Болжам: Егер қар тез еріп,су жылдам ақса-жаз жаңбырлы болады.
Сәуірде шалғын суы мол болса-шөп көп болады.
Тақпақ
Көркемдеген жер-көкті,
Көктем қандай тамаша!
Жерге әкеліп төсепті
Алуан гүлді алаша.
Қимылды ойын: «Батылдар»
Жылғалар мен шалшықтардан секіріп өту, ұзындыққа секіруді үйретуді жалғастыру, дұрыс қона білу.Секіру барысында тепе-теңдікті сақтай білуге тәрбиелеу.
Еңбек іс-әрекеті: Аула маңын қоқыстан тазарту
Ұжымда еңбектене білуді қалыптастыру,жұмысты жоспарлау,бақылауды іске асыру.Ұқыптылық пен белсенділікті тәрбиелеу.
Өзіндік іс-әрекет
Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау. Өзге балалардың жасаған қылықтарына баға бере білу.
Карточка№110 Өзендегі мұздың еруін бақылау.
Бақылау:Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылына бастайтынын түсіндіру. Өзен мен көлдерде сең жүре бастайды.Балалармен мұздағы жарықтардың пайда болуын қарау.Мұз ластанады,өйткені жағадағы сулар жылғалар арқылы құйыла бастайды.Мұз үстімен адамдар жүрмейді.Табиғат құбылыстарына деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту.Өз беттерінше қорытынды жасап,сөздік қорды байыту.
Жұмбақ: Отқа жанбайды,Суға батпайды (мұз)
Болжам: Егер көктемде су деңгейі көтерілмесе ,жаз ыстық болады.
Қимылды ойын: «Өзенге, жағаға» (Эстон халық ойыны)
Белгі бойынша қателеспей әрекет жасауды үйретуді жалғастыру (бастаушы бұйрық береді,бірақ өзі бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру,жағаға секіру(жерде бір-біріне қарама-қарсы сызықтар). Ойын кезінде жаттығу жасауда күш пен жігерлікті дамыту.
Еңбек әрекеті
Балықтарға күтім жасау.(Қажеттілікпен жұмыс)
Аквариумдағы судың тазалығын қадағалау.Ондағы шөптер мен судың жағдайын қарап,күтім жасау.Балықтарды күтуге деген ықыласты дамыту.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама
«Алдымен не содан соң ше?»
Көктемде болатын құбылыстардың логикалық тізбегін бекітуді үйрету.(күн қызуын мол шашады,қар мен мұз ери бастайды т.с.с) Есте сақтау қабілетін дамыту,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Ерікті іс-әрекет:Баланың даму негізінің жағымды сапасын жеке ұжымда қолданып іске асыру. Белсенді балалар өз құрдастарына,яғни ойын кезінде сылбыр балаларға қысым көрсетпей,ойынға араласып кетуіне қол ұшын бере білу.
Карточка№ 112 Ағаштарға бақылау жасау
Бақылау: Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Ағаштарды бүрлері мен бұтақтарына қарап айыра білуге үйрету. Терек пен аққайыңның бұтағын салыстыру(аққайыңның бұтағы жіңішке,иілгіш,қабығы қоңыр-қызыл,бүрі ұсақ, бұтақта бір-бірлеп орналасқан;терек бұтағы аққайыңға қарағанда жуан,қабығы сұрғылт-жасыл,бүрі ірі,ұзын, жабысқақ және хош иісті, бір-бірлеп өседі)Салыстыра білу қабілеті мен нақты белгілерін атай білуге үйрету.Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл-күйлерін білдіре білу.
Көркем сөз:Мақал-мәтел: Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз
Болжам: Аққайың ағашы жөке ағашынан бұрын бүр жарса, жаз құрғақ болады. Көктемде аққайыңның шырыны көп болса,жаз жаңбырлы болады.
Қимылды ойын: «Ағаштан ағашқа»
Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде-кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыу
Еңбек іс-әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: |