Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


мелиорацияланған жердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi



жүктеу 409,82 Kb.
бет22/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
МЖСТТ

мелиорацияланған жердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi: негiзгi өндірістік қордың бағасы, барлық өнiмнiң жылдық бағасы, жылдық шығындар, жылдық пайда, рентабельдiлiк деңгейi, ауылшаруашылығы өнiмдерi мен суармалы судың өзiндiк қүны, өндірістік қордың жалпы экономикалық тиiмдiлiк коэффициентi.

  1. Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланудың талаптары

Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелер сапа көрсеткішiнiң жиынтығына сәйкес болу мiндеттi, оны пайдалану талаптары түрінде бiлдiруге болады. Олар табиғи-климаттық аймақтарға, суару тәсілдерiне, гидромелиоративтiк жүйелердiң түрлерiне байланысты. Пайдалану талаптарын жүйенiң звеноларына байланысты топтастыру орынды.
Суармалы жүйелерде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбекке қойылатын талаптар болып бөлінедi.
Су алатын ғимаратқа және алынатын суармалы судың сапасына қойылатын негiзгi пайдалану талаптары:
Су көзiнен суаруға алынатын судың минерализациясы 1 г/л, шөлді аймақтардың құмды топырақтары үшін 2-3 г/л, сұр топырақтар үшін - 1,5 г/л, құрлықтағы аймақтардың күңгiрт-қызғыш топырақтары үшін - 0,7-0,8 (судағы натрийдiң құрамы кальций мен магнийдiң қосындыларының 25%-нан аспауы керек, рН суда 7,5 көп емес); далалық аймақтардағы қара топырақтар үшін - 0,5-0,6 (натрийдiң құрамы кальций мен магнийдiң қосындысының 10-15%-нан аспауы керек, рН 7-ден көп емес.
Жүйеге түсетін судағы тасындылардың құрамы суармалы ауданның 1 га есептегенде 5 м3 аспауы керек;
судағы қалқын жүрген қалдықтардың құрамы суармалы тiзбектiң конструкциясына (ашық, жабық) және суару техникасына байланысты тағайындалған мүмкін шектерiнен аспауы керек;
жүйенiң сумен қамтамасыздығы (яғни, шындығында берiлетiн судың есептелген қажеттi суға сәйкестiк дәрежесi) есептi жылы (75% немесе 90%-ды қамтамасыздығы) 100%-ды құрауы керек;
Шаруашылық аралық суармалы тiзбектi пайдаланудың негiзгi талаптары:
Әр 10-30 шақырымда командалық (басқару) түйіндерi, Әр 3-6 шақырым су бөлетін, түйіндерi және әрбiр 1000 га бiр-екi су беретiн нүктесi бар түйіндi тiзбектi схемасы;
ұзындықтары өте үлкен емес, сүзілуге қарсы жасалған төсенiш бар, пайдалы әсер коэффициентi жоғары (0,85-0,9) каналдар;
1000 га 6-9 су өлшейтiн бекеттер;
тiзбек ғимараттарында суды бөлудi автоматтандыру, бейне механизациялау және суды есептеу құралдарымен толық қамтамасыз етiлген;
көлемi жүйеге алынатын судың 5-10%- ын құрайтын тәулік немесе он күн бойы реттейтiн жүйе iшiндегi су қоймасының болуы (негiзiнен далалық аймақтарда).
Шаруашылық iшiндегi суармалы тiзбекке қойылатын талаптар:
iрi шаруашылық каналдарының ұзындықтары өте үлкен болмауы және сүзілуге қарсы жасалған төсенiшi бар болуы керек, ал майда тiзбек (танаптық немесе бөлгіш) - құбырдан немесе астаудан (науа) жасалуы керек; шаруашылық каналдарының бiрлiк ұзындығы - 5-8 м/га, жердiң бетiмен суарғанда танаптағы (бөлгіш) құбырлар мен астаулардың (науа) 20-35 м/га; ал жаңбырлатып суарғанда - жаңбырлатқыш машиналардың түрлерiне байланысты;
шаруашылықтың iшкi желiсi қалқып жүрген заттардан қорғалған болуы керек. Ол үшін су бөлетін нүктелерде және бөлетін құбырлардың (астаулардың) сағасына қалдық заттарды ұстайтын ғимараттарды (торлар) орнатады;
жөндеу жұмыстарын орындау үшін, лайдан қорғау және тасындыларды шаю үшін құбырларды реттеушi, тиектеушi, қорғап қалатын құбыр арматуралармен жабдықтайды. Арматуралардың саны құбырлардың жақсы басқарылуын және сенiмдi жұмысын қамтамасыз ететiндей болуы керек; құбырдың еңістігі босататын арында 0,001-ден кем болмауы керек;
