Тақырыбы: Табиғат құндылықтарын сақтау жолдары.
Мақсаты: қоршаған ортаның адам өміріндегі ролі, адамзат қауымын жарқын өмір сүруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру.
Тірек ұғымдар: “табиғат”, “экология”, “өмір”, “тіршілік”, қорықтар, табиғат ескерткіш-тері, ұлттық парктер.т.б.
Жоспар.
Экология ұғымына түсінік.
Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны.
Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына тоқталу.
Негізгі сөздер:
Жер планетасындағы ең ірі экожүйе - биосфера. Ең алғаш «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 жылы атақты австрия геологы Э.Зюсс қолданған болатын.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 жылы В.И. Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.-тай тірі ағзалар болған. Биосфераның тағы бір белгісі - оның космоспен тығыз байланыстылығы әсіресе күнмен.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Экологияға қызғушылық ертеден басталды деуге болады. Сол кездің адамдары жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып өмір сүргенде ғана орта қарсылығын (жауынан қорғану, ауа-райының күрт өзгерістеріне төтеп беру т.б.) тіршілік үшін күресте жеңіп шығатынын ұғынды. Ертедегі адамдардың тіршілік жағдайларын біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан жасалған қаруларын табу арқылы көз жеткіземіз.
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез- құлығына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелеудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. Т.Эрезийскийдің еңбектерінде әртүрлі ағаштардың, бұталар мен жартылай бұталардың қандай топырақта жақсы өсетіні туралы алғашқы деректер келтірілді.
Орта ғасырларда табиғатты зерттеуге деген ұмтылыс бәсеңдеп қалды, себебі, бұл кезде діни схолостиканың кең өріс алуына байланысты құдайға қарсы шықққандарды «әулие отына» өртеп отырды. (Джордано Бруно «гелиоцентризм»).
Қайта өрлеу дәуірінің келуімен қалыптасқан жағдай өзгерді. Бұл өзгеріс Альберт Великий еңбектерімен байланысты. Ол «Алхимия жөніндегі», «Металдар мен минералдар жөніндегі» деген шығармаларда жердің климаты, оның географиялық орны мен теңіз деңгейінен биіктігіне, күн сәулесінің түсу бұрышына, топырақтың қызу дәрежесіне байланысын атап айтқан.
Атақты итальян мүсіншісі Леонардо Да Винчи өсімдіктер морфологиясын зерттей отырып, олардың өсуі мен функциясына жарықтың, ауаның, су және минералды заттардың әсер ететінін байқаған.
XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб
Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVffi ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдерініе әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайытқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады. Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
1992 ж. Рио де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Қазір адамның азық- түлігі ретінде қолдануға бірнеше мың түрлер белгңлң. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі 12-15 өсімдік береді. Биоалуантүрлілілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт бойы энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамассыз етудің жалғыз көзі. Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады. Жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды
формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га.
Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету.
№5-ші кесте. Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық табиғат
саябақтарының тізімі.
№
|
ЕҚА
аттары.
Қорықтар:
|
Көлемі
(мың
га.)
|
Қорғайтын нысаны
|
Орналасу
аймағы
|
Құрыл
ған
мер-
зімі
|
1.
|
Ақсу - Жабағылы
|
85,4
|
Талас Алатауы ландшафттары.
Өсімдіктері - 1400, сүтқоректілері - 43, құстар - 240, бауырымен жорғалушылыр - 9, балықтар - 4түрі.
|
Оңтүстік
Қазақстан
облысының
Түлкібас,
Сайрам
аудандары
|
1926
|
2.
|
Алакөл
|
12,5
|
Су экожүйесі. Өсімдіктері - 107, сүтқоректілері -21, құстар - 98, бауырымен жорғалушылыр - 4, қосмекенділер -2.
|
Алматы облысының Алакөл ауданы.
|
1998
|
3.
|
Алматы
|
73,3
|
Іле Алатауы. Өсімдіктері - 930, сүтқоректілері - 38, құстар - 200, бауырымен жорғалушылыр - 4, қосмекенділер -3, энтомофауна- 800 түр.
|
Алматы облысының Талғар ауданы
|
1934
|
4.
|
Барса-
келмес
|
30,0
|
Барсакелмес аралы. Жейран, сайғақ және құланды қайта қалпына келтіру үшін құрылған. Өсімдіктері-165, сүтқоректілер-12, құстар- 202.
|
Қызылорда
облысы,
Барсакелмес
аралы.
|
1939
|
5.
|
Батыс-
Алтай
|
56,1
|
Батыс Алтай таулы ландшафтары. Өсімдіктері - 145, сүтқоректілері - 28, құстар - 108.
|
Шығыс
Қазақстан
облысының
Лениногорск
ауданы.
|
1992
|
6.
|
Қорғалжын
|
258,9
|
Көл экожүйесі. Өсімдіктері - 331, сүтқоректілері -37, құстар - 294, бауырымен жорғалушылыр -3, балықтар - 11 түрі, қосмекенділердің -2, энтомофауна-288.
|
Ақмола
облысының
Қорғалжын
ауданы.
|
1968
|
7.
|
Марқакөл
|
75,0
|
Оңтүстік алтай таулы ландшафттары. Марқакөл көлі. Өсімдіктері -2000, сүтқоректілері -59, құстар
250, бауырымен жорғалушылыр -4, қосмекенділер-3, балықтар
4түрі.
|
Шығыс
Қазақстан
облысы,
Марқакөл
ауданы.
|
1976
|
№5-ші кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
8.
|
Науырызым
|
87,7
|
Қарағайлы борлар, дала мен көлдер.
Өсімдіктері -687, сүтқоректілері -30, құстар -230, бауырымен жорғалушылыр -3, қосмекенділер-3, балықтар -6түрі.
|
Қостанай
облысының
Науырызым
ауданы.
|
1959
|
9.
|
Үстірт
|
223,3
|
Дала ландшафты. Өсімдіктері - 300, сүтқоректілері -27, құстар -111, бауырымен жорғалушылыр -30.
|
Маңғыстау облысының Ералы ауданы.
|
1984
|
|
¥лттық
табиғат
саябақтары:
|
|
|
|
|
1.
|
Алтын-емел
|
212,1
|
Алтынемел, Қалқан тау жоталары. Құлан, жейран кездеседі. Туризм, рекреация және лицензиялық аңшылық рұқсат етілген.
|
Алматы облысы,
Кербұлақ
ауданы.
|
1996
|
2.
|
Іле-Алатау
|
164,4
|
Су экожүйелері, шыршалы ормандар, жануарлар әлемі, табиғат ескеркіштері, кең көлемді рекреация, туризм, спорт, лицензиялық аңшылық.
|
Қарасай, Талғар ауданы.
|
1996
|
3.
|
Баянауыл
|
50,7
|
Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм.
|
Павлодар
облысы,
Баянауыл
ауданы.
|
1985
|
4.
|
Көкшетау
|
205,8
|
Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм .
|
Солтүстік
Қазақстан
облысының
Арықбалық,
Зеренді
аудандары.
|
1996
|
5.
|
Қарқаралы
|
83,8
|
Қарқаралы ормандары. Флора және фауна, рекреация, туризм.
|
Қарқаралы
ауданы,
Қарағанды
облысы.
|
1998
|
Мемлекеттік табиғат ескеркіштеріне айрақша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат обЪектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескеркіштеріне, сонымен қатар жасанды шығу тегі бар табиғат обьектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды. Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің біріне Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Соынмен, қатар «Қараүңгір», «Көкбұлақ», «Жылауықата» және т.б. үңгірлерді атауға болады.
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекеленген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақстаныдағы құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биолгиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Экология ұғымына түсінік беріңіз?.
Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны қандай?.
Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына
сипаттама беріңіз.
Мемлекеттік табиғат ескеркіштері дегенімізді қалай түсінесіз?
Мемлекеттік қорғалымдар туралы өз бетімен жұмыс. Метаплан
құрастыру.
Экология ғылымының негізгі мақсаты мен міндеттерін
сиппаттаңыз?
№12-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |