1.2. Тұрмыста қолданылатын ауыз суға жалпы сипаттама
Суды тұтыну – су объектісінен немесе сумен қамтамасыз ету үшін жасалған техникалық жабдықтау жүйесінен тұтыну. Суды тұтынушыларға мына салалар жатады: өнеркәсіп орындары, ауыл шаруашылығында суды тұтыну (егіс алқаптарын суландыру), коммуналды шаруашылық (ауыз суына – шаруашылыққа, шайынатын орын - монша, асханада, кір жуатын орындарда және т.б.), тоғандардағы балық шаруашылығы және т.б. сонымен қатар халық шаруашылығында су ресурстарын әр түрлі салада пайдалануы техникалық – экономикалық есеппен жүргізіледі. Су көлемін мөлшермен пайдалануды - өндірістік процестерге қажет деп есептелінген. Бұл өндіріс орындарының сипатына, түріне байланысты. Әрбір өнеркәсіп орындары салаларынан өндіруге пайдаланылған шикізат және өндірілген өнімге жұмсалған су шығындарының арнай белгіленген мөлшерге сәйкестігі, оның жойылуы және ағын суларының су қоймаларына түсуі туралы қысқаша сипат алады. Б.Н Ласкорина мәліметі бойынша, 1 тонна өнімді өндірудегі су шығынын құрастырады. Тұщы суды ең ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы, әсіресе суарылатын егін шаруашылығы. Салыстырмалы түрде қарағанда, суландырылмаған егін шаруашылығына орташа алғанда 1 гектарға 1,2 мың м 3 су, ал суландырылған жерге 12 - 14 мың м 3 су қажет етілетінін көрсетуге болады. Жүгері алқабын өсіп - өндіру үшін 1 гектар жерге 3 мың т су, күріш алқабына -20 мың т дейін су қажет. Механизацияланған мал жайма орындарында бір ірі қараға тәулігіне 115 литр су, шошқа комбинатындағы бір мегежінге ( шошқа аналығы) – 234 л су қажет /3/. Су үй жануарларына тек ауыз су үшін ғана емес. Көп су тұрғын үйлерінің санитарлық- гигиеналық жағдайын сақтауға, тұрмыстық қажеттілікке, тұрғылықты жерді жылыту үшін және тағам өнімдерін өңдеу үшін шығындалады. Тұщы суды ірі тұтынушы болып табылатын коммуналды тұрмыстық шаруашылығы. Урбандалу процестері де су шығынының өсуіне әкеліп соқтырады. Ол мына мақсаттарда: егерде әлем бойынша орташа есептегенде ауыл тұрғынына тәулігіне 50 л ( жылына 18 м3) кем емес су тұтынылса, қала тұрғыны 150 л (жылына 55 м3 ). Біздің жағдайымызда қала тұрғынына тұтынылатын тәуліктік су шығыны орташа алғанда 300 литрден - 420 л дейін, ал Алматы қала тұрғындары - 580 л су тұтынады, бірақ та неге ауыз суға ысырапшылдығымыз туралы ешкім ойланбайды. Жапония, ФРГ, Франция, Англия, Австрия, Швейцария және басқа да мемлекеттер бұндай істерге салғырт қарамайды. Есеппен алғанда Венада бір тұрғынға тәулігіне тұтынылатын су -120 л, 5 Цюрихте -160 л, Лондонда 140 және Парижде - 200 литр немесе бізден 3-4 есе кем. Механикалық бритвамен қырынғанда неміске бір стакан су керек болса, электр бритваны қолданғанда тіпті де қажеті жоқ. Ол ашық кран астында жуынбай жарты қол жуғышқа су жинап соны үнемдейді. 30-40 литр сырап етуден гөрі 3-4 литрмен сумен қанағаттануға болады. Жапондық су толтырылған ваннада жуынбайды, ол суды үнемдеп пайдаланады. Республикадағы жыл бойы су тұтыну бойынша талдауы келесі статистиканы анықтады: Жыл бойындағы су тұтыну көлемі барлық салалардағы экономикасы 35,5 км3 құраса, оның 85 % жер үсті су есебінде. Елдегі жалпы су тұтынудың 75 % шамасының негізгі үлесі ауылшаруашылық өндірісіне жұмсалады; Өнеркәсіп секторы орташа алғанда 18-22 % су тұтынады; Коммуналды-тұрмыстық қажеттілікке шамамен 4-7 % су тұтынылады екен. Судың маңыздылығы өндірістің жоспар жобасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |