7.1.2 Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер - 7.1.2 Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер
-
- Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілерге химиялық құрылымы әрқилы, әсер ету ұзақтығы әртүрлі болатын заттар жатады. Бұл топқа жататын дәрілерді көбінесе көктамырға, сирек тік ішекке енгізеді.
- Жаңа кезеңдегі ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер ингаляциялық жалпы анестезияларға қарағанда қысқа латенттік кезеңге ие. Осы кезде ингаляциялық емес наркоздық заттарды пайдалану үшін күрделі, қымбат құрал жабдықтар қажет емес, тыныс шығару ауасымен бөлінетін ингаляциялық анестетиктен ауаны тазарту қажеттілігі де болмайды.
- Ингаляциялық нарозбен салыстырғанда, көк тамырлық наркоз қозу сатысыз өрбиді. Осы топтыКөк тамырлық наркозға арналынған қазіргі заманғы препараттар әсер ету ұзақтығы бойынша келесі топтарға бөліне алады:
- 1. Қысқа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 15 мин дейін): пропанидид, пропофол кетамин.
- 2. Орташа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 20 - 30 мин): тиопентал натрий.
- 3. Ұзақ мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 60 мин одан көп): натрий оксибутираты
- ң препараттарының жоғары липофилдігі миға жеңіл өтуіне мүмкіндік береді. Көк тамырлық наркоз заттарын пайдаланған жағдайда наркоз тереңдігін меңгеру төмен болады.
Тиопентал-натрия (Thiopentali natrium) – ингаляциялық емес жалпы анестезия үшін қолданылатын, ультра қысқа әсерлі, тиобарбитурат қышқылының туындысына жататын дәрі. Оның айқын ұйықтататын, кейбір миорелаксациялық және әлсіз ауырсынуды басатын белсенділігі бар. Тиопентал-натрий тікелей ГАМҚ-рецепторларын белсендіреді, ГАМҚ-белсендіргіш әсер көрсетеді. Нейрондардың қозу шегін жоғарылата отырып, бас миы бойынша тырысу импульстарының жүргізілуі мен таралуын тежеу арқылы, тырысуға қарсы әсер белсенділігіне ие. Мимен глюкозаның және оттегінің пайдаға асыруындағы бас миындағы метаболиттік үрдістердің қарқындылығын төмендетеді. Ұйқыға кету үрдісінің тездетілуі мен ұйқы құрылымының өзгеруімен байқалатын, ұйықтататын әсер көрсетеді. Көк тамырға енгізгеннен кейін жалпы анестезия әсері 30-40 сек кейін басталады. Бір рет енгізгеннен кейінгі наркоз ұзақтығы 15-25 минутты құрайды. Наркоздан шыққаннан кейін наркоздан кейінгі ұйқы дамиды. Бұл феномен препараттың фармакокинетика ерекшелігіне байланысты: тиопентал натрий май тіндерінде жиналады, бұл кезде ми тіндерінде оның құнарлығы төмендейді. Кейінгі май тіндерінен заттың қанға баяу шығуы, тиопенталдың наркоздан кейінгі ұйқы шақыруына ықпал етуімен анықталынады. Жалпы анестезиядан шыққаннан кезде, науқастың оянуымен бірге ауыру сезімін басатын әсері де доғарылады. Тиопентал-натрийдің антагонистіне – бемегрид жатады. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады. - Тиопентал-натрия (Thiopentali natrium) – ингаляциялық емес жалпы анестезия үшін қолданылатын, ультра қысқа әсерлі, тиобарбитурат қышқылының туындысына жататын дәрі. Оның айқын ұйықтататын, кейбір миорелаксациялық және әлсіз ауырсынуды басатын белсенділігі бар. Тиопентал-натрий тікелей ГАМҚ-рецепторларын белсендіреді, ГАМҚ-белсендіргіш әсер көрсетеді. Нейрондардың қозу шегін жоғарылата отырып, бас миы бойынша тырысу импульстарының жүргізілуі мен таралуын тежеу арқылы, тырысуға қарсы әсер белсенділігіне ие. Мимен глюкозаның және оттегінің пайдаға асыруындағы бас миындағы метаболиттік үрдістердің қарқындылығын төмендетеді. Ұйқыға кету үрдісінің тездетілуі мен ұйқы құрылымының өзгеруімен байқалатын, ұйықтататын әсер көрсетеді. Көк тамырға енгізгеннен кейін жалпы анестезия әсері 30-40 сек кейін басталады. Бір рет енгізгеннен кейінгі наркоз ұзақтығы 15-25 минутты құрайды. Наркоздан шыққаннан кейін наркоздан кейінгі ұйқы дамиды. Бұл феномен препараттың фармакокинетика ерекшелігіне байланысты: тиопентал натрий май тіндерінде жиналады, бұл кезде ми тіндерінде оның құнарлығы төмендейді. Кейінгі май тіндерінен заттың қанға баяу шығуы, тиопенталдың наркоздан кейінгі ұйқы шақыруына ықпал етуімен анықталынады. Жалпы анестезиядан шыққаннан кезде, науқастың оянуымен бірге ауыру сезімін басатын әсері де доғарылады. Тиопентал-натрийдің антагонистіне – бемегрид жатады. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |