Тақырып 15. Көлік-қойма өндірістік жүйелердің автоматтандыруы


Қоймалардың механикаландыруы



жүктеу 0,7 Mb.
бет4/6
Дата12.05.2023
өлшемі0,7 Mb.
#42522
1   2   3   4   5   6
тема 15

Қоймалардың механикаландыруы және автоматтандыруы технологиясының даму және сипаттау кезеңдері 15.1- кесте
Ақырғы уақытта ЭЕМ қолдану арқылы қойма жұмыстарының автоматтандыруы ерекше дамуын алды. Сондай-ақ жеке механизмдермен қатар (реттепсалғыш крандары және конвейерлер), түрлі типтегі реттепсалатын машиналар мен конвейерлердің тұтас жүйелері автоматтандырылады. Оралымды өндірісті дұрыс құру үшін ыдысты-даналанған жүктер қоймаларының маңызды ерекшелігі олардың ірілендіруі, мөлшердің, сақтау орындары санының, көтергіш-көлік машиналары санының, жүктердің өңделетін топтамалардың мөлшері мен санының ұлғаюы болып табылады. Жүктің айналымдылығы жоғары қоймаларда қойма жұмыстарының автоматтандыруын қолдануы ең жоғары экономикалық нәтиже көрсетеді (Сурет15.3.). Техникалық жарақтандыру, қаттау әдісі, қойма ыдыстардың, сөрелік және қаттау жабдықтардың типі және параметрі бойынша, механикаландыруы және автоматтандыруы деңгейі, жинастырушы шешімдері бойынша қойма нұсқалардың саны жобалаудың әрбір дерлік жағдайда көптеген мыңдарға жетеді. Жеке тұрған қоймалар үшін көлік-қойма кешендердің үлгілері 15.4-15.6. суретте көрсетілген.
ҒЖЖ автоматталған қоймаларда жүктерді сақтау аймағының техникалық жарақтандыруы бойынша негізгі болып келесі қоймалар саналады:
• жасушалық сөремен және автоматталған сөрелі реттепсалғыш кранмен (қойма роботпен);
• жасушалық сөремен және автоматталған көпірлі реттепсалғыш кранмен (көпірлі қойма роботпен);
• гравитациялық сөремен және автоматталған сөрелі реттепсалғыш кранмен (күймеше операторлармен);
• автоматты элеваторлы; автоматты аспалы (жүктердің авоматталған жолдауы бар аспалы итергіш конвейер негізінде).
Сурет 15.3. тхр қоймада жүктерді сақтау мерзіміне байланысты реттепсалғыш крандардың автоматтандыруы нәтижесінде олардың өнімділігін арту пайызы

Сурет 15.4. Жүктердің қатарлық қаттауы, темір жолдың сыртқы кірберісі, электртиегіші (а), көпірлі (б) және сөрелі (в) реттепсалғыш крандары бар механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалар


335




Сурет 15.5. жүктерлі қатарлап жинау қоймасынан, пайдалануға енгізілген ішкі темір жолдан және электр тиеуші (а), көпірлі (б) және стеллажды (в) реттепсалғыш-көтергіштері бар механизацияланған және автоматтандырылған қоймалар




Сурет 15.6. Сөрелі реттепсалғыш крандары (а, б ), көпірлі реттепсалғыш крандары ( в, г), аспалы итергіш конвейер негізіндегі гравитациялық аспалы қоймасы ( ж ) , элеваторлы қоймасы ( з ) бар механикаландырылған және автоматтандырылған өндірістік қоймалардың нұсқалары

337
Механикаландырылған және автоматтандырылған қойманың технологиялық үрдісі кезінде екі өзара байланысты деңгейлер бар: жүк операциялары (жүктердің жылжуы) және олармен бірге жүретін жүк жұмыстарының нақты ырғағын қамтамасыз етілетін ақпараттың өңделуі. Қоймаларда барлығы 40-қа дейін түрлі технологиялық операциялар бар (түсіру, шешу, сұрыптау, өлшеу, қаттау қойма ыдыстарға салу, қатарлап жинау, құжаттарды рәсімдеу және т. б.). ЭЕМ қоймаларда құжаттардың келесі түрлерін басып шығарады: тауар-көлік жүкқұжаттары; жүктерді қабылдау жапсырмалары; жинақталымдық тізімдеме; жүк беру бұйрықтары; қабылданған, берілген (ауысымда, тәулікте) және қоймаларда бар жүктер. Жүктерді көлікке электртиегіш, реттепсалғыш крандары, конвейерлер, қайта тиеу роботтар мен манипуляторлар және басқа механизмдер арқылы жүктеп, тұтынушыларға жібереді. Пакетке оралған жүктерді үлкен жүкті контейнерлерге бригадир жетекшіліктегі жүк тиеушілер бригадирі жүргізеді. Бригадир әр контейнерге құрылатын жүк тиеу парақты нұсқау етіп қолданып, контейнер ішінде жүкті бөледі. Жүктерді контейнерде бекіту үшін таңатын таспаларды, сымды, полипропилен торды, қыстырғыштарды, кергіштерді және ағаш тіреуді қолданады.


Автоматтандырылған қоймаға шикізатты, материалдарды, дайындамаларды қабылдаған кезде мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асырады:

  • цех ішіндегі көліктің көлік құралынан тиелген тұғырықтардың түсіруі;

  • ілеспе құжатта бар мәліметтердің саны және сапасы бойынша іс жүзінде келіп түскен жүктердің сәйкестілігін тексеру;

  • ЭЕМ-ге келіп түскен жүктер туралы ақпаратты енгізу;

  • ЭЕМ-нан дисплей экранында аталған жүктің түскен көлемін және қойма сөрелерінде аса тиімді орналасуын есепке алып, қоймада осындай жүктің жалпы саны туралы ақпараттың алуы;

  • реттепсалғыш кранға сөрелерге түскен жүктің орнатуына пәрмен беру (егер ЭЕМ қойма жұмысын толығымен басқарса,

«Орындалуы» батырмасын басу арқылы, немесе егер қойма автоматтандырылған режимде жұмыс істесе, қойма операторының пультінде автоматты реттепсалғыш кранына іс-қимыл бағдарламасын теру арқылы);

  • ЭЕМ ұзақ мерзімді жадынына бір мезгілде енгізу арқылы дисплейге түскен жүк туралы ақпаратты беру немесе жүктің қабылдауын рәсімдеу (қоймадағы жүктің жартылай автоматтандырылған есепке алу кезінде).

Қоймадан өндірістік ішкі жүйесіне жартылай фабрикаттар мен дайындамаларды беру кезінде келесі негізгі технологиялық операцияларды орындайды:

  • қойманың автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде - робот технологиялық кешенінің (РТК) нөмірі, оған беруге қажет бөлшектердің атауы, мұқамасы және саны түрінде және АСС автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде – дайындамларды сұрайтын тек қана РТК нөмірі түрінде жұмыс орындарынан сигналдың қабылдауы;

  • есептеу кешенінің (автоматтандырылған қоймада) басқарушы жадынына келіп түскен сұраудың енгізуі немесе қойманың автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде – аталған сұраудың УВК түсуі;

  • РТК сұрайтын қоймадан беруге абзал жартылай фабрикаттармен немесе дайындамалармен тұғырықтың мекен- жайымен (бөлікшенің және көлік-қойма қосалқы жүйесінің автоматтандырылған басқаруы кезінде) дисплей экранында ЭЕМ басқарушы шешімінің көрсетілуі;

  • экранның дисплейінде көрсетілген мекенжайдан жүгі бар тұғырықтың беруге автоматты реттепсалғыш кранына пәрменнің ЭЕМ көзбен шолып бақылаған және келіскеннен кейін (автоматтандырылған қоймада) оператормен енгңзуі немесе тікелей ЭЕМ басқарушыдан "он-лайн" режимінде автоматты басқару кезінде

  • «Орындалды» батырманың басуы;

    • автоматты реттепсалғыш кранымен сөрелік сақтау орнындағы берілген ұяшықтан тиелген тұғырықтың ауыстырып тиеу құрылғысына берілуі;

    • автоматты реттепсалғыш кранымен пәрменнің орындалуы туралы сигналдың беруі (басқару пультінде ләмпішке жанады);

    • оператормен ЭЕМ жадына белгілі бір атауы бар және белгілі бір ұяшықтағы жүктің берілуі туралы мәліметтерді енгізу (қойманың автоматты басқаруы кезінде реттепсалғыш кранымен берілген пәрменнің істеп өтегеннен кейін тікелей ЭЕМ-нен бұл автоматты түрде орындалады);

    • қоймалардың сақтау аймағынан берілген тұғырықпен ҒЖЖ көлік қосалқы жүйесінің көлік құралының жақындауын күтуі (циклдік көлік құралдарын пайдалануы жағдайларда);

    • ҒЖЖ көліктің қосалқы жүйесіне жинақтауыштан дайындамалары быр тұғырықтың автоматты түрде қайта тиеу.

    1. жүктеу 0,7 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау