Биология-география факультеті



жүктеу 172,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі172,5 Kb.
#23065

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 13 факультетте жоғары білімнің 74 мамандығы бойынша, магистратураның 48 мамандығы және докторантураның 12 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ келесі факультеттер мен мамандықтарға қабылдау жүргізеді:


БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011300-Биология

Академиялық дәрежесі - «Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер оқу мекемелерінде:


  • биология оқытушысы, қосымша білім беру оқытушысы, мектептен тыс білім беру мекемелерінінің бөлім меңгерушісі,

  • әдіскер, экологиялық және мектеп өлкетану үйірмелерде меңгерушісі, қорықтарда, зоологиялық және ботаникалық бақтарда, өсімдіктерді қорғау станцияларында, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдарында, табиғат мұражайларында биолог-маман және т.б.


5В011600-География

Академиялық дәрежесі - «География» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер оқу мекемелерде


  • география оқытушысы, экологиялық және табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкері;

  • қорықтарда, ұлттық парктерде специалист; гидрометеостанция, туристік-өлкетану мен экологиялық мекемелерде қызметкер;

  • табиғатты қорғау, табиғат пайдалану, халық саны мәселесі бойынша эксперт қызметтерін атқара алады.


5В060700-Биология

Академиялық дәрежесі - «Биология» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер:


  • ғылыми-зерттеу институттарында қызметкерлер;

  • жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда инженер және лаборант;

  • ұлттық парктерде, қорықтарда, зообақта, ботаникалық бақтарда, жас натуралисттер станциясында, селекциялық және обаға қарсы станцияларда, табиғат мұражайларында маман;

  • ғылыми-өндірістік, жобалық және геоботаникалық ұйымдардың мамандары; экологиялық қызмет пен ұйымдардың қызметкерлері; мемлекеттік басқару ұйымдардың, әкімшілік және басқа да мекеме мамандары қызметін атқара алады.


5В060900-География

Академиялық дәрежесі - «География» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер:


  • жобалық, ізденушілік, ғылыми-зерттеу институттарында мамандар;

  • қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлері мен лаборанттары;

  • туристік фирмаларда экскурсия жетекшісі;

  • табиғатты қорғау органдарында және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің табиғатты пайдалану басқармаларының қызметкерлері;

  • геологиялық-географиялық, экономикалық-географиялық саланың өндірістік ұйымдардың экспедиция мүшелері;

  • аймақтық болжау мен басқару бойынша маман болып қызмет атқарады.


5В060800-Экология

Академиялық дәрежесі - «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер:


  • ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарда, мемлекеттік және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдардың қызметкерлері;

  • қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқарманың, ұлттық парктер, қорықтар, кіші қорықтар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, агроөнеркәсіптік кешендердің, полигондарда, энергетика объектілеріндің, АЭС-те, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың мамандары;

  • экологиялық зертханалар мен экомониторинг бөлімдерде инженер-эксперт қызметін атқарады.


5В070100 – Биотехнология

Академиялық дәрежесі - «Биотехнология» мамандығы бойынша биотехнология бакалавры.

Түлектер:


  • жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында маман;

  • биотехнологиялық кәсіпорындарда эколог-маман ретінде, ауыл шаруашылық биотехнология мамандары;

  • тағамдық өндірістерде мамандар; экологиялық қызмет пен ұйымдарда биотехнолог-селекционер, мамандар қызметін атқарады.


ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс, француз)

Академиялық дәрежесі - «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Мамандық түлектері шетел тілі мұғалімі болып жұмыс істей алады:


  • жалпы білім беру мектептерде;

  • арнайы мамандандырылған мектептерде (шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерде және шетел тілін пән ретінде оқытатын мектепте);

  • орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде.


5ВО21000- Шетел филологиясы (ағылшын, неміс, француз)

Академиялық дәрежесі - «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры.

Түлектер:


  • филологтар(герман, роман, славян, шығыс және т.б. филологиясы);

  • орта кәсіптік және кәсіптік емес білім беру ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждарда, гимназияларда шетел тілі мен әдебиеті оқытушылар;

  • аудармашылар;

  • шетел елшіліктері мен өкіліктерде, сонымен қатар шетел тілдерін білетін мамандарды қажет ететін фирмаларда жұмыс істей алады.


5В020700 - Аударма ісі

Академиялық дәрежесі - «Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры.

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: мәдениет ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, түрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтерде, елшіліктер мен өкілеттіктерде, министрліктерде, туристік агенттіктерде, баспаханаларда, аударма бюроларында және т.б. ұйымдар мен өндірістерде аудармашы-референт, гид-аудармашы, аударма редакторы.
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011400 — Тарих

Академиялық дәрежесі - «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: білім мекемелерінде тарих және жалпы гуманитарлық бағыттағы пәндердің оқытушысы болып; мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінде (біліктілікті жетілдіру институтында, баспаларда), консультациялық фирмаларда, оқу орындарында маман болып (кабинет меңгерушісі, кеңесші) қызмет атқарады.

Мамандық бойынша көп тілде білім алатын топтар құрылады.


5В020200 — Халықаралық қатынастар

Академиялық дәрежесі - «Халықаралық қатынастар» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: халықаралық қатынастар саласында референттер, эксперттер, сарапшылар, кеңесшілер, сыртқы саяси шолушылар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, мемлекеттік басқарманың түрлі орындары мен әлемдік саясат, сыртқы саяси қатынастар саласындағы ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда сәйкесінше шет тілі (тілдер) бойынша аудармашылар бола алады.

Мамандық бойынша көп тілде білім алатын топтар құрылады.


5В020300 — Тарих

Академиялық дәрежесі - «Тарих» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: архивариус, кіші ғылыми қызметкер, мемлекеттік мекемелерде, ғылыми интитуттарда, баспаханаларда, әкімшілікте, кітапханада, мұрағаттарда, мұражайларда референт-кеңесші, мемлекеттік-басқарушылық сектордағы мемлекеттік қызметкер.
5В020800 — Археология және этнология

Академиялық дәрежесі - «Археология және этнология» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:


  • жалпы білім беретін және арнайы білім мекемелерінде мектептік мұражайлық және өлкетанушылық жұмыстарды ұйымдастырушы;

  • ғылыми-зерттеу, экспозициондық және қор бөлімдерінің ғылыми қызметкері, гид-экскурсия жүргізуші, мұражайлық мекемелерде басты сақтаушы;

  • ғылыми-зерттеу институттарында (орталықтарда) кіші ғылыми қызметкер;

  • тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және мәдениет саласындағы маман;

  • мемлекеттік қызмет органдарда этникааралық және конфессионалдық қатынастарда және үрдістерде кеңесші, маман.


МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
5В010900 – Математика

Академиялық дәрежесі - «Математика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер түрлі типтегі оқу мекемелерінде математика мұғалімі; білім басқармасының ұйымдарында маман ретінде қызмет атқарады.
5B011100-Информатика

Академиялық дәрежесі - «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер түрлі типтегі оқу мекемелерінде информатика мұғалімі; білім басқарманың ұйымдарында маман ретінде қызмет атқарады.

5В060100 - Математика

Академиялық дәрежесі - «Математика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:


  • ұйымдық-басқару құрылымдарында маман, инженер, математик-программист, математик-экономист, математик-актуарий;

  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында ғылыми қызметкер;

  • жаратылыстану ғылымы, техника, экономика саласында құбылыс пен үрдістердің математикалық модельдерін әзірлеу бойынша маман.



5B060200-Информатика

Академиялық дәрежесі - «Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: компьютерлік дизайн саласында маман, программист, объектіге бағытталған программалау саласында маман, басқару мекемелері мен бизнес-құрылымдарда, есептеу және компьютерлік орталықтарда деректер қорын жобалаушы; IT-технология қолданумен кәсіби қызметтерде квалификацияға сәйкес басқа да қызметтер.
5В060300 – Механика

Академиялық дәрежесі - «Механика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: математик, инженер-программист, инженер-механик, механика бойынша маман және т.б.
5B070300-Ақпараттық жүйелер

Академиялық дәрежесі - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технологиялар саласындағы бакалавры.

Түлектер:


  • адам қызметінің түрлі саласында ақпараттық жүйелер пайдалану және енгізу, өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарда;

  • деректор қоры мен ақпараттық жүйелердің программисті, web-дизайнер, программист-жобалаушы, администратор;

  • программалық қамтаманы тестілеуші ретінде қызмет атқара алады.


5B070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу

Академиялық дәрежесі - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» бойынша техника және технологиялар саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: ұйымдық-басқару мекемелерде программист, жетекші программист, жетекші инженер, инженер-программист; ғылыми-зерттеу институттарда кіші ғылыми қызметкер; физикалық-химиялық және технологиялық үрдістердің математикалық моделін әзірлеу үшін жетекші инженер немесе математик-программист.
КӘСІБИ - КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу

Академиялық дәрежесі - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалавры.

Түлектер:


  • жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде мұғалім;

  • мектептен тыс білім беру мекемелерде оқытушы; колледж, ЖОО-да бағыт бойынша оқытушы;

  • білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырушы;

  • бейнелеу және сәндік-қолдаңбалы өнер бойынша әдіскер;

  • балалар көркем шығармашылығын ұйымдастырушы, сәндік-қолданбалы өнерінің үйірме жетекшісі (балалар бейнестудияларда, жасөспірімдер бірлестіктерінде).


5В042100 - Дизайн

Академиялық дәрежесі - «Дизайн» мамандығы бойынша өнер бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады: Web-дизайнер, архитектор-дизайнер, беттеуші, сәндеуші, дизайнер, қалпына келтіруші, көркемдік редактор, аумақтың сәулет және құрылыс салудың қалалық және аудандық қызметтерде, сәулеттік, жарнамалық фирмаларда, агенттіктерде; полиграфиялық кәсіпорындарда; архитектуралық-жобалық фирмаларда; жобалық шеберхана, галерея және көрмелік кешендерде суретші.


5В012000-Кәсіптік оқыту

Академиялық дәрежесі - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім беру бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:


  • жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждерде, лицейлерде жұмысшы мамандықтарын дайындайтын кешенінің арнайы технологиялық жалпытехникалық пәндердің оқытушылары;

  • жоғары және орта кәсіптік білім беруде кәсіптік оқытудың шеберлері;

  • еңбек технологиясы мен кәсіпкерлік мұғалімі; үйірме жетекшісі.


5В070300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

Академиялық дәрежесі - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер көлік техникасы мен құрылғыларын өндіретін машина жасау зауыттарында; көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарда, конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдарда, машина жөндеу кәсіпорындарында, көлікті басқару мекемелерінде мынадай қызметтерде жұмыс істей алады: техник-лаборант, техник-конструктор, стандарттау бойынша технологы(технигі), реттеу және тексеру технологы(технигі), инструменттер технологы(технигі); метрология технигі; еңбек технигі.
5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Академиялық дәрежесі - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша қызмет саласындағы бакалавры.

Түлектер көлік кәсіпорындары мен бөлімдерінде, көліктік-экспедиторлық кәсіпорындар мен ұйымдарда, көлікті басқарудың аймақтық органдарында және мемлекеттік көлік инспециясында жұмыс істей алады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Академиялық дәрежесі - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер:


  • мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, мектепке дейінгі мекемелерде әдіскер, меңгеруші;

  • мектепке дейінгі дайындықтарда мұғалім;

  • білім бөлімдерде жетекші маман;

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып қызмет атқара алады.


5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академиялық дәрежесі - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:


  • жалпы білім беретін мектептерде, шағын жинақталған мектептерде, гимназияларда, лицейлерде; орта кәсіби оқу орындарында педагогикалық бағыттағы пәндердің оқытушысы;

  • білімді басқару бөлімдерде және мектептен тыс оқу-тәрбиелік мекемелерде әдіскер;

  • білім бөлімдерде жетекші маман, маман;

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында орта мектептің бастауыш сыныптарда оқыту әдісі бойынша маман.


5В010300 - Педагогика және психология

Академиялық дәрежесі - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер:


  • педагогикалық колледждерде педагогика және психология бойынша оқытушы;

  • жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда тәрбие мен ғылым бойынша директор орынбасары;

  • мектептен тыс оқыту-тәрбие мекемелерде, білім беретін орта мектептерде, білім департаменттерде әдіскер;

  • білім беру жүйесінде психолог; бейінді ғылыми-зерттеу мекемелерде қызметкер ретінде қызмет атқара алады.


5В010500 - Дефектология

Академиялық дәрежесі - «Дефектология» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:


  • олигофренопедагог(интеллектісі бұзылған балаларға арналған білім мекемелерде логопед және мұғалім);

  • логопед;

  • тифлопедагог(көру қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы психолог); сурдопедагог (есту қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы психолог);

  • арнайы мектепке дейінгі тәрбиеші және әдіскер;

  • түзету-дамытпалы оқытудың мұғалімі, психикалық дамуы кідірген балаларға арналған мектептердің бастауыш сынып мұғалімі;

  • жалпы білім беретін мектептерде түзете оқытудың мұғалімі; инклюзивті білім беру саласындағы арнайы оқытушы.



ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
5В010800 - Дене мәдениеті және спорт

Академиялық дәрежесі - «Дене мәдениеті және спорт» бойынша білім бакалавры.

Түлектер түрлі типтегі білім беру орындарда дене тәрбиесі оқытушылары, балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде, жоғары спорттық шеберліктің мектептерінде, спорттық клубтарда дене тәрбиесі оқытушысы, бапкер; өндірістік ұжымдар, туристік-экскурсиялық мекемелерде нұсқаушы; санаториялық-курорттық және емдік мекемелерде емдік дене тәрбиесі бойынша маман ретінде қызмет атқара алады.
5В010400- Бастапқы әскери дайындық

Академиялық дәрежесі - «Бастапқы әскери дайындық» бойынша білім бакалавры.

Түлектер:


  • жалпы орта білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде, бастапқы және арнайы орта білім беру мекемелерінде бастапқы әскери дайындық оқытушылары;

  • азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырушы;

  • қауіпсіздік қызметтерінде нұсқаушы;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарттық жүйе бойынша және офицерлер құрамында әскери қызметші, Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде және Төтенше жағдайлар Министрліктерінде қызмет атқара алады.



ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011000 – ФИЗИКА

Академиялық дәрежесі - «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер түрлі типтегі оқу орындарда мұғалімдер; білім беру бөлімдерде маман қызметін атқарады.
5В060400 – ФИЗИКА

Академиялық дәрежесі - «Физика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары бакалавры.

Түлектер:


  • физика мәселесін зерттеумен айналысатын ғылыми – зерттеу институттарда және зертханаларда кіші ғылыми қызметкер;

  • өнеркәсіптерде, өндірістік-технологиялық және басқару үрдістерін қамтамасыз ететін өндірістерде, фирмаларда және компанияларда маман қызметін атқара алады.


5В072300 – ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА

Академиялық дәрежесі - «Техникалық физика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары бакалавры.


Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:

  • электрондық, микропроцессорлық, медициналық және басқа техниканы ұйымдастыру және өндіру бойынша өндірістерде инженер;

  • аспаптар мен конструкцияларды жөндейтін, баптайтын және тексеретін өндірістерде инженер-реттеуші;

  • өндірістерде жаңа технологиялық үрдістерді енгізу бойынша инженер;

  • компьютерлік және есептеу орталықтарда инженер-программист;

  • радио мен телецентрлер маманы;

  • аспап пен жүйені әзірлеу бойынша жобалық және конструкторлық бюроларда конструктор қызметін атқара алады.


5В071600 – АСПАП ЖАСАУ

Академиялық дәрежесі - «Аспап жасау» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер келесі салаларда қызмет атқара алады:


  • электрондық аспаптарды, микро және оптоэлектроника, нанотехнологиялар, лазерлік технологиялар, жаңа заманауи медициналық аппараттарды құрылымдайтын және өндіретін өндірістерде инженер;

  • металлургиялық және машина жасайтын зауыттарда спектральдық зертханаларда инженер;

  • наноқұрылымдарды зертеу үшін аспаптармен жұмыс жасайтын заманауи зертханаларда маман.


5В071700 - ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА

Академиялық дәрежесі - «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер келесі салаларда:


  • жылу энергетикалық өнеркәсіптерде (ЖЭО, СЭО);

  • өнеркәсіптік энергетика кәсіпорындарда (жылыту станциялар, жылу жүйелері);

  • жылыту жүйесінде қызмет көрсететін өнеркәсіптік вентиляция, ыстық су мен технологиялық бумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда инженер;

  • теплофизика, теплоэнергетика, аэродинамика саласындағы іргелі және қолданбалы мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтары мен жобалық-конструкторлық институттарда ғылыми қызметкер және т.б.



5В071900 – РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

Академиялық дәрежесі - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер келесі салаларда қызмет атқара алады:


  • байланыс желісі мен телекоммуникациялық жүйелердің, оптикалық диапозон мен мобильдік байланыс жүйелердің инженері;

  • компьютерлік және есептеу орталықтарда инженер-реттеуші мен программист;

  • байланыс мен телекоммуникация жүйелерде менеджмент, маркетинг саласында маман болып жұмыс істей алады.


5В073100 - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Академиялық дәрежесі - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер келесі салаларда:


  • табиғатты бақылау, еңбекті қорғау әдістері мен құтқару техникасы, төтенше жағдайда қоршаған ортаны қорғау мен сақтау салаларында инженер;

  • өнеркәсіптің шаруашылық және басқа да қызметтеріне сараптама мен аудит жүргізетін мамандар;

  • адам мен қоршаған ортаны қорғау жағынан объектіні бағалау бойынша мамандар;

  • төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптер мен халықты қорғау үшін техникалық әдістерді әзірлеумен, енгізумен және қолданумен айналысатын зерттеу орталықтардың ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқара алады.


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В020100 - Философия

Академиялық дәрежесі - «Философия» бойынша гуманитарлық білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер мемлекеттік басқару органдарында, ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы құрылымдардағы қызметкер, референт, эксперт; ғылыми-зерттеу орталықтар, зертханалар, бөлімдер, гуманитарлық білім беру, саясат, мәдениет ұйымдарда қызметкер қызметін атқарады.
5В020400 – Мәдениеттану

Академиялық дәрежесі - «Мәдениеттану» бойынша гуманитарлық білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:


  • ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы құрылымдарында қызметкер, эксперт, референт; мәдениет ағартушылық ұйымдарда жұмыскер;

  • БАҚ жүйесінде мәдениеттік процестерін шолушы; мәдени құндылықтарды бағалау үшін эксперт;

  • мәдениет саласында консультант, қоғаммен байланыс бойынша имиджеолог, специалист, мәдени саясат бойынша маман және т.б.


5В020600 – Дінтану

Академиялық дәрежесі - «Дінтану» бойынша гуманитарлық білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:


  • мемлекеттік басқару органдарында дін бойынша қызмет пен бөлімдерде, ғылыми-зерттеу институттарында және басқа мекемелерде маман;

  • әлеуметтік аналитик, консультант, жетекші кеңесші, баспасөз ұйымдардың жетекшісі, дін ісі бойынша эксперт,

  • түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымдарда спичрайтер және т.б.


5В050100 - Әлеуметтану

Академиялық дәрежесі - «Әлеуметтану» мамандығы әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:


  • әлеуметтік зерттеу орталықтарда әлеуметтанушы, мемлекеттік қызмет, ҚР-ның Қарулы күштер құрылымдарында әлеуметтанушы-аналитик;

  • Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттерінде маман; өндірістік, жекеменшік және консалтингілік компанияларда маркетолог, маман;

  • миграция мен демография бойынша бөлімдерде демограф; әкімшіліктерде, Еңбек және әлеуметтік қорғаныс Министрлігінің департаменттерінде әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметтің жетекшісі;

  • сайлау компаниялар мен сайлау технологиялық орталықтарда маман; Public Relations (PR) саласында маман.


5В050200 – Саясаттану

Академиялық дәрежесі - «Саясаттану» мамандығы әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер мемлекеттік ұйымдарда, әкімшіліктерде, маслихаттарда келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:


  • мемлекеттік биліктің ұйымдары мен аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі басқармаларда, БАҚ-та саяси консультант, нұсқаушы, инспектор, аналитик, эксперт, кеңесші, конфликтолог;

  • имиджмейкер;

  • саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарда саяси технолог;

  • мемлекеттік емес ұйымдарда қоғаммен байланыс бойынша маман;

  • аналитикалық орталықтар, фондтарда сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар бойынша маман қызметін атқарады.


5В050300 - Психология

Академиялық дәрежесі - «Психология» мамандығы әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:


  • түрлі типтегі оқу орындарда, жұмыспен қамту қалалық және республикалық орталықтарда кәсіптік бағдар беру және кәсіби оқыту бойынша психолог;

  • өндірістік өнеркәсіптерде (қызметкерлермен жұмыс жасайтын менеджер) психолог;

  • медициналық ұйымдар мен емдік-профилактикалық мекемелердегі психолог;

  • құқық қорғау ұйымдарда және пенитенциарлық мекемелерде, оңалту және педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімдеу орталықтарда психолог.


5В021300 - Әлеуметтік педагогика жєне өзін-өзі тану

Академиялық дәрежесі - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бойынша білім бакалавры.

Түлектер:


  • білім жүйесінде әлеуметтік педагог, бала құқығын қорғау және жұмыссыздар мен жағдайы төмендерді әлеуметтік қолдайтын басқа да ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БҒМ бала құқығын қорғау комитеті, бала құқығын қорғаудың облыстық департаменттері), түрлі типтегі оқу орындарда;

  • қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде;

  • баланың бос уақытын ұйымдастыру мен балалардың шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуының толықтай әлеуметтендірумен байланысты ұйымдарда маман қызметін атқара алады.


5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

Академиялық дәрежесі - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы қызмет көрсету саласындағы бакалавры.

Түлектер халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелерінде, әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту орталықтарда, отбасы мен балаларға көмек көрсету орталықтары, пенитенциарлық жүйеде, жасөспірімдер ісі бойынша инспецияларда, әлеуметтік баспаналарда, мәдени тынығу қызметтерде, әлеуметтік-өндірістік салада әлеуметтік қызметтерде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.
5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы

Академиялық дәрежесі - «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы қызмет көрсету саласындағы бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады:


  • мәдениет пен шығармашылық саласында ұжымның көркемдік жетекші; бұқаралық мерекелік қойылымдардың режиссер-қоюшы, сценарист;

  • мектептік және мектептен тыс мекемелерде тәрбиелік жұмысты басқаратын ұйымдарда маман;

  • арнайы ұйымдарда педагог-ұйымдастырушы.


ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800 - Орыс тілі және әдебиеті

Академиялық дәрежесі-«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.



5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Академиялық дәрежесі - «Қазақ тілі мен әдебиетінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиетінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер жалпы білім беретін оқу орындарда қазақ/орыс тілдерінің мұғалімі; мемлекеттік тіл мен ұлтаралық қатынастар тілдерін оқыту курстарында оқытушы қызметін атқара алады.
5В020500 – Қазақ/орыс филологиясы

Академиялық дәрежесі - «Қазақ/орыс филологиясы» мамандықтары бойынша білімдер бакалавры.

Түлектер:


  • түрлі типтегі білім беру орындарда оқытушы;

  • мәдениет мекемесінің қызметкері;

  • ғылыми-зерттеу мекемелерде қызметкер;

  • мемлекеттік тілді оқыту курстарда оқытушы болып; хатшы-референт;

  • мұражай қызметкері; кітапханашы; мұрағат қызметкері; корректор;

  • баспа өнімдерінің редакторы; газета, журнал, радио, теледидар редакциясының қызметкері; білім беру бөлімдерінің маманы қызметін атқарады.


5В050400 – Журналистика

Академиялық дәрежесі - «Журналистика» мамандықтары бойынша әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер:


  • электрондық және баспалық БАҚ-тың журналисті;

  • мемлекеттік және тәуелсіз органдардың ақпараттық агенттіктер мен жаңалық қызметтер журналисті;

  • баспасөз қызметінің қызметкері;

  • Қазақстанда және шет елдердегі қоғаммен байланыс бөлімшелердің маманы;

  • жарнамалық агенттіктердің маманы;

  • желілік ақпараттық құрылымдарда маман; баспалық өнімдердің редакторы; газета, журнал, радио, теледидар редакциясының маманы қызметін атқарады.


5В051400 - Қоғаммен байланыс

Академиялық дәрежесі - «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры.

Түлектер:


  • маркетинг пен жарнама бөлімдерде менеджер;

  • баспасөз қызметшісі; имиджмейкер; тілші; қоғаммен байланыс бойынша маман;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының менеджері;

  • баспасөз қызметінің маманы;

  • Қазақстан Республикасының елшіліктерінде пресс-атташе; продюсер; жарнамалық агент; бизнес-журналистикада эксперт қызметін атқара алады.


ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

5В011200 – Химия

Академиялық дәрежесі - «Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер:


  • түрлі типтегі білім беру орындарда химия оқытушысы, лаборант;

  • ғылыми-зерттеу институттарда, орталықтарда, зертханаларда инженерлер, кіші ғылыми қызметкерлер қызметін атқара алады.


5В060600 – Химия

Академиялық дәрежесі - «Химия» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттық қызмет саласында өндірістік зертханаларда лаборант, маман, кіші ғылыми қызметкер лауазымдарда қызмет атқара алады.
5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Академиялық дәрежесі - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер келесі кең байыту комбинаттарда; минералды шикізатты өңдеу кәсіпорындарда; бейорганикалық қышқылдарды негіздерді, тұздар мен минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарда; металлургиялық өнеркәсіп комбинаттарда; құрылыс, керамикалық, композициялық материалдарды өндіру зауыттарында; электрохимиялық өндіру, плазмохимиялық үрдістер кәсіпорындарда; нанотехнология бойынша жұмыс жасайтын зауыттарда; зауыт, цех және ғылыми-зерттеу зертханаларда қызмет атқара алады. Келесідей лауазымдарда жұмыс істейді: технолог, инженер, химик-технолог, инженер-технолог, маман.
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы.

Академиялық дәрежесі - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер мұнай, газ, көмір қайта өңдеу өнеркәсіптерде, органикалық заттектер, полимерлер, эластомерлер, лак-бояу материалдары, оқ-дәрі дәрмек, қатты және сұйық ракета отындарын өндіру; көмірсутекті шикізатті дайындау, өндіру, тасымалдау және оларды тиімді пайдалану бойынша өнеркәсіптерде; ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттарда; қорғаныс өнеркәсіптерде қызмет атқара алады. Келесідей лауазымдарда жұмыс жасайды: ғылыми-зерттеу институттарда, конструкторлық және жобалық ұйымдарда бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, инженер.
5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы

Академиялық дәрежесі - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Түлектер химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіптерде, медициналық мақсатта қолданатын медициналық препараттар мен бұйымдарды өндіретін өнеркәсіптерде; биотехнологиялық, парфюмерлік-косметикалық өндірістерде; техникалық бақылау бөлімдерде, зауыттық зертханаларда, дәрі-дәрмек сапасын стандарттау және бақылау зертханаларда; стандарттау, сертфикаттау мен лицензиялауды басқару органдарда; ғылыми-зерттеу институттарда қызмет атқара алады.
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
5В011500 - Құқық және экономика негіздері

Академиялық дәрежесі - «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Түлектер орта және орта кәсіби оқу орындарда құқық және экономика негіздері, экономикалық білімдер, мемлекет пен құқық теориясы негіздері бойынша оқытушы; әкімшілік білім беру мекемелерде, біліктілікті арттыру институттарда мамандар; білім беру жүйесінде менеджер, ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқарады.
5В050600 - Экономика

Академиялық дәрежесі - «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер экономист, маман, аналитик лауазымдарда атқара алады: ҚР-ның Инвестициялар және даму министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігі; министрліктер мен мекемелердің экономика департаменттерде, трансұлттық корпорациялар мен ұлттық компаниялар; облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктердің экономика мен бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттерде; экономика және жоспарлау бөлімдерде, кәсіпорынның еңбек пен жалақы бөлімдерінде, фирмаларда, түрлі меншіктік ұйымдарда; мемлекеттік және коммерциялық банктерде, сақтандыру компанияларда, кедендік басқармаларда, статистикалық агенттіктерде және т.б.

5В050700 - Менеджмент

Академиялық дәрежесі - «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда атқара алады: басқару жүйесінде жоғары және орта буында жетекші, кейін түрлі экономикалық құрылымдарда жетекшілік лауазымда; әлеуметтік қызметтерде, басқару жүйеде ұйымдастыру бөлімшелерде, салааралық кешендерде, басқару мекемелерде, акционерлік қоғамдастықтарда, түрлі шаруашылық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда: жоспарлау мен бақылау, оперативтік басқару бойынша экономист-менеджер, кадрмен, технологиялық және өндірісті техникалық дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорын пайдалану, өнеркәсіптік өндіріс пен ұйымдарың түрлі қызметтік бөлімдердің қаржысы бойынша жұмыстарда; кіші, орта, және үлкен бизнес саласында, экономикалық басқармалық қызметтер мен мемлекеттік басқару ұйымдардың бөлімшелерде, сонымен қатар жеке меншік құрылымдарда экономист.
5В050800 - Есеп және аудит

Академиялық дәрежесі - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда атқара алады: компания, фирма, банк және басқа шаруашылық субъекттерде бухгалтерлер; министрліктер, мекемелерде, фирмаларда есеп, есептілік әдістемесі мен аудиторлық жұмыс бойынша экономист; қаржы-мемлекеттік бақылау бойынша ұйымдарда, аудиторлық фирмаларда аудитор; бухгалтерлік есеп, оперативтік-экономикалық бақылау, шаруашылық қызметтерді талдау, жоғары және кәсіби орта оқу орындардағы аудит бойынша оқытушы.
5В050900 - Қаржы

Академиялық дәрежесі - «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер республикалық, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларда, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкте, ҚР бірыңғай зейнетақы қорының жүйесінде, қаржы мекемелерінде, түрлі деңгейдегі әкімшіліктегі қаржы басқармасы мен бөлімдерде, әр түрлі меншіктегі өнеркәсіптің қаржы қызметтерде және ұйымдарда қызмет атқара алады. Келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады: қаржы бойынша басты және жетекші маман, қаржы директоры, қаржы менеджері мен қаржы аналитигі, аудитор немесе ревизор; сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман; салық инспекторы, салық полициясының маманы, кедендік комитет және т.б.
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

Академиялық дәрежесі - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер халықпен жұмыс жасайтын ұйымдарда, мемлекеттік қызметкерлер ісі бойынша комитеттерде, департаменттерде, әкімшіліктерде, республикаларды, облыстарды, аудандарды, қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша мемлекеттік және муниципиалдық қызмет бөлімдерде келесі лауазымдарда қызмет атқара алады: басқарудың орталық және жергілікті ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдастықтарда, өндірістік компанияларда, қызмет көрсету саласының өндірістерде экономист; қаржы-кредиттік секторының басқару құрылымдардағы менеджер, әлеуметтік сфераның экономика саласында маман.
5В051100 - Маркетинг

Академиялық дәрежесі - «Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер жеке фирмалар мен ассоциациялар, банктер мен сақтандыру компанияларда, инвестициялық фондтар, жарнамалық компанияларда, трансұлттық корпорациялар мен ұлттық компанияларда дамыту және маркетинг бөлімдерде жұмыс істей алады. Түлектер келесі лауазымдарда қызмет атқарады: өндіріс пен ұйымдардың бастығы, маркетинг бөлімінің директоры, коммерциялық директор, маркетолог, маркетолог-аналитик, маркетолог-логист, бренд-менеджер, жарнама бойынша менеджер, маркетолог-тауартанушы, маркетолог-эксперт, маркетолог-экономист, PR-менеджер, мерчендайзер және т.б.
5В051300 - Әлемдік экономика

Академиялық дәрежесі - «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Түлектер түрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарда; өндірістік және кредиттік-банктік өнеркәсіптер саласында; қаржы, консалтингтік, сақтандыру және аудиторлық компанияларда, инвестициялық қорларда, сонымен қатар халықаралық келісімдер жасайтын шетел компанияларда қызмет атқара алады. Олар экономикалық қызметтерде, өндіріс пен фирманың экспорттық-импорттық, коммерциялық бөлімдерде меңгерушілік қызметке бағытталған.
5В090200 - Туризм

Академиялық дәрежесі - «Туризм» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры.

Түлектер туризм ұйымдарымен байланысты мемлекеттік басқарма мекемелерінде (министрлік, әкімшілік, олардың аумақтық бөлімшелері мен құрылымдары); әлеуметтік-мәдени сұрақтар және туристік пен мейманханалық бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда; туристік бағыттағы консалтингтік компанияларда; авиакомпанияларда; туризмді дамыту мәселесін зерттейтін ғылыми-зерттеу ұйымдарда; ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметін жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктер; мейманханалық шаруашылықтарда, ойын-сауық индустриясында қызмет атқара алады.
5В090400 - Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

Академиялық дәрежесі - «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры.

Түлектер мемтекеттік басқару органдарда орта және жоғары деңгейдегі маман мен басқарушы қызметтерде, тұрғын үй-коммуналдық кешеннің, туризм, мейманханалық-мейрамханалық кешеннің өндірістерінде, авиакомпанияларда, ғылыми-зерттеу институттарда және жоағры білім беру мекемелерде жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, түлектер саясат пен бизнес саласында менеджер, имиджмейкер; көңіл көтеретін программалардың режиссер-қоюшысы, продюсер, импрессарио қызметін атқара алады.
5В090800 - Бағалау

Академиялық дәрежесі - «Бағалау» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры.

Түлектер жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын, жаңа технологиялар мен жаңалықтарды, материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті, бизнесті бағалау бойынша сарапшы-бағалаушы, кеңесші; ғылыми-зерттеу ұйымдарда ғылыми қызметкер, түрлі салалық мен меншік түріне байланысты жоғары және орта деңгейдегі өндірістің, фирманың және ұйымдардың меңгерушісі қызметтерін атқара алады

Факультетте көптілділік топтары құрылған.


5В091200-Мейрамхана ісі және қонақ үйі бизнесі

Академиялық дәрежесі-«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры.

Түлектің кәсіптік қызметтік саласы:


  • қонақ үй бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдар (министрліктер, акиматтар, олардың бөлімдері мен құрылымдары), мейрамхана мен қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;

  • қызмет көрсету саласы: тамақтануды ұйымдастырмен айналысатын кәсіпорындар (мейрамханалар, қонқ үй және басқа да құрылымдар), мүліктік кешендер (кәсіпорындар,мекемелер мен ұйымдар) және басқа да қонақ үй индустриясындағы басқа да объектілер;

  • тамақтануды дамыту, тамақтануды ұйымдастырудағы маркетинг проблемаларымен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдардар;

  • қонақ үй шарушалығы бойынша орта деңгейдегі мамандарды дайындайтын оқу орындары;

  • мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесінде қызметтерді ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктерде жұмыс жасай алады.

Түлектер қонақжайлылық пен мейрамханалық индустриясында менеджер; администратор, басшының орынбасары; қонақ үй, ресторан басқарушысы, қонақ үйлерде қабылдау мен орналастыру қызметінің басқарушысы; залдың метрдотелі, менеджері, администраторы лауазымдарында жұмыс істей алады.
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

5B030100 - Құқықтану

Академиялық дәрежесі - «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры.

Түлектер өнеркәсіптің, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, жеке меншік ұйымдардың заң бөлімдерде түрлі лауазымдарда қызмет атқара алады. Біздің түлектер соттарда төреші, маман; соттар мен сот мәжілістерінде хатшы; прокурор және прокурор көмекшісі; қауіпсіздік қызметтерде тергеуші, маман; өнеркәсіптердің заң бөлімдерде басшы; заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдардың директорлары; өнеркәсіптерде кеңесші заңгер, қаржы мекемесінде маман, АХАЖ органдарда маман, салық қызметтерде қорғаушы, маман, соттық пристав-орындаушы, полиция қызметкер ретінде жұмыс жасай алады.

5B030200 – Халықаралық құқық

Академиялық дәрежесі - «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша құқық бакалавры.

Түлектер келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады: заңгер-эксперт; халықаралық заң саласында кеңесші (ҚР министрліктер мен агенттіктерде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде); кеңесші заңгер; қорғаушы (сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызмет бойынша сұрақтар); ҚР құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметкер; жергілікті, мемлекеттік басқару органдардың аппараттарда маман және т.б.
5В030400 – Кеден ісі

Академиялық дәрежесі - «Кеден ісі» мамандығы бойынша құқық бакалавры.

Түлектер ҚР Қаржы министрліктерде және оның аумақтық бөлімшелерде, кедендік бақылау комитеттерде; құқық қорғау органдарда; Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерде; ҚР-ның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде; ҚР Мемлекет қызмет агенттігінде; орталық және жергілікті атқарушы билік органдары жүйесінде; сауда-өнеркәсіп палатасында қызмет атқара алады.


Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетіне

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРМУ

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ


МЕКЕН-ЖАЙЫ:

100028, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28

Жұмысқа орналастыру және мансап орталығы,

№ 111, 113 каб.


Тел.: 8 (7212) 77-03-85

Жүретін авт. :№70, 40, 118э, 145э, 146э;



бағытты таксилер № 02, 07, 13, 023.
жүктеу 172,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау