КІРІСПЕ
Су - тіршілік көзі. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыстық тіршілігінде маңызы өте зор. Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді. Су - атмосфераның оттегімен толығуының бірден бір көзі. Ол геологиялық және биологиялық зат айналымдардағы химиялық элементтермен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады. Осы жер бетіндегі су экожүйелері күннен күнге ластанып, қоршаған ортаның бұзылуына әкеп соғуда. Су қорларының ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арасында жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайытқыштар, улы химикаттар, азот фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері жатады. Қазіргі бүкіл планетада іс жүзінде қандайда бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге де болады. Қазіргі қоғамдағы адамдардың шаруашылық – мәдени қызметтері табиғи суды пайдалануымен байланыстығы соншалық, су ресурстардың жағдайы туралы, оның режимінің барлық өзгерістері туралы күнделікті білімнің қажеттілігі туындайды /1/.
Судағы химиялық заттардың транспирациясы бірнеше факторлармен байланысты: су температурасы, сутек иондарының концентрациясы, су микрофлорасы, еріген оттегі. Алайда трансформация процесінде кейбір жағдайларда аса қауіпті заттар түзілуі мүмкін. Сондықтан да судың қорын тиімді, үнемдеп пайдаланумен бірге оның көздерін таза сақтау, қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені шаруашылықтың қай саласында пайдаланылса да су сапалы, тұщы, әртүрлі зиянды қоспалардан таза болуы шарт. Міне, сонда ғана адамның денсаулығымен жануарлардың өсуі, олардың өнімділігі көтеріледі. Су тірі әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізгі екені сөзсіз. Судың химиялық құрамы туралы білім табиғи суларды шаруашылыққа, тұрмысқа, өнеркәсіпке, гидротехникалық пайдалануға көмектеседі.
Менің ғылыми жобамның тақырыбы: «Жамбыл облысы тұрғындарының тұтынатын ауыз суының химиялық құрамын анықтау».
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жергілікті халықтың тұтынатын ауыз суының химиялық құрамын анықтау, дәлірек айтқанда бірнеше су үлгілерінің құрамындағы кальций және магний иондарының мөлшерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |