Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет28/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92

68 
 
судың  тегеурінін  пайданатын  шетелдік  құрылғылар.  Сонымен  қатар 
экологияны  сақтау  үшін  (үлкен  кеңістікті  су  баспай-ақ)  ағынның 
жылдамдығын  пайдаланатын  тура  ағатын  гидротурбиналарды  қолданудың 
маңызы зор. 
Инновацияларды  өндіріске  ендіруді  жүзеге  асыру  үшін  төмендегілер 
қажет: 
Инновациялық белсенділікті арттыруда маңызды нәрселердің бірі БАҚ-
та  инновациялық  кәсіпкерлікті  насихаттауды  қамтамасыз  ету,  көрмелер, 
үйірмелер  және  әртүрлі  оқыту  орталықтары  үшін  қоғамда  заманауи 
кешендер  жасау.  Осылайша  ең  алдымен  жастар  мен  балалардың 
қызығушылығын арттыру. 
Жекеше-мемлекеттік  әріптестік  негізінде  инновациялық  компаниялар 
құру.  Мұндай  компанияларды  сапалы  басқару  үшін  оларды  белгілі  бір 
бағыттар  бойынша,  мысалы,  жел  энергетикасы,  екіншісін  –  күн  стансалары 
және  т.б.  бойынша  жасау  керек.  Мұндай  жағдайда  олардың  жұмысының 
нәтижелерін де,  әзірлемелерді  коммерцияландыруға  дайындау  жағдайын да 
бақылау  өте  оңай  болады.  Ғылымды  қаржыландырудың  жаңа  механизмі 
акционерлік  қоғам  (АҚ)  түріндегі  мемлекеттік  жекеше  әріптестік  болып 
табылады.  Мұндай  қаржыландыруда  мемлекет  акцияның  50%-ын  иеленеді, 
ал жарғылық капиталдың қалған бөлігі ғылыми орталықтар мен ғалымдарға 
тиесілі болады. Жарғылық қорға салым ретінде Мемлекет ақшалай  қаражат 
инвестициялайды.  Акцияларды  ғылыми  орталықтар  мен  ғалымдарға  беру 
қорғау  құжаттарына  (патенттер,  куәліктер,  ноу-хау)  немесе  АҚ  техникалық 
кеңесінде  алдын  ала  бағаланып,  талданатын  жаңа  әзірлемелер  үлгілеріне 
айырбас ретінде жүргізіледі. 
Қазақстанның энергетиканы дамыту стратегиясын жасау үшін еліміздің 
энергетика  саласына  ғана  емес,  әлемдік  энергетикаға  әсер  ететін  негізгі 
тренділерді  айқындау  аса  маңызды.  Салааралық  өзара  әрекеттестік  және 
интеграцияланған  білімдер  кешені  негізгі  трендті  энергетика  мен  қоршаған 
ортаның,  энергетика  нарығының  ішкі  элементтерінің  тікелей  байланысы, 
экономиканың  басқа  секторларының,  соның  ішінде  энергетиканы 
автоматтандыру  мен  ИКТ-нің  тікелей  әсері  ретінде  айқындауға  мүмкіндік 
береді.  Электрмобильдер  мен  e-mobility  тұжырымдамасын  енгізумен 
байланысты  туындаған  энергетика  және  автомобиль  нарықтарының  тығыз 
интеграциялануы  екінші  тренд  болып  табылады.  Бұл  қоректендірудің  жаңа 
көздерін,  энергияны,  қуат  беруші  құрылғыларды  сақтау,  беру  және  тарату 
жүйелерін,  сондай-ақ  «ақылды  үй»  тұжырымдамасындағы  «ұтқырлық» 
технологияларын интеграциялау жолдарын әзірлеу үшін ынталандыру тәсілі 
қызметін 
атқарады. 
Жаңа 
энергетикалық 
технологиялар 
сумен 
қамтамасыздандыру  секторында  да  пайда  болды.  Олар  суды  тазартумен, 
технологиялық  үдерістерді  басқарумен,  автоматтандырумен  және  жаңа 
бақылау-өлшеу техникасын жасаумен байланысты. 
Соңғы  жылдары  зерттеу  жұмыстарының  трендіне  айналған  «жасыл 
энергетика» күн мен желдің қуатын пайдалану мақсатын көздейді. Бұл бағыт 


69 
 
үшін  Қазақстанда  табиғи-климаттық  жағдайлар  барынша  қолайлы  болып 
табылады.  Алайда  «жасыл  энергетика»  оны  дербес  жұмыс  істеуші,  әдетте, 
энергия  көзіне  жақын  орналасқан  хожалықтарда  (аграрлық  сектор, 
жайылымды  малшаруашылығы,  маусымдық  жұмыс  істейтін  машиналар 
және жабдық) пайдаланған жағдайда ғана барынша тиімді болуы мүмкін. Ірі 
қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз 
ету үшін аса қуатты әрі тұрақты электр энергиясының көздері (гидро-, жылу- 
және атом энергетикасы) қажет. 
 
«Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар  
басымдығы» 
 
Ақпараттану  саласындағы  зерттеулердің  талдауы  және  даму 
үрдістері 
Информатика саласындағы ең өзекті бағыттар төмендегілер: 
- ақпараттық қауiпсiздiк; 
- бiлiм берудегі ақпараттық технологиялар; 
- оңтайлы басқару модельдері мен әдістері; 
- техника  мен  технологияның  өзекті  бағыттарындағы  процестерді 
модельдеу (плазмалық процестер, энергетика және т.б.); 
- зиятты роботтехникалық жүйелер; 
- «параметрлері  ұйтқыған»  ресурстарды  үлестірудiң  модельдері  мен 
әдiстерi. 
Ақпараттық 
қауiпсiздiк. 
XX 
ғ. 
70–80-жылдары 
жасалған 
криптоалгоритмдер  оларды  жүзеге  асырудың  үнемділігі  бойынша 
талаптарды қанағаттандыруға тиіс болды. Қазіргі кезде техникалық базаның 
шифрларды  іске  қосу  мүмкіндіктері  олардың  өткен  ғасырдың  70  және    80-
жылдары  аппаратпен  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерімен  салыстырғанда 
бірнеше  есе  артып  отыр.  Нәтижесiнде  олардың  криптоталдауының  да 
мүмкіндіктері 
пропорционал 
түрде 
өсті, 
соның 
нәтижесінде 
криптотөзімділікке қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді, бұл құпия 
кiлттерi  бар  блоктық  шифрларды  жасауға  қатысты  заманауи  тәсілдерге 
өзгеріс енгізуге себеп болды. 1977 жылы DES деректерiн шифрлау бойынша 
АҚШ-тың  бiрiншi  стандарты  пайда  болды.  Стандарт  алгоритмі  2002  жылы 
AES  стандарты  қабылданғанға  дейiн  криптографияда  көшбасшы  болған 
Фейстель сұлбасы бойынша құрылған. AES стандарты  – байттар матрицасы 
пішінінде  ұсынылған  шифрлық  блоктың  тікелей  түрленімдеріне  (соның 
ішінде  алгебралық  түрленулерге)  негізделген,  архитектурасы  «шаршы» 
симметриялы  блокты  шифр.  Ресейде  деректерді  блоктық  шифрлеудің 
Фейстель  сұлбасы  негізінде  құрылған,  ақпарат  өңдеу  жүйелеріне  арналған 
шифрлеудің  біратаулы  стандарты  ретінде  белгіленген  ГОСТ  28147-89 
бірыңғай алгоритмі қолданылады. 
Ақпараттық  қоғам  құру  жөніндегі  ұлттық  стратегияны  жүзеге  асыру 
Қазақстанда  е-үкiмет,  е-бiлiм,  е-дауыс  беру  сияқты  ақпараттық-


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау