Тәжірибе. «Су тасты қозғайды»
Қатқан су тасты қалай қозғайтынын білу. Балалар аузымен суды толтырып сабан талына құйып түбін ермексазбен жауып тоңазытқышқа қояды.
Қорытынды:тығын ермексазды су орнынан қозғалтып(сабан талындағы судың көлемі үлкейген тығынды орнынан жылжытқан)
Өз бетімен іс-әрекет
Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын,өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстарымен келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.
Карточка№130. Топырақты бақылау.
Бақылау:Алаңқайдың қай жерлері тез кебетіні жөнінде балаларға түсінік беру:құмды жер ме,әлде сазды жер ме. Сазды жерлерге су көп сіңеді,сондықтан көпке дейін кеппейді,ал құмды жер суды өткізеді,сондықтан тез кебеді.Қай жерде өскін тез өседі соны бақылату,соны көре білу.
Болжам:Сәуірдің суы болса, көк көп болар,
Жайылымда сәуірде су болса-мая-мая шөп болар.
Мақал-мәтел
Мал баққандыкі,жер баптағандыкі
Қимылды ойын: Балалар таңдауымен.
Қимыл әрекетін дамыту;бірлескен ойыннан қанағат алу.
Еңбек іс-әрекеті
Топырақты құнарландыру
Балаларды өсімдіктерді дұрыс және ұқыпты құнарландыруға үйрету;белгілі мөлшерде нәрлі ерітінділерді құю. Еңбек ету біліктіліктерін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және сараптама
Тәжірибе «Топырақтағы ауаны анықтау».Бақшадағы саз бен топырақтың қасиетін анықтау. (саз бен топырақтың бір-бір кесегін суға салу;топырақта көпіршіктер пайда болады, ал сазда ештеңе болмайды)Қорытынды. Саз қатты тас сияқты онда ауа аз, ал топырақ тығыз емес, сондықтан өсімдік өсу үшін онда ауа бар.
Өз бетімен іс-әрекет: 3-4 топтан тұратын ойыншылардың бастапқы затты кеңістіктегі ойындарының атауын алдын-ала келісіп ұйымдастыру,рөлін бөлісу іс-әрекетін балалардың өздері басқаруын қадағалау.
Карточка№132. МАИ инспекторын бақылау
Бақылау:Балаларды қозғалысты реттеуші МАИ инспекторының жұмысымен таныстыру.Үлкен көшелерде және бұрылыстарда қозғалысты басқаруда МАИ қызметкері-полицей көмектесетінін және оны реттеуші деп атайтынын оны балаларға түсіндіру. Бағдаршам сынып қалған уақытта ол өте қажет. реттеуші таяқшасы бар. Түнге қарай ол таяқша жарқырап тұрады:жүргізуші және жаяу жүргіншілер реттеушінің белгісін анық көреді. Жол ережелерін қайталау;бағдаршам белгілері туралы білімдерін бекіту;балалардың назарын, ұқыптылығын,сезімталдық,сақтық сезімдерін тәрбиелеу.
Қимылды ойын
Достарыңызбен бөлісу: |