Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және Табиғатты пайдалану факультеті География, жергеорналастыру және кадастр кафедрасы Тақырыбы: Географиялық ақпараттық жүйе Орындаған:Сатвалдиев Б.Т. Тексерген: Дуйсенбаев С.М. Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім: - Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
- Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері.
- ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
- ГАЖ-дағы деректерді ұйымдастыру
- ГАЖ-дағы тақырыптық ақпарат
- ГАЖ-дағы деректер моделін құру құрылымы
- ГАЖ-ға графикалық ақпараттарды енгізу тәсілдері
- Геоақпараттық картография
- Геоақпараттық білім: қиындықтары және даму мүмкіншіліктері
- ГАЖ бағдарламалары
Қорытынды Кіріспе: Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі балып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда. Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді. Негізгі бөлім: 1. Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. ГАЖ 1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – машина ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен мекемелер ғана пайдалана алды.
Достарыңызбен бөлісу: |