Тақырып 15. Көлік-қойма өндірістік жүйелердің автоматтандыруы



жүктеу 0,7 Mb.
бет1/6
Дата12.05.2023
өлшемі0,7 Mb.
#42522
  1   2   3   4   5   6
тема 15

Тақырып 15. Көлік-қойма өндірістік жүйелердің автоматтандыруы



    1. Замануи өндірістегі қоймалардың орны және рөлі


Механикаландыруы және автоматталуы деңгейін жоғарылату арқылы өнеркәсіптік өндірістің әрі қарай жетілдіруі және қарқындатуы мәселелері өндірістік үдерістің барлық буындарының, оның ішінде кәсіпорынның қойма шаруашылығының кешенді жетілдіруі арқылы сәтті шешу мүмкін. Қоғамдық өндірістің, оның ішінде алғыр технологиямен, жалпы нәтижелілігін жоғарылату үшін қойма шаруашылығында бар келесі сақтық қорларды қолдану қажет:
• қорлардың қысқартуы және материалдық құндылықтардың айналымдылығын тездету; негізгі өндірістің және көлік жұмысының ырғақтылығын және ұйымдасушылығын жоғарылату; өнімнің, материалдың, шикізаттың сапалығын сақтау және жоғарылату; күрделі шығындардың төмендеуі, қойма шаруашылығы және жалпы кәсіпорын бойынша негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын жақсарту; өндірістің жалпы еңбексыйымдылығы мен өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнын азайту;
• өнеркәсіптік кәсіпорындары аумағының пайдалануын жақсарту;
• қоймалар алдында көлік құралдарының тұрып қалуы мен ішкізауыттық көлік бойынша көліктік шығындардың төмендеуі; жұмыскерлерді негізгі өндірісте пайдалану үшін өнімсіз тиеу-түсіру және қойма жұмыстарынан босату.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда қоймалар өндірістің жалпы технологиялық үрдісінде маңызды рөл атқарады, олар өндірістік ырғақты береді және сүйемелдейді. Дәл қоймалар өндірістің
«ұйымдастырушылары» болып табылады деп те айтуға болады, өйткені өндірістің әр үрдісі (жеке бөлікшеде, цехта, жалпы кәсіпорында) қоймаларда басталып, аяқталады. Сондықтан осы қоймалардағы техникалық жабдықталуынан және жұмыстың ұйымдастырылуынан өндірістік үрдістің ұйымдастырушылығы, жалпы ырғағы және нәтижелілігі тәуелді болады.
Қоймалардың жоғары маңыздылығын олар тек қана жүктердің уақытша жиналуы үшін ғана емес, қызмет ететінмен түсіндіруге болады. Қаттау операциялардан басқа оларда ішкіқоймалық, жүк түсіру, көліктік, жүк арту, сұрыптау, жинақталымдық, және аралық жүк тиеу операциялары, сондай-ақ, өндірістік үрдістері басталатын немесе аяқталатын кейбір технологиялық операциялар (технологиялық жиынтықтың таңдауы, монтаж алдындағы дайндық, дайындамалардың кассеталар және жерсеріктерде бағдарлауы және
бекітуі, техникалық бақылау және т.б.) орындалады.
Осылайша, әрбір қойманың құру және жұмыс істеудің мақсаты көліктен (мысалы, ішкізауыттық) бір параметрлі жүк ағынының қабылдау, оны қайта өңдеу және басқа параметрлі басқа көлікке (мысалы, ҒЖЖ ішкіжүйелі көлік) жүктеу, және аталған өзгерісті минималды келтірінді шығындармен орындау болып табылады. Сұлба түрінде бұл 15.1. суретте көрсетілген.
Жүк ағынын S1 бекетінен (мысалы, бұйымдарды жинақтау қоймасынан) S2 бекетіне (мысалы, ҒЖЖ өндірістік учаскесіне) жіберуге қажет болса және аталған жүк ағынында жүк топтамасының параметрлерін (құрамы, жүктердің саны, ыдысы мен тоғанағы, келу және кету уақыты және т.б. бойынша) өзгертуге керек болмаса:

1

2

n
А1 = B ; A2 = B , , An = B ,
онда осы бекетте қойма жасауда қажеттілік жоқ және жүктерді ішкізауыттық көліктен ҒЖЖ өндірістік учаскесіне бірден жіберуге болады.
(15.1, а сур.).
Егер қарастырылған жүк ағынында көліктік топтаманың параметрлерін өзгертуге қажет болса

1 2 n
А1 B ; A2 B , , An B ,
онда аталған жүк ағынында көліктік топтамаларды өзгерту үшін қойма жасауға қажет.

а


б
Сурет 15.1. S1... S2 жүк ағынында W қоймасын құру қажеттілігінің шарттары
Осылайша, көлік-қойма кешендері – бұл жүк ағынының параметрлерін өзгерту
(геометриялық, физикалық, мерзімді) үшін жүктердің қаттау және тасымалдау операциялары орындалатын техникалық
объектілер. Өнеркәсіп кәсіпорындардағы қоймаларды келу қоймаларға (материалдар, бұйымның жиынтықтаушылары),

аралық өндірістік қоймаларға (дайындамалар, жартылай фабрикаттар, құрал, техникалық жарақ) және жіберу қоймаларға (дайын өнім) бөлу абзал. ҒЖЖ- бөлікшесінің қоймалары
аралық өндірістік қоймаларға жатады.
Жүктердің сақтау мерзімі бойынша қоймалардың жеті тобы болуы мүмкін:

  1. жүктердің тура шамадан артық тиеуі (сақтау мерзімі тхр = 0);

  2. уақытша сақтау (0 < тхр < 5 сут);

  3. жүктерді қысқа уақыт сақтау (жүктің сақтау мерзімі 5 < тхр < 20 сут);

  1. орташа сақтау мерзімі (20 хр < 40 сут);

  2. узақ уақыт сақтау (40 хр < 90 сут);

  3. ұзақ мерзімді сақтау (90 < тхр < 365 сут);

  4. көпжылдық сақтау хр > 365 сут).

Қоймаларды сондай-ақ жүктердің жеткізулі және жіберуі бөлігі мөлшерінен топтастырылады.
Берілетін жүктер бқліктің мөлшерлері бір қойма шеңберінде де өзгерілуі мүмкін. Салыстырмалы ұсақ және жеңілсалмақты жүктер қоймасы үшін жүктерді беру бөліктерін ұсақ (5-10 кг дейін), орташа (10-15 кг), ірі (50-300 кг) және өте ірі (300 кг астам) шартты түрде бөлуге болады. Одан ірі жүк үшін арналған қоймаларда әрине жүк топтамалардың салмағы сәйкес үлкен болады: 100 кг дейін, 100-500 кг дейін, 500-1000 кг дейін және 1000 кг астам. Жеңілсалмақты жүктер үшін топтамалардың салмақтары басқа болады, бірақ жалпы әдістемелік әдіс сақталады. Жүктердің кейбір түрлерінде қабылдау және беру бөліктерін массаның бірлігімен емес, данамен өлшегені абзал (мысалы, 50 бөлшек немесе дайындама, 100, 200 және т.б.)
Жүктердің сақтау биіктігі бойынша бірқабатты қоймалардың негізгі үш топты бөледі:

  1. төмен — қаттау аймағының пайдалы биіктігі 5 м-ге дейін;

  2. орташа биіктік — жүктерді қаттау аймағының пайдалы биіктігі 5-тен 8-ге дейін;

  3. биік — жүктерді қаттау аймағының пайдалы биіктігі 8 м жоғары.

Механикаландырылу және автоматтау деңгейі бойынша қоймаларды бес типке бөледі: механикаландырылмаған, механикаландырылған, жоғары механикаландырылған, автоматталған және автоматты.
Аталған қоймалардың жеке топтарының сипаттау ерекшілектерімен келесіні айтуға болады:

  1. механикаландырылмаған қоймаларда — жүктерді қайтажүктеуде, тасымалдауда, және қаттауда қол еңбегінің қолдануы;

  2. механикаландырылған — жүктерді сақтау аймағына қызмет ету кезінде механизация құралдарын қол басқаруымемен бірге қолдану;

  3. жоғары механикаландырылған — қаттау, тасымалдау, жүктеу, түсіру операцияларда механикаландыру құралдарын қол басқаруымемен бірге қолдану және аталған операцияларда қол жұмыстардың жоқ болуы;

  4. автоматталған — жоғары механикаландырылған қоймаларда пәрмендерді пернетақтаға енгузуімен немесе жылжу операциялары немесе жүктердің қаттауы кезінде перфокарталары бар жартылай автоматты механизмдердің қолдануы;

  5. автоматты — автоматталған қоймаларда байланыс арналары бойынша пәрмендерді ЭЕМ-дан енгізумен автоматты

механизмдердің қолдануы.
Жұмыс технологиясы бойынша қоймалар жиынтықтамалық және жүктердің дестелік өңдеулі қоймаларына бөлінеді.
Қаттау түрі бойынша қоймалар қатқабаттылық және стеллажды болып бөлінеді. Сақтау орны мен жөнелтудің өзара орналасуы бойынша қоймалар ағымдық және тұйыққа тірелетін болып бөлінеді. Құрылыстық бөліктің типі бойынша қоймалар жабық қоймаларға, қалқа, ашық алаңдар, біраралықты және көпаралықты,
бірқабатты және көпқабатты болып бөлінеді.
Зауыттың бас жоспарында орналасуы бойынша қоймалар жеке тұратын және өндірістік корпустармен блокталған болып бөлінеді.



    1. жүктеу 0,7 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау