Асем Нариманқызы Галиаскарова, №42 «Алтын сақа»



жүктеу 1,66 Mb.
Дата19.11.2018
өлшемі1,66 Mb.
#21531




Асем Нариманқызы Галиаскарова,

№42 «Алтын сақа» бөбекжайының тәрбиешісі,

Орал қаласы, БҚО

Достарын іздеген лақ
Білім беру саласы: Таным, коммуникация, денсаулық, шығармашылық

Бөлімі: Жаратылыстану, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, музыка

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру, төлдерін ажыратып, атай білуге (марғау, күшік, бұзау, лақ, балапан және т.б.) үйрету. Үй жануарларының пайдасын түсіндіру. Жануарларға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: теледидар, үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, үлестірмелі суреттер, үй жануарларының макеттері (ойынға қажетті), ойын атрибуттары.

Сөздік жұмысы: лақ, марғау, қошақан, бұзау, бота, күшік


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңі



Сәлеметсіздер ме, балалар!

Армысың Алтын Күн!

Армысың Жер Ана!

Армысың достарым!

Қайырлы таң, қонақтар!

Топқа адасқан лақ келеді. Балалардан көмек сұрайды.



Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Балалар қуана көмектесетіндерін жеткізеді.



Ұйымдастыру

ізденіс



- Лақ ал сенің достарың кімдер?

- Олар да мен сияқты үй жануарларының төлдері.

Балалардың назарын теледидарға аударамын.

- Балалар, мынау жайлаудың суреті. Жайлауда үй жануарлары жайылып жүр.

- Мынау қандай жануар?

- Ал мынау ше?

- Бұлар қандай жануарлар?

- Неге үй жануарлары деп айтамыз?

- Қандай пайдасы бар?

- Сиыр не береді, қойдан не аламыз, жылқының не пайдасы бар?

- Ит үй жануарларына жата ма?

- Бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз. Үй жануарларының балаларын, яғни жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйенің балаларын төлдер деп атаймыз.

Төлдерді суреттен көрсету.

- Сиырдың төлі-бұзау, қойдың төлі-қозы, жылқының төлі-құлын, түйенің төлі-бота, ешкінің төлі-лақ.

Осы мезгілде хабарлама келеді.

- Балалар, бірнеше тапсырманы орындасақ лақтың достары өздері бізді тауып келеді екен.

Бірінші тапсырма:

Д/о: «Немен қоректенеді?»

Шарты: суретте берілген үй жануарының немен қоректенетінін тауып, сәйкестендіру.

Сөздік жұмыс жүргізу.

- Жарайсыңдар балалар, достар жақындап келеді. Енді екінші тапсырмаға көшейік.

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Д/о: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат»

Шарты: бір жерге топтастырылған жануарларды екіге ажырату.

- Тамаша, міне достарымыз келіп жетті. Біз өте қуаныштымыз.

Ойын: «Достық»



Балалар суретке қызығушылық танытады.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

- үй жануарлары

- себебі адамдардың жанында

- сүт береді

- ет береді

-Ит - үй жануары. Себебі, үйді күзетеді, адамға көмектеседі.

Балалар үй жануарларының төлдерімен танысады.

Төлдердің аттарын білуге, ажыратуға тырысады.

Балалар суреттерге қарай отырып тапсырманы орындайды.

Сөздерді менімен бірге қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратып қояды.

Ойынға белсене қатысады.



Рефлексиялық-түзету

Сұрақтар бере отырып оқу қызметін қорытындылау:

- Үй жануарларының балаларын қалай атаймыз? (тақтаға суреттерін сәйкестендіре қояды)

- Лақтың енесі не?

- Олардың бізге қандай пайдалары бар? Балаларды мадақтау.



Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Төлдердің суреттерін аналарының тұсына қояды.



Қуанышты көңіл күйде болады.



Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек: Үй жануарының төлдерін біледі.

Бала игеруі керек: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын.

Бала жасай білуі керек: төлдер туралы жалпы түсініктерді меңгерді.
жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау