Құрғату-дымқылдандыру және құрғату жүйелерi. Оларды әдетте келесi белгiлерiмен: негiзгi тағайындалуы, жабдықталынуы, құрғату жүйесінiң конструкциясы, артық суларды әкету әдiсi, құрғату тiзбегiн аудандарға орналастыру принципi, су айыру принципi, қызмет ететiн ауданы, техникалық жағдайының деңгейiне байланысты жiктеледi.
Негiзгi тағайындалуына байланысты ажыратылуы:
- құрғату жүйелерi, қайта дымқылданған ауылшаруашылық жерiн құрғатуға арналған. Оларды қосымша құрғату жүйелерi ғана бар және артық суларды Әкетудi қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелердiң негiзгi кемшiлiгi - құрғақшылық жылдары немесе кезеңдерде жердi дымқылдау мүмкіншiлiгi болмайды;
- құрғату-дымқылдандыру жүйелерi, ылғалды жылдары немесе кезеңдерде жердi құрғату үшін және құрғақшылық жылдары немесе кезеңдерде оларды дымқылдандыру үшін қызмет жасайды. Олар суды әкетудi ғана емес, сонымен қатар, оны топыраққа берудi де қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелерде дымқылдаудың (суару) негiзгi екi әдiсi - топырақ астынан және жаңбырлату қабылданады. Кейде тамшылату және жер бетiмен суару әдiстерi қабылданады;
- польдерiндi жүйелер (польдерлер), мелиорацияланған жердi өзен, көл, теңiз және су қоймаларының суларының басуынан қорғайды, сонымен қатар осы жерлердi құрғатады және дымқылдандырады. Польдерiндi жүйелердiң негiзгi артықшылықтары - жердi су басуын болдырмау үшін топырақтан үйiндi бөгет жасау. Суды польдерн территориясынан көп шiлiк жағдайда сорап бекетінің көмегімен әкетедi.
Конструктивтi шешiмге және құрғату территориясында жасалынатын гидрогеологиялық режимге байланысты су басатын және су баспайтын польдерндер болып бөлінедi.
Су баспайтын немесе қысқы польдерлер көктемгi тасқын судан биiк бөгеттермен (биiктiгi 2-4м) қоршалады.
Су басатын немесе жазғы польдерде қоршайтын бөгеттер әдеуір төмен (биiктiгi 0,5-1,5м). Олар польдердiң территориясын көктемгi-жазғы тасыған судың басып кетуiнен қорғайды.
Суға басылу ұзақтығын реттейтiн көктемгi-жазғы польдерлердiң бiр түрі. Оларды көктемгi су тасқынының ұзақтығы 45 тәуліктен көбірек болатын территорияларда жасалынады. Тасқын бәсеңдегенде олардан суды Әдепкi кезде өздігінен тастайды, одан кейiн суды сорап бекеті арқылы әкетедi, бұл су басудың ұзақтығын әдеуiр қысқартуға мүмкіндiк бередi.
Жазықтағы өзендердiң жайылымын тиiмдi пайдалану үшін бiрлескен польдерiн жүйелерi қолданылады, мұнда суға бастырылмаған және бастырылған польдерлер жалпы констукцияға бiрiккен және бiр-бiрiне жанасқан. өзенге жақын суға бастырылған польдерлер орналасады, ал өзеннен әрiрек - бастырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |