Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Геоморфологиялық орналасуына байланысты



жүктеу 409,82 Kb.
бет10/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
МЖСТТ

Геоморфологиялық орналасуына байланысты суару жүйелерi төмендегiлерге бөлінедi: тау етегiндегi жүйелер, тау етегiндегi жазықтықта орналасқан және төменде келтiрiлген конструкциялық ерекшелiктерiмен сипатталады. Су алу өзендерiнен, су қоймаларынан, артезиан ұңғымаларынан, жәй өзендерден, су алу бөгетсіз немесе бөгеттің көмегі арқылы жүргізіледі.
Су алатын ғимараттарда түткі және қалытқы тасындылармен күресуге арналған арнайы қондырғылар бар. Горизонтальдiң бойымен орналасқан магистрал каналдары нөсер және тасқын ағындарынан қорғалады. Ең үлкен еңiстікпен орналасқан каналдарға көп құламалар немесе тезағарлар қондырылады. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК) өте төмен (0,4-0,5). Сондықтан iрi шаруашылық аралық каналдар, ереже бойынша, бетондалуы керек, ал, шаруашылықтың iшiндегi кiшi тiзбек зздігінен су жүретін құбырлардан орындалады. Топырақ сулары терең жатқан жағдайда коллекторлы-кәріздi тiзбек болмайды. Жердiң бетiндегi артық және тасталған сулар су жинайтын-тастайтын тiзбектер арқылы әкетiледi;
- өзен аңғарындағы түрі, өзендер аңғарындағы орналасқан және келесi конструктивтi ерекшелiктерiмен сипатталады. өзеннен су алу бөгетсіз, бөгет арқылы немесе сорап бекетінің көмегімен жүргізіледі. Магистрал каналы горизонталь бойымен (өзен бойы) жердiң ең биiк белгілері арқылы, еңiсте, өзен еңістігінен кiшiрек трассаланады. Канал бiр жақты басқарады. Бөлгіш каналдар горизонтальға дұрыс жүргізіледі. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi 0,8;
- атырау жүйесі түрі, өзендердiң (өзен атырауында) төменгi ағысында орналасқан. Олардың ерекшелiктерiнен негiзгi айырмашылықтары келесiлер: суды өзендерден су деңгейiн көтеретін бөгеттердің немесе сорап бекетінің көмегімен алады. Территорияны, тасқын сулардың астында қалып қоймау үшін өзендердi дамбалармен қоршайды. Минерализациясы жоғары топырақ суларының деңгейi жердiң бетiне жақын орналасқан, жер батпақталған немесе сортаңдалған, сондықтан, коллекторлы-кәріздi тiзбек қажет. Магистрал немесе iрi бөлгіш каналдар шұқырда өтедi. Кiшi каналдарға су машиналы әдiспен берiледi. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi 0,8;
- су айыратын жүйелер түрі - жазықтан және үстiрттегi суды екi жаққа айыру үшін қолданылады. Олар су айрығының үстiмен жүретін магистрал каналының орналасуымен және суды екi жаққа бiрдей беруiмен айрықшаланады. Су көздерiнен су машинаның (сораптың) көмегімен көтеріледі;
- теңiз жағасындағы жүйелер түрі, теңiз жағасындағы ойпаттарда орналасқан. Олар тұздалған топырақ суларының деңгейiнiң жерге жақын орналасуымен айрықшаланады. Сондықтан, бұл арада коллекторлы-кәріздi тiзбек барлық уақытта керек;
- аралас жүйелер түрі, әр түрлі жер бедерiнде орналасқан. Бұндай жүйелер көпшiлiк жағдайда кездеседi.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау