Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердiң принциптi схемалары



жүктеу 409,82 Kb.
бет25/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
МЖСТТ

Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердiң принциптi схемалары

Шаруашылықтың iшiндегi кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тiзбектiң принциптi схемасын А.Н.Костяков атындағы Бүкіл Одақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институты жасаған. Шаруашылықтың iшiндегi кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тiзбектiң принциптi схемасы, суару, тыңайтқыш енгiзу және кәріздi-қашыртқы суын бiр-екi ауыспалы егiстiң алқапiнiң ауданына пайдалануға арналған. Олар кәдімгi звенолардан басқа жаңа блоктарды қосқан: химиялық, кәріздi-қашыртқы суын пайдалану, жүйенiң жұмысын бақылау және басқару.
Химияландыру блогi минералды, органикалық және бактериалды тыңайтқыштарды енгiзу, суарылатын сумен бiрге пестицидтердi және химиялық мелиоранттарды енгiзуге арналған. Оларды суармалы тiзбекке немесе суару техникасына су арқылы қоректендiргiштердiң көмегі (тыңайтқыш, химиялық мелиоранттар) және арнайы машиналар - гербигиторлар (пестицидтер) арқылы берiледi. Тыңайтқыштар мен пестицидтер вегетация кезеңiнде суаратын сумен енгiзiледi, ал химиялық мелиоранттар - шайылатын сумен. Микротыңайтқыштарды енгiзу Үшін анодты металл (мырыш, молибден, медь, кобальт) ерiтiндiсi қондырғысын қолданады.
Кәріздi-қашыртқы суын пайдаланатын блок жинау, өңдеу және оларды суаруға қайта пайдалану үшін қызмет етедi. Ол, жинау - бассейннен, тазарту және деминерализациялайтын түйіндерден, пайдаланылған кәріздi-қашыртқы суын жинайтын қоймадан, тазаланған суды беретiн сорап бекетінан, суару тiзбегiнен және қосымша суармалы ауданды суаруға арналған суару техникаларынан тұрады. Кәріздi-қашыртқы суын тазалау және олардың сапасын жақсарту үшін әр түрлі тәсілдермен техникалық құралдарды пайдаланады: иониттi сүзгi, таза сумен араластыру, қысқы жаңбырлату және көлемдi мұздарды қатыру, биохимиялық тазалау, суаратын суға химиялық мелиоранттарды кiргiзу. Әзiрге барлық әдiстер экспериментальдi және тәжіребелi тексерiстерден өтуде. Тазартылған кәріздi-қашыртқы суымен әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарын суарады, оның iшiнде тұзға төзімдi және галофиттер.
Суармалы жүйенiң жұмысын бақылау және басқару блогi жүйедегi технологиялық үрдістердi және суармалы жердiң мелиоративтiк режимiн басқару, сонымен қатар жүйедегi технологиялық параметрлердi бақылайды. Ол: метеостанциядан, топырақтың ылғалдылығын өлшейтiн құралдардан (ылғалдылық датчиктерi, нейтронды ылғал өлшегiштер, тензиометрлер және басқалар), су өлшейтiн қондырғылардан (байланыс сымы, радио каналы және басқалар), пакет программасы мен жеке ЭЕМ және тағы сол сияқтылар. Айтылған блок агрометеопараметрлердi, топырақтың ылғалдылығын, суаратын және кәріздi-қашыртқы суының көлемi мен шығынын, агрохимикаттардың концентрациясы мен мөлшерін, жер қыртысы және кәріздi-қашыртқы суларының минерализацияларын өлшейдi, сорап бекеттерін қосады және ажыратады. Суаратын және кәріздi-қашыртқылы тiзбектердегi арматуралар, суару техникасы және тағы сол сияқтылар.
Автоматты тамшылатып суаратын жүйелерде барлық технологиялық операциялар автоматты түрде орындалады. Суды тазарту үшін топырақтан немесе бетоннан жасалған тұндырғыштар, торлы сүзгiлер, микросүзгiлер және барабанды торлар, түйіршiктi сүзгiлер қолданылады.
Суармалы тiзбекке тыңайтқыштар беру үшін арнайы түйінге стационарлық үстеп қоректендiрушiлер қосады.
Үлкен еңiстi жердегi ауылшаруашылығы дақылдарын жүйекітеп суаруға арналған Москваның гидромелиоративтiк институты жасаған (1994 жылдың тамызынан МГУП) шаруашылықтың iшiндегi өзiндiк арынды жабық суармалы жүйелердiң принциптi схемасы .

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау