Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Кесте 6.1. Шаруашылықтағы гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметкерлерiнiң нормативтi штаты



жүктеу 409,82 Kb.
бет43/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
МЖСТТ

Кесте 6.1. Шаруашылықтағы гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметкерлерiнiң нормативтi штаты
6.2 Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдаланатын инженерлiк қызмет
Осы заманның талабына сай суару техникаларымен, сорап бекеттерімен және суармалы тiзбек құбырлармен жабдықталған шаруашылықтарда шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қазiргi заманғы инженерлiк деңгейде болуы керек. Бұл үшін шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану үшін инженерлiк қызмет жасақталынады.
Табиғи шаруашылықтардың жағдайларының көп жақтылығы, шаруашылықтардың мамандануы, суару техникасының кең номенклатурасы және шаруашылықтың осы техникамен жабдықталуының әр түрлi дәрежесi шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану ұйымдардың әр түрлі формасына байланысты, олардың әрқайсысы экономикалық тұрғыда дәлелденген болуы керек.
Құрғақшылық аймақта шаруашылықтың суармалы жерiнiң ауданы 2000 га көбірек және суару техникасы 25-30 бiрлiктен көбірек болуы шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметiнiң жекеменшiктiгi ұтымды.
Аз аудандарда шаруашылықтың iшкi жүйесін пайдалануды пайдалану басқармасы шаруашылықпен келiсiм-шарт арқылы iске асырады.
Суармалы ауданы аз кiшi пiшiнде жердi пайдаланатын аймақтарда (қаратопырақты облыстың үлкен бөлігі) шаруашылықтың iшiндегi жүйелердi пайдаланудың ең ұтымдысы пайдалану басқармасы.
Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдалануда инженерлiк қызмет сорап бекеттерін, арынды құбырларды, шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектi дұрыс пайдалануды, ауылшаруашылығы дақылдарын суаруды уақытылы және сапалы жүргізудi қамтамасыз етуi керек.
Әдетте бұл қызметтiң құрамына кiретiндер: бас мамандардың зықметi, диспетчерлiк пункт, топырақ зертханасы, апат-жөндеу қызметi, өндірістік-техникалық база, суарылатын өндірістік учаскелер, суару техникасын пайдалану және шаруашылықтың iшкi суару тiзбегi.
Шаруашылықтың iшкi жүйесін пайдаланатын инженерлiк қызметтiң негiзiн ауылшаруашылығы дақылдарын суаратын суару техникасына жоспарлы-профилактикалық қызмет жас айтын суармалы жүйелерге апат жағдайында қызмет көрсететiн стационарлы сорап бекеттерін пайдаланатын бригадалар мен звенолар құрайды.
Суару звенолары қабылданған суару режимiн сақтай отырып ауылшаруашылығы дақылдарын суаруды жүргізедi, жаңбырлатқыш техникалар мен жылжымалы сорап бекеттерінің үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз етедi, ай сайын суару техникасына техникалық қызмет жүргізедi, суармалы жүйенiң элементтерiнiң жұмысын бақылайды. Суару звеносының құрамына жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылардың оператор-мұраптар, жылжымалы сорап бекеттерінің мотористерi, ДДА және ДДН түріндегi агрегаттармен суарғанда уақытша қарықтардағы судың шығынын реттейтiн жұмысшылар кiредi. Үш-төрт жаңбырлатқыш машиналары «Фрегат» тобымен және тәулік бойы жұмыс iстегенде звено құрамына үш оператор-мұрап кiредi. Суару звеносы сорап бекетімен, жоспарлы-профилактикалық қызмет жасайтын звенолармен және апат жағдайында қызмет көрсететiн бригадалармен байланыс жасау үшін бiр-екi рациямен, кең қанатты жаңбырлатқыш машиналардың тобына қызмет жасағанда - жеке тасымалдау құралдарымен (мотоцикл, шасси) жабдықталады.
Жоспарлы-профилактикалық қызмет жасайтын звено жаңбырлатқыш машиналар мен жылжымалы сорап бекеттерінің күрделі емес ақаулары жояды.
Әдетте бұл звеноның құрамына машинист-тракторист (звено жетекшiсi), электрик және слесарь-дәнекершi кiредi. Звено жылжымалы мастерской, рация, тракторлармен («Фрегат» түріндегi жаңбырлатқыш машинаны екi позицияда жұмыс жасағанда қызмет ететiн) жабдықталады.
Суармалы жүйелерге апат жағдайында қызмет жасайтын бригада суару техникасының санына жне шоырлануына байланысты бiр немесе бiрнеше өндірістік учаскелерге қызмет жасайды. Олар оперативтi түрде апатты және суару техникаларының, шаруашылықтың iшкi тiзбегiнiң және жылжымалы сорап бекеттерінің ақауларын жояды.
Әдетте бұл бригаданың құрамына машинист-тракторист (бригадир), электрик, слесарь-дәнекершi, шофер-крановщик, машинист-экскаваторщик, монтажник-такелажник, жәй жұмысшылар кiредi. Бригада келесi техникалық құралдармен жабдықталады: жылжымалы мастерской, жүк көтеретін автокөлiк, шөміштің сыйымдылығы 0,15 м3 болатын экскаватор, жүктi көтеруi 5-6 т болатын автокран, сораптар, байланыс құралдары. Бригаданың ұсынылған қабылдайтын жүктемесi: болат және шөген құбырлы жабық суармалы жүйелердiң ауданы 5-7 мың га және 55-60 жаңбырлатқыш машина, болат құбыры бар жүйелерде 10 мың га дейiн өседi, ал шөген құбыры бар жүйелерде 2 мың га кемидi.
Стационарлы сорап бекеттерін пайдалану қызметi пайдаланушылар басқармасының әрекетi жасайтын аймағына кiрмейтiн шаруашылықтарда құрылады. Олар керектi су шығынын үздiксiз берудi iске асырады және құбырлы тзбекке керектi арынды ұстап тұрады, жоспарлы-профилактикалық және сорап бекетінің барлық жабдықтарына апат қызметiн жүргізедi, олардың жұмысына есеп жүргізедi, сорап бекетін тоқтатып қояды және қайтадан жүргізедi. Бұл қызметтiң құрамына сорап бекетінің мотористi (кезекшi қызметкер) және екi адамнан түратын жөндеу звеносы (гидромеханикалық жабдықтарды жөндейтiн және дайындайтын механик, электротехникалық жабдықтарды жөндейтiн жне дайындайтын электромонтер). Жөндеу звеносының жүктемесi 20-25 - дейiн сорап агрегатын құрайды.
6.3 Мемлекеттiк пайдалану қызметiнiң құқыларылары мен мiндеттерi
Мемлекеттiк гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң мiндеттерi:
суды су пайдаланушыларға тарату;
шаруашылық аралық суармалы және құрғататын тiзбектер, олардағы ғимараттарды, пайдалану және басқару техникалық құралдарын жарамды жағдайда ұстау;
су тұтынушылардың суармалы суды тиiмдi пайдалануына бақылау жасау;
суармалы және құрғататын жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылау, олардың сортаңдалуын және батпақтануын болдырмайтын керектi iс-шараларды орындау;
су тұтынушы - шаруашылықтарға шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалануда техникалық көмек көрсету;
шаруашылықтарда олармен келiсiм-шарт арқылы шаруашылықтың iшкi тiзбегiнде және ғимараттарда тазарту және жөндеу жұмыстарын орындау;
шарашылықтарға мелиорацияланатын жердi кезектегi тегiстеудi, тұздалған жердi шаюды, суаруды жүргізудi ұйымдастыруға көмек көрсету;
шаруашылықтарға кадрлердi гидромелиоративтiк профильдегi мамандыққа жаппай дайындауға және қайта дайындауға көмек көрсету;
шаруашылықаралық маңызы бар суармалы жүйелердегi судың есебi.н, коллекторлы-кәріздi және қашыртқылы тiзбектер арқылы әкететiн суларды қайта пайдалануға керектi шараларды қабылдауды ұйымдастыру;
суармалы тiзбектiң прайдалы әсер коэффициентiн көтеруге бағытталған iс-шараларды жетiлдiру және iске асыру;
су пайдаланушыларға ауылшаруашылығы дақылдарын суарудың көбірек жетiлген техникасын, сонымен қатар автомантандырылған және басқа да күрделі машиналарды және т.б. енгiзуге көмектесу.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң төмендегiдей құқылары бар:
су тапшылығы кезеңiнде су тұтынушыларға суармалы жүйелерге су айналымын енгiзу арқылы су берудi шектеу;
суды ұқыпсыз пайдалану немесе кейбiр су тұтынушылар өз бетiмен су алған жағдайда оларға су берудi шектеу;
ауа-райының жағдайына және басқа себептерге байланысты су көзiндегi судың режимiнiң өзгеруiнiң қорытындысы бойынша су беру жоспарын түзету.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланушы қызметкерлердiң құқылары мен мiндеттерi қызметтiк инструкцияда баяндалған.
6.4 Өндiрiстiк-қаржылық жоспарлау және есеп
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң әрекетi жылдық және келешектегi өндірістік-қаражаттық жоспарменен анықталады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау