Табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру



жүктеу 215,67 Kb.
бет89/94
Дата16.04.2023
өлшемі215,67 Kb.
#42177
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Серуен 22-23ж.

Карточка№139 «Жәндіктерді бақылау»
Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Бақылау барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Гүлдердің нәрін жинайды
Адамға бал сыйлайды
Еңбекқорлы аялайды
Еріншекті аямайды. Бұл не? (Ара)
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)
Тор тоқуға шебер – ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер – ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
Қанды сорып сүліктей
Ызыңдап кеп шағады
Бұл қандай бүлік той? (Маса)
Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)

Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Зерттеу жұмысы: Қаңқызды тауып, оның атын атау. Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.
Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.
Мақсаты: Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»


Карточка№141 Күнді бақылау
Бақылау:Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру; күннің қозғалысымен шығуын қадағалауды жалғастыру, күннің ұзаруымен жылынуын белгілеу күн ұзын, күннің көзі ұзақ тұрады, жоғары көтерілсе ыстық болып, онан сайын ысиды. Күнің төгілуі ,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың пайда болуымен байланысты орната білу.
Жұмбақ:Жұрттың бәрі оны сүйеді,Бірақ қарағысы келмейді.(Күн)
Қимылды ойын:«Ақ сүйек»
Өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуге дамытуды жалғастыру, ереженің нормасын және тәртібін орындау.
Еңбек іс-әрекетіГүлді күту
Учаскеде өсетін өсімдіктерді өз бетінше қорғауға үйрету.Гүлге ұқыпты қарауға және сүюге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер:«Осындай бола ма, болмай ма?»
Сұраққа жауап беруге және жауабын түсіндіруге үйрету. Жазда қар жауа ма Күн шығып тұр,жаңбыр жауып тұр?
Эксперимент.Қараңғы және жарық жерде өсіп тұрған өсімдіктерді қадағалау, күнге тартылатын өсімдіктер қозғалысына көңіл бөлу.
Қорытынды: Өсімдіктер өсу үшін жарық қажет.
Өзіндік іс-әрекеті
Тұрақты балалар бірлестігін нығайтуға талаптандыру. Дербестілікті және бастамашылықты көтермелеу.



жүктеу 215,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау