Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады. Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, бронх демікпесі, демікпе статусы, бауыр мен бүйректің дисфункциясы, миокардтың жиырылу қызметінің бұзылыстары, ауыр қаназдық, шоктың және коллаптоидтық жағдайлары, миастения, микседема, Аддисон ауруы, қызба, мұрын жұтқыншақтың қабыну аурулары, порфирия, жүктілік. - Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады. Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, бронх демікпесі, демікпе статусы, бауыр мен бүйректің дисфункциясы, миокардтың жиырылу қызметінің бұзылыстары, ауыр қаназдық, шоктың және коллаптоидтық жағдайлары, миастения, микседема, Аддисон ауруы, қызба, мұрын жұтқыншақтың қабыну аурулары, порфирия, жүктілік.
- Жанама әсерлері. Аритмия, гипотония, тыныстың тоқталуы немесе тежелуі, ларингоспазм, бронхоспазм, лоқсу, құсу; ұйқышылдық, бастың ауыруы, қан кетулер (тік ішекке енгізу кездерінде), аллергиялық реакциялар: есекжем, тері бөртпелері мен қышынулар, анафилактикалық шок.
- Шығарылу түрі. 0,5 және 1 г егуге арналған сауыттағы ұнтақ.
- S. 40 мл физ. ерітіндісіне ерітіп, 10-12 мл-ден көк тамырға.
- #
Достарыңызбен бөлісу: |