Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу


Түркілік дәуір. Түркі тілдерінің дамуы мен



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет26/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

Түркілік дәуір. Түркі тілдерінің дамуы мен 
 
қалыптасу кезеңдері 
 
1. Көне түркі дәуірі.  
2. Түркі тілдерінің орта дәуірі. 
3. Түркі тілдері дамуының жаңа дәуірі. 
 
1. 
Көне түркі дәуірі
 (V-Хғ.). Түркі тайпаларының арасын-
да  феодалдық  қатынастар  б.з.  VІ  ғасырынан  бастап  қалыптаса 
бастайды.  Олардың  ерте  феодалдық  мемлекет  түріндегі  үлкен 


 
66 
бірлестігі – Түрік қағанаты VІ ғасырдың орта кезінде құрылған. 
Ол  қазіргі  Алтай  мен  Моңғолияның  ұлан-  байтақ  атырабын 
түгел  қамтиды.  VІ  ғасырдың  аяғында  құрылған  Батыс  Түрік 
қағанаты  Жетісу  жерін  билейді  де,  оның  құрамына    жоғарыда 
көрсетілген  үйсіндер  мен  қаңлылар,  қарлұқтар  мен  түргештер, 
чығылдар  мен  яғмалар  кіреді.  Көшпелі  тайпалардың  бір  шеті 
Тарбағатай  тауларын  мекендесе,  енді  бір  шеті  Сырдария 
бойында отырған. 
Шығыс Түрік қағандығының орталығы – қазіргі Моңғолия 
жері,  дәлірек  айтқанда,  Орхон  өзенінің  бойы.  VІІ  ғасырдың 
ортасында  ол  Қытай  империясының  ықпалына  түскен.  Батыс 
Түрік қағандығының шығыс жақ аймағы да кейінірек Қытай им-
периясына  қарап  алған,  ал  батыс  жақ  бөлігі  араб  жаулаушы-
ларына бағынып кеткен. 
Шырғалаң заман үстінде түркі тайпаларының тараған жері 
кеңейіп,  сан  жағынан  арта  берген:  Шығыс  Түркістан  өлкесінен 
Қарақұм  төңірегінде  дейін  барған,  Моңғолиядан  Жетісу  асып 
Балх  пен  Үндістанға  дейін  жеткен.  Ұйғырлар  мен  қырғыздар 
билікке  таласып,  оғыздар  мен  қыпшақтар  тарих  сахнасының 
алдыңғы шебіне шыққан.  
Ол  кездегі  түріктердің  тілін  қолданылу  барысына  қарай 
әдетте тіл мамандары 
үш кезеңге
 бөліп қарайды:  
а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VІІІғ.);  
ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VІІІ-ІVғ.); 
б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (ІХ-Х ғ.). 
Осы  кезеңдер  ішінде  орхон-енисей  жазу  ескерткіштері 
жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыз-
дар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған. Осы 
күнгі көптеген өлі тілдер (оғыз, қыпшақ, көне ұйғыр т.б.) міне, 
сол уақыттарда өмір сүрген. 
2. 
Түркі  тілдерінің  орта  дәуірі
  (Х-  ХVғ.)  –  осы  күнге 
дейін  өмір  сүріп  келе  жатқан  түркі  тілдерінің  басым  көпшілігі 
өзінше 
тұлғаланып, 
қалыптаса 
бастаған 
дәуір. 
А.Н.Самойловичтің сөзімен айтқанда, бұл кездегі Орта Азиялық 
мұсылман  түріктерінің  барлығына  бірдей  ортақ  болып  келетін 
жалғыз  арнайы  және  жаппай  қолданылатын  бір  ғана  әдеби  тіл 
өмір сүрген. Ол әдеби тіл өз басынан үш түрлі кезең өткізген:  


 
67 
а)  Қараханидтер  династиясына  бағынып  тұрған  түріктер-
дің әдеби тілі (орталығы – Қашқар қаласы, ІХ-ХІІғ.);  
ә) Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде қолданылған әдеби 
тіл (орталығы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм өлкесі, 
ХІІ-ХІVғ.);  
б)  Шағатай  ұлысындағы  тұратын  түріктердің  әдеби  тілі 
(орталығы – Құлжа қаласы, ХV-ХVІғ.). 
Қараханидтер династиясының орталық өңірінде өмір сүр-
ген  түріктердің  тілі  ұйғыр-қарлұқ  тайпаларының  тілі  негізінде 
дамыған да, оғыз тілдерінің азын-аулақ әсеріне ұшыраған. Оғыз-
қыпшақ  тайпаларының  тілінде  аралас  отырған  оғыз-қыпшақ 
рулары  мен  тайпалары  сөйлеген.  Олар  Сырдарияның  төменгі 
ағысынан  бастап  Алтын  Орда  арқылы  Кіші  Азия  мен  Мысыр 
еліне дейінгі кең алқапты қамтыған. 
Алтын Орда мен Мысыр мамлюктерінің тілінде жазылған 
шығармалар  туралы  өз  алдына  жекелей  әңгіме  болады  да,  кіші 
Азия  жерінде  туған  нұсқалар  жайында,  әдетте  жартымды  еш-
теңе  айтыла  қоймайды.  Кіші  Азияда  ХІV  ғасырда  осы  өлкені 
мекендеген  түріктердің  әдеби  тілінде  көптеген  көркем  әдебиет 
туындылары  дүниеге  келген.  Мысалға:  «Мантық  аттыайыр» 
(Аттар еңбегінің Гүлшехри аударған нұсқасы), Ахмеди ақынның 
өлеңдер жинағы (8 мың бәйіт), «Искандернама» (тарихи-эпика-
лық  поэма),  «Жам  шид-у  Хуршид»  (лирикалық  дастан), 
«Асрарнама»  (Аттардың  осы  аттас  лирикалық  дастанының 
аудармасы)  т.б.  айтса  да  болады.  Осылар  тектес  еңбектердің 
барлығы да қазіргі оғыз тілдерінің тарихи желісіне байланысты 
зерттелуге  тиіс  те,  қазіргі  қазақ  тілі  мен  басқа  қыпшақ  тілдері 
үшін  ең  алдымен  көне  қыпшақ  тілінде  жазылған  нұсқалар  мен 
Орта  Азия  түріктерінің  тілінде  жарық  көрген  еңбектерге  баса 
назар аударған жөн. Осыдан да шығар, Кіші Азия топырағында 
туған шығармалар, көбінесе қазақ тіл білімінде осы күнге дейін 
беймәлім болып жүр. 
Шағатай 
ұлысын 
мекендеген 
түріктердің 
тілін 
А.Н.Самойлович  «шағатай  тілі»  деп  атайды  да,  А.Науаи  бас-
таған ақын-жазушылардың шығармалары дәл осы  тілде жазыл-
ған деп таниды. Ал осы күнгі өзбек тілі мен өзбек әде-биеті та-
рихының  мәселелерін  зерттеуші  мамандардың  біразы  «шағатай 


 
68 
тілі» деудің орнына «ескі өзбек тілі» деген атау қолданып жүр. 
Сөйтіп,  жоғарыда  көрсетілгендей  үш  топқа  жататын,  үш  түрлі 
кезеңде, үш түрлі аймақта жасалған үш түрлі әдеби тілдің бар-
лығын да бұл авторлар бір ғана «ескі өзбек тілі» деген атаудың 
аясына сыйғызғысы келеді. Біз, әрине
 сөз жоқ, А.Н.Самойловичтің 
пікірін  қолдауға  тиістіміз  (осы  еңбектің  «Шағатай  тілі»  деген 
арнаулы бөлімін қараңыз). 
Х-ХV ғ. мынадай тайпалық тілдердің топтары пайда бол-
ған:  1)  қыпшақ  тілдері;  2)  оғыз  тілдері;  3)  Қарлуқ  тілдері;                    
4)  Қырғыз-қыпшақ  тілдері;  5)  хақас,  якут,  тува,  алтай  т.б.  тіл-
дердің топтары. 
3. 

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау