Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Шаруашылық аралық пайдалану қызметiнiң өндірістік әрекетi



жүктеу 409,82 Kb.
бет17/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
МЖСТТ

Шаруашылық аралық пайдалану қызметiнiң өндірістік әрекетi су көздерiнен суаратын суды алуда, оны шаруашылықтарға бөлуде, суды шаруашылықтың шекарасынан әрi қарай су қабылдағышқа әкетуде, шаруашылық аралық жүйелерге осы заманғы техникалық қызмет және жөндеу жүргізуде, шаруашылық аралық жүйелердi жетiлдiру үшін жасалған iс-шараларды орындауда, шаруашылықтарда мелиорацияланған жердi және пайдаланатын суды, сонымен қатар жердiң мелиоративтiк жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны бақылауда болады. Шаруашылықпен келiсiм-шарт негiзiнде олар ауылшаруашылығы дақылдарын суару жұмыстарын орындауы, шаруашылықтың iшкi жүйесінiң жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуi мүмкін. ´ндiрiстiк қызмет пайдаланушы қызметшiлермен iске асырылады (жұмысшылар, техниктер). Су алу, бөлу және суаратын судың есебi учаскедегi гидротехниктерге, ғимараттағы гидротехниктерге, суды бақылаушыларға, учаскенiң гидрометрiне және басқаларға жүктеледi. Жөндеу жұмыстарын механикаландырылған отрядтар (звенолар) мен бiрiккен жұмысшылар, сонымен қатар жақтаудағы жөндеу жүргізетiндер (құрғату жүйелерiнде), суды бақылаушылар және басқалар орындайды.
1.4 Мелиоративтiк жүйелердiң мiндеттерi
Гидромелиоративтiк жүйенiң қызметi су шаруашылығы кәсіпорны ретiнде белгiлi бiр мiндеттердi орындаумен қорытындыланады.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң мiндеттерi күрделі және көп салалы (жеке). Оларды жалпы және ерекше деп бөледі.
Жалпы мiндеттер басқарудың негiзгi мазмұны нысанды бүтіндей реттеу үрдісiн көрсетедi. Ол мiндеттерге кiретiндер: жоспарлау, оның iшiнде болжау, ұйымдастыру, оперативтi басқару (реттеу), есеп және бақылау.
Ерекше мiндеттер жүйенiң алдында тұрған басқарудың нақтылы мiндеттерiн шешудi, нақтылы мақсаттарға жетудi қамтамасыз етедi. Оларды төрт топқа бiрiктiруге болады.
Бiрiншi топтағы мiндеттерге суарылатын және құрғатылатын ауыл шаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимдерiн оперативтi түрде жобалау және реттеу жұмыстары енгiзiледi.
Суарылатын жүйелерде мелиоративтiк режимдердiң оперативтi реттеу жұмыстарына төмендегiлер енгiзiледi: су көздерiнен су алу, оны суарылатын территорияға тасымалдау, суды су тұтынушылар мен учаскелерге (танаптар, бригадалар, суармалы) бөлу, оларды су ағысы жағдайынан топырақ ылғалы жағдайына айналдыру, пайдаланылмай тасталған және минерализацияланған кәріздi-коллектордың (шайылған, жер қыртысындағы) суларын суармалы территориядан әкету. Жоспарлау жұмыстары су алу көзiнен су алудың болжау-жоспарын жасау, су тұтынатын шаруашылықтарға, шаруашылықтың iшiндегi су тұтынушыларға суды алу, суаруды ұйымдастырумен тұжырымдалады.
Суару-дымқылдау жүйелерiнде мелиоративтiк режимдердi оперативтi реттеу келесi операцияларды қосады: ылғалды кезеңде - топырақтан және жер бетiнен артық топырақ, жер қыртысындағы және бетiндегi суларды әкету; жанасқан территориялардан түсетін ерiген, жаңбырдың және жер қыртысындағы сулардан қорғау, мелиорацияланған территорияны тасыған судың басуынан қорғау (толық немесе жарым-жартылай және тасқынды жiберу (су тасқыны); құрғақ кезеңде - жер қыртысы суларының және топырақтың ылғалын шлюздер және суару көзiнен жетiспейтiн судың көлемiн топыраққа беру арқылы ағынды ұстау.
Құрғату жүйелерiнде мелиоративтi режимдi оперативтi реттеу шектелген және артық суларды әкетуден ғана және жанасқан территориялардан түсетін ерiген, жаңбырдың және жер қыртысындағы сулардан қорғау немесе су қабылдағыштардан.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау