Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Құрғату территориясының орналасуы су қабылдағышқа салыстырғанда



жүктеу 409,82 Kb.
бет14/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
МЖСТТ

Құрғату территориясының орналасуы су қабылдағышқа салыстырғанда польдердiң Үш: жайылымдағы, теңiз маңындағы және ойпаттағы түрін ажыратады.
Жайылымдағы польдер құрғату территориясын тасыған өзен суының бастырылуынан, теңiз маңындағы теңiздiң тасуынан, ал ойпаттағы - өзен және су қоймаларындағы сулардың басуынан қорғайды.
Бекiну сипатына байланысты қапталдағы және сақиналы польдерлi жүйелер болып бөлінедi. Қапталдағы схемада, қоршайтын бөгеттердiң ақыры жайылым үстiндегi террасаға жанасады. Сақиналы жүйеде ереже бойынша польдердi жүйелердi су басатын iрi аралдарға орнатылады.
Су қабылдағышпен қабысу принципi бойынша өздiгiмен ағатын польдерлер және машинамен су көтеретін польдерлер.
Өздiгiмен ағатын польдерлерде артық суды сорап бекетінің көмегінсiз - каналдар мен су жiбергiштердiң жәрдемі арқылы шығарып жiбередi. Бұндай польдерлер азғантай.
Машинамен су көтеретін польдерлерде құрғатылатын жердегi есептi судың деңгейi оған жанасқан су қабылдағыштағы су деңгейiнен төмен. Олардағы артық суды құрғататын сорап бекетінің көмегімен шығарып жiбередi. Бұндай польдерлi жүйелерi өте көп тараған.
Ресей Федерациясында польдерлi жүйелер 125 мың га көбірек, Украинада - 170 мың га көбірек, Беларусь Республикасында - 113 мың га көбірек, Прибалтика мемлекеттерiнде (Литва, Латвия, Эстония) - 60 мың га көбірек, Қазақстанда - .
Жүйелердiң жабдықталуына байланысты шаруашылықтың iшiндегi (коллективтi, жекелеген) және шаруашылық аралық (мемлекеттiк) болып бөлінедi.
Құрғату тiзбегiнiң конструкциясына байланысты жүйелер жабық, ашық және құрастырылған болып бөлінедi.
Жабық жүйелерде құрғату тiзбегiнiң барлық элементтерi жабық кәріздер немесе жабық жинағыштар түрінде берiледi.
Ашық жүйелерде құрғату тiзбегiнiң барлық элементтерi ашық каналдар түрінде берiледi.
Құрастырылған жүйелерде реттейтiн және өткiзетiн тiзбектiң бiр бөлігі (коллекторлар) жабық элементтер түрінде берiледi, ал өткiзетiн iзбектiң қалған бөлігі - ашық каналдармен берiледi.
Су қабылдағышпен қабысу принципi бойынша құрғату жүйесі өздiгiмен ағатын және машинамен су көтеретін болып бөлінедi.
Өздiгiмен ағатын жүйелерде су құрғату тiзбегiнен су қабылдағышқа өздiгiмен түседі.
Машинамен көтеретін жүйелерде су бас құрғату каналынан су қабылдағышқа сорап бекеті арқылы әкетiледi.
Құрғату тiзбегiн аудандарға орналастыру принципi бойынша жүйелі және iрiктеп құрғату жүйелерi болуы мүмкін.
Жүйелі түрде құрғататын жүйелерде құрғату тiзбегiн бүкіл құрғататын ауданға бiр қалыпты орналастырады, ал iрiктеп құрғататын жүйелерде - дымқылданып кеткен учаскелердiң орналасуына байланысты бiр қалыпты емес.
Су айналмалы принципi бойынша құрғату-дымқылдау жүйелерi су айналмайтын, жартылай су айналатын және су айналатын болып ажыратылады.
Су айналмайтын жүйелерде артық сулардың барлығы құрғататын ауданнан су қабылдағышқа тасталады.
Жартылай су айналатын жүйелерде (жарым-жартылай бекiтiлген су айналымда) ағынның бiр бөлігі құрғатылатын ауданнан (көбінесе жазғы уақытта) ауылшаруашылығы дақылдарын кейiнiрек дымқылдау үшін шоғырланады.
Су айналатын жүйелерде құрғатылған ауданнан шыққан барлық артық сулар құрғақ кезеңде ауылшаруашылығы дақылдарын дымқылдау үшін суаттарда ұсталады.
Қызмет жасайтын ауданы және пайдаланудың күрделілiгiне байланысты құрғату жүйелерi бес топқа бөлінедi. Қызмет жасайтын аудан үшін жүйелердiң келтiрiлген ауданы қабылданады.
Бiрiншi топ - жүйелердiң құрғатылатын жерiнiң келтiрiлген ауданы 180 мың га көбірек; екiншi - 120-180; үшіншi - 60-120; төртінші - 30-60; бесiншi - 30 мың га дейiн.
Жүйелердiң келтiрiлген ауданы түзету коэффициентiмен баламалардың көмегі арқылы есептелiнедi.
Келтiрiлген құрғату жүйесінiң ауданын 1000 гектарға теңгеру: шын мәнісiнде пайдаланылатын құрғатылған жердiң 1000 га; құрғату-дымқылдау жүйесіндегi 500 га құрғатылатын жер; машинамен су көтеретін польдерiн жүйелерiнiң 625 га (түзету коэффициентi 1,6) және т.б.
Техникалық жағдайының деңгейiне байланысты құрғату және құрғату-дымқылдау жүйелерi суармалы жүйелердегi сияқты төрт разрядқа бөлінедi. 

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау