Құрғату-дымқылдандыру жүйелерiнде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық суармалы тiзбекке, шаруашылықтың iшiндегi суармалы (дымқылдандыру) тiзбекке, суару техникасына, құрғату тiзбегiне, сонымен қатар экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегi ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiне қойылатын талаптарды атап көрсетедi. Құрғату жүйелерiнде құрғату тiзбегiне, экологиялық жағдайға және ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiне пайдалану талаптары қойылады.
Құрғату-дымқылдандыру және суару жүйелерiндегi су алатын ғимараттарға, суармалы тiзбекке және суару техникасына қойылатын талаптардың көпшiлiгi бiрдей болғандықтан, төменде олардың құрғату-дымқылдандыру жүйелерi үшін өзгешелеу кейбiреулерi ғана қарастырылған:
- гумидтi аймақта суаратын судың минерализациясы 2 г/л кiшi болуы керек;
- құрғатылатын жердi дымқылдау тәсілi табиғи жағдайға сәйкес келуi керек: судың қоректену түрі, топырақтың су өткiзгiштiгi және жердiң еңістігі;
- топырақтың тамыр орналасқан қабатының ылғалдылығын оперативтi реттеу қолайлы шамада (0,8-1,0 т.ы.) жүргізiлуi керек;
- жердi игеру коэффициентi (ЖИК) 0,85 кiшi болмауы керек.
Құрғату тiзбегiне төмендегiдей негiзгi пайдалану талаптары қойылады:
реттейтiн тiзбектiң түрі өте дымқылданған факторларға және егiлетiн ауылшаруашылығы дақылдардың түрлерiне сәйкес болуы керек;
вегетациялық кезеңде ауыспалы егiстiктен және жайылымнан шыққан артық жердiң бетiндегi және инфильтрациялы-топырақ суларын әкету ұзақтығы: жер бетiндегi топырақтардан 0,5-1 тәуліктен, айдалатын қабаттан - 1,5; тамыр орналасқан қабаттан 5 тәуліктен артық болмауы керек, шабындықта ол сәйкес 1,5; 3 және 7 тәулікке дейiн өседi;
жер қыртысындағы сулар оптимальдi шамада реттелуi керек. Оптимальдi құрғату мөлшері жыл мезгiлiне, өндiрiлетiн ауылшаруашылық дақылдарына және ауа райының жағдайларына байланысты: көктемгi егiлетiн мезгiлде 0,4-0,6 м; ауыспалы егiстiк пен жайылымда вегетациялық кезеңде 0,9-1,1 м және шабындықта 0,6-0,8 м; егiндi жинар алдында 0,4-0,6 м; ылғалды кезеңде 1-1,1 м (жазда күштi жаңбырдың кезiнде 0,4-0,5 м, ұзақтығы 2-3 тәуліктен көп емес) болуы керек. Жер қыртысындағы судың деңгейiн төмендету жылдамдығы 5-6 см/тәулік кем болмауы керек. Дымқылданған қатты сортаңдалған топырақтардағы минерализациясы жоғары жер қыртысы суларының жату тереңдiгi алмағайып тереңдiктен көп болуы керек (мысалы, Барабанның ойпаң жерiнде қауiптi деңгей 0,9-1,7 м аралығында жатыр;
қорғаушы тiзбек жердiң бетiндегi және жер қыртысындағы құрғатылатын территорияға су жинайтын алқаптан түсетін, сонымен қатар өзеннен және су сақтайтын орындардан сүзілетiн суларды ұстап қалуды қамтамасыз ету керек;
құрғататын суларды Қткiзетiн тiзбек құрғатылатыен ауданнан жердiң бетiндегi және жер қыртысындағы артық суларды территорияны суға бастырмай, реттейтiн тiзбекке қалқан жасамай және канал арнасын шаймай су қабылдағышқа уақытылы Әкетудi қамтамасыз ету керек;
су қабылдағыш су өткiзетiн тiзбектен артық суларды қалқан жасамай және жанаса жатқан территорияларды суға бастырмай суды қабылдауы керек. Ауылшаруашылығы жерiн уақытша суға бастыру (7-14 тәулік) көктемде рұқсат етiледi, егер де ол жерге күздiк дақылдар өндiрiлмесе. Егер де бұл талаптар орындалмаса, онда су қабылдағышты реттейдi, немесе құрғатылатын ауданды топырақ үйiп қорғайды, немесе машинамен су көтеру жүйесін жасайды.
Экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегi ауылшаруашылық өндiрiстерiнiң тиiмдiлiгiне қойылатын негiзгi талаптар келесiлер:
жер қыртысы сулары жататын тереңдiк құрғату мөлшеріне сәйкес келуi тиiс;
жердiң бетiндегi және инфильтрациялы-топырақ суларын әкету ұзақтығы ұсынылған шамадан аспауы керек;
жүйелер аймағындағы территорияны сумен абаттандыру жұмыстары орындалуы керек, суландыратын каналдар тiзбегiн, бассейндердi, тоғандарды, су қоймаларын, өзендi радиусы 2-3 шақырымнан аспайтын жануарлар су iшетiн пункттердi қоса есептегенде;
ауданы 40-50 ( кем емес табиғи және жартылай табиғи ландшафттарда сақталған болуы керек (мемлекеттiк орман қорындағы жерлер, жайылымдар, танаптарды қорғайтын орман жолақтары және басқалар);
қоршаған жерлер көбірек құрғатылудан және бастырылудан қорғалған болуы керек;
су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндiк туғызатын және олардың биолоигялық және минералдық заттармен ластануын ескертетiн су айналымы жүйелерi қолданылады;
құрғатылатын жерлерде ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету керек: өнiмдi өндiру рентабельдiлiгi 40-50% кем емес, қордың рентабельдiлiгi белгiленген мөлшерден кем емес.
Нақтылы жүйелер үшін пайдалану талаптары анықталады және нақтыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |