Өз бетімен іс-әрекет:Балаларға ойынға керек құрылыстарды салуға үйрету. (үй,кеме және т.б) Ойын барысында табиғи заттарды қолдану(құм,су және т.б) Балалар ойынының мазмұны мен тақырыбын толықтыру және дамыту.
Карточка№126. Жәндіктерді бақылау(қызылқоңыз, жазғытұрғы қоңыз,солдатиктер,маса)
Бақылау: Балалардың жәндіктердің тіршілік орны,қозғалу тәсілдері және сыртқы түрлерінің ерекшелігі туралы білімдерін пысықтау; Сараптама жасауға үйрету.Себеп-салдарлы байланыстарын анықтау,қорытынды жасау,байқампаздықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Тақырып бойынша сөздік қорларын жинақтау.
Болжам: Ауа райы бұзыларда қоңыздар ызылдайды, егер қатты ызылдаса-ашық жылы ауа райына. Маса жарыққа қарай ұшса-суыққа.
Қимылды ойын: «Көбелектер, бақалар,көкқұтан»
Алаңқайда қолдарын жоғары-төмен қозғалыста көбелек болып айналу дағдыларын пысықтау; төрт тағандап секіру-бақа,бір аяқпен тепе-теңдіті сақтап тұру-көкқұтан. Тепе-теңдікті сақтап кеңістікте қозғалыс үйлестігін жетілдіру.
Еңбек іс-әрекеті: Гүлдің өсіндісін құмыраға отырғызу.
Тәрбиешінің тапсырмасын орындау дағдыларын пысықтау. Бастаған істерін аяқтау, жұмыс істеу ниеттерін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
«Төртінші артық»
Балалардың топтау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын дамыту; жәндіктер туралы білімін пысықтау.
Өз бетімен іс-әрекет
Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын,өз іс-әрекеттерін және қылықтарын көрсете білу, өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстары мен келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.
Карточка№128. Шоқыларды бақылау.
Бақылау:Балалармен алыстан көрінген шоқыларды қарау. Шоқы –бұл дөңгеленген тау биіктігі екені туралы түсінік беру. Бұрынғы кезде шоқылардың орнында қатты шыңдар болған,бірақ уақыт өткен сайын табиғатта тастар бұзылады. Ол ауа райының өзгеруі,су мен өсімдіктердің өзгеруіне байланысты.Табиғат тудырған әр түрлі заттарды айыра білуді үйрету. Балалардың эстетикалық сезімдерін,отанға деген махаббаттарын дамыту.
Көркем сөз: Мақал-мәтел Шыңды жүрген жеңеді.
Қимылды ойын: «Омпы»
Асық соғуда балалардың көз мөлшерін дамыту,ұйымшылдық және дербестігін тәрбиелеу.
Еңбек іс-әрекеті
Қажеттілігі бойынша
Балаларға тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету. Біріккен еңбек іс-әрекетінде ат салысу тілектерін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама
Достарыңызбен бөлісу: |