су өлшейтiн бекеттердiң саны 1000 га 10-15 кем болмауы керек;
жер бетiмен суару тәсілiнде шаруашылық тiзбегiнiң пайдалы әсер коэффициентi 0,85-0,9, жаңбырлатып суарғанда 0,90-0,95 кiшi болмауы керек.
Суару техникасын пайдаланудың негiзге талаптары:
жетiлген және кәріздi заманғы суару техникаларын (суару техникалық құралы);
топырақтың ылғалдылығын оптимальдi шекте оперативтi реттеу: шөлді аймақтардағы сүр топырақтарда мақта және басқа жыртылып өңделетiн дақылдар үшін 0,65-0,9-ты, шөптер үшін 0,7-0,95-ты, шөлдегi қоңыр сұр өте күштi тастақталған топырақтарда жүзімдiктер үшін 0,6-0,9-ты; құрғақ далалық аймақтардағы күңгiрт-қызғыш топырақтарда 0,7-0,8-ты; далалық аймақтардағы қара топырақтарда 0,65-0,8-ты;
су ресурстарын (суаратын су) тиiмдi пайдалану.
Танаптардағы суды пайдалану коэффициентi ( = (Wбр - Wн) * Wбр 0,8-0,95 кiшi болмауы керек (Wбр - жаңбырлатқыш немесе суаратын машиналардың, суаратын құбырлардың немесе астаулардың беретiн суы (брутто), м3/га; Wн - танаптағы су ысырабы, м3/га);
танаптарға судың бiрқалыпты бөлінуi. Жүйектердiң немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтың бiрқалыпты дымқылдану коэффициентi Кр = Wmin / Wmax 0,85-0,95 кiшi болмауы керек (Wmin және Wmax - жүйектердiң немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтарға сiңетiн судың төменгi және жоғарғы көлемi, м3/га немесе м).
Жаңбырлатқыштарда суару тиiмдiлiгi коэффициентi Ктс.а = Fтс.а/Fжалпы 0,7 кем болмауы керек (Fтс.а; Fжалпы - сәйкес тиiмдi суарылған аудан мен жаңбырлатқыш машинаның жалпы қамтыған ауданы);
топырақты су эрозиясынан (шаю) ескерту. Жер бетiмен суарғанда танаптың еңістігі кiшi және орташа болғанда топырақты шаю рұқсат етiлмейдi, ал үлкен еңiстерде (0,008 үлкен) рұқсат етiлген шамадан аспауы керек. Жаңбырлатқыштармен суарғанда топырақты шаю рұқсат етiлмейдi;
жаңбырлатқыштармен суарғанда шалшықтың пайда болуын және судың ағынын ескерту. Суарудың аяғында жаңбырдың орташа қарқындылығы сiңу жылдамдығынан артпауы керек (жаңбырлатып суарғанда сiңу жылдамдығы жер бетiмен бастырып суарғандағы сiңу жылдамдығынан 15-30( кiшi);
жер ресурстарын тиiмдi пайдалану. Танаптағы жердi пайдалану коэффициентi КЗИ = Fnt/Fбр (Fnt және Fбр - танаптағы суарылатын ауданның неттосы мен бруттосы). Көп жылдық егiстердi жер бетiмен суарғанда 0,93-тен кем болмауы керек; отамалы дақылдарда 0,69-дан кем болмауы керек; жаңбырлатыпс суарғанда 0,97 кем бомлауы керек;
еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану. Жердiң бетiмен суарғанда мұраптардың еңбек өнiмдiлiгi бiр сменада 2-6 га кiшi болмауы керек, ал 1000 м3 берiлген суды суаруға кететiн еңбектiң уақыты 2 сағаттан артпауы керек;
энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану. Суаруға берiлген 1000 м3 суды көтеру үшін энергияның шығыны: жаңбырлатып суарғанда 400-800 квт.сағ, жер бетiмен, тамшылатып және топырақтың iшiмен суарғанда 50-200 квт.сағ артпауы керек. Жердiң үлкен еңістігінде жер бетiмен өзiнiң ағынымен суару, өзiндiк арынды шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбек арқылы энергия шығындамай жүргізіледі;
суару техникасының жоғары сенiмдiлiгi. Техникалық құралдардың суаруға дайындығы коэффициентi Кч = To/(To + Tв) 0,96 кiшi болмауы керек, ал тоқтаусыз жұмыс iстеу мүмкіндiгi Pt = (no - nt)/no 0,90 кiшi емес (То - iстен шығуға бейiмдiлiгi; Тв - қалпына келтiрудiң орташа уақыты; no - пайдаланудың басында суаратын техникалық құралдардың саны; nt - t уақытында тоқтап қалатын техникалық құралдардың саны).

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау