Султанова нургуль камильевна



жүктеу 493,97 Kb.
бет2/3
Дата07.12.2017
өлшемі493,97 Kb.
#3529
түріДиссертация
1   2   3

Негізгі бөлім
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Үш алыптың қайсысы болсын елінің бүгіні мен келешегіне қатты алаң болатыны сөзсіз еді. Олар келешек ұрпағының кісілік санатында жүруі үшін қазіргі өздеріне үстемдік тұрған жұрттың өз тілінде білім алуы қажет деп білген.

Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялдарын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өздерінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л.Н.Толстой мен К.Д.Ушинский т.б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгендері туралы зерттеу жұмысында аталған.

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді.

Зерттеуіміздің барысында философия, педагогика-психологиялық әдебиеттердегі «әлеумет», «тәрбие», «оқу», «сабақтастық», «үрдіс» ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп, мазмұнды сипаттама берілді.

Үздіксіз әлеуметтік білім беру бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы. Қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін ерік-жігерімен, шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағымына икемделе білетін, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға деп айтуға болады.

Педагогикалық тарихымыздағы ақтаңдақ парақтарды ақтаруға бағыт алған осынау үрдіс үздіксіз жалғасын тауып, монографиялық зерттеу еңбектерін дүниеге әкелді. Ж.Аймауытов, А.Байтұрсыноав, М.Базарбаев, Ә.Дербісәлин, М.Дулатов, Ш.Елеукенов, М.Жұмабаев жөнінде ой толғаған С.Қирабаев, Ш. Құдайбердиев, М.Мағауин, Қ.Мұхаметханов, Р.Нұрғалиев, Ш.Сатбаева, Ә.Тәжібаев, Ж.Ысмағұлов т.б. еңбектері осынау алып қаламгерлердің шын мәніндегі шығармашылық қуатын айқындап, лайықты бағасын берген зерттеулер болды. Жекеленген ақын-жазушылармен қатар сондай-ақ бұрыннан белгілі мұраларымызды бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қайта қарап, бағалау міндеті де зерттеуші ғалымдарымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл орайда Ә.Балтабай, Ғ.Есімов, З.Қабдолов, Х.Сүйіншалиев, С.Ізтілеуова тағы басқа ғалымдар еңбектерінде әртүрлі көкейкесті мәселелері мен жанрларына қатысты жаңаша пайымдаулар тұжырымдалды.

Бұдан соң Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарына қатысы бар бір топ еңбектер жарық көрді. З.Ахметов, Қ. Бейсенбаев, А.Дайрабаева, К.А.Дюсенбаев, А.Есенжанов, Қ.Б.Жарықбаев, К.Құнантаева, Қ.Мұхаметханов, Қ.Өмірәлиев, Х.Сүйіншәлиев т.б. ағартушылық көзқарастарына қатысты пікірлер XIX ғасырдың екінші жартысын қарастырған көпшілік еңбектерден орын алды. Абай мұрасын кейінгі кезде зерттеушілердің көпшілігі осы М.О.Әуезов белгілеп кеткен ізімен жүрген. Мысалы: З.Ахметов, А.Бейсембаева, Т.Әлімқұлов, Ғ.Есімов, Ә.Жиреншин, К.Құнантаева, А.Қартаева, М.Мырзахметов, С.Мұқанов, Қ.Өміралиев, Х.Сүйіншалиев, Р.Сыздықова, Т .Тәжібаев, Г.Төретаева, І.Халитова. Атап кеткен ғалымдар және басқада ақын мұрасын зерттеушілер өз еңбектерінде ол көрсеткен мәселелерді жан-жақты қарастырды.

Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған Мұхтар Әуезовтың тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Ғылыми зерттеудің басты методологиялық принципі – Мұхтар Әуезов әлемінің ұлы Абай әлемімен, Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай өмірімен сабақтастығы жайлы зерттеу жұмысында айтылған.

Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгізіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам мен табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған. Ал Мұхтар Әуезов өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді, Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырды. Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты... « Әуезов – екінші Абай» деген ұғым Абайды қайталау деген сөз емес, Әуезов – Абайдың ізін басушы емес, өнер жолын жалғастырушы.

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов қызметтерінде үндестері мол, үшеуі де ағартушылық қызмет атқарған, әділ шешімдер қабылдаған. Үш алып та ғылым, білім жолына түскен, әдебиетпен шұғылданған. Ел тану, жер тану ортақ арман болған. Абай қазақтың өзіне дейінгі сөз өнерін су жаңа соны арнаға салып, өз кезіндегі өнер атаулының тың биігі сыншыл реализм шоқтығына өрлетіп әкеткен болса, Шәкәрім Абайдың алғашқы ғұмырнамашысы, Мұхтар Әуезов жалпы шыншылдық пен шынайылық атаулының жуыр арада асу бермес асқар шыңы болып қалып отыр

Ш. Құдайбердиев пен М.Әуезов Абайға дана, данышпан ретінде де өз ортасынан бөлініп кеп, дара тоғысады да дәстүрін жалғастырып, ілгері дамытады. Ш.Құдайбердиев пен М.Әуезов - екінші Абай деген дәйектеменің бірін-бірі қайталау емес, бірінің ойын бірі жалғастырып, толықтырып отырады, міне, ұлы ғұламалардың шығармаларындағы сабақтастығы да осында екендігін анықтадық.

Абайдың қай ойларын дамытса да Шәкәрім мен Мұхтар оны міндетті түрде педагогика саласына, білім беру жүйесіне алып келеді.

Үш ұлы ғұламаның шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастықтығын 1 – кестеден көруге болады.

Адам баласының еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді, жемісті ету – адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбие нысанасы. Халық педагогикасының тәлім-тәрбиелік негізінің көздер мақсаты – өзінің бай табиғатына сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, жанұя, ауыл-аймақтың, Отанның, Қазақстан Республикасының ар-намысын қорғауға және тағы басқа ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Кішіпейілдік, сыпайлық, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау халықтық тәрбиеден ерекше орын алған.

Дүниежүзі ғалымдары да бұл мәселені жете зерттеген. Атап айтқанда, E.Erikcon, W.Okon, L.Pye, Д.Равич тағы басқалары оқытудың дәстүрлі ұстанымдарына сәйкес өткен заман мәдениетін жүйелеп, академиялық дәрістер жиынтығын қалыптастыруды маңызды деп түсінген. Ал П.Блум, А.Маслау, T.Nowika, R.Comer секілді ғалымдар білім берудің тиімді үлгісін қолданған. Н.Хмель, В.Якунин сияқты ғалымдарға салсақ, оқыту мен тәрбие беру үрдісінің өзегі – баланың психикасына әсер етуде Н. Ахатұлы, А.М.Амребаев, С.Ғаббасов, Ш. Құдайбердіұлы, К.Ж. Қожахметова, С.Қ.Қалиев, Б.С.Өтемұратова, Ә.Т.Табылдиев т.б. зерттеген. Олардың ішінен педагогика ғылымдарының докторлары: Г.Н.Волковтың «Чуваш халқының этнопедагогикасы», В.Ф.Афанасьевтың «Қиыр Шығыс және Сібір халықтарының этнопедагогикасы», сондай-ақ Дағыстан университетінің доценті З.М.Тамбиеваның «Бүгінгі жастарды тәрбиелеуде халық педагогикасы дәстүрінің маңызы» сияқты монографияларды атап көрсетуге болады. Бұл еңбектерде Қиыр Шығыс және Сібір, кавказдық тау халықтарының бала тәрбиелеудегі халықтық принциптері мен дәстүрлері ауыз әдебиет туындыларына сүйеніп зерттелген.

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтің бай рухани қазынасының халық мұраларына, халық өнері мен дәстүрлеріне, тіліне байланысты тұстарын түгелдей шолып өту мүмкін емес, сондықтан біз олардың педагогикадағы ұлттық тәрбиеге қатысты жақтарын ғана сөз еттік, ол туралы зерттеу жұмысымызда аталған. Ал оны жетістіре жазып, ұрпақтар жадына салу жастар тәрбиесіне қатысы бар әрбір саналы адамның абыройлы борышы.

Кесте - 1 Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы



Тәлім-тәрбиелік бағыттар

Абай Құнанбаев шығармалары

Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары

Мұхтар Әуезов шығармалары

1 Білім-ғылымға қатысты ақыл-ой тәрбиесі

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”,”Интернатта оқып жүр”,”Ғылым таппай мақтанба”, “Бірінші қара сөзі”т.б.

Қазағым қам ойлан, Сенде адам едің ғой. “Жасымнан жетік білдім түрік тілін”,”Талап пен ақыл”,”Жер жүзі жабылғанда ғалым жаққа...”, ”Насихат”т.б.

“Абай Құнанбаев”; “Әдебиет тарихы”; “Әр жылдар ойлар”, “Уақыт және әдебиет”т.б.

2. Адамгершілік тәрбиесі


“Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек”,”Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман”,”Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,””Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, “Адамның кейбір кездері””7,13,17,19”қара сөздері т.б.

Ашу мен ынсап”,”Мақтау мен сөгіс”,”Өмір”,”Шыннан өзге құдай жоқ”,”Кісіге адамшылдық неге керек?”т.б.

“Қараш-Қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, “Еңлік-Кебек”, “Қарагөз”, “Түнгі сарын” пьесалары, т.б.

3. Эстетикалық тәрбие

“Жүрегім нені сезесің”, “Не іздейсің көңілім, не іздейсің”, “Жүрегім ойбай соқпа енді”, “Көзімнің қарасы”, “Сегіз аяқ”, т.б.

“Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”, “Бостандық таңы атты”, “Адмадық борышың - халқыңа еңбек қыл”, т.б.

“Айман-Шолпан", ”Абай” опералары, “Отелла” аудармасы, “Ревизор”, “Любовь Яроваясы”, т.б.

4. Еңбек, экология тәрбиелері

“Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Шегіртке мен құмырсқа”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Күз”, “Жаз”, “Жазғытұры”, “Қыс”,”2,6,”қара сөзері т.б.

“Адам немене?”,”Епті тышқан”,”Қош жұртым””Жаз келер, қысты күнгі қысым өтіп”.”Бояулы суыр””Ақылшы торғай”,”Қасқыр, түлкі бөдене”т.б.

“Қыр суреттері”, “Іздер”, “Бүркітші”, “Көксерек” т.б.

5. Отбасы тәрбиесі

“Тұтқындағы батыр”, “Туғызатын ата-ана жоқ”, “Адамның кейбір кездері”, “кешегі Оспан ағасы”, “кешегі өткен ер Әбіш”,”Қара қатынға” “Ата-анаға көз қуаныш”т.б.

“Көңіл”, “Жиырма үш жасымда”,”Жастық туралы”,”Кәрілік туралы”, “Өзіме”т.б.

“Жетім”. “Кім кінәлі?”,”Бес дос”, “Кінамшыл бойжеткен”, “Асыл нәсілдер”, “Ел ағасы”, “Дос – Бедел дос”, “Бәйібше тоқал” т.б.

Өйткені, біз аға ұрпақтар, тіл, дәстүр, ұлттық өнер, жалпы таным мен түсінікке қатысты нәрселердің барлығы адам бойына есейгенде емес, нақ ана сүтімен бірге дарығанда ғана көктеп, жапырақ жаятындығын түсінуге тиіспіз.

Қорыта келе айтарымыз, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларындағы тәлім-тәрбие, ұлттық мінез-құлықты байқататын ой-пікірлерінің өзара ықпалдастығын байқадық (Сурет 1).

Қазіргі кезде оқыту мен білім беру, тәрбие мәселелерінде айтарлықтай үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын қазіргі білім беру жүйесі және тәрбие болып табылады.

Ең алғаш тәрбие мен оқыту идеясы И.Г.Песталоцийдің педагогикалық тәжірбиесінде жарық көрген, кейіннен И.Ф. Гербарттың еңбектерінде оқыту теориясының тәрбиелік мәні көрсетілген. «Педагогикалық энциклопедияның» авторы В.Е.Гурман педагогикалық үрдіс туралы ұғымға мынандай анықтама берді: Бұл терминнен ұйымдастырылған тұтас оқу-тәрбие үрдісін, ұстаздар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылар мен студенттердің іс-әрекеттері ретінде қарастырды. Ал, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне ендірілмеуі, тек жекелей пәндерде ұлы ғұламалардың шығармалары арқылы яғни, қара сөз, әңгіме, өлең, роман, дастан, аудармаларында жеткізгендігі туралы зерттеу жұмысымызда қарастырдық.

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне оқыту мен тәрбиелеу мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген.

Біз А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы сабақтастықты зерттей келе, олардың «толық адам» болуға ұмтылу идеясын алсақ, оған жету жолдарын білім, ғылым іздеу, өнер үйрену, еңбектенуді әдетке айналдыру, өзін-өзі жетілдіріп отыру, Аллаға, ақиқатқа, адамға сүйіспеншілікпен қарау, осылардың барлығы табылса «сонда толық боласың елден бөлек», ұлы ғұламалардың өмірбаянын оқытуда бірізділікті, жүйелілікті көздеумен бірге, біртіндеп өсу жолдарын көрсеттік.

Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігінің көрінісін: олардың тақырыпты меңгеруге ынтасы, білуге ұмтылуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығы, тапсырманы сенімді түрде қабылдауы, алған білімдері мен біліктерін практикада нәтижелі қолдана білуі, әрекеттенуі, дербестігі деп түсінуге болады. Жалпы А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру студенттердің өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді.



Демек, бұдан шығатын қорытынды: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің






Сурет 1 – А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбие, ұлттық мінез-құлықты байқататын ой-пікірлерінің өзара ықпалдастығы


оқу-тәрбие үрдісіне ендіруден туындайтын мотивациялық, мазмұндық, бағалау-нәтижелік компоненттерін құрайды. Бұның бәрі нақты деңгейлермен студенттердің белсенділік сипатының көмегімен шешімін табады. Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлерін 2-кестеден көруге болады.

Мотивациялық компонент - Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларын оқып-үйренуге деген ынта-ықылас қою, қажетсіну, жаңа білім алуға студенттердің бағыттылығы, тәлім-тәрбиелік сезімге деген дұрыс сезімімен қамтамасыз етеді.

Мазмұндық компонент - оқытушының тікелей немесе жанама түрде қатысуымен ұйымдастырылған жұмыс барысында игерілетін білім мен әрекет тәсілдерінің жүйесін қамтиды. Оны іске асыруда бұрыннан меңгерген біліміне сүйене отырып, ғылым негіздерін игеруі, практикалық тапсырмаларды өздігінен шешуі, ой дербестігі, шығармашылық әрекеті қалыптаспақ.

Бағалау-нәтижелік компонент – оқудың нақты міндеттерін шешу барысында студенттердің жұмыстың мәні мен пайдасын ұғынуы, өз жұмысының сапасын бағалауы, өздігінен бақылау, өз жұмысының кемшіліктерін дер кезінде анықтап, оны түзетуі, өзін-өзі бағалауы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса құрамадас бөлігі болып есептеледі.

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығындағы студенттердің белсенділігін дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегідей белгілерді алуға мүмкіндік берді:

- тәлім-тәрбиелік үрдісіндегі белсенділігі;

- өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынтасы;

- орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай білуі

- игерілген білімді практикады қолдана білуі

- өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бақылауы.

Осы келтірілген көрсеткіштің негізінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларының педагогикалық идеяларының сабақтастығы арқылы студенттердің белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтадық:

- білімге қызығушылығы, жаңа білімді игеруге бағытталуы;

- шығармашылық әс-әрекеті;

- білімді тәжірбие жүзінде пайдалана білуі.

Студенттердің ең жоғары деңгейі тәлім-тәрбиелік міндеттерді шешуде тиімді жолдарды пайдалана білуімен, ынта-ықыластың жоғары болуымен және өз әрекеттерін бақылап, өзіндік баға берумен сипатталады. Орта деңгейде студент тәлім-тәрбиелік әрекет деңгейін өз бетінше орындауда оқытушының көмегінің қажет етуімен сипатталады. Төменгі деңгейде студент тапсырманы үлгі бойынша оқытушының нұсқауымен орындайды.

Студенттер арасында жүргізілген сауалнама, сұхбат, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап алу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар сабақтастығын қаншалықты деңгейде меңгергені анықталды. Ол студенттердің білім сапасын мына деңгейлерде көрсетуге мүмкіндік берді.



Төменгі деңгей. А.Құанабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін анықтай білмеуі, түсінбеуі.

Ортаңғы деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық иедялардың сабақтастығын анықтағанымен, жұмыс практикасында қолдана алмауы, оларға еркін сипаттама бере алмайды, тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін меңгеруге талпынысы үстірт, өз бетімен жұмыс істеуге қиналады.

Жеткілікті деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін білгенімен, оларға еркін сипаттама беруде қиналады, материалдарыд оқытушының көмегімен пайдаланады.

