Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет82/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92

188 
 
социологиялық  зерттеудің  екінші  кезеңі  жүзеге  асырылды.  Сондай-ақ, 
мәдениет  саласының  мәселелеріне  арналған  «АРТеФАКТ»  журналының 
алғашқы  нөмірі  жарық  көрді.  Бұдан  өзге  республиканың  мәдениет  өмірі 
туралы  төлқұжат  дайындау  мақсатында  14  облысқа  ғылыми  іссапарлар 
ұйымдастырылып, материалдар жинақталды. Нәтижесі бойынша 2014 жылы 
алғашқы  рет  «Қазақстан  Республикасының  мәдени  өмірінің  төлқұжаты» 
жинағы жарыққа шығарылмақ.  
2013  жылы  археологиялық  ғылыми  қазба  жұмыстарымен  Қазақстан 
аумағындағы  тарихтың  әр  кезеңіне  қатысты  10  ескерткіш  қамтылды.  Олар 
Ақмола  облысындағы  Бозоқ  қалашығы,  Шығыс  Қазақстан  облысындағы 
Берел  қорғаны,  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Сығанақ,  Жуантөбе, 
Қараспан,  Қызылорда  облысындағы  Баланды,  Қарағанды  облысындағы 
Беғазы-дәндібай және Тасмола мәдениеті ескерткіштері, Ақсу-Аюлы кешені 
және басқалар.  
Соның ішінде соңғы қола дәуірінің Беғазы-дәндібай мәдениеті мен ерте 
темір  дәуірінің  Тасмола  мәдениетінің  ескерткіштерін  зерттеу  бойынша 
кешенді іс-шаралар жүргізілді. 
Ағымдағы  жылы  жоғарыда  көрсетілген  мақсатқа  сәйкес  төмендегідей 
бөлімдерді қамтыған міндеттер кешені қойылды: 
– кейінгі  қола  мен  ерте  темір  дәуірінің  қыш  кешендері  бойынша  
сараптамалық жұмыстар атқару; 
– кейінгі  қола  дәуірінің  Беғазы-дәндібай  мәдениетінің  ескерткіштерін 
зерттеуге бағытталған далалық жұмыстар атқару; 
– ерте  темір  дәуірінің  Тасмола  мәдениетінің  ескерткіштерін  зерттеуге 
бағытталған далалық жұмыстар атқару; 
– "Далалық  Еуразияның  Беғазы-дәндібай  мәдениеті"  атты  ғылыми 
мақалалар жинағын баспадан шығаруға дайындау жұмыстарын жүргізу. 
Далалық  зерттеулер  Павлодар  облысының  Баянауыл  ауданында, 
Шығыс  Қазақстан  облысының  Абай  мен  Бесқарағай  аудандарында, 
Қызылорда облысының Қармақшы аудандарында жүргізілді. 
Табылған  түгел  артефактылар  алғашқы  далалық  өңдеуден  өтіп,  қазіргі 
таңда зертханалық жағдайда зерттеу үстінде.  
Есепті  жылы  аталған  объектіде  жүргізілген  археологиялық  қазба 
жұмыстары  барысында  15  металл  бұйымдары  табылды.  Барлық  бұйымдар 
түсті металдан, соның ішінде қоладан жасалған, өте қатты тот басқан.  
Сонымен  қатар,  қазба  нәтижесінде  1993  керамика  бұйымдардың 
фрагменттері  табылды.  Табылған  бұйымдар  беғазы  тұрпатындағы 
әшекейленген және сырты бедерлі ыдыстардың сынықтары.  
Беғазы  қорғанында  жүргізілген  жұмыстардың  бірі  этнографиялық 
кезеңдегі қабір ескерткіштерін жаңғырту болды. Аталған жұмыс барысында 
20 жерлеу қабірлері жаңғыртылды. Әр ескерткіштің орташа көлемі 2×1 ш.м, 
биіктігі шамамен 0,7 м.  


189 
 
Қазақстанда  ірі  ескерткіштердің  бірі  Бөріжар  қорымы.  Аталған 
объектіде  Оңтүстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясының 
Бөріжар отряды жұмыс атқарды.  
Жұмыстардың мақсаты б.д. III-II ғғ. дан VIII ғ. дейін қамтитын Оңтүстік 
Қазақстанның жерлеу құрылыстарын зерттеуін жалғастыру.  
2013 жылғы далалық зерттеулер барысында 3 катакомба және 10 сағана 
ашылды. Қазба барысында жерлеу құрылыстардың жобалары ашылды және 
көптеген  материалдар  алынды,  олар  қыш  ыдыстар,  темірден,  мыстан, 
күмістен, алтыннан жасалған бұйымдар және әшекей бұйымдар. 
Кезекті  зерттеу  нысаны  Қараспан  қалашығы  болды,  ол  Оңтүстік 
Қазақстан  обылысы,  Ордабасы  ауданындағы  Қараспан  аулының  солтүстік-
батыс  беткейінде,  Арыс  өзенінің  орта  ағысы  бойындағы  сол  жақ 
жағалауында орналасқан. 
Зерттеу  жұмыстарының  мақсаты  Қараспан  қалашығы  цитаделіндегі 
археологиялық  құрылымдарды  таба  отырып,  қалашықтың  төменгі,  яғни 
ертеректегі  қабатын, сондай-ақ жоғарғы құрылыс қабатын, яғни соңғы өмір 
сүру  кезеңін  зерттеу  болып  табылды.  Сонымен  қатар  зерттеу  мақсаты 
рабадтың мәдени қабаттарын зерттеу болып табылды. 
 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ғылыми жұмыстарының 
негізгі бағыттары мыналар болып табылады: жалпы тактика мен жедел өнер 
бойынша  әскери  өнер  мәселелерін  зерттеу;  әскери  оқу  және  тәрбиелеу, 
әскерлердің 
жауынгерлік 
даярлығын 
және 
күнделікті 
қызметін, 
гуманитарлық  (жаратылыстану)  ғылымдардың  әскери  проблематикасын 
ұйымдастыру  проблемаларын  зерттеу;  қару-жарақ  пен  әскери  техника 
саласындағы әскери-арнайы зерттеулерді жүргізу; әскери тарих, әскери өнер 
тарихы,  Қарулы  Күштердің  құрылысы  және  оның  даму  тарихы  жөніндегі 
зерттеулерді орындау.  
2013  жылы  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің 
тапсырыстары бойынша мынадай проблемалар бойынша 20 ғылыми-зерттеу 
жұмысы  жүргізілді:  Қазақстан  Республикасының  әскери  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету;  әртүрлі  қарқындағы  әскери  жанжалдарда  операциялар  мен 
жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу; қару-жарақ пен әскери 
техниканы  жаңғырту  мақсатында  жүргізілетін  ғылыми-зерттеу  және 
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру.  
18 оқу құралы әзірленді және шығарылды.  
17 ғылыми семинар өткізілді, 70 баяндама мен мақала дайындалды.  
2013 жылы 15 ғылыми конференция өткізілді.  
2014 
жылғы 

қаңтардағы 
жағдай 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Күштерінде  ғылыми  дәрежесі  бар  әскери 
қызметшілер  мен  қызметшілер  мынаны  құрайды:  ғылым  докторлары  -  16 
адам; ғылым кандидаттары - 106 адам. Жиыны: 122 адам. 


190 
 
ҚР  Қарулы  Күштері,  басқа  әскерлері  мен  әскери  құралымдары  үшін 
ғылыми  және  ғылыми-педагогикалық  кадрларды  даярлау  Ұлттық  қорғаныс 
университетінде мынадай екі саты бойынша жүзеге асырылады: 
1) әскери 
білім 
мамандығы 
бойынша 
ғылыми-педагогикалық 
магистратурада; 
2) әскери  өнер;  қару-жарақ  пен  әскери  техника;  әскери  тарих 
мамандықтары бойынша PhD докторантурада. 
Әскери  ғылымды  дамыту  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  әскери 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  ғылыми  зерттеулерді  жүргізуді 
жетілдіруді және жандандыруды қамтиды.  
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде  әскери  ғылымды 
дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:  
қазіргі  заманғы  жағдайларда  Қазақстан  Республикасының  әскери 
ғылымын дамыту бағыттарын жасау; 
Қазақстан 
Республикасының 
Қарулы 
Күштерінде 
ғылыми 
бөлімшелердің ұтымды құрылымын құру; 
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштері  үшін  ғылыми 
қызметкерлерді  даярлау  деңгейіне  қойылатын  қазіргі  заманғы  талаптарға 
сәйкес анағұрлым басым бағыттар бойынша ғылыми кадрларды дайындау; 
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  ғылыми  және  ғылыми-
техникалық әлеуетін дамыту; 
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде  ғылыми  және 
ғылыми-техникалық 
қызметті 
Қазақстан 
Республикасының 
әскери 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мүддесінде  әскери  іс  теориясы  мен 
практикасын,  қару-жарақ  пен  әскери  техниканы,  Қазақстан  Республикасы 
Қарулы Күштерінің әскери құрылымы мен дайындығын дамытуға бағыттау. 
2014  жылы  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде  әскери 
ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:  
1)
 
«Ғылым  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес 
мынадай  міндеттерді  шешу  үшін  әскери  ғылым  жөніндегі  Ұлттық  ғылыми 
кеңесті  құру:  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссия  айқындаған 
басымдықтарға  сәйкес  әскери  ғылымды  дамытудың  ғылыми  бағыттарын 
қалыптастыру;  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  үшін  бөлінген  қаржыландыру 
нысандары  мен  көлемдерін  айқындау;  ғылыми  жаңалықты,  ғылыми-
техникалық деңгейді, ұсынылған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен 
бағдарламалардың  перспективалылығын,  ұсынған  әзірлену  дәрежесін 
бағалау; сұратылған қаржыландыру көлеміне экономикалық негіздеме; жаңа 
әскери  ғылыми  бағыттарда  республиканың  қажеттіліктерін  бағалау; 
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған іргелі және қолданбалы 
зерттеулер 
бойынша 
ғылыми, 
ғылыми-техникалық 
жобалар 
мен 
бағдарламаларға  конкурстық  іріктеуді  жүзеге  асыру;  жүргізілетін  ғылыми 
зерттеулерді іске асыру барысын мониторингілеу; 
2)
 
Қазақстан 
Республикасы 
Қарулы 
Күштерінің 
ғылыми 
бөлімшелерінің  құрамы  мен  құрылымын  оңтайландыру.  Қазақстан 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау