Мелиоративтiк жүйелердiң сапа көрсеткіштерi
мелиоративтiк жүйенiң сапасын және оның элементтерiн, белгiлi бiр сапалы көрсеткіштердiң жүйесі арқылы бағаланады.
Жүйелердiң сапасын салыстырмалы бағалағанда негiзгi алынған көрсеткіштер мәні базалық (негiздiк) деп аталады.
Көрсеткіштердiң базалы мағыналарын сараптау, құжаттар, талдау әдiстерiмен және оларды байланыстыру (үйлестiру) арқылы анықтайды. Құжаттар арқылы анықтау әдiсi негiзгiсi болып табылады. Бұл әдiс бойынша базалар көрсеткіштерiнiң мағынасын әр түрлі құжаттар - СНиП, техникалық жағдайлар, ұсыныстар, анықтамалар негiзiнде, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн сараптау, жобалау құжаттарының, алдыңғы қатардағы жүйелердiң және су тұтынатын (пайдаланатын) шаруашылықтардың көрсеткіштерi негiздерiнде қабылдайды. Егер де құжаттар және талдау әдiстерiн кейбiр жағдайларға байланысты қолдану қиындау немесе тиiмсiз болса, онда сараптау әдiсi пайдаланылады. Базалар көрсеткіштерi мәндерiнiң сапасы табиғаттың және шаруашылықтың жағдайына байланысты.
Гидромелиоративтiк жүйенiң сапасын бағалайтын барлық көрсеткіштер үлкен екi топқа бөлінедi: техникалық сапа көрсеткіштерi және жүйелердiң жұмыс iстеу сапасының көрсеткіштерi.
Өз кезегiнде, техникалық сапа көрсеткіштерiнде: техникалық жағдайының көрсеткіштерi және жүйенiң техникалық деңгейiнiң көрсеткіштерi деп екi топқа бөлуге болады. Жүйелердiң жұмыс iстеу сапасының көрсеткіштерiн де екi топқа бөлуге болады: суды бөлу және суда пайдалану көрсеткіштерi, суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының көрсеткіштерi.
Жүйенiң техникалық жағдайының және олардың элементтерiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң құрамына әдетте, судың шығыны, арын (сорап бекеті үшін), элементтердiң тозуы, техникалық пайдалану коэффициентi және басқалар кiредi.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық деңгейi көрсеткіштердiң мәндерiн салыстыруға негiзделген, бағаланатын жүйенi техникалық жетiлгендiгiн сипаттайтын, база көрсеткіштерiне сай келетiн сапа сипаты деп түсiнедi. Мұндай баға жүйенiң моральдық құрылымын есепке алуды рұқсат етедi. Жүйенiң техникалық деңгейi және олардың элементтерiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң құрамына әдетте жердi пайдалану коэффициентi, суармалы тiзбектiң пайдалы әсер коэффициентi, суармалы және құрғату тiзбектерiнiң бiрлiк ұзындығы, жолдың және байланыс желiсiнiң бiрлiк ұзындығы, су өлшейтiн ғимараттармен бiрлiк жабдықталуы және басқалар кiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |