II дәрежесі. – декомпенсация стадиясы мен «мылқау» өкпе:
Дистанционды сырылдың айқындылығы мен жоқтығының арасындағы сәйкессіздік.
өкпе аускультациясында - «мылқау өкпе»;
Бұл сөйлеуі қыйындық тудырып, әрбір қимыл-қозғалыс жалпы жағдайының кенет нашарлауы болатын ауыр науқастар;
Науқастар әдетте төсектің жиегіне қолымен тіреп отырады.
Есі анық, дистанционды сырылдың айқындылығы мен жоқтығының арасындағы сәйкессіздік, өкпе аускультациясында - «мылқау өкпе»;
Есі анық, бірақ кейде апатияға ауысатын қозу болады.
Тердің көп бөлінуінен тері жамылғысы ылғал, диффузды цианоз;
Кеуде қуысы эмфозематозды ісінген, экскурсиясы онша байқалмайды, өкпе дыбысы – қорапты.
Тыныс әлсіреген, сырылдар тек жоғарғы бөліктерінде естіледі, кей бір жерлерде тыныс шулары мүлдем естілмейді, бронхтардың толық обтурациясынан кей бір жерлерде тыныс шулары мүлдем естілмейді, «мылқау өкпе»
парадоксальді пульс – тыныс алуда пульс толуының төмендеуі (pulsus paradozus), жүректің жиырылу жылдамдығы минутына 120-дан жоғары.
ЭКГ-да жүректің оң жақ бөліктеріне күш түсу, аритмиялар болуы мүмкін.
Артериялық қысым жоғарылаған;
Бауырдың фиброзды қабығының созылуынан оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі;
Артериялық қанның газдық құрамы өзгереді – айқын гипоксия (Ро 50-60 мм.рт.ст.) және гиперкапния (Рсо2 50-70 мм.рт.ст.) , ацидоздың респираторлы немесе аралас түрі пайда болады.
III дәр. – гипоксиялық гиперкапниялық команың үшінші дәрежесі.
Егер «мылқау өкпенің» кері қайтуы болмаса, онда тамыр ішілік енгізулерден еш әсер болмайтын гипоксиялық қозу :
Науқастар жағдайы өте ауыр, жүйке психикалық бұзылыстар мен естен тану және тырысу болуы мүмкін.
Тынысы ырғақсыз, сирек, беткей.
сұр диффузды цианоз, тершеңдік, сілекей ағу.
жіп тәрізді пульс, гипотония, коллапс;
Артериялық қанда - гипоксемия (РО2 40-50 мм.рт.ст.), жоғары гиперкапния (РСО2 80-90 мм.рт.ст.). Желдетілу бұзылыстары айқын. Қышқыл-негіздік қалыптың метаболикалық алколоз жағына ығысуы болады, ал асматикалық жағдайдың өршуінен метаболикалық ацидоз дамиды.
Қан циркуляциясы мен жасуша аралық сұйықтық көлемінің төмендеуі.
Бронхкеңіткіш эффекттің төмендеуі немесе бронхоспазмның күшеюі («синдром рикошета») ингаляцияны жиі қолдану әсерінен (тәулігіне 15-20 рет).
Госпитализацияға көрсеткіш: АС бар барлық науқастар реанимация бөлімшесіне госпитализацияланады.
Қосымша және негізгі шаралар диагностикасының тізімі:
1. Жалпы жағдай мен өмірге қажетті функцияларды бағалау: есі, тынысы, қан айналысы.
2. Науқастың қалпын бағалау: ортопноэ қалып тән.
3. Визуальді бар-жоғын бағалау:
- Бөшке тәрізді кеуде қуысы – қосымша бүлшықеттердің тыныс алу актісіне қатысуы;
- Тыныс шығарудың ұзаруы;
- Цианоз;
- Мойын веналарының ісінуі;
- гипергидроз.
4.Тыныс алу қимылы жиілігін анықтау (тахипноэ).
5. Пульсті зерттеу ( парадоксальді болуы мүмкін), жүректің жиырылу жиілігін анықтау (тахикардия, ауыр жағдайларда брадикардия).
6.Артериялық қысымды зерттеу (артериялық гипертензия, ауыр жағдайларда артериялық гипотензия).
7. Өкпе перкуссиясы : қорапты дыбыс.
8. Өкпе аускультациясы : қатқыл тыныс, түрлі тонды, құрғақ, ысқырықты сырылдар, тыныс шығаруда басым; әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі мүмкін.
АС-та өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс алудың айқын төмендеуі, ал ауыр жағдайларда- бронх өктізгіштігі және сырылдардың мүлдем болмауы анықталады.
Жедел жәрдем:
Науқастың гемодинамикалық жағдайын бақылау
анафилаксиялық түрінде 0,3-0,5мл 0,18 % эпинефрин ерітіндісін 0,9 % натрии хлорид ерітіндісімен т\і.
маска арқылы ылғалдандырылған оттегі;
Глюкокортикоидты гормондарды т\і ағынмен енгізу: преднизолон т\і ағынмен 90-150 мг (до 300 мг), алмастырыла метилпреднизолон 120-180 мг ;
β2-адреномиметикті ингаляциямен енгізу – сальбутамол 100 мкг/доза небулайзер арқылы 5-10 минут ралығында. Қанағаттандыратын әсер болмаса ингаляцияны 20 минуттан кейін қайталау керек; немесе сальметерол + флутиказон аэрозоль 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 1000-2000мкг небулайзер арқылы 5-10 минут аралығында.
аминофиллин бастапқы дозасы 5,6 мг/кг дене массасына (10-15 мл 2,4% етітіндісін т\і баяу 5-7 минут аралығында енгізу), ұстап тұратын доза - 2-3,5 мл ерітіндісін фракционды немесе тамшылы, науқастың клиникалық жағдайы жақсарғанша.
гепарин 5000-10000ЕД т\і;
Инфузионды терапия, сұйықтық жеткіліксіздігін толтыру мақсатында, гемоконцентрацияны жою, бронхиальді сұйықтықты сұйылту- т\і 4% гидрокарбонат Na, 0,9% NaCl, 5% декстроза ерітінділерін енгізеді.
Өкпе вентиляциясының үдемелі бұзылысында ИВЛ көрсетілген.
Комалық жағдайда:
Спонтанды тыныс алуда жедел трахея интубациясы.
Өкпенің жасанды вентиляциясы
Қажет болғанда – жүрек-өкпе реанимациясы;
медикаментозды терапия
Кеңірдек интубациясы және ЖӨЖ көрсеткіштері:
Гипоксиялық және гиперкапниялық кома;
Жүрек-тамыр коллапсы;
Тыныс алу қозғалыс жиілігі минутына 50-ден жоғары.
Шұғыл госпитализацияға көрсеткіш: жүргізілген ем фонында стационарға жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |