Жұмысты орындау реті.
1 Өздеріңіздің вариантыңыз бойынша масштабтар тақырыбынан есеп шығарыныз.
2 Миллиметрлік қағазда көлдеңен масштабты сызыңыз.
3 Осы масштабтын негізінде тапсырма бойынша кесінділерді көрсетіп А4 форматына өрнектеңіз.
Тапсырма варианттары:
Вариант
|
Масштаб
|
D
|
d
|
1
|
1:2000
|
?
|
12,2 см
|
2
|
1:2000
|
?
|
1,5 см
|
3
|
1:10000
|
430 м
|
?
|
4
|
1:10000
|
152 м
|
?
|
5
|
1:10000
|
56 м
|
?
|
6
|
1:100000
|
?
|
4,88 см
|
7
|
1:10000
|
574 м
|
?
|
8
|
1:100000
|
?
|
3,4 см
|
9
|
1:10000
|
546 м
|
?
|
10
|
1:100000
|
7767 м
|
?
|
11
|
1:10000
|
?
|
7,81 см
|
12
|
1:10000
|
?
|
5,68 см
|
13
|
1:100000
|
7668 м
|
?
|
14
|
1:10000
|
?
|
2,6 см
|
15
|
1:1000
|
367 м
|
?
|
16
|
1:5000
|
?
|
3,4 см
|
17
|
1:5000
|
?
|
5,3 см
|
Масштабтар (тапсырманы өрнектеу тәртібі)
Бақылау сұрақтары:
1 Масштаб дегеніміз не?
2 Неше түрлі және қандай масштабтарды білесіз?
3 Көлденең масштабтың ең кіші бөлігінің ұзындығы қалай есептеледі?
4 Масштабтын сенімдік дәрежесі деп не аталады?
2 Шартты белгілер. План мен карталарды басқа географиялық мәліметтерінен ажыратын ерекшелік – шартты белгілердің қолданылуы. Шартты белгілер объектінің орнын, өлшемін, сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. План мен карталарда жер жүзіндегі объектілерді көрсету үшін қолданылатын белгілер – шартты белгілер деп аталады. Барлық шартты белгілер келесі топтарға бөлінеді:
- масштабты немесе контурлық - өте ірі денелерді көрсету үшін қолданылады. Масштабтық шартты белгілер арқылы объектінінің сыртқы шекарасын көрсетеді, ал белгігі ішінде түсті бояу немесе штрих сызықтар қолданылады. Ауыл шаруашылық алқаптары көбінесе осы белгелер арқылы көрсетіледі.
- масштабсыз шартты белгілер – картада масштаб арқылы көрсетілуі мүмкін болмаған, бірақ маңызды өте ұсақ денелерді көрсету үшін қолданылады. Масштабсыз шартты белгілер ретінде геометриялық фигуралар, сземалық суреттер, сандық символдар қолданылады. Мысалы: геодезиялық нүктелер, диірмендер, құдықтар және т.б.
- сызықты шартты белгілер – карта мен планның үстінде сызықтық, яғнм ұзын, созылған объектілерді көрсету үшін қолданылады. Олар: өзендер, жолдар, электр желілері, шекаралар. Бұл белгілер ұзынды бойынша масштабты сақтайды, ал ені бойынша масштабсыз болады.
- түсіндірмелі шартты белгілер – жазу, сан, стрелка, ағаш фигуралары және басқа түрінде көрсетіледі. Бұл белгілер арқылы елді мекендердегі үй саны, орман түрі, ағаш көлемдері, көпірдің ұзындығы және т.б. көрсетіледі.
Ауыл шаруашылық мамандары көбінесе масштабты шартты белгілермен жұмыс істейді.
Шартты белгілерді құру үшін біртоп графикалық құралдар жүйесі қолданылады. Бұл жүйеге белгілердің пішіні, түсі, өлшемі, орналасуы, ішкі құрылымы жатады. Бұл графикалық құралдарды белгілі жүйеде қолданып отырып шексіз шартты белгілер санын құрастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта топографиялық, геологиялық және синоптикалық карталарда стандарттық шартты белгілер қолданылады. Кейбір тақырыптық карталар үшін осы уақытқа дейін шартты белгілер жүйесі әзірленбеген.
Сонымен қатар картографиялық әдістер арқылы сурет құрастыру құралдары да қолданылады. Олар:
- белгілер – белгілі пункте орналасқан объектіні көрсету үшін қолданылады. Белгілер – геометриялық, сандық және көрнекті суреттер түрінде көрсетіледі. Объектінің сандық және сапалық қасиеттерін көрсету үшін түс, пішін қолданылады;
- сызықтық белгілер – белгілі сызық бойында орналасқан объектіні көрсету үшін қолданылады;
- сапалық фон (ая) – территорияның белгілі бір қасиеті арқылы аудандастыруын көрсетеді. Мысалы: топырақ жамылғысы, экономикалық аймақтар. Графикалық құралдар ретінде түс, штрих сызықтары қолданылады;
- изолиниялар – белгілі көрсеткіштің алаң бойынша біркелкі жайласуын көрсету үшін қолданылады. Мысалы: жер бедері, температура, жауын-шашын мөлшері;
- ареал әдісі – картанын бетінде біртекті құбылыстардың жайылу шекарасын көрсету үшін қолданылады (пайдалы қазбалар, жануарлар мен ауыл шаруашылығы дақылдары);
- нүктелі әдіс – үлкен алаңда біртекті түрде кездеспейтін объектілерді көрсету үшін қолданылады. Мысалы: 1 нүкте – 100 га алаң, 1 нүкте – 2000 мал басы т.с.с.;
- әрекеттік белгілер – құбылыстардың әрекеттік бағытын көрсету үшін қолданылады. Мысалы: жел бағыты, ағын бағыты, құстардың көшу жолдары;
- картодиаграмма – нақтық статистикалық көрсеткіштерді көрсету үшін қолданылады;
- картограмма – салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді көрсету үшін қолданылады.
Тапсырма
Жер алқаптарын және басқа да табиғи жағдайлар элементтерін, былайша айтқанда жергілікті жерлердің барлық ситуацияларын бейнелейтін шартты белгілерді А4 форматты қағаз үстіне сызып алып тапсырма ретінді орындаңыз және карталар мен жоспарларда оқи біліңіз.
Бақылау сұрақтары:
1 Шартты белгілер дегеніміз не?
2 Қандай шартты белгілерді контурлық, мастабсыз және түсіндірмелік деп атайды?
3 Шартты белгілер кестесін пайдалана отырып картада егістік жерлерді, орман, бау-бақша, шабындықтар және шалғындарды көрсетіңіз.
Әдебиет:
1, с. 24-30; 2, с. 18-24; 3, с. 101-103; 4, 20-25б; 5, с. 4-8.
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сызықтарды бағдарлау және жергілікті жерде нүктелер мен обьектілердің географиялық координаттарын анықтау
Мақсаты: сызықтарды бағдарлау және географиялық координаттармен танысу және анықтау
Құралдар: сызғыш, географиялық карта, циркуль-өлшегіш
Тапсырмаға түсініктеме
Геодезия ғылымында жиі кездесетін қажетті бағыттарды анықтауда қолданылатын атаулардың бірі – бағдарлау. Былайша айтқанда көкжиек тұстарын (солтүсті, оңтүстік, шығыс, батыс) анықтау керек. Үйткені суретке түсіру кезінде түсірілетін учаскесі сызықтарының өзара байланысы анықталады, ал учаскені бағдарлауда оның тұстарының бірі бағдарласа болғаны.
Сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың бағытын басқа бастапқы (алғашқы) деп алынған бағытқа қарасты анықтау. Геодезияда сызықтарды бағдарлауда негізгі бағыт немесе тарап ретінде географиялық (нақты), магниттік немесе осьтік меридиандар қаралады.
Географиялық меридиан жер бетінің белгіленген нүкте мен Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтықтың қиылысуымен анықталады немесе жердің екі полюсін ойша басып өтетін белдеу, талтүстік сызық. Магниттік меридиан – географиялық меридианға сай келмейтін, одан шығысқа немесе батысқа қарай бұрылып тұратын магнит тілінің бағытын қуалай жүргізілген сызық.
Магниттік меридиан географиялық меридианға тең болмайды. Магниттік меридиан мен географиялық меридиан бағытының арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (δ-кіші дельта) деп аталады. Магнит тілі географиялық меридианнан шығысқа қарай бұрылса – шығыс (+, оң), ал батысқа бұрылса – батыс (-, теріс) магниттік бұрылу болады. Бұрылу ғасырлық, жылдық, тәуліктік болып бөлінеді.
Жергілікті жерде сызықтардың немесе кесінділердің бағытын негізгі меридиандарға қарай есептеледі, бұл мақсатта азимуттар, румбтар және дирекциялық деген бұрыштар қолданылады.
Осы аталған бұрыштық өлшем бірліктеріне жеке-жеке тоқтала отырып, қысқаша анықтамалар берелік.
Азимут (А) - жергілікті жерде немесе картада сағат жүрісі бойынша меридианның солтүстік бағыты мен таңдаған нүктеден бағдарланған сызықтың бағыты арасында түзілетін бұрыш (1 сурет). Азимуттың дәрежесі 00 -3600 –қа дейін өзгереді, егер негізгі меридиан қолданылса - географиялық азимут деп аталады – Аг , ал егер негізі меридиан болып магниттік қолданылса – азимут магниттік – А м деп аталады. Екі азимуттың арасындағы байланысты мына формула көрсетеді: А= А м + δ.
Тура азимут – А пр , теріс азимут – А обр түрлері болады (5 сурет), олардың арасындағы байланысты мына формула арқылы анықтауға болады: А обр = А пр ± 180 0 .
Румб (r) – жергілікті жерде немесе картада меридианның (солтүстік немесе оңтүстік) ең жақын тарапынан таңдаған нүктенің бағыты арасындағы түзелетін бұрыш. Румб бұрышы географиялық меридианнан өлшенсе ол географиялық немесе астрономикалық, ал магниттік меридианнан магниттік румб деп аталады (6 сурет). Румбтардың дәрежесі 00 – 900 арасында өзгереді. Румб атаулары бағытқа сәйкес аталады (СШ, ОШ, ОБ, СБ).
5 сурет – Тура және теріс 6 сурет – Тура және теріс
азимут румб
Мысалы румбтар былай жазылады: r = СШ: 48030I. Румбтардың тура және теріс түрлері болады, олардың градустары тең, бірақ төрттіктері немесе бағыттары тең болмайды (7 сурет).
7 сурет – Румбтар және сызықтар бағыты 8 сурет – Дирекциялық бұрыш
Мысалы: r1 = r2 = 73015I , ал r1= СШ: 73015I ; r2=ОБ: 73015I .
Румбтар мен азимуттар арасында байланыс бар. Бір румбтың дәрежесі қолымызда болса азимутты санап алу өте қиын жұмыс болмайды.
Төрттік Румбтың атауы Азимут арқылы Румб арқылы
румбты есептеу азимутты есептеу
1 СШ r = А А = r
2 ОШ r = 180 0 - А А = 180 0 - r
3 ОБ r = А – 180 0 А = 180 0 + r
4 СБ r = 360 0 - А А = 360 0 – r
Азимуттар мен румбтарды өлшеу үшін буссоль және түсбағдар (компас) деген аспаптар қолданылады.
Магниттік және географиялық меридиандар бір-біріне параллельді болмайды. Бұл себептен бір кесіндінің түрлі нүктелерінде азимут өлшемдері бір-біріне тең болмайды. Оңайлық үшін азимутты – дирекциялық бұрыш арқылы көрсетуге болады. Әр аймақтар (жер шары бойлық бойынша меридиандар арқылы – 3 0 немесе 6 0 аймақтарға бөлінген), былайша айтқанда 2 меридиан өтеді, ал аймақтың дәл ортасынан орталық - осьтік меридиан өтеді. Осы орталық меридианнан есептелетін бұрыш - дирекциялық бұрыш деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |