Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



жүктеу 223,54 Kb.
бет6/25
Дата27.03.2023
өлшемі223,54 Kb.
#41872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекциялар 2

Бақылау сұрақтары: «Қоғам» түсінігі. Қоғамды зерттеуге деген жүйелік алап. Қоғам мен әлеуметтік жүйені зерттеудің көп аспектілігі.
Тақырып:Әлеуметтену және бірегейлік


Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер.


Басты терминдер: әлеуметтік институттар, әлеуметтік үдерістер, әлеуметтену ролдері, статустар.

Материалистік ұстанымға сәйкес, адам бұл – тарихи үдерістің субъектісі. Жердегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы. Жеке адам – бұл жеке, нақтылы адам, адам тегінің бірыңғай өкілі және оның «бірінші кірпіші». Жеке тұлғалық (индивидуальность) – бір жеке адамның екіншісінен ерекшелінетін, сондықтан да айырмашылық аса әр түрлі деңгейлерде – психологиялық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. жүргізіледі. Жеке тұлға (личность) – бұл әлеуметтік сапалардың бүтін жиынтығы бар адами жеке адам. Бұлар адамда қаншалықты аз болса, ол соншалықты түрде жеке тұлға. Туылған мезетте бала тұлға емес, ол жеке адам. Және де жеке тұлға болуы үшін, ол дамудың нақтылы жолынан өтуі тиіс [1].


ХХ ғасыр шегінде ғылыми және қоғамдық орталарда адам табиғатты биологиялық факторлармен анықталады деген пікір басым болды. Чарлз Хортон Кули (1864-1929жж.) осы нақтылауды шұғыл сынауға кірісті. Ол адамдар өзін және өз әлемін әлеуметтену үдерістеріне қатысуы жолымен қайта құрады деп нақтылады. Және біздің санамыз әлеуметтік контентте белсенді болады деп нандырды.
Бұл нақтылық біз оның барысында ойша түрде басқа адамдардың көзқарасы тұрғысында боламыз және өзімізді олардың көзімен көре аламыз немесе біздің пікірімізше адамдар бізді көре алады дейтін үдерісінің «айналық Мен» деген оның теориясын барлығынан да артық иалюзиялайды [1].
Ч.Х.Кули «айналық Мен»-нің өзі оған тән болып келетін үш фазасы бар, тұрақты ментальдық үдерісті білдіретінін болжамдады. Біріншіден, біз басқа адамдардың көздерімен өзімізді қалай көрсетеміз. Екіншіден, біз басқа адамдар біздің сыртқы келбетімізді қалай бағалайтынын елестетеміз. Үшіншіден, ішкі өзіндік түйсіктің қандай да бір түрін жасап шығарамыз.
Джордж Герберт Мид (1863-1931 жж.) – Ч.Кулидің идеясын өңдеуді жалғастырды және көптеген дербес ашылымдар жасады, солардың бірі – «басқамен талдап қорытылған» тұжырымдамасы. Дж.Мид бойынша балар бірінші кезекте өзін қоршағандардың іс-әрекетіне еліктей отырып, әлеуметтік жан ретінде дамиды. Еліктеушіліктің тәсілдерінің бірі – ойын болып табылады. Өздерінің ойындарында балалар үлкендерге жиі еліктейді. Балалардың ойыны оның төрт-бес жасында ересек сияқты әрекет ететін қарапайым еліктеуден күрделі іс-әрекетке дейінгі эволюциядан өтеді. Дж.Мид мұны басқаның рөлін қабылдаумен – яғни басқа адамға ұқсауға үйренуі деп атады. Тек осы деңгейде ғана балалар өзіндік жеке тұлға сезімін дамытуды қалыптастырады. Дж.Мид бойынша баланың дамуының келесі фазасы шамамен сегіз-тоғыз жасынан басталады. Осы жасында балалар ұйымдастырылған ойындарға қатысушылықты бастайды. Тек осы уақыттан бастап қана олар құндылықтар мен моральді меңгеруді бастайды., онымен сәйкес түрде әлеуметтік өмір ағымдала бастайды. Ол деңгейде бала Дж. Мид басқаға еліктеу деп атаған нәрсеге қол жеткізуге үйренеді, яғни мәдениетте қабылданған жалпы құндылықтар мен моральдық құндылықтар, оның аясында бала дамиды [2, 79-80 бб.].
Дж.Мидтің пікірінше, «басқамен талдап қорытылу» - бұл біздің әрқайсымыздың өз қоғамымызбен байланыс құралы.
Т.Парсонстың тұжырымдамасында әлеуметтену әлеуметтік жүйелердің әлеуметтік өмірдің барлық деңгейлеріндегі сақталуы мен функциялануын қамтамасыз ететін үдеріс болып табылады. Т.Парсонс американдық қоғамға тән болып келетін әлеуметтену үдерісінің үш негізгі деңгейін бөліп көрсетеді: біріншісі отбасында орны бар, екіншісі бастауыш және орта мектепте және үшіншісі - колледждерде, жоғарғы және кәсіби мектептерде шоғырланады. Әлеуметтенудің бірінші негізгі жанұяның басты құрылымы туралы қажетті түсінікті қалыптастырады. Т.Парсонс бойынша, формальды білім беру жүйесі отбасы деңгейіне қарағанда әлеуметтік түрде ұйымдасудың аса жоғары реттіліктегі жүйесінің интернализациясының орталық мезеті бола алады [3].
Э.Гидденстің пікірінше, әлеуметтену – бұл оның барысында әлжуаз сәби өз туылған мәдениеттің мәнін түсінетін, өзіндік санасына ие болатын парасатты жанға біртіндеп айнала бастайтын үдеріс. Әлеуметтену баланың қай нәрсемен де байланысқа түсуінің тарапынан болатын әсерді енжар түрде қабылдау уақытындағы қайсы бір «мәдени бағдарланушылықтың» бір түрі бола алмайды. Жаңа туылған сәби өз өмірінің ең бірінші мезетінде қажеттіліктерге деген мұқтаждықты бастан өткереді, ол өз кезегінде сәби үшін қамқорлық жасаушылардың мінез-құлқына ықпал етеді. Тағы да ол әлеуметтенушілік әр түрлі ұрпақты бір-бірімен байланыстыратынын атап көрсетеді [2, 70 б.].
Рөлдік әлеуметтен әдетте үш сатының өтуін болжайды. Бірінші саты адамдар мінез-құлықтың үлгілері туралы ойлаған кезде, олар үшін жаңа рөлдермен байланысты болғанда, оларды эксперименттейді және оларды өздеріне өлшеп көреді. Бұл сатыны әлеуметтанушылар антиципативтік әлеуметтенушілік деп атайды. Балалар табиғи көріністе «отбасын» ойнаған кезде жұбайлар мен ата-аналар секілді рөлдердің осындай рөлдермен танысады. Екінші саты, олар жеке адам ретінде өздерінің жаңа статустарын қалыптастырғаннан кейінгі кезде өзгермей жағдайларға бейімделуі мақсатымен өздерінің рөлдерін ұдайы модификациялайды және «көшіріп алатын» байқайды. Үшінші саты – жеке адамның өмір ағымымен өзіне барлық жаңа рөлдерді қабылдап қана қоймастан, сонымен бірге олар көптеген рөлдерден босаулары да тиіс [1].
Әлеуметтанушылар әлеуметтену туралы екі көлемді сатыдан тұратын үдеріс жайлы айтады. Бастапқы әлеуметтену балада мәдени білім алу үдерісі аса белсенді түрде жүріп жатқан кезде, сәбилік жаста және балалық шақта болып өтеді. Осы кезеңнің өн бойында әлеуметтенудің негізгі қозғаушы күші отбасы болып табылады. Екіншілік әлеуметтену кейінгі балалық шақта және өмірдің кемелденген жылдарында болады және отбасында бірқатар тәрбиелік функциялардың жатырқануымен қабаттаса жүреді, ол әлеуметтенудің басқа институттарына: мектепке, құрдастарына, әр түрлі ұйымдарға, БАҚ-на және ең соңында жұмыс орнына ауысады.
Э.Гидденс әлеуметтену агенттері деп аясында әлеуметтенудің үдерістері жасалынып жататын топтар мен әлеуметтік контекстер түсініледі,- деп атап көрсетеді. Балалық шақта әлеуметтенушіліктің агенттері отбасы, білім беру мекемелері, шіркеу, формальды емес бірлестіктер болды. Ал ересек өмірде оған: еңбек ұжымы, БАҚ, мемлекет, саяси партиялар мен басқа да әлеуметтік институттар қосылады [2, 83 б.].
Гендерлік әлеуметтену – бұл ол арқылы ер мен әйел қоғамдағы мінез-құлықтың сәйкес келетін үлгілеріне үйренетін үдеріс [4, 17 б.].
Гендер – бұл қоғаммен үлгісі жасалған және әлеуметтік институттармен қолдау жасалынатын құндылықтардың, нормалардың және ерлер мен әйелдердің мінез-құлық сипаттамаларының жүйесі, өмір салты мен ойлау бейнесі, ерлер мен әйелдердің әлеуметтену үдерісіндегі жеке тұлға ретінде қалыптасқан рөлдері мен қарым-қатынастарының да жүйесі, ол ең алдымен болмыстың әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени контекстерімен анықталады және әйел мен еркек туралы олардың жынысына байланысты түсінікті бекітеді.
Балалар гендерді олар әсіресе гендерлік нормаларды бұзғаны үшін кінәлайтын кезде басқалармен тікелей кері байланыс арқылы біледі. Осы мағынада гендер – бұл туа біткен белгі емес, ол жетістік. Ерте жастың өзінде-ақ балаларда оларға, ойындар мен мінез-құлықтардың сәйкестіліктегі стильдері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін гендерлік айырмашылықтардың рудиментарлық (жұрнақтық) бейнесі гендерлік сызбасы қалыптасады. Гендерлік сызбалардың дамуы бойынша болатын зерттеулер өте кішкентай балалар (екі жас шамасында) ересектер мен осы жыныстағы балалардың фотобейнелерін дұрыс жіктей алмайтындықтарын көрсетті, ал бұдан сәл үлкен балалар (орташа алғанда 2,5 жастағы) бұлай жасай алатын болған [5]. Біркелкілік – адамның өзін әртүрлі әлеуметтік, экономикалық, ұлттық кәсіби, тілдік, саяси, діни нәсілдік және басқа топтарға қауымдастықтарға тиесілі болуын көрсететін немесе осы топтар мен қауымдастықтарға тән болып келетін іске асыруы ретінде сәйкестендіруі үшін бейнелейтін концентрациялық түрдегі адам психикасының қасиеті.
Әлеуметтік біркелкілік – бұл өзінің қандай да болсын әлеуметтік топқа немесе қауымдастықтарға біркелкілік адамды биологиялық ерекшеліктен әлеуметтік жеке адамға тұлғаға айналдырады, оған «Біз» және «Олар» терминіндегі өзінің әлеуметтік байланыстарын бағалауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік біркелкіліктің құрылымында гендерлік, этникалық, жас ерекшелік, кәсіби бірегейлік сиқты құрамдас бөліктер бөліп көрсетеді, өйткені осы өлшемдер бойынша топтарға тиесілі болушылықтың өзі категориялану үшін аса көрнекті негіздемені білдіреді.
Әлеуметтік статус – табиғилық белгілерімен (жынысы, жас ерекшелігі және с.с.) және де билік құрылымындағы беделі мен орны, әлеуметтік белгілері (экономикалық жағдайы, кәсібі, мамандығы, білімі және с.с.) анықталатын жеке адамның немесе топтың салыстырмалы ұстанымы [6, 343 б.].
Жеке тұлғаның барлық статустарының жиынтығын Р.Мертон «статустық жиынтық» деп атады. Жеке тұлғаның өмір салтына, оның әлеуметтік біркелкілігіне басым жағдайдағы ықпал көрсететін сол статус – басты статус деп аталады.
Алдын-ала жазылған (ұйғарылған) (табиғи) статустар деп қоғамның жеке адамға оның күш-жігері мен қызмет етуіне байланыссыз түрде таңған статустары мен рөлдерін атайды. Мұндай статустар жеке адамның этникалық, отбасылық, территориялық және с.с. шығу тегімен: жынысымен, ұлтқа тиесілі болуымен, жас ерекшелігімен, тұрғын жайымен және с.с. анықталады. Қолдан жасалған (қол жеткізілген) статустар – адамның өзінің күш-жігерімен қол жеткізген статустары мен рөлдері болып табылады. Бәрінен де, бір жетекші әлеуметтік статус адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды, мұндай статус ингеральдық деп аталады. Ол жеткілікті түрде қызметпен, байлықпен, білімділікпен және с.с. қамтылған.
Әлеуметтік рөл – жеке адамдардың әлеуметтік жүйеде әрекет ететін мінез-құлқын анықтайтын нормаларының: осы нормаларды іске асыратын мінез-құлықтың өзі және олардың статусы немесе ұстанымына байланысты болатын жиынтығы [6, 307 б.].
Мәселен, дарынды аспаздан тағамды кәсіби түрде даярлау, дипломаттан – елдің мүдделерін қорғау мен елдің халықаралық аренадағы, лайықты түрде көрсетілуі қабілеті күтіледі және т.б.

Әдебиеттер:


1.Волков Ю. Социология. – Litres, 2021.
2.Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
3.Луков А.А. Социализации теория Т. Парсонса // Социология молодежи. Электронная энциклопедия. http://www.soc-mol.ru/encyclopaedia/theories/73-socializacii-teoriya-t-parsonsa.html
4.Федосеева И. А., Соломатин Е. В. Гендерная социализация подрастающего поколения: психолого-педагогический аспект //Проблемы современного педагогического образования. – 2017. – №. 54-8. – С. 97-104.
5.Little W. et al. Introduction to sociology. 2nd Canadian edition. – 2018. https://opentextbc.ca/introductiontosociology2ndedition/
6. Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.



жүктеу 223,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау