54
бойымен ылғалдап тұратын тау жыныстарындағы жарықтардың бойымен
судың кіруі де күшті жер сілкіністерін тудыруға себепші болады.
Техногенді сипаттағы жер сілкіністерінің пайда болуы туралы
жоғарыда
белгіленген
фактілерді
түйіндей
отырып,
Қазақстан
Республикасының аумағында пайдаланылатын көмірсутегі, қатты пайдалы
қазбалар кен орындары орналасқан аумақтарда және гидроғимараттар мен су
қоймаларының маңайларында әлеуетті жер сілкіністері ошақтарының
сейсмологиялық мониторингі жүргізілмейді деп айтуға болады.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Сейсмология институты» ЖШС әлемнің сейсмология саласындағы жетекші
9 елінің бірі болып тіркелді (6.1-суретті қараңыз).
6.1-сурет – ЮНЕСКО-ның тізіліміне енгізілген әлемнің жетекші 9 елінің
орналасу схемасы
Әлемдік деңгейдегі сейсмологиялық зерттеулерді дамытуда Ресейді,
Жапонияны, Қытайды, АҚШ-ты атап айтқан жөн. Олар бүкіл әлем бойынша
неғұрлым үлкен көлемде үздіксіз сейсмологиялық бақылаулар жүргізеді
және ғарыштық мониторингті пайдалана отырып, жер қыртысын және мұхит
ойпаттарын зерттеудегі көшбасшылар болып табылады.
Бұл елдерде сейсмология дамуының бастапқы негізі ұсақ жер
сілкіністерінен бастап апаттыларға дейінгі жер сілкіністерін үздіксіз бақылау
және әртүрлі мүмкіндіктері бар сейсмикалық станциялар желісі базасында
стандартты бағдарламалар және әдістеме бойынша материалдарды өңдеу
жөніндегі тиімді сейсмикалық қызметті ұйымдастыру қызметі болып
табылады. Сейсмикалық қызметтің басты міндеті (с.қ.) – жер сілкіністері
55
ошағының негізгі өлшемдерін уақтылы және сейсмикалық айқындау (уақыт,
гипоцентр координаттары, қуаттылығы немесе энергетикалық сипаттамасы).
Ресейдегі сейсмикалық қызметті РҒА геофизика қызметі жүргізетін
Ресейдегі сейсмикалық бірыңғай бақылау жүйесі (СББЖ) жүзеге асырады.
АҚШ-та мұндай жұмысты ұлттық сейсмикалық қызмет (NOS), ал
Жапонияда − Жапон метеорологиялық агенттігі (JMA) жүргізеді. Қытай
Халық Республикасында − ҚХР Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігі
жүргізеді.
Жапон метеорологиялық агенттігі (JМА) − бұл Жапония атқарушы
билігінің органы, ол жер сілкіністерін, сондай-ақ Жапониядағы және Тынық
мұхиттың солтүстік батыс бөлігіндегі цунами және вулкандардың
атқылауын бақылауды және алдын ала ескертуді жүзеге асырады.
Агенттіктің алты өңірлік офисі бар, төрт теңіз обсерваториясы, бес қосалқы
объектісі және төрт авиациялық метеорологиялық оралығы, 47 жергілікті
метеорологиялық обсерваториясы бар. JМА сондай-ақ бүкіл ел бойынша 627
сейсмомониторингтің бақылау пункттері бар, бұларда 5 мыңға жуық
сейсмикалық станция жұмыс істейді.
АҚШ-та
сейсмологиялық
зерттеулер
АҚШ-тың
геологиялық
қызметінде және ірі университеттердің ғылыми-зерттеу орталықтарында
шоғырланған, Төтенше жағдайлар жөніндегі Федералдық агенттік қираумен
қоса жүретін жер сілкіністерін алдын ала ескерту және олардан құтқару
шараларын бақылайды.
Қытай Халық Республикасы қазіргі кезде сейсмологиялық зерттеулер
және қысқа мерзімді болжау проблемаларын шешу саласында неғұрлым
ілгерілеген ел болып табылады. Қытай сейсмологтарының 1975 ж. М=7,3
Хайчен жер сілкінісін болжаудағы, атап айтқанда, ресми болжау негізінде
адамдар эвакуацияланған және көптеген мың адам өмірі құтқарылған шұғыл
шешуші шаралар қабылданған табыстары бүкіл әлемге белгілі. Содан бері
Қытайда жыл сайын мұқият қадағаланатын жыл сайынғы болжамдар жүзеге
асырылады. Жалпы статистика бойынша осындай болжамдардың жартысы
өзін-өзі ақтайды немесе сейсмологиялық қызмет пен іргелі сейсмологиялық
ғылымның елдің жоғарғы басшылығының тікелей қырағы назарында
екендігін және ҚХР Үкіметіне тікелей бағынатын ранг деңгейінде қаржы
және ұйымдық-кадр ресурстарымен қамтамасыз етілгенін (ҚХР жер
сілкіністері жөніндегі әкімшілігі) білдіреді, ҚХР жер сілкіністері жөніндегі
әкімшілігі (ҚХР ЖА), орталық мемлекеттік орган ретінде барлық 28
провинцияда және 2 автономдық ауданда бағынатын сейсмологиялық
басқармалары бар тиімді мемлекеттік құрылымға ие, олардың ішіндегі ең
ірілері Пекин қ. A3 СУ АР және A3. ҚХР ЖА 10-ға жуық ірі ғылыми-зерттеу
институты, сейсмикалық аппаратураларды өндіру жөніндегі бірнеше
зауыттар, сондай-ақ ауқымды, өңірлік және жергілікті бақылауға арналған
арнайы желілер, Жер сілкіністерін талдау және болжау орталықтары, арнайы
оқу орындары, баспа басылымдары және қуатты деректерді өңдеу мен беру
56
орталықтары бағынады. Әртүрлі мақсаттағы сейсмикалық станциялардың
жалпы саны 4000 бірліктен асады.
Сейсмологиялық зерттеулер Потсдам қаласындағы (ГФР) Гельмгольц
атындағы Халықаралық геофизика орталығында белсенді жүргізілуде,
Қазақстанның сейсмологтары сейсмологиялық деректер алмасу деңгейінде
тығыз ынтымақтасады.
Сейсмология және сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы ұлттық
ғылыми орталықтарда және Индонезия, Чили, Мексика, Румыния және
көптеген шетелдердің университеттерінде негізгі назар инженерлік
сейсмология проблемаларына (аумақтағы сейсмикалық қауіптілікті
бағалауға және сейсмикалық төзімді құрылысқа) бөлінеді. Олар жер
сілкіністерін болжау проблемасын қарастырмайды. ЮНЕСКО-да да осындай
жағдай орын алады.
Әлемде сейсмологияның даму үрдісіне соңғы 3 жылда жасалған талдау
іс жүзінде зерттеудің барлық бағыттарда жүргізілетінін көрсетті. Сонымен
бірге мынадай бағыттар басым болып табылады.
Нақты жер сілкіністерін болжау проблемаларына келетін болсақ, онда
бұл проблеманың шешімі зерделеу сатысында. Әлемде нақты жер
сілкінісінің орнын, күшін және уақытын бір мезгілде болжау әдістері жоқ.
Барлық зерттеулер әдістеменің орнына жүретін проблемалық болжауларға
негізделеді. Осыған байланысты Қазақстанға қатысты алдыңғы қатарлы
елдердің тәжірибесін пайдалану кезінде пайымдау қажет. Қазіргі кезде жер
сілкіністерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжау әдістемесі бұдан әрі
әртараптандырылуы және практикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы тиіс
екендігін атап айтамыз. Сонымен бірге әлемде жер сілкіністерін қысқа
мерзімді болжау (сағаттар және бірінші тәуліктер) қазіргі кезде
шешілмегенін түйсінген жөн. Тәжірибелік (өндірістік) 100% қысқа мерзімдік
болжау іс жүзінде мүмкін емес. Бұл мәселенің тәжірибелікке қарағанда
ғылыми-зерттеу болып табылатынын ескере отырып, жер сілкіністерін
қысқа мерзімді болжау проблемаларына бұдан әрі зерттеу жүргізу қажет.
Осыған байланысты негізгі күш-жігерді елдің сейсмикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесінің іс жүзінде нақты жағына бағыттау қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда жобалау және құрылыс үшін ғылыми-
әдістемелік және нормативтік база жасау жөніндегі жұмыстар (техникалық
талаптар, ұсынымдар және Қазақстан Республикасының аумағын
сейсмикалық аймақтарға бөлу картасын және Алматы қаласының аумағын
сейсмикалық шағын аудандарға бөлу картасын қоса алғанда әртүрлі
нақтыланған сейсмикалық аудандарға бөлу картасы) жүргізілуде. Әзірлеу
үшін бастама жасалып отырған карта мәні бойынша инновациялық болып
табылады және Қазақстанның құрылыс индустриясына шетелдік
инвестицияларды қарқынды тартуға негіз болып табылады.
Адамдардың және халық шаруашылығы объектілерінің, бірінші кезекте
стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету неғұрлым өзекті
проблемаға айналады, оның шешімін табу «Қазақстан2030» бағдарламасын
Достарыңызбен бөлісу: |