69
•
Жаны ашу, көңіл бөлу, көмектесу арқылы тәрбиелік құндылығының
артуы;
•
Таза достық пен бірігіп жұмыс жасау.
3. Ата-аналар үшін:
•
Басқа ата-аналардан көмек пен қолдау алу;
•
Баланың әдеттегі жағдайынан өсуі жөнінде ақпарат алуы.
Қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, ерекше
оқытуды қажет ететін ерекшеліктеріне немесе ақыл-ойының баяу дамуына
қарамастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық,
бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту
арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға ақыл-ойын дамыта
отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе
білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін. Әйтсе де мұндай
балалармен жұмыс жасау үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты
қажет ететіндігі белгілі.
Пайданылған әдебиеттер:
1.
Закон РК «О социальной и медико-педогогической коррекционной
поддержке детей с ограниченными возможностями», Алматы, 2002
2.
Капустин А.И. «Проблема дифиректированного и интегрированного
обучения в историй олигофренопедогогики» ж. Дефектология,1996.5
3.
Интегрированное обучения детей с нарушением слуха (методические
рекомендаций), 1999
4.
Сулейменова Р.А. «Система ранней коррекционной помощи детям с
ограниченными возможнастями в Казахстане: проблемы создания и
развития», Алматы 2001
ТҰТЫҚПА ДИАГНОЗЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Малиева Нурганым Жанболатовна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
№5 Құрманғазы ауданының психологиялық -педагогикалық
түзеу кабинетінің педагог -логопеді
Тұтықпа – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан,
сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпа негізінен
күрделі тіл кемістігі болып саналады.Онда сөйлеу функциясының
бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық денсаулығының, жалпы
және сөйлеу моторикасының бұзылуы және психологиялық ерекшеліктері
байқалады. Тұтығу негізінен нерв жүйесі әлсіз, балаларда пайда болады.
Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу
аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде
немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тыртысу негізгі үш түрге бөлінеді:
тоникалық және клоникалық, сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі.
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің (мысалы:
еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. Тұтығушы сөйлеу