Холецистит ауруы. Өт жолдарының дискинезиясы. Өт тас ауруы. Панкреатит ауруы
Созылмалы тассыз холецистит
Холецистит дегеніміз - өт қапшығының қабынуы. Оның жедел және созылмалы, калькулезды (өт қалтасында тастың пайда болуы), калькулезды емес түрлері бар. Сонымен қатар катаральді, іріңді, өлі еттенулі түрлері де кездеседі. Ауырлығына байланысты жеңіл, орташа, ауыр түрлері бар.
Этиологиясы. Негізінде жұқпа қоздырғыштардың әсерінен дамиды: ішек таяқшасы, стрептококк, стафилококктар. Әсер ететін мәнбірлерге өт жолдарының дискенизиясы жатады, себебі, өт жолдарының қозғалысы бұзылып, уақытында өт қалтасы босамай, жұқпа тез дамиды. Өттің тұрып қалуына құрт инвазиясы, жүктілікте өт жолдарының бұралып, қысылып қалуына әкеліп соғады. Сырқаттың дамуында дұрыс тамақтанбаудың да маңызы зор (көп мөлшерде майлы, жіті тағамдарды ішуі). Уақытында емделмеген жедел холецистит де әкеліп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |