Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет81/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92

186 
 
ҚР  АШМ  мен  ГФР-дың  Азық-түлік,  ауыл  шаруашылығы  және 
тұтынушылардың  құқығын  қорғау  министрлігі  арасындағы  ынтымақтастық 
шеңберінде Қазақстанның АӨК-де тұңғыш рет 2011 жылы «Неміс аграрлық 
орталығы»  деген  кооперациялық  жоба  іске  қосылып  жүзеге  асырыла 
бастады.  Бұл  жобаның  мақсаты  –  отандық  агробизнес  субъектілеріне  неміс 
мамандарының  және  ауыл  шаруашылығы  техникасы  мен  өнімін 
өндірушілерінің ең үздік білімдер мен технологияларды үйретуі. 2013 жылы 
39 семинар өткізіліп, 790 тыңдаушы оқытылды және тұтас алғанда орталық 
жұмыс  істеген  үш  жыл  ішінде  79  семинар  өткізіліп,  1465  тыңдаушы 
оқытылды.  
3) «Орта  Азиядағы  азық-түліктік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
үшін  Қазақстанда  бидай  өндірудің  климаттың  құбылуына  төзімділігін 
арттыру» деген жоба. 
«ҚазАгроИнновация» АҚ БҰҰ Даму бағдарламасымен (USAID), АҚШ-
тың  халықаралық  даму  агенттігімен  және  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметімен  бірлескен  жоба  шеңберінде  БҰҰ  Даму  бағдарламасының  осы 
жоба жөніндегі негізгі ұлттық әріптесі болып табылады.  
«Климаттың өзгеруіне бидайдың төзімділігін қамтамасыз етуге қажетті 
бейімдеу  шараларын  енгізу»  екінші  бағыт  шеңберінде  Жоба  тікелей 
«ҚазАгроИнновация» АҚ-ның үш білім тарату орталығымен бірлесіп жұмыс 
атқарады,  бұл  орталықтар  Қазақстанның  ең  негізгі  астық  өсіретін 
облыстарында  орналасқан,  -  «Шортанды»  БТО,  «Қостанай»  БТО  және 
«Қызылжар»  БТО.  Бейімдеу  технологияларын  тікелей  игеру  А.И. Бараев 
атындағы  (Шортанды)  ҒӨО,  Қостанай  ауыл  шаруашылығы  ҒЗИ  және 
Солтүстік  Қазақстан  мал  шаруашылығы  және  өсімдік  шаруашылығы  ҒЗИ 
тәжірибелік егістік алқаптарында жүргізіледі. 
Көрсетуге  арналған  тұқым  себудің  нәтижелері  түсімділіктің  мейлінше 
ұлғайғанын ғана емес, бидай өсіруге бейімдеу көзқарасының экономикалық 
тұрғыдан тиімділігі жоғары екенін де дәлелдеп отыр. 
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 
 
ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссия 
айқындаған  ғылымды  дамытудың  басым  бағыттары  бойынша  2013  жылы 
Министрлік  әкімшілігіндегі  005  «Қолданбалы  ғылыми  зерттеулер» 
бюджеттік  бағдарламасы  шеңберінде  135 630  мың  теңге  қаржы 
қарастырылып,  6  қолданбалы  ғылыми  зерттеулерге  және  88 210  мың  теңге 
10 археологиялық зерттеулерге бағытталды. 
Қолданбалы ғылыми зерттеулер министрліктің бағынысындағы ғылыми 
субъекті  аккредитациясына  ие  Орталық  мемлекеттік  музеймен  (4  жоба), 
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен (2 жоба) жүзеге асырылды. 
Орталық  мемлекеттік  музей  жүзеге  асырған  «Қазақтардың  тарихи 
этнографиясы  Ресей  Ғылым  академиясының  Ұлы  Петр  атындағы 


187 
 
Антропология  және  этнография  музейі  (Кунсткамера)  коллекциясында» 
атты  ғылыми  жоба  аясында  жыл  көлемінде  аталған  музей  қорынан  қазақ 
тарихы,  этнографиясы,  мәдениетіне  қатысты  анықталған  200  музейлік 
бұйым  ғылыми  өңдеуден  өткізіліп,  жүйеленді.  Аталған  бұйымдар  қазақтың 
дәстүрлі ұлттық ойындары мен оған қатысты ойын құралдарын, тұрмыстық, 
киім бұйымдарын құрады.    
Келесі  «ҚР  Орталық  мемлекеттік  музей  қорындағы  Қазақстанның 
тарихы  мен  мәдениеті  бойынша  музейлік  деректер  (ХХ  ғ.  20-30  жж.)» 
ғылыми  жоба  шеңберінде  аталған  музейдің  коллекциясы  тақырыптық  және 
хронологиялық  принциппен  жүйеленіп,  олар  ақпараттық,  репрезентативтік 
тұрғыдан сарапталды. Есептік жылы  «Музыка өнері», «Индустриализация», 
«Коллективизация»  және  т.б.  бөлімдер  бойынша  фотодокументалды 
материалдар  жүйеленіп,  өңделді.  Нәтижесінде  Қазақстанның  ХХ  ғасырдың 
20-30  жылдардағы  тарихы  мен  мәдениеті  бойынша  каталог-монография 
жасақталып, жарыққа шығарылмақ.  
Бұдан  өзге  мазмұны  мен  ғылыми  мәні  зор  «ҚР  Орталық  мемлекеттік 
музей қорындағы айрықша ортағасырлық жібек маталар. ХІІІ-ХІV ғ. қоғары 
көшпелі  аристократияның  салтанатты  киімін  қайта  жаңғырту»  және 
«Қазақтың дәстүрлі таңбалау жүйесі  (ХV-ХХ ғ. І-жартысы): музейлік мәнді 
деректерді тарихи-салыстырмалы талдау» ғылыми жобалары іске асырылды. 
Жобалар  аясында  қазақ  ру-тайпаларының  таңбаларына  қатысты  сан  алуан 
мәліметтерді  ғылыми  талдау,  сараптау  жүргізілді,  нәтижесінде  қазақтың 
дәстүрлі  таңба  жүйесі  жөнінде  кешенді  зерттеу  жұмысы  дайындалды. 
Сонымен  қатар,  жібек  маталар  мен  кестелердің  технологиялық, 
құрылымдық,  семантикалық  зерттеуі  жүргізіліп,  ғылыми  негізделген 
монография әзірлеу жоспарланып отыр. 
Көрсетілген  ғылыми  жұмыстардың  нәтижелері  бойынша  ғылыми 
каталогтар, еңбектер басып шығарылады. 
Бұдан  өзге,  жоғарыда  аталған  Институтпен  Қазақстанның  әлемдік 
мәдени  кеңістігіне  кірігу  бағыттары  саласындағы  ғылыми  жоба  жүзеге 
асырылды. Жобаның жалпы мақсаты: мәдениет саласындағы интеграциялық 
үрдістер  мен  замануи  процесін  зерделеу  және  талдау,  еліміздің  қазіргі 
кезеңдегі  мәдени  оқиғаларының  көлемін  саяси-экономикалық  бағытын 
ескере отырып, бағалау болып табылды. 
Көрсетілген  мақсаттарға  қол  жеткізу  жолында  ғылыми  экспедициялар, 
шетелдік  және  отандық  ғалымдардың,  мамандардың  қатысуымен  семинар, 
дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ой-пікірлер ортаға салынды.   
Атап  айтқанда,  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  «Еліміздің  мәдени 
әлеуетін  дамытудың  негізгі  бағыты»  атты  талдамалық  баяндама  әзірленіп, 
«Қазақстан  мәдениетінің  интеграциялық  бағыттары  және  мәдениеттегі 
жаңашыл  үрдістері»  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 
өткізілді.  Сонымен  қатар,  «Әлеуметтік  мәдени  контексіндегі  дәстүрлі 
музыкалық мәдениет», «Ұлы даланың рухани мәдениеті және қазіргі заман» 
монографиялары 
әзірленіп, 
жоба 
шеңберінде 
жүргізіліп 
жатқан 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау