Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет78/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92

179 
 
жетістіктерін пайдалану негізінде кешенді қасиеттері мен белгілері бар жаңа 
сұрыптар мен гибридтер шығару қажет. 
Жолдауда  су  тапшылығы  мен  табиғи  ресурстардың  сарқылуы 
жағдайында ылғалдылықты үнемдеу технологияларына кешенді түрде көшу 
міндеті  қойылған  болатын.  Осы  орайда  жаңа  технологияларды  енгізу, 
экологиялық  тазалыққа  негізделген  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  брендтерді 
жасап шығару қажеттілігіне баса назар аударылды. Агроөнеркәсіптік кешен 
жаһандық экологиялық таза өндіріс саласында басты ролге ие болуы тиіс. 
Мемлекет  басшысының  жаңа  технологиялар  мен  технологиялық, 
басқарушылық  жетістіктерді,  әлемдік  деңгейдегі  мал  шаруашылығының 
жемшөп  базасын  жасақтауға  қажет  зор  әлеуетті  ескере  отырып,  мал 
шаруашылығын  қайта  жаңғырту  жөніндегі  алға  қойған  міндеттері 
жайылымдарды пайдалану мәселесін шешуге бағытталған. Бұл – бүгінгі күн 
талабынан  туындаған  қажеттілік.  АӨК  жетекші  салаларының  бірі  –  мал 
шаруашылығын 
дамыту 
стратегиясында 
жайылым 
ресурстарын 
пайдаланудың ғылыми негізделген амал-тәсілдерін қолдану елеулі мәнге ие 
болмақ. 
Сонымен  қатар  ауыл  шаруашылығы  өніміне  жаһандық  сұраныстың 
өсуін  ескере  отырып,  ауыл  шаруашылығын  барынша  жаңғырту  бойынша 
міндеттер де айқындалды. 
Қазақстан 
республикасы 
Ауыл 
шаруашылығы 
министрлігі 
агроөнеркәсіптік  кешен  саласындағы  2012-2014  жылдарға  арналған 
қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  бағдарламасының  администраторы  болып 
табылады.  Ал  «Өмір туралы  ғылым»  басымдығы  бойынша  Ұлттық ғылыми 
кеңес  шешіміне  сәйкес  жоғарыда  аталған  бағдарламаның  негізгі 
орындаушыларының бірі – «Каз АгроИнновация» Акционерлік қоғамы. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттары
– Ауыл  шаруашылығы  өсімдіктері  өнімділігінің  генетикалық  әлеуетін 
арттыру  және  Қазақстан  Республикасының  түрлі  агроэкологиялық 
аймақтарына арналған агротехнологияларды кемелдендіру; 
– өнімділіктің 
генетикалық 
әлеуетін 
арттыру, 
қоректендіру 
технологияларын  кемелдендіру,  Қазақстан  Республикасының  түрлі 
аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын, құс, балық және ара өсіру; 
– Ауыл  шаруашылығы  шикізаттарын  бастапқы  әрі  терең  өңддеу  мен 
ары қарай сақтау техникалары мен технологияларын жетілдіру; 
– Ауыл  шаруашылығы  жұмыстары  барысында  табиғи  ресурстарды 
сақтау мен қайта өндіруді қамтамасыз ету; 
– Ауыл  шаруашылығы  өндірісі  мен  ауылды  жерлерді  дамытудағы 
тиімді факторларды зерттеу. 
Орындаушы ұйымдар 
Ғылыми-техникалық  бағдарламаның  жүзеге  асыруына  50  ғылыми 
ұйымдар  мен  жоғарғы  оқу  орындарының  ғалымдары  қатысады,  соның 
ішінде:  АҚ  «ҚазАгроИнновация»  32  еншілес  ұйымдары,  әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университет, 


180 
 
С. Сейфуллин  атыңдағы  ҚазАТУ,  Жәңгір-хан  атындағы  БҚАТУ, 
С. Торайгыров  атындағы  Павлодар  МУ,  Көкшетау  МУ,  Алматы  ТУ, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз МУ, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, ББМ ҒЗИ, 
ББӨИ,  ҚБ  «АШҒА»,  Қазақстан  ғарыш  сапары,  ҚБ  «ОРЛП»,  «Майлы 
дақылардың»  ТШ,  АҚ  «КЗТ  ҰО»,  СИММИТ-Қазақстан,  ИНРА  (Франция), 
АЦФГР (Австралия). 
Бұл  бағдарламаны  қаржыландыру  2013  жылы  –  3,3  млрд.  теңге  болған 
(3 315 387  мың  теңге). 
2013  жылы  аграрлық  ғылым  мынадай  жетістіктерді  игерген:  өсімдік 
шаруашылығы  және  егіншілік,  мал  шаруашылығы  және  ветеринария,  ауыл 
шаруашылығын  механикаландыру,  ауыл  шаруашылығы  өнімін  қайта  өңдеу 
және  табиғат  ресурстарын  басқару  саласында  178  қорғау  құжаты  алынды, 
оның  ішінде:  өнертапқыштық  үшін  8  патент;  өнертапқыштық  үшін  81 
инновациялық  патент;  селекциялық  жетістіктер  үшін  89  патент,  бұлар 
Қазақстан  Республикасының  селекциялық  жетістіктерінің  мемлекеттік 
тізіліміне енгізілген.  
Көрсетілген  мерзім  ішінде  қорғау  құжаттарын  алу  үшін  165  өтінім 
берілді,  оның  ішінде:  өнертапқыштық  үшін  патент  алуға  10  өтінім; 
өнертапқыштық  үшін  инновациялық  патент  алуға  122  өтінім;  селекциялық 
жетістіктер үшін патент алуға 31 өтінім; пайдалы модель үшін патент алуға 
2 өтінім. 
«Қазақстан  Республикасының  әртүрлі  агроэкологиялық  аймақтары 
үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімділігінің генетикалық әлеуетін 
арттыру  және  агротехнологияларды  жетілдіру»  деген  бағыт  бойынша 
селекциялық 
және 
биологиялық 
(физиологиялық-биохимиялық, 
биотехнологиялық, 
иммунологиялық, 
технологиялық) 
зерттеулер, 
экологиялық  сорт  сынақтарын  жүргізудің  нәтижесінде  Қазақстанның 
ғылыми-зерттеу  ұйымдары  дәнді,  дәнді-бұршақ,  астық-жемшөп,  жарма, 
көкөніс-бақша  және  картоп,  майлы,  қант  қызылшасы,  жеміс-жидек  және 
жүзім, мал азығына арналған дақылдардың 42 сорты мен буданын шығарды. 
Үш 
жылға 
созылған 
сынақтардың 
нәтижесінде 
Қазақстан 
Республикасында  қолдануға  рұқсат  берілген  Селекциялық  жетістіктердің 
мемлекеттік  тізіліміне  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  қазақстандық 
жаңа 20 сорты енгізілген.  
Өсімдіктер  селекциясында  молекулярлық  биология  тәсілдері  кеңінен 
қолданылады.  Бидайдың  сорт  үлгілерінің  жергілікті  популяциялары 
арасынан таттану түрлеріне кешенді  төзімділігімен ерекшеленген тұқымдар 
бөлініп  алынды.  Маркиз  және  Тэтчер  сорттарының  тұқымдары  тізбегінің 
негізінде  бидай  сабағының  таттануына  төзімді  7  ген  және  қоңыр  таттануға 
төзімді 16 ген бөлінді. Септориозға төзімділігі бойынша 19 үлгі бөлінді. 
Өсімдік қорғау және  карантин саласында  бұрын болмаған немесе аз 
ғана көлемде таралған карантиндік зиянкес организмдердің (бұдан әрі - КЗО) 
Кедендік  одақ  елдерінің  аумағына  сырттан  әкелінуін  және  таралуын 
болдырмау  үшін  51  КЗО-ға  фитосанитариялық  қатер  бойынша  талдау 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау