яғни сайланбалы органдарға сайлана алмайды, мемлекеттің ішкі саяси мәселелеріне араласа аламайды, саяси партиялар мен ұйымдарда мүше бола алмайды. Шет ел азаматтары, сонымен қатар, әрекеттегі әскери құрамаларда әскери борышын өтеу міндетінен босатылады. Бірақ олардың өз еркімен әскери қызмет атқаруына, лауазымды қызметке алынуы, ордендер және медальдармен марапатталуына, сіңірген еңбегі үшін зейнетақымен қамтамасыз етілуіне тыйым салынбайды.

Әр мемлекет шет ел азаматтарын өз территориясында қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы және оларды кіргізу тәртібін өзі белгілейді. Көптеген мемлекеттерде шет ел азаматын алдын-ала алынған рұқсат қағаз негізінде кіргізу тәртібі қолданылады жәәне бұл тәртіп халыаралық келісім негізінде өзгертілуі мүмкін. Шет ел азаматының қолында ұлттық төлқұжаты және рұқсат қағазы болуы керек. Мемлекет шет ел азаматының өз территориясында болуының тәртібін белгілейді. Шет ел азаматын өз территориясынан шығарып жіберуге құқылы және оның себебі жөнінде оның мемлекеті алдында жауап беруге міндетті емес болып табылады. Әдетте мемлекеттен кету жөніндегі ескерту алғаннан кейін, азамат өз еркімен кетеді, егер ондай жағдай болмаса, ол шет ел азаматы шектеулі арнайы режімдегі территорияға аластатылады. Шет ел азаматы дипломатиялық қорғауды пайдалана алады. Халықаралық құқықта белгіленген тәсілдер және құралдар негізінде шет ел азаматтарын қорғауды сол мемлекеттің консулдықтары жүзеге асырады. Қорғау желеуімен консулдықтар мемлекеттің ішкі саясатына араласа алмайды.

Азаматтығы жоқ адам – деп Қазақстан Республикасы территориясында тұрып жатқан басқа мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, тұрып жатқан елдің азаматтығын да алмаған тұлғаны айтамыз. Әдетте, бұл тұлғалардың құқықтық мәртебесі шет ел азаматтарымен өте ұқсас болғандықтан, әдебиеттерде оларды бірге қарастырады. Олардың шет ел азаматтарынан өзгешелігі - бір де бір мемлекеттің дипломатиялық қорғауында болмауы. Бұл күйдің пайда болуы бір мемлекеттің азаматтығынан бас тартып, екінші бірін алу үшін тұрақты тұру кезінде немесе азаматтықтан айыру кезінде байқалады. Әлемдік тәжірибеде бұл құбылысқа жол бермеуге тырысады, яғни жеке тұлғаның бұл жағдайы көптеген келеңсіздіктер туғызғандықтан көптеген мемлекеттер заң жүзінде бұл жағдайдың болмауын қамтамасыз еткен. Апатризм – көптеген мемлекеттерде заңды құбылыс болып табылмайды.

Жеке тұлға ұғымы заң жүзінде қалыптасуына байланысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу заңдарындағы жеке тұлға орнына қолданылып жүрген «адам», «адамдар» деген сөздер «жеке тұлға», «жеке тұлғалар» деп аталуы қажет.


жүктеу 139,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау