Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда


Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің тарихи даму кезеңдері



жүктеу 139,44 Kb.
бет4/7
Дата03.02.2022
өлшемі139,44 Kb.
#35373
1   2   3   4   5   6   7
Кивашов Ж.К. дипломдық жұмыс

1.3 Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің тарихи даму кезеңдері
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі теориясының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы және оның даму тенденцияларына әлемдік тәжірибенің тигізетін әсері өте зор.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы республика дамуындағы алдыңғы қатарлы идеялар мен жаңалықтарға толы реформалық құжат болып табылады [11]. Демократияның бір көрінісі болып табылатын референдумда қабылданған бұл Ата заң өтпелі кезең болмысын нақты айқындады. Конституцияның енгізген жаңашыл өзгерістерінің бірі – адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және міндеттерін бөлек тарау түрінде жариялауы болды. Бұл құжат әлемдік стандарттарға сай, халықаралық нормаларға қайшы келмейтін, реформативті құжат екенін көптеген отандық және шет ел заңгерлері мен ғылым қайраткерлері тілге тиек етіп жұр.

Адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесі нақты теориялық тұжырымдама және соған сәйкес тәжірибе ретінде тереңге тамырланған тарихы бар. Бұл терминнің өзі Еуропа елдерінде, әсіресе, Германияда XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ (К.Т. Велькер, Р. Моля және өзгелердің еңбектерінде) берік, түбегейлі қалыптасты. Кейін бұл термин революцияға дейінгі Ресей және т.б. елдерде кеңінен таралды. Дегенмен, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі идеясын білдіретін теориялық тұжырымдама, мәні мен ұғымы әлдеқайда ертеректе, яғни тарихи прогрессивті бағыттағы саяси және құқықтық ой- пікірлердің қалыптасу арнасында жаңадан дүниеге көзқарастың пайда болуы мен дамуында, феодалдық зорлық-зомбылық пен заңсыздықты сынауда, адамдардың бостандықтары мен теңдігінде, адамның ажырамас табиғи құқықтарында, әртүрлі мемлекеттік-құқықтық құралдарды, түзілімдер мен нысандарды (билікті бөлу және т.б.) іздестіруде дүниеге келді.

Мемлекет – билік пен заңның арақатынасы, мемлекет қызметіндегі заңдылық, тұлғаның құқықтық жағдайы, олардың өнегелілік-руханияттық мәселелері мен ара-қатынасы жер бетіндегі алғашқы, ежелгі мемлекеттердің пайда болуымен қатар қалыптасты. Көне заң шығарушылар, мемлекеттік қайраткерлер, әсіресе ойшыл-даналар аталған мәселелерді сол заманға тән тұлғалардың, жекелеген әлеуметтік топтардың, таптардың, ең бастысы басқарушылардың өзіне тікелей қатысты мүдделерін қамтыған қоғамдық-экономикалық, саяси мәселелер ретінде қоғам алдына қойды. Әрине, көне заң шығарушылар, басқарушылар мен ойшылдар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі жөніндегі тұжырымдаманы кешенді түрде көз алдына елестете алмағандықтан аталғандарды билік, заңдылық, тұлғаның жағдайы және тағы басқа тар салалық деңгейдегі мәселе сипатында жалпы философиялық, теологиялық, өнегелілік көзқарас пен теория тұрғысынан қарастырды.

Көне Шығыс елдерінен бастасақ біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырда көне мысырлық басқарушылар, мемлекет қайраткерлері мен жалпы саяси құқықтық құбылыстардың қайнар көзі ретіндегі «Птахотептің өсиеті» атты тарихи ескерткіште барлық еріктілердің («дана болып туылмайды») табиғи теғдігі туралы және адамдардың мінез-құлқы, яғни ізгілікті, рақымды және әділетті мінез құлық өлшемі ретіндегі қағидаға сәйкес келуін қажетті деп негіздеген. Сонымен бірге, біздің заманымызға дейінгі XII ғасырда пайда болған «Гераклополь патшасының өз ұлына айтқан өсиеті» атты тарихи ескерткіште әр түрлі құдайлар мен перғауынның қасиетті билігін дәріптеумен қатар әділетсіз, заңға қайшы әрекеттерді жасамауға үгіттеген, себебі тек қана осындай заңға бағыныштылық мінезімен ғана өлі дүниеде құдайдың мейіріміне ие болатынын уағыздаған [12]. Әрине, көне мысырлық тарихи ескерткіштердің өн бойында сол кездегі қоғамның санасын жаулаған мифологиялық-діни сарын басым болса да, заманына сай қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін заңның үстемдік құру идеясы байқалды.

Біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырдағы Вавилонның қатал да қатыгез басқарушысы Хаммурапидің заңдарында да «басшының мақсаты елдегі құқықты қамтамасыз ету, жамандық пен зұлымдықты жою болып табылады, себебі күшті әлсізге зиян келтірмеуі керек» деп көрсетілген [13]. Бұл тұста да Хаммурапидің құдайлық қасиетті билігі сипатталып, оның заңы әлсіздерді қорғап, әділеттікті сақтайды мыс делінген. Ал Хаммурапи заңының 5-ші бабында «шешім қабылдап және кейін оны өзгерткен судья, жұрт алдында өзінің сот орындығын тастап, қайтадан оралмауы керек және судьялармен бірге сотқа қатыспауы шарт» нормасы қарастырылған [14]. Бұл бапта деспоттық сипатта болса да мемлекеттің заңдылығын сақтау талап етілгендігін аңғару қиын емес.

Көне Қытайда біздің заманымызға дейінгі 280-230 жылдар шамасында өмір сүрген ойшыл Хан Фэй былай деп айтқан: «Уақыт талабына сәйкес келмейтін заңдар жаңа заңдармен ауыстырылуы керек, мемлекеттік басқарудың негізінде жеке тілектер емес, басқарушылардың басынушылығы емес, тек қана заңдар болуы керек, себебі басқарушылардың жеке тілектері – заңсыздықтың қайнар көзі» [15].

Күш пен құқықтың бірлігі идеясын демократиялық бастаулардың негізінде Афина мемлекетінің ұйымдастырушылық функциялары туралы сонау біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда әйгілі жоғарғы архонт Солон өз реформасында және артынша іле-шала сол ғасырдың аяғында билік басына архонт болып келген Афина мемлекетінің басшысы, афиналық демократиялық республика нысанындағы құл иеленушілік мемлекеттің қалыптасуына себепкер болған Клисфен өз реформасында жүзеге асырған [16].

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі жөніндегі идеяның кейбір тұстары көне гректік философ-идеалист Платонның (біздің заманымызға дейінгі 427-347 жылдары) және оның шәкірті, ізбасары, бірақ кейін уақыт өте өзінің дүниетанымдық философиялық көзқарастарын қалыптастыру нәтижесінде «Платон менің досым, дегенмен ақиқат одан да бағалы» деген қанатты сөздің тапқыры Аристотельдің (біздің заманымызға дейінгі 384-322 жылдары) ой-толғауларында көрініс табады. Солай бола тұра Көне Грецияда антикалық рационалдық тұрғыдағы дүние танымдық философиялық, әсіресе, саяси-құқықтық көзқарастың негізін салушы ұлы ойшыл, өзінің өмірлік объективтік ұстанымынан бас тартпаған мінсіз Сократ (біздің заманымызға дейінгі 470-399 жылдары) екенін айтып кету керек.

Платон Сократтың софистермен айтыс-тартысында қалыптасқан заңдылық пен әділеттік бір мағына, себебі олардың негізінде құдайлық сана мен мінсіз бастау жатыр деген табиғи-құқықтық мәселесін бөлісіп, әрі қарай дамытты [17].

Платонның «Мемлекет» еңбегінде әділеттілік ұғымы әрбір бастау (яғни, әрбір тап пен әрбір мемлекет мүшесі) өзінің ісімен айналысып, өзгелердің ісіне араласпау керек және бірлік үшін бір-біріне иерархиялық түрде бағыну қажет, ешкім өзгенің затын алмауы керек және затын да алдырмауы керек деген пікіріне сайып келеді [18].

Тереңге үңілетін болсақ, тіпті Платонға дейін-ақ көне Грецияның ұлы ойшыл-философы Гераклит (б.з.д. VI ғ. аяғы – V ғ. басы) нақты және демократиялық сарында: «Халық өз қабырғалары ретінде заң үшін күресуі қажет» деп түйіндеген [19].

Платонның пікірінше елдегі заң шығарушының мақсаты құдайлық сананы білдіретін және «сананың белгіленуі» сияқты құбылыстың жалған заңда орын алып, жүзеге асуын сипаттайтын «табиғи» (тиісінше, саналы, әділетті және құқықтық) бастауларды тану болып табылады Заңдарды қорғайтын әділ сот. Платонның байқауынша әрбір мемлекет, егер онда соттар тиісті түрде құрылмаса онда мемлекет болудан қалады.

Аристотель саясатты ғылым ретінде этикамен байланыстырып, саясаттың ғылыми түсінігіне қайырымдылық пен құқықтар туралы көзқарастардың дамуын тіркейді.

Платон тәріздес Аристотель де өзінің құқықты ұғыну барысында Сократтың әділеттік пен құқықтың бірлігі идеясын мойындайды. Құқық саяси әділеттікті бейнелеп, адамдар арасындағы саяси қатынастардың нормасы қызметін атқарады. Бұл орайда Аристотельдің «адам – саяси тіршілік» деген тұжырымын еске алудың өзі жеткілікті.

Сонымен, Аристотель құқыққа «саяси құқық» деген атау беріп, қатыгездік тәртіпте құқыққа орын жоқ екенін ескертеді. Осының негізінде құқық шартты және табиғи деп тармақталып, саяси құқық жартылай табиғи, жартылай шартты сипатына ие болады. Табиғи құқық – барлық жерде бірдей маңызы бар және мойындалу немесе мойындалмауын ескермейтін құқық, ал шартты құқық – кейінгі уақыттары сөз қолданысында позитивтік (оңды, дұрыс) құқық деп аталып кеткен, бекітілген (яғни, мойындалған) заңдар мен жалпыға бірдей келісім-шарттар. Ұлы ойшылдың пайымдауынша әрбір заң түп негізінде құқық болғанын қалайды, тиісінше бұл құқық заңда бейнеленіп, жүзеге асып, сақталуы қажет. Ойын жалғастыра отырып құқықтан бойын аулақ ұстаған заңның болуы саяси нысандардан деспотиялық күштеуге өткенін, заңның өзі қатыгездік құралына айналғанын меңзейді. Демек, бұл орайда құқықтық мемлекет тұжырымдамасының маңызды белгісіне жататын ғұламаның «заң барлығының үстінен үстемдік құруы керек» деген пікірі кейінгі рационалистер үшін классикалық үлгіге айналды.

Эпикурдың іліміне сәйкес табиғаттың өзі құдайлардың араласуынсыз өзіне тән жеке заңдарымен дамиды және адамның бостандығы оның саналы өмірі үшін жауапкершілігінен туындайды. Ал, мемлекеттік биліктің негізгі мақсаты мен саяси қатынастың негізі – адамдардың бір-бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорқынышын жеңу, бір-біріне зиян келтірмеу болып табылады. Тиісінше, Эпикур үшін мемлекет пен құқық адамдардың бір-бірінің қауіпсіздігін сақтау мен ортақ пайда келтіру мақсатында өзара келісім-шартқа отырудың жемісі.

«Табиғаттан туындаған әділеттік – бір-біріне зиян келтірмейтін және зиянға төзбейтін мақсатпен жасалған пайда туралы келісім шарт» - деп Эпикур атап өткен.

Осы орайда айта кететін жағдай, Эпикурдың көзқарасына ықпал етуші, саяси-құқықтық ілімдер тарихында ұлы ойшылдардың қатарынан орын алған Демокриттің (біздің заманымызға дейінгі 460-370 жылдары) мемлекет пен заң жөніндегі ой-толғамына тоқтала кеткеніміз жөн болар. Ол алғаш рет және толыққанды түрде мемлекет пен құқықты адам қоғамының табиғи (құдайлық емес) жолмен дамуының нәтижесі деп дәйектеді.

Демокриттің қылмыс пен жазаға көзқарасы саналы да өнегелі кемістігінің салдарынан қайырымдылыққа ерікті түрде бармайтындарға қарсы бағытталған мәжбүрлеу құралы ретіндегі заң туралы түсінікке негізделеді.

Биліктердің бөліну теориясы туралы едәуір дамыған көзқарас Полибийдің басқарудың аралас нысанындағы тұжырымдамасында айқындалған. Полибийдің пікірі бойынша ең жақсы құрылым – Рим мемлекетінің құрылымы. Себебі, Рим мемлекетінде билік үшке бөлінетін. Олар:

1) Консулдардың билігі;

2) Сенат;

3) Халық.

Яғни, монархиялық, аристократиялық және демократиялық басқарудың аралас нысаны көзделген. Полибийдің айтуынша, осы биліктер арасындағы өзара талас-тартыстың және өзара көмектің арқасында мемлекет тұрақты, әрі берік болады.

Көне гректік саяси-құқықтық тұжырымдамаларды, соның ішінде тарихи алғышарттық маңызы бар биліктерді бөлу, құқықтық мемлекет ілімдеріне көне римдік ғұлама философтар мен заңгерлер назар аударып әрі қарай өрбітті. Құқық пен мемлекеттіліктің өзара байланысы, мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің құқықтық сипаты мен олардың құқық субъектісі ретіндегі азаматпен өзара қатынасы сияқты келелі мәселелерді зерттеп, дайындауға рим заңгерлерінің (стоиктер, заңгерлер – Гай, Ульпиан, Папиниан, Модестин, Павел және өзгелері, әсіресе Цицерон) қосқан үлестері аса маңызды болып табылады. Көне римдік теория мен тәжірибесінің жемісті де болашағы зор жетістіктерінің бірі – құқықтың жеке және бұқаралы деп бөлінгендігі. Соның нәтижесінде бұқаралық-биліктік қатынас құқықтық кеңістікке түсіп, құқықтық реттеушілік, құқықтың жалпыға міндетті қағидалары, нормалары мен талаптары тұрғысынан қарастырыла бастады. Әсіресе, бұқаралық-құқықтық қатынас аясында теңдік қағидасының орнығуы басты нәтиже берді. Цивильдік (жеке, азаматтық) құқық аясында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, келісім-шарт, тұлғалардың құқықтық мәртебелері т.б. сияқты елеулі мәселелрді тыңғылықты зерттеп, қарастырды.

Юстиция (лат. «justitia») ұғымының өзі құқық жөнінде пайымдауды білдіріп (әділеттікті жүзеге асыру), мемлекеттің ұйымдастырушылық өмірінің барлық істеріне қатыстылығын айқындайды.

Атақты римдік сөз өнерінің хас шебері, заңгер, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Тулий Цицеронның (біздің заманымызға дейінгі 106-43 жылдары) мемлекетке бұқаралық-құқықтық бірлік ретіндегі түсіндірмесінде көне гректік ілімге тән саясат пен заң байланыстылығы әрі қарай өрбітіліп, жаңа сипатқа ие болды. Оның түсіндірмесінде мемлекет тек қана барлық еркін мүшелерінің жалпы мүддесін білдірумен шектелмейді, сонымен бірге, нақты құқықтық құрылуын, «жалпы құқықтық тәртіпті» білдіреді, яғни мемлекет мүшелерінің келісімді құқықтық қарым-қатынасы туралы ой айтқан. Бұл жерде де мемлекет пен құқықтың ажырамас бірлігі айқындалуда. Міне, осы пікір құқықтық мемлекет түсінігіне заңдану бастауын беріп уақыт өте құқықтық мемлекет идеясын қолдаушылар мен жақтастарын көбейтуге ықпал етті. Мемлекет цицерондық түсініктемеде құрамында республиканизм мен халық егемендігі идеялары бар халық ісін құқықтық ұйымдастыру ретінде қарастырылып, мемлекеттіліктің құқықтық қайнар көзі мен құқықтық мәнін ұғыну бағытында маңызды жетістікке жатады.

Рим заңгерлерінің шығармашылығы римдік юриспруденцияның (лат. jurisprudential – құқықтану, заң саласы, ғылымы) жоғары заңи мәдениетінің көрінісі ретінде құқықтық ойлардың кейінгі кезеңдегі дамуына едәуір ықпал етті. Жеке дербес ғылым ретінде юриспруденцияның бірқатар маңызды жақтарын зерттеп, қарастырған рим заңгерлерінің шығармашылық жетістіктері әлі де болса қазіргі уақыттағы зерттеушілердің назарынан тыс қалмайды. Себебі, көптеген қазіргі ұғымдар, терминдер мен конструкциялар рим құқығы мен рим заңгерлерінен бастау алатыны белгілі.

Римдік құқықтық ой-пікірлердің жетістіктерінің бірі «jus naturale» – табиғи құқық туралы ереженің аса маңыздылығы, табиғи құқықтың жалпы халықтық құқық, цивильдік (жеке, азаматтық) құқық, әдет-ғұрыптар мен жекелеген халықтың жазылған құқықтарымен ара-қатынасы, үйлесімділігі болып табылады. Рим заңгерлерінің пікірлері бойынша кез-келген дұрыс құқықтың негізгі тұғыры – табиғи құқық.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі оның әлеуметтік тамыры, атқаратын қызметі саяси, этикалық діни, философиялық ойлардың мыңжылдық даму тарихы бар, үлкен назарға ие болған адамзаттың әлеуметтік, мәдени, тарихи дамуының басты проблемасы. Адам құқықтары – көп өлшемді күрделі құбылыс. Билік басындағы сыныптардың әлеуметтік позициясына қарай этикалық, философиялық немесе діни сипатта болғанымен саяси-құқтық құбылыс ретінде қалып отырған. Адам құқықтарының дүниеге келуі біздің эрамызға дейінгі V-VI ғасырларда. Ежелгі полистермен (Афина, Рим) байланысты. Азаматтық қағидасының пайда болуы прогреске және еркіндікке қол жеткізудегі ірі қадамдардың бірі болды. Бұл адамзат қоғамының даму кезеңіндегі адамдар құқық жағынан теңсіз саналды. Яғни, бірі барлық құқықтарға ие болса, екіншілері одан толық шектелген болып саналды. Мысалы, құлдар мүлдем құқықсыз еді. Яғни, құқықтар қоғам сыныптары арасында теңдей бөлінбегендігін білдіреді. Адамзат қоғамының әр жаңа сатысы адам құқықтарына жаңа сапа және сипат беріп отырған және ол топтар мен таптардың өз құқықтары үшін күрес процесінде жүзеге асырылып отырған. Құқықтарға ие болу, оларды кеңейту адамның қоғамдағы орнын бекітті. Мәдени прогрестің бұл аспектісі моральдың, құқықтың, діннің, философияның адамгершілік бастауына негізделді. Антикалық құл, алғашқы қауымдық жабайы адамға қарағанда, бостандығы көбірек, ал ерте буржуазиялық жалдамалы жұмысшы орта ғасыр крепостнойына қарағанда, еріктірек. Әрине адамзат қоғамының тарихи формацияларының ауысуы құқықтардың прогрессивті дамуының бірден бір негізі деуге болмайды, тарихи прогресс құбылысы жолында кездейсоқтықтар да болады, міне сондықтан бұл институттың дамуында да кері үрдістер болған. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі институтының адамзат тарихындағы даму кезеңдерін прогрессивті актілерге байланысты мына түрде қарастыруға болады.

Америка Құрама Штаттарының тұңғыш 1787 жылы қабылданған Конституциясында адамның табиғи құқықтары бекітілмеген, кейіннен осы олқылықты орнына келтіру үшін 1789 жылы осы Конституцияға 10 өзгерту мен толықтыру енгізу жөнінде ұсыныстар жасалып, кейіннен ол Құқықтар жөніндегі биль түрінде қабылданып, 1791 жылы ратификацияланған.

1789 жылы адам және азаматтардың құқықтары жөніндегі Француз декларациясы тұңғыш болып еркіндік және теңдік идеяларын жариялаған акт болып табылады. Декларация бостандықты жариялайды және оның шектерін белгілейді. Нақты құқықтарды жеке баптар түрінде көрсеткен. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидалары азаматтардың бостандықтарын ескере отырып белгіленген. Декларация табиғи құқықтарды жариялауға негізделген. Онда адам тумасынан бостандыққа ие және ол құқықтары жағынан әр кезде де тең болуы керек деген идея ұстанылады.

XVII-XVIII ғасырларда буржуазиялық-демократиялық революция адам құқықтарының дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Онда адамдар құқықтарының көптеген түрлері және формальды теңдігі жарияланды, ал бұл адам құқықтарының әмбебаптығының негізі болды.

Адам құқықтарының даму жолындағы ең құнды халықаралық құжат – 1959 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған «Балалардың құқықтары жөніндегі Декларация». Бұл Декларация балалардың әлеуметтік қорғалуын, оның дұрыс өсіп-дамуына жағдай жасауды, олардың құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ететін ұлттық үкімет органдарының өкілеттіктері жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталды. Бала құқықтары құқықтық қорғауды қажет етеді, сондықтан оған туа берілетін құқықтар декларацияда нақты жарияланды. Яғни, онда олардың атын таңдау құқығы, азаматтық алу құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру және медициналық көмек көрсету құқықтары қамтамасыз етілуі қажет екендігі көрсетілді. Декларацияға сәйкес, бұл құқықтар барлық балаларға олардың ұлтына, нәсіліне, тіліне, тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан берілуі керек. Бұл мәселенің жалғасы өз шешуін 1960 жылы ЮНЕСКО-мен қабылданған Білім саласындағы кемсітушілікпен күрес жөніндегі Конвенциядан тапты. Жасөспірімдер үшін білім алу ең маңызды даму факторы болып табылады. Сондықтан, бұл Конвенцияда білім берудегі олқылықтарға жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселесі қаралды. Жасөспірімдердің еңбекке тартылу мәселесі де халықаралық дәрежеде қаралды, оған мысал Халықаралық Еңбек жөніндегі ұйым қабылдаған 10 конвенцияны және 4 ұсынысты атап айтуға болады. Мұндағы негізгі проблема – жұмысқа тарту кезіндегі жасөспірімдердің ең төменгі жасы.

Біз халықаралық дәрежеде адам құқықтары мен бостандықтары институтының тарихында қабылданған негізгі құжаттарға тоқталу арқылы ол институттың негізгі даму кезеңдерін қарастырдық, енді бұл мәселенің қазақ қоғамындағы даму жолына тоқталайық. Бұл кезеңді төңкеріске дейінгі кезең деп атайды. Осы кезеңдегі Қазақстанның саяси-құқықты тарихы аз зерттелген. Тарихи шындықты қалпына келтіру, өйткенге объективті баға беру, патша үкіметінің жүргізген бодандық саясаты. Қазақстанның саяси бостандығын қазақ халқы үшін маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді [20].

Көшпелі қазақ қоғамында адам құқығы деген ұғым даралана өз алдына бөлекетене қоймаған еді. Бұл ой басқа ұғымдардың белгілі бір құрамдас бөлігі, қыры боп өмір сүрді. Атап айтсақ бұл ой-сезім адам табиғатының тылсымдығы, оның жаратқан алдында, өмір алдында ендігі жәйлі көз қарастарда, сонымен қатар бұл өмірдің жалғандығы, адам қасиетінің, ар-ожданның, имандылығының, оның ішкі дүниесінің байлық пен мансаппен өлшенбейтіндігі туралы түсініктерді, олардың ажырамас бір қабаты болып өмір сүрді [21].

Ежелгі қазақ қоғамында еркіндік, азаттық, бостандық қағидалары басты құндылық ретінде танылды. Бұған айқын мысал қазақ халқының көшпенді өмір салтанаты. П.И. Рычков қазақтар туралы: «бұл – ойларына келгенді істеп, табиғат аясында еркелеп, еркіндікте өмір сүріп үйренген халық еді» деп жазған [22]. Тіптен көшпелілерде құқық (хақ) жәйлі түсінік ерік ұғымымен үндес, соның синонимі іспеттес. Осы қазақ халқының табиғатындағы еркіндік әсерінен болар сол кезде қолданылған жаза түрлерінің ішінде бас бостандығынан айыру деген жаза түрі болмаған. Яғни адамның ең басты құндылығы болып саналатын бостандық олар үшін өте жоғары бағаланып, қасиетті болып саналды. Ал жазалау тәсілдері ретінде: құрбандыққа шалу, «қанға-қан, жанға-жан» кек алу, құн төлеу қолданылып отырған.

Ежелден қазақ қоғамындағы әділдік ұғымы билер институтымен байланысты қаралып отырған. Би рөлін арнайы сайланып немесе тағайындалған орган немесе жеке дара адам атқармаған, ол функцияны «халық қамын ойлаған хан да төре де, батыр, ақылды әйел, тапқыр бала атқаруы мүмкін еді». Адам құқығын (хақын) қорғау «әділдік орнатумен» іс бойынша ақиқатқа жету, жәбірленген жақты қорғап, кінәліні қоғамдық қудалауға ұшыратып, жазалаумен байланысты болды. Теңдік ұғымы табиғатында адамдардың жаратқан (құдай) алдындағы теңдігі деп түсіндірілді, енді бір жағдайда теңдік-әділдікке, ақиқатқа жету деген мағнада да қолданылды. «Теңдік іздеу», «теңдік бермеу» деген тіркестер осы мағынаны білдіретін болған, яғни би алдына барып, өз дауын әділ шешу теңдікке қол жеткізу деген сөз еді.

Құқық ұғымы жеке тұлғаға қатысты ғана қаралды, оның тұлғалық бейнесінің көрінісі және ажырамас адамдық қасиеттерінің бірі болып саналады. Ал, қоғамдағы заң нормалары, әдет-ғұрып жарғылары адам құқығымен тікелей байланыста қаралмаған. Құқықтың қайнар көзі болып саналатын заң нормалары көнеден келе жатқан жора, үлгі өсиет деп саналды. Қазақ әдет-ғұрып құқығы қоғам өміріндегі адам аралық қатынастарды реттеуге арналған, барлық жұртқа ортақ, бұзылған жағдайда сот жүзінде айып-жаза өтеуге міндеттейтін жөн-жоба, жол-жора белгілейтін қанатты сөздер жиынтығы десекте болады. Қазақ әдет ғұрып құқығы бір қатар негізгі нормативтік институттарға және көптеген қысқа және тез есте қалатын, материалдық және процессуалдық нормаларды өн бойына сіңірген қанатты сөздерден тұрады [23]. Әрине қазақ қоғамы тарихында қанатты сөздерден өзге де құқықтың қайнар көздері болды, оған мысал билік шешімдер, құқықтық мәнге ие хандық жарлықтар, «жолдар», жарғылар еді.

Билік шешімдердің ерте кездегі сұлбасы қағидалық мәнге жақын болса, біртіндеп олар нақты нормалық сипатқа ие болуға ұмтылыс жасайда. Олар кезектесіп өсиеттік, өнегелік сипаттан нормалық нысанға ауыса бастаған. Хан жарлықтары қоғам өміріне маңызды қоғамдық қатынастарды реттеп отырған. Атап айтар болсақ, алым-салық алу тәртібі мен көлемін анықтау, астана таңдау, әскер жасақтау, көші-қон мәселелерін нақты шешіп отырған. Сондықтан құқықтық мәнге ие хандық жарлықтар көшпелі қазақ қоғамында ерекше орын алатын құқықтық қайнар көз ретінде танылған.

Ежелгі қазақ қоғамындағы рулық қатынастар кезінде адам құқықтары құқықтық-нормативтік актілермен реттелді, оған мысал, тарихта аты белгілі «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1523 жылдары), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1645 жылдары). «Жолдардың» қазақ қоғамында пайда болуы мемлекеттік биліктің күшейуінің бір көрінісі десе де болады. Өйткені бұл акт қоғамның сан-саласын реттеуге бағытталған құжат болып саналды. Олар ауызша дайындалып, қабылданған. Ә. Марғұлан «Қасымханның қасқа жолында әдет-ғұрып құқығы нормаларының бес саласы қамтылған, олар:

1) мүлік заңдары (жер, мал, мүлік даулары);

2) қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу);

3) әскери заң (аламан міндеті, қара-қаза ердің құны, тұлпар ат);

4) елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, әдептілік);

5) жұртшылық заңы (түлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауын, бекеулі, тұтқауындардың міндеттері)» деп көрсетіп қазақ халқының құқықтық нормаларының 5 түрден тұрғандығын білдіреді [24]. Осыдан соң Ә.Марғұлан өзінің ойын ары қарай жалғастырып Қасым ханның қасқа жолы XVII ғасырға жетіп, Есім ханның кезінде «Есім ханның ескі жолы» деген атауға ие болғандығын атап өтеді. Дегенмен, қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеушілер бұл актілердің арасында елеулі өзгешеліктер бар екенін тілге тиек етеді. С.З.Зиманов және Н. Өсеров қылмыс мәселелеріне арналған тарауда көптеген өзгертулер бар екенін аңғарған, айталық құн үстіне үстеме құн төлеу, өнер құны, сұйек құны деген жаңа құн түрлері енгізілген (Ер құны – 100 жылқы, әйел құны – оған төленген қалың мал көлемінде белгіленген). Жолда белгіленген құн тәртібінен әйел мен ер арасындағы теңсіздік онша байқалмайды, бұл құбылыс кейіннен Жеті жарғыда анық көрініп, орын алған.

Осы кезде әйел мен ер арасындағы теңсіздікті құн төлеу жүйесінен аңғаруға болады, яғни ер адамға төленетін құн көлемі әйелдің құнына қарағанда төмен болуы. Осы мәселе жөнінде Абай өз шығармаларында қазақ әйелін бостандық пен теңдікке жеткізуге кедергі жасайтын әдет-ғұрыптар мен институттарды қатаң сынға алды. Бұл сол кездегі қазақ халқының адам құқықтарын жетілдіруге бағытталған кезеңдерінің бірі ретінде тануға болады [25].

Қазақ қоғамның бір ерекшелігі онда жазалауды жүзеге асыратын аппараттың болмауы, барлық дау-дамай ру ішінде ақсақалдар кеңесінде, билер сотында шешіліп, ол шешімнің орындалуы сол рудың өзіне жүктелген. Жаза шаралары, құн төлеу, барымта түрінде болған [26].

Біз қазақ халқының Кеңестік кезеңге дейінгі адам құқықтарының дамуын зерттей келе, еліміздің адам құқықтарының тарихи дамуын ескере отырып, бұл институттың Кеңестік кезеңнен кейінгі дамуын екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Яғни, Кеңестік дәуірдегі кезең және егемендік алғаннан кейінгі кезең.

Кеңестік Одақ кезінде саяси және құқықтық теорияда, партия бағдарламаларында және ұрандарында адам ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп жарияланды. Ал іс жүзінде әрқашан ең бірінші орынға мемлекеттік-саяси билік мүдделері қойылды. Социалистік мемлекет культі пайда болды, басқарушылар басқарылушылардан жоғары түрды. Басқаруға бағыну басқарушылар билігінің күшеюіне әкелді. Оның барлығы жеке тұлғаның құқықтық жағдайының диспропорциясына әкеліп соқтырды [27]. Ресми түрде адам ерікті тәуелсіз субъект емес, мемлекет қамқорлығындағы объектіге айналды және мемлекет оны өз еркі бойынша құқықтармен қамтамасыз етіп, өз еркі бойынша одан айырып отырды.

Әрине, бұл кезеңде біздің мемлекетімізде формальды түрде адам құқықтарының ауқымы кеңейтілді, бірақ ол идеалогиялық-таптық сипатта болды. Яғни, адам жеке тұлға ретінде танылмады, тек тұтас қоғамның бір ажырамас бөлшегі ретінде қаралды. Оған мысал, 1918 жылғы Конституциядағы адам құқықтары бөлек тарау немесе бөлім ретінде қаралмастан жалпы ережелерде қаралуы, адамдарды таптық қатыстылығына байланысты белгілі бір құқықтарынан айыру мүмкіндіктерін айтуға болады.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының келесі Конституциясында құқықтарды социалистік құрылысты нығайту үшін, жұмысшылардың мүдделеріне сәйкес пайдалануға ғана мүмкіндік берді.

Тұңғыш рет адам құқықтары бөлек тарау болып, 1936 жылғы Конституциясында көрініс тапты, бірақ ол Конституциядағы соңғы бөлім еді.

1977 жылғы Конституция адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бекітілу құрылымына елеулі өзгерістер енгізді. Адам құқықтары жөніндегі тарау мемлекеттік құрылыс жөніндегі тараудан кейін орналастырылды және оның ауқымы елеулі түрде кеңейтілді, яғни тұңғыш рет денсаулық сақтау құқығы, тұрғын жай құқығы, мәдени жетістіктерді пайдалану құқығы, ғылыми шығармашылық еркіндігі, мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтары бекітілді. Бұдан аңғаратын жәйт - адам құқықтары тек әлеуметтік-экономикалық нормалармен толықтырылып отырған, ал саяси құқықтар мен бостандықтарға назар аударылмаған. Құқықтарды кеңейту бағыты оларды жүзеге асыру механизмінің жоқтығынан жүзеге аспады. Бұл проблеманың заңдық аспектісі шектеу, тыйым салу жүйесі мен бақылау түрінде құқық қорғау органдарының қызметіне айналды.

Қорыта келе, жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары мәселесі бірнеше ғасырға созылған күрделі үрдіс ретінде жетіліп, уақыт ағымы, қоғамдық-саяси өмір өзгерістеріне қарай қазіргі кезеңде өз дамуының шырқау шегіне жеткендігін байқаймыз. Заң ғылымы адам құқықтары мен бостандықтары, тұлғаның құқықтық мәртебесі институтына басты назар аудара отырып, мемлекеттің басты құндылығы – адам, оның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтарының қорғалуының құқықтық негіздемесін орнықтырады.




жүктеу 139,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау