Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



жүктеу 2,96 Mb.
бет2/10
Дата12.02.2018
өлшемі2,96 Mb.
#9394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері.

Мақсаты: өзін-өзі тану іліміне ғылыми тұрғыдан баға беру; өзін- өзі тану пәнінің дамуындағы ғылыми ұғымдарының тарихи аспектілері мен байланысын көрсету.

Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту, ар, ождан, бақыт ұғымдары.

Жоспар.

  1. Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері.

  2. Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.

  3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы.

  1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды.

Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.

В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.

Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өз бойында қандай рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерді тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның бойында қажетті адамгершілік қадір-қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші - ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі тану, өз бойындағы ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының талаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады.

Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық жағына көп көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту үрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпы педагогтық дағды, арнаулы және тұлғалық дағдылар.

Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі түсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен қабілеттерді түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген студенттердің ұғымындағы “Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді. Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетуде басты негіз болады.

Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі ретінде оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық саладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші ғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттеріне баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысы мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға мүмкіндік беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән береді.

Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаң қадағалау олардың өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша нәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай сезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігінің жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағы шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі студенттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында қырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз.

А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер - қайтадан қалпына келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардың мардымсыздығы немесе мүлде дамымағандығы оның жеке бітімінің жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады.

Н.В. Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары деңгейін меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін- өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына негізделген. Оларға өзін-өзі әділ бағалау, өзінің жеке тұлғасының жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне білу, өз іс- әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекеті мен өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегі студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасында өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік мәселелерді шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік-рефлексиялық, диагностикалық және алдын-ала анықтау дағдылары студент тұлғасының кейбір психологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.

Г.М. Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда аталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап қоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра білуі, өз мінез-құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесін жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық міндеттерді тиімді орындай білу студент тұлғасында рухани-адамгершілік құндылықтарының табысты жетілуіне жетелейді.

Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері негізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөнінде шектеулі мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің деңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге бағытталады.

Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптау оның үш құрама бөлімнен /когнетивтік, аффективтік және мінез- құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік екендігін көрсетті. /Л.М. Митина, А.К. Маркова/.

Когнитивтік құрылымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін педагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі және өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі /сезінуі/ кіреді. Біртіндеп, жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі туралы ұғым - түсінігі негізінде, әріптестерінің пікірі негізінде тұлғаның бойында тұрақты “Мені” қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне деген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлде жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға баға береді.

Тұлғаның өзіне деген аффективтік - бағалаушылық қатынасы тұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы /өзін-өзі ретроспективті бағалау/ және болашақ жетістіктерін бағалау /өзін-өзі потенциальді немесе идеальді бағалау/, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің ой-пікірін бағалауы /рефлексиялық бағалау/ жіктеліп - бөлінеді./Ю.Н. Кулюткин, В.Н. Козиев, А.К. Маркова/. Егер өзекті бағалау ретроспективті бағалаудан, ал идеальдік бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл өзін-өзі түсінуінің өз бойында өсуі-жетілгендігін дәлелдейді. Өзіне жағымды көзқараспен қарайтын студент тұлғасының бойында өзіне деген сенімі ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарына көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпы тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға деген қабілет мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызы бар бір жайт тұлғаның өзі туралы позитивтік, көтеріңкі “Мені” оның өз бойында осындай көтеріңкі “Менін” тәрбиелеуге ықпал етеді. /Р.Бернс,1986/. Өзін сенімді де, салмақты , байсалды сезінетін тұлға әріптестерінің бәріне де бірдей мейірлі әрі тең көзқараспен қарайды. Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған жақтарын түсініп, оларды түзесем деген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа кері әсер ете алмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға қорғансыз күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршаған ортаны теріс қабылдап, психологиялық өзін-өзі қорғау құралы ретінде авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер студент тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейі төмен екендігін, өз “Менін” қорғауға бейімдігінен қарағанда, олардың өзге адамдарға жоғары талап қоятындығын көрсетті. Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі көзқарасын жетілдіруі өз бойындағы рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерінің, өсіп-жетілу мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем деген ниетін бекітуі “өз әріптестері үшін маңызды тұлғаға айналып, өзінің және олардың өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған байланысты өзіне деген құрмет адамгершілік сезімінің туындауы - осының бәрі адам тұлғасының сипаттамасы ретіндегі көтеріңкі “Менін” жетілдірудің маңызды компоненттері.

Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен өз шеберлігінің өсу барысын анықтайды. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік “Мен” тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасады. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы оқу процесінде жүзеге асады.

  1. Шетелдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның “Меніне” арналған бірқатар зерттеу еңбектері бар: А.Комбс, 1962;

М.Розенберг, 1965; С. Мецер, 1968; Ф. Куолтер, 1974; К. Паркер, 1977; Т. Кейт, 1986; Р. Бернс, 1986; М. Харрис, 1986 және т. б.

Ф. Куолтер /1974/ студенттердің - болашақ педагогтардың педагогикалық сараман уақытындағы өздерін көрсету, ұстау ерекшеліктерін зерттеді. Осының нәтижесінде ол мынандай шешімге келді: егер студенттердің өзі туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл ұғымдар өзге студенттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің өз тұлғасы туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығы тәжірибе негізінде дәлелденді.

№2 Кесте. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша өзін-өзі танудың басты тәсілдері мен мазмұны.


Өзін-өзі тану тәсілдері

Мазмұны

Тұлғалық өзін-өзі сараптау

Тұлғаның жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарлық байланысын ашуға көметеседі. Өзін-өзі сараптаудың қай бағытта өрбуі тұлғаның өз бойында адамгершілік рухани қадір- қасиеттердің қаншалықты тереңдігі оның тұлғалық шығармашылық потенциялының дамуын, тұлғалық өсіп-жетілуін анықтайды. Осындай ішкі жан- дүниедегі жұмыс аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, тұлғалық рольдік мінез- құлықына дер кезінде түзету енгізуді қамтамасыз етеді.

Педагогикалық рефлексия

-тұлға саласының өз-өзіне қарай бағытталуы, оның өз бойына үңілуі, болашақ педагогтық қызметі туралы ұғымдарын ескеру. Бұл тұлғаның белгілі бір ситуация туралы пайда болған ұғымдарының бейнесінің көз алдына ойша келтіріп, соның арқасында өзі туралы ұғымды нақтылау қабілеті. Өзінің әрбір іс-әр




екетін оның мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан саралай келе, ол өзін әркез түзеп отырады. Рефлексияның негізінде осындай үздіксіз өзін- өзі түзеу процесі жатыр. Онсыз /болашақ педагог/ студент тұлғасын дайындаудың жемісті болуы мүмкін емес.

Өзін-өзі бақылау

оқу барысындағы белгілі бір ситуациядағы өз қалпын көз алдына елестетуге тырысуы. Өзін-өзі бақылаудың, болжаудың басты

критериі - адамгершілік-рухани құндылық бағдарын жан-жақты сараптау қабілеті мен осы негізде шешімдердің көптеген мүмкіндіктерін дайындау, сонымен қатар іс-әрекеттің алдағы мүмкін нәтижесін алдын- ала көру.



Өзін-өзі қабылдау

-бұл процесс кезінде нақты ситуацияға байланысты өзі және өз құлқының жекелеген бейнелері, қалыптасады.

Өзін-өзі қадағалау

түрлі ситуациялар кезінде өзін- өзі саналы немесе еріксіз түрде бақылау. Мұның арқасында белгілі бір айтарлықтай тұрақты өзінің “Мені” туралы ұғым қалыптасады.


Р. Гарвей жоғарғы курс студенттерінің “Меннің” ерекшеліктері мен оларды оқыту тиімділігі мәселелерін зерттеді. “Жоғары академиялық үлгерім деңгейін игерген жоғарғы курс студенттерінің

бойындағы олардың өзі туралы ұғымдарындағы қайшылықтар мен өзіне деген сенімсіздік деңгейі әлдеқайда төмен”.

Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді.

Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ.

Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. жазды.

Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді.

Өзіндік “Мен” мен “Менінің” тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының адамгершілік-рухани құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндылықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін көрсетті.

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.

Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.

Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес.

Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман біреуді өмір бойы бір нәрсеге оқытады”.

  1. Осы тұрғыдан Ш.Құдайбердінің “Үш анық” атты философиялық еңбегінде тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше екеніне тоқталуға болады.

Ол өзінің ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерделенген ой түйінінде философиялық танымның екі бағыты терең зерделенді. Материализм жолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным- екінші анық деп ара жігі ажыратылады. Ол өзінің көрегендігімен тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін атап өтеді. Ол ... адам жанының көрінісі ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген адам ғана жүрегіндегі таза кіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін, өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқын болашаққа жететіндігінің ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі “жан, рух” жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.

Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсатты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны /жақсы ой мен жаман ойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс-әрекеті ол - жаны мен тәнінің ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкі жаны мен тәнінің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дәлелдейді. Бұдан біздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биік адамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана тұлға өзін-өзі танып, өз мақсаттарын іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады - деп ұғынуға болады.

Ал, рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл- ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу.

Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді.

Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн.

Жалпы, рухани жан көрністерін бақылау арқылы адамның ішкі дүниесіне көз жіберу немесе тексеру арқылы адамды тану біздің халқымызда өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, көру құралы - көз туралы мынандай тіркестер бар:”үлкендеу келген қоңырқай саналы көздер , нұрлы көз , ойлы, оты бар жанған көздер”, “ұялы қара көз” Бұлар ойлылық, ақыл мен парасат, ізгілік пен ізеттілік, көңіл күйініші мен сүйенішін білдіреді, яғни жақсы адамгершілік көріністер белгісі. Ал енді “суық”, “жалтыраған”, “сығыр, “түссіз”, “жасқаншақ”, “қомағай”, “өлі қозғалыссыз” көздер ыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрінісін айқындайды. Сондықтан болар, ата-бабамыз: “Көреген болса

балаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген. Адамның тәрбиелігі - оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен ғана емес, осы қасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді - дейді халық даналары. Ол үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерін терең түсінуі қажет.

Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағы ізденісі басым. Мәселен, “Мен кіммін”, “Мен қандаймын” Мен дүниеге неге келдім? Менің өмірім қандай болуы керек? - деген сұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы, өзгеге және өмірге қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолымен жасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет атқарса ғана құндылығын сақтайды. Ал адамның құндылығы неде? Оның қабілеті мен өмірде көздеген мақсаты қалай анықталады?

Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп, тұлғалық ерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы - оның қайталанбас даралық сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар да бірдей бола бермейді. Адамның даралық сипаты оның өмірге беретін үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді. Адам өзінің құндылық сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруі керек. Адамның даралық қасиеттері оның адамгершілік рухани құндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар оны сол адамгершілік рухани қадір-қасиеттері үшін құрметтейді. Студенттің мінезін дұрыс қалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік және жандық жаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс. Отбасында жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерін өтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жастардың жандық сипаты, яғни ішкі “Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі - тән, ал оның ішкі жан дүниесі - оның ішкі “Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелі мінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Ал адамды өз мәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін біз оның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек. Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты. Адам санасы үш түрлі қызмет атқарады, олар - ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік рухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу.

Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Е.М. Боброваның өзін-өзі түсіну ұғымына сипаттама беріңіз.

  2. Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасын «хрестоматия» бойынша сипаттап ар-ұждан ұғымын түсіндіріңіз.

  3. ААдам санасы үш түрлі қызметіне сипаттама беріңіз. Оған әсер ететін факторларға тоқталыңыз?

  4. “Менің” ішкі сыртқы бейнесі мен қажеттілігі, өмірдегі орнына анықтама беріңіз.

  5. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша схема құрыңыздар.

  6. Төлқұжат бойынша сурет құрастырып, сипаттама жазыңыздар.



№4-дәріс


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау