Су тіршілік көзі. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыстық тіршілігінде маңызы өте зор



жүктеу 61,07 Kb.
бет2/11
Дата04.01.2022
өлшемі61,07 Kb.
#36128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми Жоба CУ10 ә Аяжан

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-ауыз сулардың химиялық құрамын анықтау;

-су құрамына байланысты әдеби кітаптарға шолу жасау;

-зертханада түрлі су үлгілерінің құрамындағы Са2+ және Mg2+ иондарының мөлшерін анықтау;



Зерттеу нысаны: Әр түрлі су үлгілері (құбыр суы, «Асем- ай» суы, «Тассай» суы, дистилденген су, фильтрленген су)

Зерттеу болжамы: Ауыз сулардың кермектілігін анықтап, кермектігі аз суды халықтың тұтынуына ұсыну.

1-тару. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


    1. Су -тіршілік көзі

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Табиғатта қоспасы жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.

Суды алғаш 1781-82жыл ағылшын ғалымы Г.Кавендиш синтездеген.1783 жылы А.Лавуазье сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатынын дәлелдеді . 1785 жылы   А. Лавуазье. француз ғалымы Ж .Мёньмен бірге судың сандық құрамын анықтады. Сутегі өте кең тараған, ол барлық жерде: космос кеңістігінде, тұмандықтарда, жұлдыздарда, тіпті Күнде де кездеседі.Аса ғаламат қысым мен ондаған миллион градус температураның әсерінен сутегінде болатын өзгеріс Күннің жылуы мен жарық шығаруына мүмкіндік береді/2/.

Су – О градуста қатып , 100 градуста қайнайды. Табиғатта таза су кездеспейбі , онда еріген түрлі қоспалар болады, сондықтан ауыз суды , өндірістік мақсаттарға қажет суды арнайы тазартады. Су минералының  мөлшеріне қарай сулар өте тұщы (0,2 г\л-ге дейін) , тұщы   



( 0,2 - 1 г\л) ,  ащы(1- 10 г\л), жай тұзды ( 10 - 35 г\л), өте тұзды ( 35 - 50 г\л),  жай тұздық   ( 50 - 75 г\л),  тұздық (75 – 150 г\л),  тұзға қаныққан  (  150 - 330 г\л),  тұзға өте қаныққан   ( 330 г\л – 1 ден астам ),   болып ажыратылады. Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері  1454327,2  мың км3 ; бұның ішінде дүние жүзілік мұхит үлесіне 1370 млн. км3 , жер асты суына 60 млн. км3 , мұздықтарға 24 млн. км3 , көлдерге 230 мың. км3 , топырақ  ылғалына 82 мың. км3 ,  өзен суына 1,2 мың. км3 , атмосфера буына 14 мың. км3 келеді. Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.    Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95%  судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады. Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады. Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды. Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады. 1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет. 1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады. Адам денесіндегі бүкіл майынан, белоктарының едәуір бөлігінен айырылса тірі қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек: сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады. Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек. Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады. Судың адам өміріне баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді , жүк тасыйды, ағаш ағызады. Судың күшінен электр қуатын да алады.. Су арқлы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата , тері бояу, қағаз , сабын дайындау, нан пісіру тағы басқа жұмыстар сусыз істелмейді. Сумен шынығуда сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану. Су құйыну шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек. Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек/2/.

жүктеу 61,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау