Шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметiнiң басқару әрекетi өндірістік үрдістiң құрамымен байланысты және шаруашылықта оны мелиорация және су шаруашылығының бас немесе аға инженерiне, ал жеке бригадаларды инженерге және техник-гидротехникке жүктелген. Мелиорацияланатын жердiң ауданы өте үлкен емес шаруашылықты шаруашылықтың iшкi жүйесін басқару қызметiн бiр инженер немесе техник-гидротехник орындауы мүмкін.
Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалануды шаруашылық аралық суарылатын және құрғатылатын жүйелердi пайдалану, жөндеу - пайдалану кәсіпорындарын басқару берiлген, шаруашылық аралық пайдалану қызметi орындайды. Пайдалану басқармасының құрамында жүйенiң жеке бөліктеріне - су алатын бас ғимарат, iрi бас каналдар немесе каналдар топтары, суаратын немесе құрғататын тiзбек ғимараттарымен, жүйе ауданының бөлімдерiне қызмет жасайтын пайдалану учаскесi (ПУ) болады.
Шаруашылық аралық жүйелердiң қызметiн пайдаланудың негiзгi мiндеттерi:
суармалы жүйелерде - суды алу және су тұтынушыларға бөлу (су беретiн нүктелерде) және шаруашылық территориясынан түсетін, тасталатын және кәріздi-коллекторлардың артық суларын әкету; құрғату-дымқылдау жүйелерiнде - шаруашылықтан түсетін және ылғалды кезеңдерде жанасқан территориялардағы артық жер қыртысындағы және бетiндегi суларды әкету және құрғақ кезеңдерде шаруашылыққа жетiспейтiн судың көлемiн беру;
шаруашылық аралық жүйелерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
шаруашылық аралық жүйелердi жетiлдiру;
жүйеде инженерлi-мелиоративтiк мониторинг жүргізу.
Пайдалану учаскелерiнде пайдалану қызметi өзiнiң әрекет жасайтын аймағында жергiлiктi нақтылы мiндеттердi орындайды.
Мысалы, бас пайдалану учаскесiндегi пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерi суды су көздерiнен алудан, су алатын ғимаратты жөндеу және техникалық көмек көрсетуден, осы ғимаратты жетiлдiруден (тасындылардан қорғау iс-шаралары, су көздерiнiң суару мүмкіншiлiгiн көтеруден) тұрады.
Бас канал қызмет ететiн пайдалану учаскесiндегi пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
суармалы суды әкететiн шаруашылық аралық каналдарға тасымалдау және бөлу, осы каналдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, каналдарды жетiлдiру (сүзілуге қарсы шаралар, каналдағы ғимараттарды суды бөлудi автоматтандыру үшін осы заманғы құралдармен жабдықтау және судың есебi, және басқалар).
Достарыңызбен бөлісу: |