Жоғарғы деңгей. Студенттердің ғылыми педагогикадағы тәлім-тәрбиелік ойлар жүйесіне сүйене отырып, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын анықтай алуы және оны жұмыс практикасында қолдану мүмкіндіктерін: мазмұны, әдіс-тәсілдері, формаларын нақты өлшемдер арқылы сұрыптай біледі, құралдарды, көрнекіліктерді іс-тәжірбиесінде шығармашылық ізденіспен, еркін пайдаланады.

Тәжірбиелік-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді.

Бірініші - кезең. Тәжірбиелік-эксперимент жұмыстардың ұйымдастырудың анықтау кезеңінде өткізілген сабақтардың нәтижесі анықталып, сабақ кезінде оқылған

шығармалардың педагогикалық мазмұнын толық түсінбеуі, оны игеруге деген қызығушылығының төмен деңгейде болуы, өздерінің педагогикалық ойларын дұрыс жеткізе алмауы, өз беттерімен педагогикалық шығармалардың көзқарастарын іздестіріп, жұмыс істеуге талпынбауы, шығармашылықа аса көңіл бөлмейтіндіктерін байқадық.

Анықтау экспериментінің нәтижесінде төмендегідей қорытынды шығардық:


орындаған жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай алмайды, игерілген білімді практикада қолдануға әрекет жасамайды; өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бағалауы нашар. Сондықтан осы олқылықтарды толтыру мақсатында жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогика мамандығы бойынша арнайы курс ендірілуі керек деп ұйғарып, оның бағдарламасын түзіп, іс жүзінде тексеру жұмысын жүргіздік, оны екінші кезеңде қарастырамыз.

Екінші - кезең. Қалыптастыру кезеңінде тәжірбиелік жұмысымыз үш ғұламаның шығармаларын студенттерге тапсырмаларды орындату, оны оқу үрдісіне тексеру, өздігінен және дербес орындайтын тапсырмалар арқылы белсенділігін дамытып, білім деңгейлерін жетілдіру негізінде өтті. Сонымен қоса арнайы бағдарламалары жасалып, оқу үрдісінде сынақтан өткізілді, нәтижелері, қорытындылары кафедра мәжілісінде, әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланды.

Кесте 2 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлеріы


Компоненттері

Деңгейлері

Студенттердің оқу белсенділігінің сипаты

Мотивациялық

Жоғары

Білімдерге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталуымен ерекшеленеді

Орта

Білімді игеруге ынталы жұмыс істейді, қиындықты жеңуге белсенділік танытады

Төменгі

Қызығушылығы төмен, тапсырманы орындауға ынта қоймайды, жаңа білімді бағытталуы төмен

Мазмұндық

Жоғары

Шығарманы оқығанда тақырыптың ең басты идеясын түсініп, жаңғыртады, мақсаттары мен міндеттерді анықтай біледі, жұмыстың толық жоспарын жасайды, шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады

Орта

Тақырыптың жалпы мазмұнын түсініп, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды, игерілген материалдың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді, өзін-өзі бақылауға ішінара белсенділік көрсетеді

Төменгі

Оқылатын материалдың ерекшелігін және оның мақсатын ескермейді, жоспарлау алға қойылған мақсатсыз іске асырылады, өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді

Бақылау-

Нәтижелік



Жоғары

Студент өзінің оқу-тәрбие әрекетінің мақсатын өз бетінше айқындайды, үнемі өз бетінше білім алады, жұмыстың мақсаттыры мен міндеттеріне байланысты өзін-өзі бақылайды

Орта

Оқу-тәрбие әрекетті оқытушының көмегімен жүзеге асырады, осы негізде тапсырманың мақсатын өзі айқындайды, өз бетінше білім алуға талпынады

Төменгі

Оқу-тәрбие әрекет мақсатын ат үсті қабылдайды, өз бетінше жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға талпынбайды

Арнайы курс бағдарламасы: Тақырыбы: “Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру”

Бұл курсты педагог емес мамандықтар үшін де оқуға болады. Арнайы курс психология, педагогиканың теориясы, тәрбиелеу әдістемесі, философия, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы пәндермен қатар не болмаса олардан соң оқыту тиімді нәтижелер беруі күмәнсіз.

Курс бойынша оқылатын дәріс, семинар жұмыстармен бірге реферат жазу, өзіндік жұмыстар астарласып қатар жүреді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі ендірілуде. Осыған орай, арнайы курстың тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс орындауға болады.

Арнайы курстың мақсаты педагогика тарихында алған білімдерін тереңдетіп, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М. Әуезовтың шығармаларындағы педагогикалық ойлардың сабақтастығын талдау арқылы бүгінгі тәлім-тәрбие проблемаларын шешудегі маңызын ашып көрсету.

Арнайы курстың мақсатына қарай мынадай міндеттері белгіленді:

1. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың қазақ халқының қоғамдық өміріндегі және тарихи даму кезеңдеріндегі алатын орнын ағартушылық қызметі тұсынан сабақтастығына сипаттама беру.

2. Абай, Шәкәрім, Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің сабақтастығын ашып көрсету;

3. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын бүгінгі педагог мамандарды даярлауда пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.

Бағдарламада арнайы курстың негізгі сабақ формаларын өткізудің тақырыптаық жоспары зерттеу жұмысымызда берілді. Арнайы курстың тақырыптық жоспарын 4-кестеден көруге болады:

3-кезең. Бақылау эксперименті барысында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің қандай деңгейде қалыптасқанын анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру жұмыстары жүргізілді.

Аузыша сұраулар негізінде студенттерде болашақ мамандықтарына сәйкес арнайы білім, білік және дағдының меңгерілгені анықталды.

Тексеру жұмыстары әрбір кезеңде жүргізілген бақылау қиықтарынан тұрды. Бақылау қиықтарына ұсынылған тапсырмалар жүйесі А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын, тәлім-тәрбиелік ойларын сезіммен қабылдауы, қызығушылықтың басым болуы, өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынта ықыласының жоғарлауы, орындалатын жұмыстың педагогикалық мақсаты мен мәндерін анықтай білулері, ғұламалардың шығармаларындағы негізгі педагогикалық ойды ажырата білулері, өз беттерімен мүмкіндіктерін білуі, орындаған жұмысты жүйелеу, нәтижесін шығару білімдерінің әлдеқайда дамығандығы айқындалды, олардың теориялық білімдерінің деңгейін анықтау және сол білімдерін практикамен ұштастыру жақтарын есепке алу негізінде құрылды.

Кесте 4 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру




Тақырыптар

Оқу формасы

Дәріс

Семинар

1 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың педагогикалық ойларындағы сабақтастық

2

2

2 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың оқу, білім-ғылымға қатысты ой-пікірлерінің сабақтастығы және ақыл-ой тәрбиесі

2

2

3 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың эстетикалық тәрбиеге байланысты ой-пікірлерінің сабақтастығы

2

2

4 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың адамгершілік тәрбиеге қатысты ойларындағы сабақтастық

2

2

5 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың еңбек тәрбиесіне байланысты ой-пікірлері және экологиялық тәрбие.

2

2

6 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың отбасы қарым-қатынасы жайлы ойлар сабақтастығы.

2

2

7 Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың этнопедагогика мен этнопсихологияға байланысты ой-пікірлері

2

2

Барлығы

14

14

Алынған нәтижелерді талдау және оларды анықтау эксперименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі тиімді ықпал екенін аңғартты, оны 5 кестеден аңғаруға болады.

Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған педагогикалық жүйе бойынша даярлаған студенттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында төмен деңгейді көрсеткен студенттер саны 52,76% болса, эксперимент соңында 7,11%, орта деңгейдегі 29,13% болса, соңында 18,11%, жеткілікті деңгейде алғашында 18,89% көрсетсе, соңында олардың саны 46,45% жетті, жоғары деңгейді алғаш ешбір студент көрсетпесе, соңында олардың саны 27,55% көрсетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.
Кесте 7 - А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығының салыстырмалы деңгейлері


Деңгейі

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Экспериментке дейін

Эксперименттен

Кейін


Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Төмен

52,76

7,11

52,80

48,0

Орта

29,13

18,89

29,60

22,0

Жеткілікті

18,11

46,45

17,60

30,0

Жоғары

-

27,55

-

-

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармалаырндағ педагогикалық идеялардың сабақтастығының анықтау кезеңі мен бақылау кезеңінің салыстырмалы деңгейлер нәтижесін 2 суреттен диаграммасын көруге болады.



Тәжірбиелік эксперименттік жұмыстың анықтау және бақылау кезеңдерінің нәтижелері 2-суреттен көреміз.

Сурет 2 – Анықтау мен бақылау деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері


Сонымен жүргізілген тәжірбиелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.


жүктеу 493,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау