Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет90/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92

205 
 
Агенттікте  7  отандық  венчур  қоры  ашылып,  7  шетелдік  венчур  қорларына 
инвестициялар салынды.  
ҚР  БҒМ-да  Дүниежүзілік  банкпен  бірлестікте  «Технологияларды 
коммерцияландыру»  жобасы  жүзеге  асырылады.  Осы  жоба  аясында  озық 
технологиялардың  33  тобы  қаржыландырылады.  Индустрия  және  жаңа 
технологиялар  министрлігімен  бірлестікте  республикадағы  ЖОО  мен  ҒЗИ 
коммерцияландыру кеңселері құрылды.  
Қазір стратегиялық маңызы зор мемлекеттік міндеттер бойынша 100 ірі 
ғылыми  бағдарлама  жүзеге  асыру  үшін  дайындалды  (бағдарламалық-
нысаналы  қаржыландыру  бойынша).  Мысалы,  Жер,  металлургия  туралы 
ғылымдар  және  байыту  орталығында  төмен  сапалы  темірқұрамды 
бокситтерден  глинозем  алу  технологиясын  дайындау  жобасы  іске 
асырылады.  Алынатын  гидрогранатты  шлам  құрылыс  материалдарын 
өндіруге  жарамды;  төмен  сапалы  бокситтерін  өңдеу  мен  Павлодар 
алюминий  зауытын  модернизациялау  бойынша  жаңа  кәсіпорындар  салу 
барысында қолданыс табуы мүмкін.  
Қ.И. Сәтбаев  ат.  ҚазҰТУ  ғалымдары  әлемде  алғаш  рет  болат 
қорытпасын  қалпына  келтіру  технологиясын  дайындады.  Ол  газдардың 
атмосфераға  шығарылуын  4  есеге  дейін  қысқартуға,  металл  шығынын 
азайтуға, болат құнын 40-50%-ға дейін төмендетуге және сапасын арттыруға 
мүмкіндік береді.  
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті  тетіктерді  вакуумдық 
иондық-плазмалық  сырлау  технологиясын  жасап  шығарды.  Ол  тетіктердің 
төзімділігін  4  есе,  өңдеу  өнімділігін  5  есе,  құрал-жабдық  жұмысының 
ресурстарын 6 есе арттырады.  
Маңызды  инновациялық  жобалардың  осындай  мысалдарын  химиялық 
технологиялар,  биотехнология,  медицина,  техникалық  физика,  қолданбалы 
математика,  энергетика  және  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар 
(тарих, археология және т.б.) салалар бойынша да келтіруге болады. 
Әлем  қауымдастығымен  мойындалған  маңызды  ғылыми  табыстарға 
Халықаралық  рейтинг  бойынша  әлемнің  300  үздік  университеті  қатарына 
қазақстандық ЖОО арасынан тұңғыш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің ғалымдары қол жеткізді.  
Қазақстан ғалымдарының ғылыми зерттеулері өнеркәсіп үшін салмақты 
тапсырысқа  айналуы  тиіс.  Сол  арқылы  келешегі  зор  өндірістік 
технологиялар  дайындалып,  игерілетін  болады.  Ғылым  мен  өндірістің 
табысты,  үйлесімді  одағы  республикамыздың  өнеркәсіптерінің  жоғары 
қарқынмен дамып, әлемдік нарыққа шығуына жол ашуы тиіс.  
Ғылым  мен  білім  интеграциясы  аясында  ЖОО  мен  ҒЗИ-ның  ғылыми 
кадрлар  дайындау,  бірлескен  зерттеулер  жүргізу,  т.б.  істерде  бірлесе 
атқаруын  қамтамасыз  ету  жоспарланған.  Осыған  орай  ҒЗИ  мен  ЖОО 
кезеңдік интеграциясы, зерттеу университеттерін құру ұсынылады. 


206 
 
Бүгінде  Назарбаев  Университеті  үлгісінде  іргелі,  техникалық  және 
аграрлық  бағыттардағы  зерттеу  университеттерін  құру  бойынша  жұмыстар 
жүргізілуде. Зерттеу университеттері мәртебесіне бірінші кезекте құрамында 
әлемдік  қауымдастыққа  мәлім  ірі  ҒЗИ  бар  немесе  консорциальдық 
келісіммен  біріккен  ЖОО  үміткер  бола  алады.  Қазіргі  кезде  ондай  ЖОО 
болып  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  Қазақстан-Британ 
техникалық  университеті,  Қ.И. Сәтбаев атындағы  Қазақ  ұлттық техникалық 
университеті,  С. Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті, 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті саналады.  
Ғылым  саласының  нәтижелілігін  арттыру  мен  дамыту  үшін  ҒЗИ 
бақылау  кеңестерін  енгізу  арқылы  ғылыми  ұйымдарды  корпоративтік 
басқару  формасын  өзгерту  жоспарланған.  Бақылау  кеңестерінің  құрамына 
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасының,  ҚР  ҰҒА  өкілдері  кіреді.  2015  жылдан  бастап  5  ғылыми 
ұйымда бақылау кеңестерін құру қарастырылды. 
«Қазақстан - 2050»  Стратегиясын  жүзеге  асыру  аясындағы  ғылым 
саласының  өзекті  мәнге  ие  міндеттерінің  бірі  –  ғылыми  қызметті 
қаржыландыру  мен  қолдау  көрсету  механизмдерін  жетілдіру  болып 
табылады. 
Ғылымға  бөлінетін  қаржының  жыл  сайын  өсуіне  қарамастан, 
республикадағы ЖІӨ-нің ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындарының 
үлесі  небары  0,18%-ды  құрайды.  Халықаралық  сарапшылардың  есептеуі 
бойынша  мемлекеттік  тұрақты  дамуы  үшін  ЖІӨ-нің  1-ден  3%-на  дейін 
ғылымды қаржыландыруға бөлінуі тиіс. 
Қазіргі  уақытта  республика  ғалымдарына  қолдау  көрсету  мен 
ынталандырудың өзге де формалары қарастырылған. Мысалы, 2014 жылдан 
бастап  ғылым  мен  техника  саласындағы  Мемлекеттік  сыйлықтың  көлемі 
27,8 млн теңгеге дейін ұлғайды (бұрын 6 миллион теңге болатын). 
Сонымен  қатар  Президент  Н. Ә. Назарбаевтың  тапсырмасына  сәйкес 
2014  жылдан  бастап  озық  ғылыми  зерттеулер  мен  инновациялар  енгізгені 
үшін  берілетін  әл-Фараби  атындағы  жаңа  Мемлекеттік  сыйлық 
тағайындалатын болады (18,6 млн теңгеден 6 сыйлық). 
Елбасының  Жолдауында  көрсетілген  ғылым  саласының  жоғарыда 
аталған  маңызды  міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін,  ең  алдымен,  олардың 
заңнамалық,  құқықтық  реттелуі  мәселелерін  шешу  қажет.  ҚР  «Жасыл 
энергетика»  саласындағы  түрлі  ғылыми  бағдарламалар  бойынша  қарқынды 
зерттеулер  жүргізіліп  жатыр,  оның  мақсаты  бүкіл  энергетиканың  «жасыл» 
салаға  жалпы  көшуі  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс  дегенді  білдірмейді. 
Жасыл энергетика – энергия көзіне жақын орналасқан әрі автономды жұмыс 
істейтін  шаруашылықтарда  (шаруа  қожалығы,  отарлы  мал  шаруашылығы, 
кезеңдік  сипатта  жұмыс  істейтін  машиналар  мен  жабдықтар)  неғұрлым 
тиімді  пайдаланылуы  мүмкін.  Ірі  қалалар  мен  өндірістік  кәсіпорындардағы 
электр энергиясына, мұндай жағдайлар үшін неғұрлым қуатты және тұрақты 
энергия көздері (гидро-, жылу- және атом энергетикасы) қажет. 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау