Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы «6» желтоқсандағы
№ 364 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 21 қазандағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 4826 болып енгізілді
«Бизнестiң жол картасы2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестiң жол картасы2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруоблыстың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесіарқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасыныңкөшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланыңжергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11181) бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
2-іс-қимыл – аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы– 13 (он үш) жұмыс күні;
5-іс-қимыл – ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
6-іс-қимыл – ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесінде тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi аудан және облыстық маңызы бар қаланың ЖАО көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хаты болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген құжаттар болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын келісу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысын өткізу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК хаттамасын ресімдеу, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеу болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені банкке ұсыну болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1)аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі;
2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
5) ӨҮК хатшысы.
8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
2) аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың ЖАО орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексеруі, жобаны алдын ала қарауы, көрсетілетін қызметті алушының басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысуын тексеруі, ілеспе хатты әзірлеуі және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы жобасының мемлекеттік қызмет көрсету шарттарына сәйкестігін тексереді, басқа мемлекеттік бағдарламаларда қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын қолдану туралы ақпаратты қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың өңір үшін басым экономика секторларында іске асырылатын жобаларын қарайды, ӨҮК қарауына көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін енгізеді, күн тәртібі мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді. Орындалу ұзақтығы– 13 (он үш) жұмыс күні;
5) ӨҮК отырысын өткізу. Орындалу ұзақтығы– 1 (бір) жұмыс күні;
6) ӨҮК хатшысының ӨҮК отырысының хаттамасын ресімдеуі, ӨҮК отырысының хаттамасынан көшірмені және ілеспе хатты әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркеуді және ӨҮК хаттамасынан көшірмені банкке жолдауды жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |