ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОРАЛ “ МАҚСАТ “ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНБАЛАР
Орал 2017
ГОСО 2016 талаптарына сәйкес колледждің әдістемелік қызметі
оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік
ұсынбалар әзірледі.
Әдістемелік ұсынбалар колледж оқытушыларына сабақта білім беру
үрдісінде және аудиториядан тыс қызметтерде пайдалану үшін арналған.
Әдістемелік ұсынбалар колледждің әдістемелік
Кеңесі отырысында қаралады.
№ 3 хаттама 16.01.2018
«Ең күшті, ең ақылды адам емес,
болып жатқан өзгерістерге жақсы жауап
беретін ғана аман қалады».
Чарльз Дарвин
Түсіндірме хат
Жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары бүгінгі күні білім берудің
алдында тұрған міндеттер мен мақсаттарды айқындайды.
Оқытушының оқушыға білім мен дағдыларды қарапайым беруінің орнына
оқушылардың қабілеттерін дамыту басымдықтары , оқу мақсаттарын
өзінше қою, оларды жүзеге асыру , қажетті ақпаратты өзінше табу , өз
жетістіктерін бағалау мен бақылау, келді.
ГОСО – ның методологиялық негізгі төмендегіні қамтамасыз ететін
жүйелі – қызметтік қадам болып табылады :
- оқушылардың үзіліссіз білім алу мен өзіндік дамуына дайындығын
қалыптастыру ;
- оқушылардың белсенді оқу- танымы қызметін ;
ГОСО оқушылардың оқу-зерттеу және жобалық қызметі , ақпараттық
– коммуникациялық технологияларды пайдалану саласында мәліметтерін
қалыптастыруды қарастырады.
Жобалар әдісі ( жобалық технология ) бұл жерде үлкен мүмкіндіктер
алады – оқытудың тұлғалы- бағдарлы әдісінің бірі , оқу жобасындағы
міндеттерді шешу үрдісінде оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыру
тәсілі . Оқу жобасын орындар кезде оқушылар белсенді оқу- таным
қызметке кіреді , нәтижесінде коммуникативтік , оқу- зерттеу қызметтер
инновациялық , аналитикалық , шығармашылық , зияткерлік жұмыстарға
қабілеттілік, алған білімдерін практикада пайдалану, жобалық қызмет
дағдылары қалыптасады.
1. Жоба деген не? Жоба түрлері
Жоба – алдын ала жоспарланған нәтижеге тиімді тәсілмен жетуге,
нақты мәселені шешуге бағытталған студенттің өзіндік жұмысы. Жоба
өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді толығынан алуға мүмкіндік береді.
Ол әркімге өзін көрсетуге , пайда келтіруге , өз күшін байқауға , өз білімін
көрсетуге, көп алдында қол жеткен жетістіктерін паш етуге мүмкіндік
береді. Бұл қызықты проблеманы шешуге бағытталған қызмет.
Студенттердің жобалық қызметінің негізгі мақсаты – әр түрлі
пән саласындағы білімдердің бірігуін талап ететін , практикалық міндеттер
мен проблемаларды шешу үрдісінде өз бетінше білім алу.
Жобаның ерекшеліктері :
жобамен жұмыс барысында шешуге қажетті проблеманың болуы ;
жобаның нақты , қол жететін мақсаты болуы міндетті .
жобаның мақсаты туындаған проблеманы шешу болып табылады, әр
бір нақты жағдайда өз шешімі болады.
автордың жұмыс барысында жасаған , сондай – ақ жоба
проблемасын шешуші құрал болып табылатын жобалық өнім
жобаның нәтижесі болып табылады.
Жеке жобаны көпшілік алдында қорғау .
Жоба авторы 5-10 минут ішінде өз жұмысын барлық қырларынан
көрсете білуі керек . Сөйлерде қысқаша суреттеме бере кету қажет :
а) жоба тақырыбын анықтайтын проблема ;
б) жобамен жұмысты бастарда қойылған мақсат;
в) мақсатқа жету үшін шешілген міндеттер;
г) жұмыс үрдісі барысында алынған жаңа білімдер мен дағдылар;
д) жобамен және өнімімен жұмыста кездескен қиындықтар және
оларды жеңу тәсілдері.
е) алынған нәтиженің мақсатқа сәйкестігі
Қорғау барысында алдын ала дайындалған көрнекі құралды
пайдалануға болады.
Материалды түсіндірерде қойылатын талаптары :
а) материалды түсіндіру нақты болуы керек, автордың ойын анық
жеткізе білу керек ;
б) материалды түсіндіру қисынды болуы керек, яғни ойды
жүйелі, өзіне өзі қарсы келмей жеткізе біліу керек;
в) материалды түсіндіру сауатты, әдеби тіл нормаларына сәйкес
болуы керек.
Қорғауда сөйлеген сөз тақырыпты қаншалықты терең зерттегенін,
зерттеудің қаншалықты өз бетімен жүргізілгендігін , жоба авторларының
пән бойынша қаншалықты терең білімділігін көрсете білуі керек.
Сөйлеп болған соң авторларға жобаның тақырыбы немесе сонымен
байланысты тақырыбында сұрақтар қойылады.
Жеке жобаның құрылымы
Құрылым
Мазмұнына қойылатын талаптар
Бірінші бет
Кіретіндер :
- білім беру ұйымының толық атауы;
- жеке жобаның тақырыбы;
- суденттің ( жоба авторының ) – тегі , аты ,
әкесі нің аты ;
- мамандық атауы ;
- топ;
- жетекші - оқытушының тегі, аты, әкесінің
аты;
- қала, жыл;
Тарау
Енеді :
- материал басылған беттің нөмірі көрсетіліп,
барлық тараулардың, бөлімдердің атауы
Жобаның
төлқұжаты
Енеді :
- жобаның атауы;
- жобаның мақсаттары;
- жобаның үлгісі;
- білім беру саласы;
- оқу пәні;
- жобамен жұмыста пайдаланылған әдістер;
- жобаны ұсыну формасы: постер, альбом,
бейнефильм, буклет, реферат, макет,
сценарий, плакат , ғылыми зерттеу,
әлеуметтік зерттеу , спорттық шара , сайт
компьютерлік бағдарлама және басқалары
- базасында жоба орындалған білім беру және
мәдени – ағарту мекемелері : колледж
базасы, кітапхана, жоғары оқу орны (
кафедра ) және басқалары ( көрсету керек )
Кіріспе
(ұсынылған
беттердің көлемі) 1-
2
Кіріспеде
- тақырыпты таңдау дәлелденеді
- оның өзектілігі анықталады (теориялық
және практикалық маңызы )
- мақсаты мен міндеттері анықталады.
Негізгі бөлім
(10-15 беттен артық
емес )
Негізгі бөлім жоспардың бөлек сұрақтарын
баяндайтын бөлімдер мен тараулардан тұрады ;
Негізгі бөлімде :
- сіз қарап отырған тақырыптың , мәселенің
тарихи баяндалады;
- таңдаған тақырып бойынша зерттелген
әдебиеттерге шолу жасалады
- егер сіз зерттеуді жоспарласаңыз , зерттеу
материалы ұсынылады;
- көпшілік
алдында
қорғайтын
шығармашылық
өнімнің
қысқаша
суреттемесі беріледі;
Қорытынды
Қорытындыда :
- нәтижелер жинақталады ;
- алға шығарылған проблемалларды шешу
бойынша қортындылар жасалады.
Глоссарий
Зерттеушінің сөздігі
Кіретіндер :
- жобада пайдаланылған негізгі терминдер
(зерттеу жұмысында )
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Жобаны орындар үрдісінде автордың пайдаланған
ақпарат көздері :
- ғылыми – көпшілік журналдар ;
- академиялық журналдар;
- бюллетеньдер;
- оқулықтар мен оқу құралдары;
- ғылыми басылымдар;
- монографиялар;
- диссертациялар;
- жеке рефераттар;
- сөздіктер,анықтамалықтар,
энциклопедиялар;
- интернет (сайт)
Қосымшалар
Қосымшаға иллюстрацияларды, фотоларды,
сызбаларды орналастырады.
Жобаның
мультимедиялық
презентациясы
Мультимедиялық презентация жобаның
қорытындылары мен негізгі ережелерін қамтиды.
Оған авторлық , фото-, бейне -, аудио -,
материалдар кіруі мүмкін . Қарызға алынған фото
- , бейне - , аудиоматериалдарды пайдаланған
жағдайда авторы көрсетілуі керек .
Мультимедиялық презентацияларға қойылатын талаптар
Қазіргі уақытта іс жүзінде барлық іс-шаралар Power Point
бағдарламасы арқылы жүргізіліп отырады. Өкінішке орай адамның
қызығушылығын тудырмайтын презентациялар да кездесіп отырады.
Сіздің назарыңызға заманауи талаптарды ескере отырып, Power Point
презентациясын жасауға бірнеше кеңестер ұсынылады.
Талаптар
Ескерту
Презентацияның
негізгі слайдтары
1. Титулдық слайд
2. Жоба құжаты
3. Презентацияның негізгі
слайдтары
4. Нәтижесі немесе қорытындысы
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6. Соңғы слайд үшін алғыс назар
аударыңыз.
Титулдық слайдта
жобаның титулдық
парағында
көрсетілген
ақпарат жазылады
Суреттерді
орналастыру
(фотосуреттер),
оларды
оңтайландыру
Презентацияда тек қана
оңтайландырылған (мысалы,
кішірейтілген
Microsoft Office Picture Manager
көмегімен құрылған)
сурет. Материалдар слайдта сол,
оң, жоғарғы, төменгі
слайдтың шетінен бос өрістер
қалатындай болып орналасады.
Көп өлшем алып
тұратын
суреттердің
кесірінен
презентация ұзақ
жүктеледі
Презентацияны
сақтау
Презентацияны «Демонстрация
PowerPoint» бойынша сақтаймыз.
.pps форматында
Бір файлда барлық
қосымшалар
болады (музыка,
сілтеме және т.б)
Түстер әсері
Бір слайдта үш түстен артық түс
қолдануға болмайды: біреуі фон
үшін, екіншісі тақырып, үшіншісі
мәтінге арналған.
Фон мен мәтін үшін контрасты
түстер қолданыңыз.
Гиперсілтеменің түсіне назар
аударыңыз (қолданар алдында
және қолданғаннан кейінгі)
Мынаны есте
сақтаңыз,
презентация
демонстрациялау
үшін, сөздерді
толықтыру үшін
қолданады
(дубликаттау үшін
емес)
Фон түсі
Бірдей стиль
Фон үшін суық және
ашық тондар қолданыңыз. Сұр
тектес фонды қолдануға
болмайды. Жақсы қабылдау үшін
Мәтін анық көрініп
тұру керек.
слайдтардың бірыңғай пішімін
сақтауға тырысыңыз. (бірдей қаріп
түрі, ұқсас түсті гамма)
Анимациялық
әсерлер
Анимация таңқаларлық болмауы
керек.
Әріптік немесе мәтіннің аналогты
анимациясын қолданбаған жөн,
сонымен бірге мәтіннің дыбыс
эффектісімен шығатын анимация
(PowerPoint стандартты дыбыстар
жиынтығынан)
Тақырыпқа анимация қолдануға
болмайды, әсіресе, «Вращение»,
«Спираль» және т.б
Ақпараттық слайдтарда анимация,
егер белгілі бір өзгерісті көрсету
қажет болған жағдайда және де
анимацияланған обьектілердің
пайда болу кезегі жобаның
құрылымына сәйкес келсе
қолданылады.
Динамикалық
презентациялардан
басқасы
Тізімдерді қолдану
Тізімдерді, қажет болған жағдайда
ғана қолданамыз.
3-5 бөлімдерді қолданады.
Көп тізімдер мен кестені 2
слайдқа бөлу керек. Оңайырақ
болған сайын, соғұрлым жақсы
болады.
Әрбір бөлім – бір
сөйлеммен
байланысты болу
керек
Ақпараттың
мазмұны
Слайдтарды дайындау кезінде
орфография, пунктуация, мәтінді
қысқарту мен безендіру ережесі
(тақырыпта нүктенің болмауы мен
т.б) сақталу қажет.
Беттегі ақпараттың
орналасуы
Көлденең орналасқан ақпаратты,
тігінен орналасқан ақпаратқа
қарағанда оқу жеңіл болып келеді.
Маңызды
ақпарат
экранның
ортасында орналасу керек.
Мәтінді ені бойынша туралау
қажет. Мәтіннің «жыртылған»
шеттері болмау керек.
Ақпаратты сақтау деңгейі олардың
экранда
орналасу
тәртібіне
байланысты.
Слайдтың
жоғарғы сол жақ
бұрышында
маңызды ақпарат
сақталып тұрады.
33% 28%
16% 23%
Қаріп
Мәтін анық көрініп тұру керек.
Қаріп өлшемі уақ болмауы керек.
Презентация үшін ең «кішкентай»
өлшемі – 22 пт.
Курсив мәтін жасамаймыз.
Абзацтардың арасы ашық болу
керек (жол аралық интервал -
полуторный)
Arial, Verdana
қаріп түрін
қолданыңыз.
Барлық
презентация үшін
бірдей стильде
қаріптерді
қолданған жөн.
Ақпаратты
белгілеу әдістері
Шекара, рамка, фон түсін бояу,
қаріпке әр түрлі түс беру,
штрихтеу, стрелка қолданыңыз.
Ұсынылып отырған ақпаратқа
назар аудартқыңыз келсе, сурет,
диаграмма, схема қолданыңыз.
Бұлардың барлығы
слайдтардың
түрлерін
қолдануына
байланысты
орындалып
отырады.
Ақпараттың
көлемі
Бір слайдқа көп ақпарат жазып
керек емес. Адамдар бір уақытта
үш
нәрсені
сақтай
алады:
анықтама, нәтиже, тұжырым.
Ең тиімді іс әрекет, әрбір бөлім
бөлек слайдта орналасса.
«Ұсақ» мәтіндерді
слайдқа
орналастыруға
болмайды.
Тармақталған
навигация
Презентацияның сызықты емес
құрылымы мен интерактивін
қамтамасыз ету үшін навигацияны
қолданасыз. Ол оның қолдану
аумағын кеңейтеді. (Навигация –
мазмұн ішіндегі қажетті бөлімге
тез арада өту процесі)
Презентация
бойынша
навигация 3 рет
шерткеннен кейін
пайда болу қажет.
Дыбыс
Дыбыс құлаққа жағымды болу
керек.
Стандартты Power
Point дыбыстарын
пайдаланбаған
жөн.
Презентацияның
соңғы слайдына
қойылатын
талаптар
Соңғы слайд бірінші көшіреді.
.
Жобаны қорғар кездегі (презентация) пайдалы кеңестер
1. Тайминг
Берілген уақытқа сию өте күрделі . Жоба өнімін ұсынар алдында таймермен
жаттығу жасаңыз , айналаңыздағы адамдар алдында сөз сөйлем көріңіз .
Ойлағандай емес жоба туралы 3-5 минут ішінде айтып шығу күрделі.
2. Қарапайым тезистер
Тұсаукесер жәй қарапайым тезистерден тұруы керек, ол нақты да , анық болуы
қажет.
3. Слайдтан оқыма
Слайдтан оқығанан сорақы ештеме жоқ. Слайд пен әңгіме бірін бірі
толықтыруы қажет .
4. Тарихты айтыңыз
Жалаң фактілерді құр атап шығуға болмайды.
Бұл адамдарды зеріктіріп жібереді. Тарихты айтыңыз. Бұл идеяға қалай
келгендігіңіз туралы, жоба өмірінен әңгім айтыңыз. Тарих – бұл жеке күйзеліс,
ол адамды қызықтырады.
5. Қарапайым бол
Достарыңа әңгімелегендей әңгімеле.
6. Адамдар оқымайды
Сіздің слайдтарыңызды ешкім де оқымайды. Суреттерді көреді, ал мәтінін
ешкім де оқымайды.
Тұсаукесердің слайдттары әңгімеден гөрі мазмұнды болуы керек. Үлкен
шрифтімен бірнеше өте қысқа қортындылар берілгені жөн.
7. Акценттер қой
Егер әңгіме қызығушылық тудырмаса, екінші слайдттан соң ұйықтап кетуге
болады. Ең маңызды жерлерді қатты , нақты айтыңыз.
8. Залдағы отырған адамдарға айт.
Жобаның барлық негіздерін нақты түсіндіру қажет.
9. Әзілде
Өзіңе назар аударудың тиімді тәсілі – әзіл , қарапайымдылық , белсенділік.
10. Өзіңмен өзің бол
Толқудан өзіңді өзің ұстауың қиынға соғады. Оны баса алсаң өте жақсы. Өзіңе
келіп, сөз саптауыңды ретке келтіре алсаң, залдағылардың назарын өзіңе аудара
аласың.
Өзіңмен өзің бол.
Оқытушылар үшін әдістемелік ұсынбалар
Жеке жоба - оқыту мен тәрбиелеуің біріктірілген дидактикалық құралы,
ол оқушылардың зерттеу мен жобалау дағдыларын дамытады , соның ішінде
үйретеді :
- Мәселе қоюға (мәселеден туындайтын кішкене мәселелерді бөліп
шығарып, олардың жетекші мәселелерді шешуге және міндеттерге қоюуын
қалыптастырады).
- Студенттің мазмұнды қызметін жоспарлауға және мақсат қоя білуге;
- Рефлексия мен өзіндік талдауға ( жоба мәселесін табысты шешу мен
нәтижеге әкетуге);
- Жұмыс барысы мен өз қызметінің нәтижесін ұсынуға ;
- Арнайы дайындалған жобалау өнімін пайдалана отырып , түрлі
формаларда тұсаукесерлер өткізуге (макет , плакат , компьютерлік тұсаукесер ,
модельдер , сызбалар , бейне , аудио және сахналық қойылымдар және басқалары)
- Қажетті білімді меңгеруге және өзекті ақпаратты таңдап алуға ;
- Теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалануға;
- Жобалау өнімін дайындаудың қажетті технологиясын пайдалануға және
меңгеруге ;
- Зерттеу жүргізуге (анализ, синтез, гипотеза ұсыну, қорыту)
Жобамен немесе зерттеумен жұмыс барысында оқытушы студенттің жобалық
және зерттеу қызметінің төмендегі элементтерін қалыптастыруы керек.
1. Ой қызметі : идея ұсыну (миға шабул) мәселе қою , міндеттерді анықтау
және мақсаттану, гипотеза ұсыну, болжамды нақтылау, әдісі мен тәсілін таңдау ,
қызметтегі жолдар өз қызметін жоспарлау, рефлексия және өзіндік талдау.
2. Тұсаукесерлік : атқарылған жұмыс туралы ауызша баяндама құру, қызмет
нәтижесінің көрнекі тұсаукесер формалары мен әдістерін таңдау , көрнекілік
бұйымдарын дайындау , атқарылған жұмыс туралы жазбаща есеп дайындау.
3. Коммуникативтік : өзгелерді түсіну және тыңдау, өзін көрсету , ымыраға
келу, топ ішінде қарым- қатынас жасау , даулы мәселелер бойынша қол жеткен
жалпы келісімге келу.
4. Ізденушілік : каталог бойынша ақпараттар табу , сөйлемдік ізденіс ,
гипертексте, интернетте , қажетті сөздерді қысқа және дәл жеткізу .
5. Акпараттық : ақпараттарды құрылымдау , бастыны бөліп шығару,
ақпаратты беру және қабылдау , түрлі формаларда ұсыну , іздену және тәртіппен
сақтау.
6. Құралдық эксперимент жүргізу : жұмыс орнын ұйымдастыру қажетті
құралдарды таңдап алу , материалдарды (реактивтерді) дайындау және таңдап алу,
өз экспериментін жүргізу, эксперимент барысын бақылау, параметрлерді өлшеу,
алынған қортындыларды ой елегінен өткізу.
Жеке жоба жетекшісі үшін жалпы ережелер
1. Осы жұмысты жүргізуге шығармашылықпен кірісіңіз.
2. Оқушылар бастамасын құптаңыз.
3. Өз бетімен атқарылған жұмысты мадақтаңыз, студенттерді өз бетімен
жұмыс жасауға үйретіңіз.
4. Басты педагокикалық нәтиже туралы есіңізде болсын – студенттердің
өздері жасай алатын жұмысты жасамаңыз.
5. Студенттер жұмысын бағалауға асықпаңыз.
6. Бағалаған кезде есіңізде болсын : болмашыға сынағаннан гөрі, болмашы
үшін он рет мақтаған дұрыс.
7. Білімді меңгерудің негізгі құрамдарына назар аударыңыз:
- Заттар, оқиғалар және құбылыстар арасындағы байланыстарға көз
жүгіртуге үйретіңіз;
- Зерттеу мәселелерін өз бетімен шешу дағдыларын қалыптастыруға
тырысыңыз.
- Студентті талдауға, синтездеуге, ал оған ақпаратты жүйелеуге
үйретіңіз.
- Жұмыс барысында тәрбие туралы ұмытпаңыз.
Жоба жетекшісіне (ұйымдастырушысына) жадынама
1. Жоба тақырыптарын түрліше басты әдістермен ұсыныңыз (ғылыми
зерттеу, әлеуметтік, шығармашылық, ақпараттық, практикалық–
бағдарлық, ойын т.с.с )
2. Мәселені көрсетіңіз, жобаны орындау барысында жүзеге асырылатын
пәнаралық байланыстар мен пән бойынша оқу материалдарын, жобаның
мақсаттары мен міндеттерін қысқа да дәл жеткізіңіз.
3. Жобаның практикалық және теориялық маңыздылығын ойластырыңыз.
4. Сіз қандай дамыту мақсаттарын қоятыныңызды көрсетіңіз (зияткерлік ,
адамгершілік, оқушылардың мәдени дамуы).
5. Жобаны орындар кезде қандай шығармашылық әдістер пайдаланғандығын
атап шығыңыз.
6. Осы жобаның оқу және оқудан тыс жұмысқа қалай енетінін көрсетіңіз.
7. Жоба қортындылары қалай жасақталатынын ойланыңыз.
8. Жобаны орындау кезеңдерін бақылау формаларын белгілеңіз
9. Жоба табыстылығын бағалау өлшемін ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |