183
Қайтарма
осмос
тәсілімен
минералданған
жерасты
суларын
тұщыландыру
бойынша
технологиялық
құралдың
конструкторлық
құжаттамасы және эксперименттік үлгісі әзірленді. Жерасты суларының
(шахта құдықтарының және ұңғымаларының) су жинағыштарын қалпына
келтіру әдістерін таңдау жөніндегі ақпараттық-кеңес жүйесі (АКЖ)
құрылды.
Арал теңізінің кеуіп қалған түбіндегі (150 мың га) топырақтың қазіргі
жай-күйі зерделенді. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінің топырақ
картасының қазіргі заманға лайық электрондық нұсқасы жасалды.
Павлодар облысы Ертіс жағалауы төңірегінің каштан топырағына
биогумус енгізудің әсері жөнінде зерттеулер жүргізілді.
Тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдана отырып бидайды
ауыстырмай сепкенде тың жердің топырағымен (0,91%) салыстырғанда
қозғалмалы органикалық заттар азаятыны (0,38-0,42%), алайда, олардың
гумус құрамындағы үлесі мейлінше аз өзгеріске ұшырайтыны анықталды.
Зерттеулердің нәтижелері 45 конференцияда және семинарда сыналды,
ғылыми жарияланымдарда 167 мақала жарияланды: отандық басылымдарда
– 97, ТМД елдерінде – 29, алыс шетелдерде – 41, сонымен бірге, БАҚ-та 48
мақала, теледидар арқылы 18 көрсетілім берілді.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі және ауылдық
аумақтарды дамыту факторларын зерттеу» деген бағыт бойынша:
12 ұсыныс, ұлттық аграрлық азық-түлік нарығының конъюнктурасына
мемлекетаралық ықпалдастыққа қатысушы елдердің оңтайлы әсерінің 1
моделі (өнімнің және азық-түліктің әр түрі бойынша), нарық конъюнктурасы
жай-күйінің мемлекетаралық ықпалдастықтың даму деңгейіне тәуелділігі
бойынша 1 сценарий, ауылдық өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан жаңғырту
негізінде 2020 жылға дейінгі кезеңде ауылдық еңбек ресурстарын өзгертудің
1 болжамы есептелді.
Аграрлық ғылым мен инновацияларды дамыту жөніндегі іс-
шараларды қаржыландыру туралы:
2013 жылы «ҚазАгроИнновация» АҚ мынадай бағдарламалар
шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін
көрсету бойынша іс-шараларды іске асырды:
1) бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша - 3 315,387 млн
теңге;
2) 32 субъектіні негізгі қаржыландыру бойынша - 960,378 млн теңге;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер (003
бюджеттік бағдарлама) – 84,89 млн теңге;
4) «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару»
деген 001 бюджеттік бағдарлама, «АӨК субъектілерін өтеусіз негізде
ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген 101 кіші бағдарлама - 277,198
млн теңге;
5) «ҚазАгроИнновация»
АҚ-ның
9
ұйымын
гранттық
қаржыландырудың жалпы сомасы 592,1 млн теңге;
184
6) іргелі және қолданбалы зерттеулер (055 бюджеттік бағдарлама) –
20,8 млн теңге;
7) 019 бюджеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджеттерден –
104,4 млн теңге.
2013 жылдың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың
игерілуі 100%.
АӨК-ге енгізу.
2013 жылы жалпы сомасы 895 407 мың теңгеге ҒЗТКЖ нәтижелерін
енгізу жөніндегі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде:
1) жалпы сомасы 269 542 мың теңге қызметтер көрсету және ҒЗТКЖ
нәтижелерін енгізу іске асырылды;
2) жалпы сомасы 329 476 мың теңге ауыл шаруашылығы техникасы
дайындалып сатылды, сондай-ақ оларды ғылыми тұрғыдан қолдау және
өндіріске енгізу жүргізілді;
3) жалпы сомасы 286 882 мың теңге тұқымдық материал сатылды;
жалпы сомасы 9 506 мың теңге лицензиялық келісімдерге қол қойылды.
Келтірілген деректер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
ҒЗТКЖ нәтижелерін практикада пайдалануға мүдделі екендігін дәлелдейді.
Білім тарату жүйесі. Білім тарату орталықтары арқылы ауылдағы тауар
өндірушілерді озық технологияларды қолдануға оқыту бойынша жұмыстар
жалғастырылуда.
2013 жылы Білім таратудың 10 орталығы арқылы 105 ғылыми-
практикалық
семинар
өткізіліп,
2794
адам
оқытылды.
Ауыл
шаруашылығының әртүрлі бағыттары бойынша 72 ұсыным, әртүрлі
ақпараттық өнім шығарылды.
Ғылыми-практикалық семинарлардың тақырыптары көрсетілетін
қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
бойынша АӨК субъектілерінің нақты сұраныстарының негізінде
қалыптастырылды.
2013 жылы «ҚазАгроИнновация» АҚ Алматы облысындағы ірі
шаруашылық «Байсерке-Агро» ЖШС базасында ғылыми оқыту-өндірістік
орталығын ашты. Ұсынылып отырған бұл жобада білім беру, ғылым және
өндірісті ықпалдастыру тетіктері қамтылған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен
және ең үздік шаруашылықтармен өзара қарым-қатынасы ауыл
шаруашылығы өнімін өндірудің толық циклын қамтыған және аграрлық
саладағы жоғары білім беретін ұйымдардың студенттері үшін практикалық
дағдылануды арттыруға, ғалым магистранттар мен докторанттардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге тиімділігі жоғары технологияларды оқытуға мүмкіндік
береді.
«Байсерке-Агро» ЖШС-тің өндірістік базасында ғылыми-өндірістік
оқыту орталығы жарақтандырылған және бір тараптан Университеттің
өндірістік оқыту базасы ретінде, ал екінші тараптан АӨК саласындағы Білім
185
тарату орталығы ретінде қызмет атқарады, мұнда білім беру, практикалық іс-
шаралар және тиімділігі жоғары технологияны ауыл шаруашылығы
өндірісіне енгізуге арналған ғылыми әзірлемелерді көрсету жүргізіледі. 2013
жылы «Байсерке-Агро» Білім тарату орталығында АӨК-нің 129 субъектісіне
арналған 5 ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Білім тарату жүйесі жүйесінің жұмысын бағалау нәтижесі
көрсеткендей, бұл жүйе АӨК мамандарының білімін жетілдіруіне, ауыл
шаруашылығын жүргізудің ең үздік әдістері мен технологияларын игеруге
мүмкіндік бермек. Білім тарату орталықтарында өз мамандарын оқытуға
ауыл шаруашылығы құрылымдарының мүдделілігі жоғары болуы мұның
айқын дәлелі бола алады. «ҚазАгроИнновация» АҚ шетелдік компаниялар
қатарынан «Extension» жүйесін дамытуға стратегиялық әріптестерді
қатыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Халықаралық ынтымақтастық.
«ҚазАгроИнновация» АҚ есепті кезеңде ұлттық зерттеулердің ең үздік
әлемдік
жүйелерімен
және
халықаралық
ғылыми
ұйымдармен
ынтымақтастықты дамыту арқылы ауыл шаруашылығы зерттеулерінің
ғылыми әлеуетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды. Мысалы:
Қуаңшылық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы зерттеулерінің халықаралық
орталығы (ИКАРДА) және Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі
халықаралық орталық СИММИТ), Көкөніс шаруашылығының дүниежүзілік
орталығы (AVRDC), Халықаралық картоп орталығы (CIP), БҰҰ-ның азық-
түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Халықаралық күріш
шаруашылығы орталығы (IRRI).
2013 жылы шетелдік ғылыми ұйымдарда 148 ғылыми қызметкер
біліктілігін арттырды. Ресей, Беларусь, Украина, Қытай және Германия
сияқты елдердің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен әріптестік орнатылған.
Халықаралық ынтымақтастықтың серпінді жобалары ретінде мыналдарды
атап көрсетуге болады:
1) «Қазақстанның сүт бағытындағы малдарының генетикалық
әлеуетін арттырудың қазіргі заманға лайық технологияларын әзірлеп
бейімдеу».
Осы жобаның шеңберінде фенотип және өнімділік көрсеткіштері
бойынша бағаланған, ДНК бөлу үшін қан үлгілері алынған, голштиндік және
голштинделген мал тұқымдарынан сүт бағытындағы 7000 бас мал бойынша
деректер базасы жасалды.
Францияның Ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері институтының
(INRA) Labogena зертханасының базасында Illumina (Tecan Robot)
тұғырнамасында Қазақстандық сүт бағытындағы малдың 2000 ДНК үлгісін
генотиптендіру жүргізілді.
2) «Қазақстандық-германдық аграрлық-саяси диалог». Жобаның
мақсаты – Қазақстанның АӨК саласында консультациялық және
сарапшылық қызметтер көрсету үшін Германиядан сарапшылар шақырып
қатыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |