3.1.3 Діріл әдісімен керамзитке арналған сазды шикізаттың қабынуы
Діріл әдісі деп аталатын әдістің жаңалығы – керамзитті қиыршықтасты күйдіру үшін арнайы құрамдастырылған, әрі келесі тхнологиялық қызметтерді атқаратын қондырғыларды қолдануға негізделеген: түйіршіктелген материалды кептіру, оны алдын-ала қыздыру, қабындыру және күйдірілген өнімді салқындату.
Керамзитті қиыршықтасты дайындаудың діріл әдісінің айтарлықтай ерекшелігі – шар тәрізді формалы түйіршіктелген және шамамен бірдей өлшемді сазды шикізатты дайындауға негізделген, ол табақшалы грануляторда іске асырылады.
Керамзитті қиыршықтасты діріл әдісімен дайындаудың технологиялық ұрдісі келесі реттілікпен сипатталады. Бастапқы саздар табиғи күйінде немесе оны 15%-ды ылғалдылыққа дейін кептіргеннен кейін бөлшек дәндерінің өлшемі 0,2 мм шамасында ұнтаққа ұсақталады және табақшалы грануляторға беріледі, мұнда судың 2-4 % қосқан соң, бірдей өлшемді шар тәрізді түйіршіктер түзіледі. Ұнтақ тәрізді материалдың жақсы жабысуы үшін арнайы химиялық қоспалар қолданылады.
Түзілу кезінде түйіршіктердің бірдей өлшемдеріне – табақшаның орналасуын, оның айналу жылдамдығын және суды дозалау кезінде қол жеткізіледі.
Діріл қондырғысы келесі сызба бойынша жұмыс жасайды. Табақшалы грануляторда алынатын дәндер өлшемі бойынша бірдей материал ендірмелі құбыр арқылы қондырғының кептіргіш камерасына (10 суретті қараңыз) бағытталады, осы жерден ауырлық күші әсерінен материал ағыны алдын ала қыздыру шахтасына келіп түседі. Шахтада материал мен жану камерасынан келетін көтерілетін оттық газдардың ағыны арасында жылу алмасу орын алады.
Сурет 10 - Діріл әдісі бойынша керамзит өндірісіне арналған қондырғы (ФРГ)
1—жүктеу; 2 — қыздыруға арналған шахта; 3 — діріл үстелі;4— шығару
Діріл қондырғысы келесі сызба бойынша жұмыс жасайды. Табақшалы грануляторда алынатын дәндер өлшемі бойынша бірдей материал ендірмелі құбыр арқылы қондырғының кептіргіш камерасына (10 сурет) бағытталады, осы жерден ауырлық күші әсерінен материал ағыны алдын ала қыздыру шахтасына келіп түседі. Шахтада материал мен жану камерасынан келетін көтерілетін оттық газдардың ағыны арасында жылу алмасу орын алады.
Қабыну үшін қондырғы ендірмелі астауша арқылы толтырады, оның жұмысын электромагнитті импульстар көмегімен реттейді.
Түйіршіктелген материал қабыну аумағынан бір минут ішінде көлденең бағытта өтеді. Аумақ екі бүріккіш көмегімен қыздырылады, олар сұйық отынмен жұмыс жасайды. Қабыну аумағындағы температура 1100°С жуық қамтамасыз етіледі. Теңселетін қабырғасы және ауалы салқындатқышы бар транспортердің діріл беті отқа төзімді футеровкамен жоғары температуралардан қорғалған. Материал инерциялық үстел бойымен тыныштықтағы ағынмен қозғалады.
Қабынған ыстық дәндер салқындату астаушасына сырғып түсді.
Қондырғының артықшылығы – бір конструкцияда кептіру, қыздыру, қабыну және салқындату құрылғыларын біріктіргендігі. Бұл жайт оны айтарлықтай энергетикалық тұрғыда үнемді етеді. 1 кг керамзитке қатысты жылу шығыны 2940 кДж, ал электр энергиясының шығыны – 1 т қатысты 14,5 кВт-сағ мәндеріне тең. Тәулігіне 50 т керамзит өнімділігіне ие пештің конструкциялық өлшемдері: негізінің ауданы 24 м2, биіктігі 10 м.
Достарыңызбен бөлісу: |