3.2 Айналмалы оттығы бар сақиналы пеште сатылық әдіс бойынша керамзит өндірісі
Айналмалы пештерде күйдіру арқылы керамзитті өндірудің дәстүрлі әдістерінің кейбір кемшіліктерін атап өтетін болсақ: беріктілігі және тығыздығы бойынша толтырғыш өндірісінің тұрақсыздығы; сазды қабындыру аралығы аз болатын әлсіз қабынатын күйдіру әдісінің қиындығы; түйіршіктерді керамзитке термоөңдеудің қажетті сатылық тәртібінің болмауы; майда бөлшектерінің көп әкетілуі және т.б.
Р. Б. Оганесян, Н. А.Тетруашвили және В. А. Мещеряков осындай мақсаттар үшін жетілдірілген айналмалы оттығы бар сақиналы пешті пайдалануды ұсынды, ол металлургиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын әдіс еді.
Жалпы алғанда көрсетілген сызбадағы керамзитті өндірудің технологиялық сызбасы таспалы кірпіш жасағыш прессте шикізат түйіршіктерін формалауды, түйіршіктерді түйіршіктендіру арқылы кептіргіш барабанда кептіруді, жартылай фабрикатты қабаттық қыздырғышта 200-250° С дейін қыздырып, одан әрі сақиналы пештегі үздіксіз айналатын оттық кезінде бір қабатты жүктеу жағдайында қабындыруға, кейіннен оны салқындатуға, сұрыптауға және толтырғышты қоймаландыруға негізделген [8].
Технологиялық сызықтың күйдіру агрегаты қабаттық қыздырғыштан, сақиналы күйдіру пешінен, тоңазытқыш-аэроастаушадан құралады.
Сақиналы пеш (12 суретте келтірілген) қалыңдығы 750 мм стационарлы қабырғадан және 700 мм жылу ақшаулағыш сеппесі бар күмбездан, айналмалы оттықтан (металдық тұғырнамасын, 500 мм қалыңдықтағы футеровканы, сақиналы рольгангты қоқанда), гидроқақпақтан тұрады. Сақиналы пештің орташа диаметрі 11,25, ені 2,4, биіктігі -оттық бетінен күмбез құлпына дейінгі - 0,81 м. Күйдіру аумағының ұзындығы (жүктеу өзегінен керамзитті шығару өзегіне дейін) 28 м, шырағдан орналасу аумағын—19 м қоса есептегенде.
Сақиналы арна итүтін іріктеу шахтасымен аяқталады, одан түтіндік газдар мойын арқылы қабатты қыздырғышқа және одан әрі түтін сорғымен құбырға жібереді. Түтіндік газдардың бөлігі кептіргіш барабанға келіп түседі.
Газ құбыры аумақтарында табиғи газд шығынын автоматтық түрде реттейтін айналмалы жапқыштар қарастырылған. Пештің оттығының айналу жиілігі кең аралықта біртіндеп реттелетін асинхронды электр жетегі арқылы іске асырылады. Күйдіру үрдісін бақылау және басқару, пеш қондырғысының жұмысын басқару КИП қорғанысымен іске асырылады.
Моноқабатта күйдірілетін дәндердің айтарлықтай мөлшері – домалақ немесе малтасты формалы емес, жалпақболып келеді, бұл бетонның жеңіл толтырғыштары өлшеміне және формасына қойылатын талаптарға қайшы келеді.
Сурет 12 - Керамзитті күйдіруге арналған сақиналы пештің сызбасы.
1. — түтін құбыры; 2 — пеш қалауы; 3 — газ қондырғысы; 4 — сақиналы оттықты футерлеу; 5—выгружатель; 6—қабатты дайындағыш; 7 — қабатты дайындағыштың желдеткіш қондырғысы; 8 — автоматика; 9 — түтіндік желдеткіш және рекуператор қондырғысы; 10—жетегі бар сақиналы оттық; 11 — пеш қабырғасы.
Авторлар отынның шығынын бір барабанды айналмалы пештерде әлі күнге дейін салыстырып келеді. Күйдіруге арналған отын шығынын бір барабанды емес, екі барабанды немесе соған ұқсас пештермен салыстыру керек, себебі мұнда жылу шығыны 2500-3360 кДж/кг аспайды, немесе бір барабандыға қарағанда 2-3 есе төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |