Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет32/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92

76 
 
жағу процестерінің стендтік зерттеулерінің нәтижелері пайдаланыла отырып 
жүзеге  асырылды.  Верификациялау  есептік  және  тәжірибелік  деректердің 
сәйкестігін  растады.  Жану  өнімдері  температурасының  тәжірибелік  және 
есептік  мәндерінің  айырмашылығы  оттықтың  биіктігі  бойынан  20%-дан 
аспайды.  Кокс  қалдығындағы  жанбай  қалған  көмiртектiң  шоғырлануы 
эксперименттік  оттықтың  шығысында  өлшендi.  Оның  тәжірибелік  және 
есептік  мәндерінің  айырмашылығы  да  20%-дан  аспайды.  Есептік  және 
эксперименттік  деректерді  салыстыру  нәтижелерi  Плазма-Көмір  және  3D 
Cinar  ICE  бағдарламалар  кешенін  ПТС-пен  жабдықталған  қазандардың 
оттықтарында  қатты  отынның  жану  процесін  сандық  зерттеу  үшін 
пайдаланудың  дұрыстығын  растады.  Эксперименттік  оттықта  және 
Қазақстан  ЖЭС-терінің  бірқатар  өнеркәсiптiк  қазандарына  от  жағуды 
кешенді есептеу әдісін қолдану арқылы қатты отынның жануына үшөлшемді 
модельдеу жасалды. 
Алматы  ЖЭС-2  стансасының  БКЗ-420  қазанының  от  жағу  камерасын 
3D  модельдеу  ПТС-пен  от  жағу  жұмысы  кезінде  от  жағу  камерасының 
шығысында  көмірдің  жану  өнімдерінің  температурасының  төмендейтінін 
көрсетті,  бұл  отынның  ерте  тұтануы  мен  толық  жанып  кетуіне  байланысты 
болады  және  оны  пайдаланудың  тиімділігін  арттыратындығын  дәлелдейді. 
ПТС-ті 
пайдаланған 
жағдайда 
оттықтың 
шығысында 
оттектің 
шоғырлануының  екі  есе  төмендеуі  жану  процесінде  оны  барынша  толық 
пайдалануды  растайды.  ПТС-тің  отынның  механикалық  жанбағандығын 
18%-ға  және  азот  тотығының  шоғырлануын  25%-ға  төмендететіні 
анықталды.  Қорыта  келгенде,  ПТС-ті пайдалану  қатты  отынның жануының 
экология-экономикалық тиiмдiлiгін арттырады. 
Қатты  отындарды  өңдеу  үшiн  ПТС-ты  пайдалану  экологиялық 
тиімділігімен  қатар,  экономикалық  тиімділігі  айтарлықтай  болады.  Мазут 
пен  көмірдің  құнында  айтарлықтай  айырмашылық  болғандықтан,  шаң-
көмірлі ЖЭС-те ПТС-ті пайдалану көмірдің орнына қолданылатын мазуттың 
бір тоннасына шаққанда 200 АҚШ долларына дейін экономикалық жағынан 
тиімді  және  бiр  жыл  ішінде  ақталады.  Бұл  Қазақстан  ЖЭС-і  үшiн  жылына 
шамамен  50  млрд.  теңгені  құрайды.  Төменсортты  көмірді  плазмалық-булы 
газдандырудан  синтез-газ  алудың  экономикалық  тиiмдiлiгі  оны  өндірудің 
дәстүрлі әдістеріне қарағанда жоғары болатындығы көрсетілді. Төменсортты 
көмiрлерден  жоғарыкалориялы  синтез-газ  өндiру  үшiн  ПТС-ті  пайдалану, 
өндірудің дәстүрлі технологияларымен салыстырғанда, метанолды 47,3%-ға, 
сутекті  42,5%-ға  арзандау  алуға  мүмкiндiк  бередi.  ПТС-ты  қолдану  сондай-
ақ  металлургиялық  коксты  кокстелмейтін  көмірді  плазмалық  бумен 
газдандыру  жолымен  алынатын  синтез-газбен  алмастырғанда  темiр-кен 
түйіршіктерін  қалпына  келтiруiне  жұмсалатын  шығынды  40%-ға 
төмендетеді. 
Зиятты  робототехникалық жүйелер.  Қазақстанда  Д.  И. Менделеевтiң 
Периодтық  жүйесіндегі  74  түрлі  элементті  шығару  арқылы  125-тен  астам 
түрлі  мамандандырылған  өнімдер  ғана  шығаратын  көпсалалы  кен-


77 
 
металлургия  кешені  бар.  Мыс,  қорғасын,  Қазақстанның  басқа  да  кейбір 
металдары  кезінде  Лондон  металдар  биржасында  сапа  эталоны  ретінде 
тіркелген  болатын.  Қазақстанның  жер  қойнауында  вольфрамның  50%-дан 
астам,  уранның  25%,  қорғасынның  19%,  мырыштың  13%,  мыстың  10% 
әлемдiк  қоры  шоғырланған.  Уран  өндiрiсi  мен  ауыр  өнеркәсiптің  басқа  да 
салаларындағы  жетістіктермен  Қазақстан  меншiктi  минерал  шикiзатын 
кешендi өңдеудiң жаңа биіктеріне жете алады. 
Ұңғымалық  зерттеу  (каротаж)  кез  келген  барлау  жұмысының  және 
металл  өндірудің,  металы  бар  кеннен  сирек  кездесетін  металдар  алу 
жұмыстарының  ажырамас  бөлiгі  болып  табылады.  Каротажды  ашық, 
сондай-ақ  кабельмен  түсірілетін  арнаулы  аппаратураның  көмегімен 
орнатылған  діңгекте  жүргізеді.  Каротаждың  қазiргi  түрлерiнiң  бiрi  ұңғыма 
қабаттарын ренгенрадиомериялық зондтауға негізделеді, бұл кеннің құрамы 
мен  мөлшерін  немесе  мұнай  шоғырының  параметрлерін  дәл  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Каротаждау  процесiн  автоматтандыру  және  кен  спектрін  қазiргi 
ақпараттық технологиялар және компьютерлік техника базасында дәл талдау 
және  өңдеу  әлемдегі  кенорнын  барлаудың  заманауи  технологияларының 
негізін  құрайды.  Автоматтандырылған  мобильді  каротаж  стансасы  жоғары 
өнімділікті,  барлау  нәтижелерінің  жоғары  дәлдігі,  нәтижелерді  автоматты 
түрде  түзетудің  болуы,  пайдалануды  оңайлату  және  т.б.  сияқты  маңызды 
артықшылықтарға ие. 
Тау  жыныстарын  рентгенрадиометрлік  зондтауды  пайдалануға 
негізделген автоматтандырылған каротаж стансасын салу міндеті, сондай-ақ 
ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік  техниканың  заманауи 
жетістіктерін  қолдана  отырып,  осы  агрегатта  барлық  процестерді 
автоматтандыру өзекті болып табылады. 
«Параметрлері  ұйтқыған»  ресурстарды  үлестіру  модельдері  мен 
әдiстерi. Әртүрлi ресурстарды, соның ішінде параллель материалдық немесе 
ақпараттық ағындар қалыптастыратын ресурстарды үлестіру тәжірибеде жиі 
кездесетін  мәселелердiң  бiрi  болып  табылады.  Алайда  мұндай  міндеттерді 
шешу  көптеген  жағдайларда  елеулi  есептеуiш  мәселелерге  байланысты. 
Мұның  себебі  –  параллель  объектiлердің  әдетте  iшiнара  бiртипті  болып 
келуінде  және  бұл  осы  міндеттердің  модельдерінде  аз  параметрдің 
(ұйтқудың) пайда болуына және сонымен байланысты алынған шешімдердің 
орнықсыздық  мәселесi  олардың  матрицаларының  «нашар  шарттастықтың» 
әсерінен  шектеулерге  алып  келеді.  Өзгешеленген  матрицалы  теңдеулер 
жүйелерінің  орнықты  шешімдерін  табу  мәселесі  тұрақтандырушы 
функционалдарды  енгізу  арқылы  [38]  жұмыста  қарастырылды.  Бұл  идея 
шектеулері 
өзгешеленген 
матрицаға 
жуық 
базалық 
матрицалы 
оңтайландырылған  міндеттерді  шешу  үшін  де  кеңінен  қолданыс  тапты. 
Мысалы,  [39]  мақалада  мақсаты  бастапқы  оңтайландырылған  міндеттен 
оның  шектеулерінің  арасындағы  аздаған  айырмашылықтарды  есепке 
алмастан, яғни «ұйтқусыз» алынған тудырушы жүйені бөлу  және ұйтқудың 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау