Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


Горизонтальдар мен олардың арасындағы нүктелердің биіктігін немесе белгісін анықтау



жүктеу 2,36 Mb.
бет7/7
Дата29.01.2018
өлшемі2,36 Mb.
#8051
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7

Горизонтальдар мен олардың арасындағы нүктелердің биіктігін немесе белгісін анықтау. Горизонтальдардың биіктігін анықтау үшін олардағы жазылған белгілерді қолдану керек.

Мысалды, крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігін анықтау үшін жақындағы биіктігі көрсетілген горизонтальды аламыз – 150, қиылысу биіктігі 2,5 м, онда крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігі 150-2,5=147,5 м болады (Қосымша сурет).



Горизонтальдың биіктігін жақын орналасқан нүктенің биіктігі бойынша анықтау. Бұл есепті шешу үшін рельефтің қиылысу биіктігін білу керек. Жақындағы горизонтальдың биіктігі болып қиылысу биіктігіне қалдықсыз бөлінетін сан саналады, былайша айтқанда горизонтальдың биіктігі ылғыйына рельефтің қиылысу биіктігіне еселі (кратна). Мысалы, пунктың биіктігі 208,6 м, рельефтің қиылысу биіктігі 2,5 м, қалдықсыз бөлінетін сан болып 207,5 м саналады. Олай болса бірінші горизонтальдың биіктігі 207,5м тең болады (21 сурет).

Горизонтальдар арқылы кез келген нүктенің биіктігін анықтауға болады:

а) егер нүкте горизонтальдың үстінде болса, оның биіктігі горизонтальдың биіктігіне тең болады (Қосымша сурет).

б) егер анықталатын нүкте горизонтальдардың арасында болса, онда ол жақын кіші горизонтальдың биіктігіне және қаншаға жоғары екенін таба отырып анықтайды.

Мысалы, А нүктесі 157,5 және 155,0 горизонтальдар арасында, рельефтің қиылысу биіктігі: h = 157,5 м – 155м = 2,5 м., ал нүкте жобамен екеуінің арақашықтығының 1/3 шамасындай, немесе 2,5 х (1 : 3) =0,8 м. Олай болса А нүктесінің биіктігі 157,5 – 0,8=156,5 м.

Немесе горизонтальдардың арақашықтығын және нүктемен кіші горизонтальдың арақашықтығын масштабты сызғышпен өлшейміз. Сызғыш нүктеге тиіп тұруы және горизонтальдарға перпендикулярлы болуы керек. Содан кейін нүктенің кіші горизонтальдан қаншаға жоғары екенін анықтаймыз. Бұл сан қима биіктігінен соншаға кем, қаншаға нүктемен горизонтальдың арақашықтығы және екі көрші горизонтальдың арақашықтығы кем.

Мысалы: екі горизонталь арасы 8 мм, ал А нүктесімен кіші горизонталь арасы 2 мм. Онда 2,5 х (2:8)=0,625=0,6 м. А нүктесі 0,6 м жоғары, немесе биіктігі 150+0,6=150,6 м.



Карта бойынша қиманы-профильді құру. Қима дегеніміз жер бетінің белгіленген бағыттағы тік кесіндісінің сызбасы.

Қиманы құру үшін горизонталдық сызықтар масштабы картаның масштабындай (1-25000), ал вертикалдық сызықтардың масштабын жақсы бейнелеу үшін горизонталдыларға қарағанда 5,10,20 есе ірі етіп алады.



Студент тапсырма ретінде план немесе карта алады (22 сурет), онда АВ сызығы (ұзындығы 10-15 см) бағыты бойынша қима құруы керек.

22 Сурет. Планға АВ сызығын гороизонтальдармен салу
Қиманы миллиметрлік қағазда (20х30 см) орындайды.

Ең алдымен «Жердің бетінің белгісі-Отметки поверхности земли» және «Ара қашықтықтар-Расстояния» деген сызық жолдары-графы бар қима торы сызылады, ол 24 суретте көрсетілгендей қағаздың төменгі жағынан 2-3 см жоғары орналастырылады. Тордың ұзындығы картаның немесе планның масштабындай АВ сызығының ұзындығына тең және сызық жолдарының атауын жазу үшін 3-5 см ұзынырақ болады.

Содан кейін АВ сызығымен қиылысатын барлық горизонталдар мен олардың арасындағы сипатты нүктелердің белгілерін немесе биіктігін анықтайды. Мысалы, 22 суретте сипатты нүкте болып белгілері 100 м және 110 м горизонтальдардың арасында өзектің түбінде жатқан 3 нүкте саналады. Осы нүктенің биіктігін анықтаймыз.

Ол үшін 23 суреттегі горизонтальдардың СД сызығы бойынша салынымын - d (горизонтальдардың картадағы арақашықтығы) анықтау керек. Мысалы, 36 мм, ал С нүктесінен 3 нүктеге дейінгі арақашықтық - f 18 мм тең болсын. Қима биіктігі – h=10 м тең, онда 1 мм салынымында жергілікті жер h : d =10 м : 36 жоғарылайды, ал f (С 3) мөлшеріне h1 = (h : d) х f = (10 : 36) х 18= 5 м. Олай болса 3 нүктенің белгісі 100+5= 105 м.



Сонымен, көршілес горизонтальдар арасындағы нүктенің белгісін анықтау үшін, осы нүкте арқылы горизонтальдарға перпендикуляр түсіреміз (қысқа арақашықтық бойынша), арақашықтығын және сол нүктеден төменгі горизонтальға дейінгі арақашықтықты (мм-мен) өлшейміз. Содан кейін екі кесіндінің қатынасын - f : d анықтау керек, горизонтальдардың қиылысу биіктігін осы қатынас мөлшеріне көбейтеміз, табылған биіқайырымды (превышение) – h1 кіші горизонталь биіктігіне қосу керек.

23 Сурет. Горизонтальдар арасында жатқан нүктенің белгісін анықтау


Содан кейін циркуль-өлшегіш арқылы масштабын өзгертпей АВ сызығы бойындағы жатқан барлық нүктелердің арақашықтықтарын тордың жоғарғы сызығына көшіреміз. Арақашықтықтарды қағаз жолағына АВ сызығы бойындағы барлық нүктелерді (0-ден 6-ға дейін) қарындашпен белгілеп көшіруге де болады (24 сурет).

«Ара қашықтықтар» деген жолдың (графа) ішінде миллиметровка сызықтары бойынша белгіленген нүктелер арқылы перпендикулярлар тұрғызылады. Арақашықтықтар масштаб бойынша метрмен есептеліп суретке көрсетілгендей жазылады. Мысалы біздің жағдайда 0-1 нүктелерінің арақашықтығы 1 см, ол 1: 25 000 масштабта 250 м болады.

«Жер бетінің белгісі немесе таңбасы» деген жолда АВ сызығындағы (горизонтальдардың қиылысқан нүктелері және сипатты нүктелер) барлық нүктелердің белгілерін жазу керек, сандарды вертикальды түрде сәйкесті ординаталарға тура қарсы жазу керек.

Тордың жоғарғы сызығынан нүктелердің биіктіктерін қабылданған вертикалды масштаб бойынша салынады. Жер бедерінің жағдайлары жақсы көріну үшін, жоғарыда айтылғандай, вертикальды масштаб горизонтальдыдан ірірек болады. Қиманың вертикальды сызықтары тым ұзын болмауы үшін тордың жоғарғы сызығы шартты көкжиек ретінде қарастырылады да оған қандай болса да бір дөңгелек (ықшамдалған) белгі немесе биіктік беріледі. Шартты көкжиектің белгісі қиманың ең кіші нүктесінің белгісінен кіші болуы керек. Біздің мысалда (24 сурет) жер бетінің белгілері 100, 110, 120 және 130 м болғанда шартты көкжиек белгісі немесе биіктігі 80 м деп алуға болады.





24 Сурет. АВ сызығы бойынша құрылған бойлық қима
Қиманы құру үшін әр нүктенің белгісінен шартты көкжиектің белгісін алып тастап, қалған мөлшерін вертикальды масштаб бойынша тордың жоғарғы сызығынан 0,1,2,3,4 және тағы басқа нүктелеріне («нүктелер № графасы немесе № точек») сай ордината бойынша жоғары қарай салынады. Мысалы, біздің шарт бойынша 0 нүктесіне қарсы: 130-80=50 м, ал 1:1000 масштабы бойынша бұл 5 см болады. Осы сияқты белгісі 120 нүктеге қарсы 4 см саламыз және т.с.с.

Жұмысты жеңілдету үшін миллиметрлік қағаздың сәйкесті горизонтальдық сызықтардың белгілерін алдын ала белгілейді және бірінші ординатаның сол жағынан жазып қояды. Мысалы біздің мысалда (1:1 000 масштабы бойынша) белгілер әр сантиметр сайын жазылуы керек: 90, 100, 110, 120 және т.с.с.

Пайда болған нүктелерді сызғыш арқылы тура сызықтармен қосады, сонда АВ сызығы бойындағы жер бетінің қимасы - сынба сызық түрінде құрылады.

Қиманың үстінде «АВ сызығы бойынша бойлық қима», сәл төмен – горизонтальды және вертикальды масштабтары жазылады. Бар жұмыс қарындашпен орындалады.



Сызықтардың ылдилығың немесе құламалығын, көлбеуліктерін (уклоны) анықтау. Сызықтардың құламалығын графиктік әдіспен анықтауға болады, ол үшін құламалар мен салыным масштабының графигін сызады. Мысалы, көршілес горизонтальдарда орналасқан екі А және В нүктелері берілген дейік (25 сурет), мұнда: h – жер бедері қимасының биіктігі, d – салынымы, α – сызықтың көкжиекке еңістік (құлама) бұрышы. Онда А – В сызығының құламалығын мына формуламен анықтауға болады:

i = h/d .

Әртүрлі құламалықтарды бере және жер бедері қимасының биіктігін біле отырып, оларға сәйкесті салынымын: d = h/i анықтауға болады. Мысалы, h = 2,5 м және i = 0,01-ден 0,06-ға дейін болғанда 5 кестеде көрсетілген салынымдарды аламыз.


5 Кесте. Салынымдарды анықтау


i

d, м

i

d, м

0,01

250,0

0,04

62,0

0,02

125,0

0,05

50,0

0,03

83,0

0,06

41,0

Кесте мәліметтері бойынша құламалар масштабының графигін сызамыз (26 сурет).











25 Сурет. Құлама (ылди) бұрышы, 26 Сурет. Құлама графигі

құламалылық және салынымы арасындағы

тәуелділік
Вертикальды сызықта – құламалық мәліметтері (кез келген ұзындықтағы кесінділер), олардың соңына қарсы құламалылық мөлшерлері жазылады. Вертикальды сызықтардағы нүктелерден құламалылықтардың салынымдарына-d тең горизонтальды сызықтарды жүргізіледі. Салынымдарды картаның масштабында сызады, ал салымдардың ақырғы нүктелерін бір қалыпты қисық сызықпен қосады.

График бойынша кез келген көршілес горизонтальдардың құламылығын анықтауға болады. Ол үшін, циркуль-өлшегішпен горизонталь аралығын өлшеп графикке салады да мөлшерін анықтайды.

Біздің сурет бойынша - i = 0,025
Бақылау сұрақтары:

1 Горизонтальдар дегеніміз не?

2 Горизонтальдардың қиылысу биіктігі дегеніміз не?

3 Горизонтальдар салынымы дегенімізне?

4 Жер бедерін каталарда оқи біл.

5 Горизонтальдар мен олардың арасындағы нүктелердің биіктігін немесе белгісін анықтау.


Әдебиет:

1, с.115-136; 2, с. 50-68; 3, с.126-136; 5 с. 24-32.

8 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Экологиялық мазмұнды карталарға шежіре (легенда) дайындау
Мақсаты – экологиялық мазмұны бар карталарға шежіре дайындау
Тапсырма:

Төменде келтірілген материалдардағы карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау, таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін дайындау керек.

Жұмыстың нәтижесі – жақсы графикалық сапамен рәсімделген шежіре және таңдап алынған картографиялық бейнелеу тәсілдеріне және құралдарына қысқаша мәтін (текст).
Материалдар:

1 ВАРИАНТ. Ормандардың экологиялық жай-күйін бағалау картасы.



Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Орман контурлары.

2. Бес орман құрушы түрлерге байланысты аудандастыру: шырша, қарағай, қайың, қандыағаш, терек.

3. Аумаққа орманды орналастыруға байланысты таксономиялық нөмірлері: кварталдар нөмірлері ГЛФ (Государ­ственный лесной фонд), ормандарды аумақтық басқару кварталдарының нөмірлері, орманаралық жасыл желее екпе ағаштары кварталдарының нөмірлері.

4. Ормандардың қысым көру дәрежесі бес категориясы бойынша:

- сау ормандар;

- жетілмегендер (жарақаттанғандар);

- өте күшті жетілмегендер (күшті жарақаттанғандар);

- құрып бітетіндер;

- қу ағаштар;

5. Ерекше қорғалатын орман аумақтары: қаумалдар, қорықтар.

6. Өндірістік және рұқсат берілмеген кесулер, өртеңдер орындары.

2 ВАРИАНТ. Топырақтық-экологиялық карта.

Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Топырақтардың генетикалық түрлерінің таралуы.

2. Топырақтар кешендері мен тіркестерінің таралуы.

3. Жыралар-сайлар торабтары: жайылған жыралар, шұқырлар, өспелі жыралар, сайлар.

4. Жер бедерінің негізгі құрылым сызықтары: кертпештер, жар қабақтар, беткейлердің табандары.

5. Топырақтардың эрозияға шалдығу дәрежесі төрт категория бойынша: күшті, орташа, шамалы, эрозияға шалдықпаған.

3 ВАРИАНТ. Өзіндік әкімшілік бөлінуі бар, өндіріс жағынан дамыған аймақ атмосферасының ластану картасы.

Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Негізгі ластаушы кәсіпорындардың орналасқан жері, атауы. Кәсіпорындардың тазартқыш имараттармен қамтамасыз етілуі. Кәсіпорындардың қауіптілік класы (сыныбы).

2. Әкімшілік аудандары бойынша шығарындылардың жалпы шамасы, мың т. мөлшерінде және олардың тазаланған дәрежесі (% жалпы мөлшерінен). Шығарынды заттардың түрлері (СО, S02, N02, көмірсулар, қатты және т.б.).

3. Жалпы аймақ бойынша атмосфераның кешендік ластану индексі. Алты сатылы шкала: 0,06 төмен; 0,06-0,07; 0,07-0,08; 0,08-0,09; 0,9-0,10; 0,10 және одан жоғары.

4 ВАРИАНТ. Өзіндік әкімшілік бөлінуі бар үлкен аймақ суларының экологиялық жай-күйін бағалау картасы.

Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Негізгі ластаушы өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың орналасқан жері, атауы. Кәсіпорындардың тазартқыш имараттармен қамтамасыз етілуі. Кәсіпорындардың қауіптілік класы (сыныбы).

2. Әкімшілік аудандары бойынша төгінділердің жалпы шамасы, млн м3 және төгінділердің тазаланған дәрежесі (% жалпы мөлшерінен). Төгінді ағындардың класстары: тазаланбаған, тазалануы жеткіліксіз, тазалануы нормада, тазаланусыз нормада.

3. Сұйылту коэффициенттері (ақаба сулардың жиынтық көлемінің өзеннің сәйкесті учаскесінде су ағынына жазғы шегіне қатынасы) үшінші қатардағы өзен бассейндері бойынша.

5 ВАРИАНТ. Топырақтың ауыр металлдармен ластану картасы.

(үлкен өндіріс қаласы).



Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Негізгі ластаушы өндірістік кәсіпорындар. Кәсіпорындардың қауіптілік класы.

2. Негізгі ластаушы кәсіпорындар бойынша өндіріс қалдықтарының құрылымы (шығарындылар, төгінділер, қатты қалдықтар).

3. Аялық концентрациядағы көрсеткіштердің жиынтық мөлшерлерінің шкаласы (Zс): рауалы (менее 8-ден төмен), көтеріңкі (8 - 16), қауіптілігі ынсапты (умеренно) (16-32), қауіпті (32-128), төтенше қауіпті (128-ден жоғары).

6 ВАРИАНТ. Үлкен өндіріс қаласының медициналық-географиялық картасы.

Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Балалар емханасының орналасқан жері және оның нөмері.

2. Балалар емханасының қызмет ету аумағындағы балалардың жалпы аурушаңдығы (заболеваемость), үш сатылы шкала: 12000-17000, 17000-20000, 20000-30000.

3. Туғандардың 1 мыңына келетін 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі, үш категориялар: 5,0-10,9; 11,0-16,4; 16,5-27,0.

7 ВАРИАНТ. Үлкен өндіріс қаласының жасыл желек екпе ағаштарының жай-күйінің картасы.

Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.

Тапсырма:

Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.



Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.

Картаның мазмұны:

1. Қала аумағы бойынша жасыл желек екпе ағаштардың орналасуы, үш категориялар: масштабта көрсетілмейтін жасыл желек екпе ағаштар учаскелері; жол бойындағы екпе ағаштар; орман саябақтарының аймақтары.

2. Қала ортасының ықпалынан жасыл желек екпе ағаштарының жай-күйі: қалыпты (нормалы); қалыпты деуге болады (қала ортасының әсері шамалы); орта дәрежеде қысым көрген (угнетенное); күшті дәрежеде қысым көрген.

3. Тұрғын үйлер мен өндірістік кварталдары жасылданбаған.


Тапсырмаларды орындауға түсініктеме:

Шартты белгілерді әзірлеуде олардың жерлігіктендіру типін немесе түрін, берілетін ақпараттың сипатын және осындай құбылыстарды әдеттегіше бейнелейтін әдістерді қолдану керек. Алдын ала осы тематикаға ықсас және кешендік аумақтық атластар құрамындағы карталармен, сонымен қатар 1 кестедегі мәліметтермен танысу керек.

Көбінесе бір картада бірнеше құбылыстарды көрсетеді. Бұндай жағдайларда оларды талдап ең маңыздыларын бөліп көрсету керек. Әдеттегіше ақпараттарды картада көрсетуде ең ашықтарын, жеңіл немесе оңай қабылданатындарын қолданады, мысалы сапалық ая, қабаттап боялған изосызықтар, картограммалар. Сонымен қатар картаның негізгі мазмұны аумақтық шартты белгілермен (аялық бояулар, штрихтер) де берілуі мүмкін және оларға масштабтан тыс шартты белгілер талап етіледі (белгілерді әртүрлі түрлері, диаграммалық фигуралар.
Тапсырманы орындауға мысал

ВАРИАНТ. Үлкен қаланың су объектерінің ластану картасы



Картаның мазмұны:

1. Өзендердің гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша ластануы, алты категориялар: ластануы нысапты, ластанған, лас, күшті ластанған, төтенше ластанған; ластану жайында мәліметтер жоқ өзендер.

2. Қаланың әр әкімшілік ауданы бойынша ластанған ақаба сулардың жалпы мөлшері (жылына/мың м3), бес сатылы шкала: 100-ге дейін, 100-ден 1000-ға дейін, 1000-нан 10 000-ға дейін, 10 000-нан 100 000-ға дейін, 100 000-нан жоғары.

3. Ағындардың негізгі көлемдерін шығаратын кәсіпорындар.

4. Су ағындарынан өзен ағынына дейінгі қашықтық, км.

Түсініктемені әзірлеуде келесі әдістернемесе тәсілдер ұсынылған: сызықтық белгілер, картограммалар және белгілер.

Өзендер сызықты жергіліктендірілген, сондықтан олардың ластануын гидрохимиялық көрсеткіштермен беруде сызықтық белгілер қолданылған. Ластану категориясын көрсету үшін аялық бояу немесе штрихтеу, немесе әртүрлі құрылымдағы сызықтарды қолдануға болады.

Сандық сипаттамаларды көрсету үшін картограммалар әдістерін қолдануға болады, бұнда да әртүрлі бояулар немесе штрихтерді әкімшілік аудандары шекарасында қолдануға болады. Бояудың немесе штрихтің қарқындылығы сандық көрсеткіштерге байланысты артады. Әкімшілік аудандарының шекарасын сызықтық контурмен беруге болады (сызықтық белгілер әдісі).

Кәсіпорындарды (ағындарды тастайтындар) масштабтан тыс белгілермен көрсетеді (белгілер әдісі немесе тәсілі). Ал егер бұндай кәсіпорындар көп болса қосымша мәліметтер ретінде картаға нөмірленген ластаушы-кәсіпорындардың тізбесі беріледі. Соңынан, су ағындарынан өзенге дейінгі қашықтықты санмен беруге болады және өзен арнасында қарапайым геометриялық белгі, сызық немесе нүктемен көрсетеді.
Әдебиет:

8, с. 201-204.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Фокина Л.А. Картография с основами топографии: Учебное пособие. М.: Владос, 2005. - 335 с.

2 Левицкий И.Ю., Евглевская Я.В. Решение задач по географическим картам. – М.: Просвещение, 1996. - 59 с.

3 Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии. – М.: КолосС, 2007. – 309 с.

4 Игильманов А.А. және б. Инженерлік геодезия. – Астана, Фолиант, 2007. - 176 б.

5 Блисов Т.М., Шепелев М.А. Землеустройство / Методические указания к лабораторным работам. - Костанай, 2006. – 43 с.

6 Левицкий И.Ю., Крохмаль Е.М., Реминский А.А. Геодезия с основами землеустройства. – М.: Недра, 1977. – 253 с.

7 Вервейко А.П. Землеустройство с основами геодезии. – М.: Недра, 1988. - 260с.

8 Стурман В. И. Экологическое картографирование: Учебное пособие. – М., Аспект Пресс, 2003. - 251 с.





жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау