Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет25/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92

61 
 
алюминий  тотығы,  катилизаторлар  өндірісі  үшін  кремний  оксиді, 
ферроқорытпа  өндірісі  үшін  флюс,  СЖМ  концентраттары,  молибден,  уран 
оксиді, ванадийлі концентраттар есептеледі.  
Технология  мына  шектерді  қамтиды:  ұнтақтау-үгіту  операциясын 
жүргізе  отырып  кендерді  дайындауды,  кендік  массаларды  сыныптауды 
(классификациялау), бейтараптандыру-декарбонизациялауды (атмосфералық 
сілтілеу  (шаймалау), автоклавты  күкіртқышқылды өңдеуді, сорбционды алу 
және  синтетикалық  сорбенттерге  концентрациялауды  (жинақтау),  жеке 
қосылыстарды  десорбциялауды,  ванадий  оксиді,  уран  және  молибден 
(сарықоқым)  концентраттарын,  СЖМ  концентраттарын,  алюмокалийлі 
ашудастар,  металлургиялық  флюстер  алуды  және  тұйық  циклды 
суайналымын қамтамасыз етуді. 
Өндірістік-тәжірибе 
масштабында 
қарасланецты 
қойыртпақты 
автоклавты  сілтіреу  (шаймалау)  параметрлері  оңтайландырылды:    Т:Ж 
(автоклавка  шығар  жерде)  =  1:0,8;  Т:Ж  (автоклавтан  шығар  жерде)  =  1:1; 
өңдеу температурасы – 160°С; өңдеу уақыты – 2 сағат; автоклавтағы жалпы 
қысым – 13 атм; автоклавтағы оттегі қысымы – 3 атм; Н
2
SO
4
 шығын (қатты 
құрамының %-нан) – 12%; ОВП – 450 мВ көп емес; ванадийді алу деңгейі – 
92%; уран – 95,5% , молибден – 80%, СЖЭ – 75%. 
Автоклавты 
сілтілеудің 
ерітінділерін 
сорбционды 
өңдеудің 
технологиялық  сызбасы  мынандай  негізгі  операцияларды  қамтиды: 
а) молибден  мен  уранды  бірге  алу;  б)  ванадийді  алу;  в)  СЖЭ  алу  (өндіру).  
Уран, молибден, ванадийді сорбционды алу үшін күштінегізді Амберсеп 920 
немесе АМП аниониттері пайдаланылады, СЖЭ алу үшін күштінегізді КУ-2 
катиониті пайдаланылады. Сорбционды шекте алу деңгейі ванадий  – 98,0%; 
уран – 98,5% , молибден – 94,1%, СЖЭ – 90,2% құрады. 
Үздіксіз  режимде  жұмыс  істейтін,  жылына  15000  тонна  кен  өңдеуге 
есептелген  өндірістік-тәжірибе  қондырғысы  жасалды.  Автоклавты  бөлімнің 
негізгі  қондырғысының  тиімді  жұмыс  уақыты  жылына  7500  сағатты 
құрайды,  қондырғының  бір  тәуліктегі  өнімділігі  48  тонна  немесе  сағатына 
2,0 тонна кен. Іске қосудың жоспарлы мерзімі – 2014 жыл. Жалпы өндірістік 
қуаттығы  жылына  –  95  тонна  метаванадатты  аммоний  (МВА)  түрінде 
бесоксидті ванадий немесе жылына 125 тонна МВА.  
Метаванадатты  аммоний  ала  отырып  ванадий  алудың  (өндеудің) 
технологиясы өндірістік-тәжірибе сынағынан өтті.  
Құрамында  ванадийден  басқа  молибден,  ЖСМ  бар  Баласауысқанды 
кенорнының  тақтатастарынан  «Балауса  фирмасы»  ЖШС  ванадий  өндірісін 
құрды. Қазіргі уақытта өндіріс қуаттығы тек ванадий алуға мүмкіндік береді. 
Кәсіпорында  метаванадатты  аммонийды  термикалық  ыдырату  шегі  жоқ. 
Метаванадатты  аммонийды  қайтатазарту  шегін,  электролитті  тазалықтағы 
(99,92%) бесоксидті ванадий алу және ванадийлі аккумулятор өндірісін және 
феррованадий  өндіретін,  жоғарыкремнийлі  ферросилиция  өндіретін 
зауыттарды салу қажет. 


62 
 
Сирекжер  металдар  өндірісі  үшін  ең  келешектісі  черчит,  бастнезит, 
рабдофанит  минералдарынан  тұратын  Қостанай  облысындағы  Кұндыбай 
кенорны,  сондай-ақ  олардың  өндірісіне  тас  көмірдің  (ШҚО,  «Қаражыра» 
кенорны)  кейбір  сорттары,  табиғи  шунгиттер,  фосфаттар,  фториаттер  мен 
басқалар да жарайды.   
Қазақстан сирек және сирекжер металдардың минералдық шикізатының 
айтарлықтай  мөлшеріне  ие  және  де  оны  рациональды  пайдаланса  елімізде 
заманауи  ғылым  мен  техника  саласын  ұзақ  жылдар  дамытуға,  сондай-ақ, 
әлемдік нарықта сирекжер өнімдер мен сирекметалды сатуға болады және де 
түрлі  салаларға  пайдалану  үшін  оның  тазалығын  және  деңгейін  үздіксіз 
арттырып отыру керек.    
СМ  және  СЖМ  шикізаттық  ресурстарының  көптеген  түрінен 
айтарлықтай  қоры  болуына  қарамастан  пайдалы  компоненттердің 
құрамыәлемдегі  жетекші  кенорындарымен  салыстырғанда  баршама  төмен 
(2-10 есе). 
 
«Энергетика» басымдығы 
 
Энергетика саласындағы зерттеулер 
Эксперттердің  болжауы  бойынша  2030  жылға  дейін  электрэнергия 
өндірісі  үшін  бірлік  энергоқорды  қолданудың  құрамы  мен  құрылысында 
айтарлықтай  өзгерістер  болмайды.  Электрэнергия  бастысы  дәстүрлі 
қорлардың  (көмір,  мұнай,  газ,  су  және  атом  энергиясы)  жан  жағына 
жинақталады,  бірақ  болжаулар  бойынша  басқа  да  жаңа  энергия  көздерін  – 
желді,  күн,  геожылу,  биомасса  және  т.с.с.  қолдану  аздап  өсуі  мүмкін.  Бұл 
жағдайда  2030  жылы  бірлік  энергоқордың  құрылысы  келесі  түрде  болуы 
мүмкін  (%):  көмір  -  42,  табиғи  газ  -  22,  жаңа  энергоқорлар  -  20,  атомдық 
энергия - 12, мұнай - 4.  
Энергияның ең үлкен әмбебап түрі – электр көзі. Ол электрстансасында 
өңделеді  және  коммуналды  қызметтердің  электрлік  өріс  құралдарының 
тұтынушылар  арасында  таратылады.  Энергияны  тұтыну  күнделікті  өсуде. 
Біздің  өркениетіміз  қарқынды.  Кез  келген  даму  ең  алдымен  энергетикалық 
шығынды 
талап 
етеді 
және 
көптеген 
мемлекеттердің 
ұлттық 
экономикасының  қазіргі  түрі  кезінде  айтарлықтай  энергетикалық 
мәселелердің тууы мүмкін.  
2006-2030  жылдар  аралығында  АҚШ  Энергетикалық  ақпараттық 
агенттігінің  болжауы  бойынша  тұтынылатын  энергияның  саны  44%  өсті. 
Эксперттердің  айтуы  бойынша  ескірген  реттеу  күштерімен  Еуропаға  2020 
жылға  дейін  пайдалануға  шамамен  25  ГВт  қосымша  күшті  енгізуі  тиіс. 
Африка, Қытай және Үндістан елдерінде электрэнергияға сұраныс ауылдық 
аймақтарды  электрмен  қамтамасыз  етуге  байланысты  өседі.  Электрлік 
көліктер  мен  оған  ұқсас  автомобилдердің  кең  қолдануына  байланысты 
дамыған  елдер,  сондай-ақ  электрэнергияға  әлемдік  сұранысты  ұлғайтуда 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау