Студенттерге арналған жөнсілтер анықтама



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата15.01.2020
өлшемі0,55 Mb.
#26819
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

14 



      Студентті оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады. 

      Оқудан шығарылған студентке белгіленген тәртіппен академиялық анықтама беріледі.  



 

Студент білімін бағалау 

   Студенттің  білімін,  іс-әрекетін,  дағдыларын  тексеру  мен  бағалау  оқу  үдерісінің  маңызды 

құрылымдық бірлігі болып саналады да, оқытудағы жүйелілік, тізбектілік, беріктік қағидаттары 

негізінде  бүкіл  оқу  жылы  ішінде  жүзеге  асырылады.  Онымен  білімді  тексеру  мен  бағалаудың 

бірнеше  түрі  жүргізіледі.  Олардың  күнделікті  сабақ  барысында  жүргізілетін  ағымдағы  тексеру 

мен  білімді  бағалау;  әр  семестр  соңында  жүргізілетін  семестрлік  тексеру  мен  білімді  бағалау; 

жылдық  білім  бағасы,  яғни  студенттердің  жылдық  үлгерім  бағасы;  келесі  жылға  көшіру  және 

қорытынды емтихандар т.б. негізгі түрлері бар. 

      Университетте  білім  алушылардың  үлгерімін  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Жоғары оқу орындарында білім  

алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі 

ережесіне»  негізделе  отырып,  білімді  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  бойынша 

бағаланады.   

      Университетте  студент  рейтингісін  анықтаудың  100  балдық  шкаласы  қолданылады. 

Рейтингтік  бақылау  нәтижелері  емтихан  сессиясы  барысында  пәндер  бойынша  емтихан 

тапсырғанда есепке алынады. 

      Білім  алушының  оқудағы  жетістіктері  (білімі,  білігі,  икем,  дағдылары)  әріптік  жүйемен 

бағаланады  (жақсы  бағалар  А  мен  D–дейін,  қанағаттанарлықсыз  -  F)  бұлар  сандық  сәйкесті 

баламаға сәйкес 4 балдық жүйемен мына сызба бойынша бағаланады. 

 

Бағаның пайыздық өлшемі 



Бағаның 

әріптік 

белгіленуі 

Бағаның 

сандық 

баламасы 

Дәстүрлі 

жүйе 

бойынша баға 

95-100 


А 

4,0 


 

Өте жақсы 

90-94 


А- 

3,67 


85-89 

В+ 


3,33 

 

Жақсы 

80-84 


В 

3,0 


75-79 

В- 


2,67 

70-74 


С+ 

2,33 


 

Қанағаттанарлық  

65-69 


С 

2,0 


60-64 

С- 


1,67 

55-59 


D+ 

1.33 


50-54 

1.0 



0-49 



Қанағаттанарлықсыз 

     


      Университетте  аралық  бақылау  семестрдің  7-8,  14-15  апталарында  бекітілген  академиялық 

күнтізбеге  сәйкес  жүргізіледі.  Аралық  бақылау  формалары  ретінде  жазбаша  тапсырмалар, 

тестілеу, реферат жазу т.б. түрлері қолданылады. 

      Емтихан  кестелері  сессия  басталардан  2  апта  бұрын  бекітіліп,  оқытушылар  мен  студенттер 

назарына  ұсынылады.  Оқу  жылындағы  емтихан  сессиясының  ұзақтығы  3  апта  болып 

белгіленеді.  Білім  алушылар  емтиханды  оқу  жоспарына  сәйкес  тапсырады.  Студенттерді 

емтихан тапсыруға жіберу олардың  екі аралық бақылау қорытындысында жинаған баллдарына 

сәйкес жүргізіледі.  

      Әр  пән  бойынша  тапсырылатын  емтиханның  бақылау  түрі  мен  оны  өткізу  тәртібі  оқу 

жылының басында Ғылыми Кеңес шешімімен бекітіледі.  

      Тест  сұрақтары  емтихан  басталардан  1  апта  бұрын  тест  орталығына  өткізіледі.  Әр  пән 

бойынша 1 кредитке 100-150 сұрақтан жасалады. 

      Аралық бақылауды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі Тіркеу офисіне жүктелген.    

      Мемлекеттік  қорытынды  аттестация  студенттердің  оқу  деңгейін  қорытындылау  болып 

табылып, бітірушілердің кәсіптік біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 

      Қорытынды  аттестацияның  нәтижесі  бойынша  бітірушілер    жоғары  білім  туралы  диплом 

және оқу кезеңіндегі академиялық көрсеткіш транскриптін қосымша алады.  



 

 

15 



      Транскриптегі  мәлімет  әр  семестр  сайын  жазылады.  Мәліметтер  компьютерге  енгізіліп,  әр 

студентке компьютерлік файл ұсынылады. 

      Мемлекеттік  білім  гранты  бойынша  оқитын  студенттерге  аралық  аттестацияның  нәтижесі 

бойынша  барлық  емтихандарын  «А»,  «А-»,  «В+»,  «В»,  «В-»    деген  бағаларға  тапсырған 

жағдайда студенттік шәкіртақы төленеді.   

      Бітірушінің  білім  деңгейін  ұйымдастыру  барысында  оқу  кезеңіндегі  барлық  емтихандарын 

«А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және нәтижесінде орташа балы 3,5-тен төмен 

емес (оның ішінде 75% «А», «А-» бағасы болу керек), сонымен қатар дипломдық  

жобасын «А», «А-» бағасына қорғаған бітірушіге үздік белгімен диплом беріледі. 

 

Академиялық қарыз 

      Академиялық  қарыз  студент  сессияға  келмегенде,  емтиханнан    қанағаттанарлықсыз  баға 

алғанда немесе пән бойынша рейтинг нәтижесі төмен жағдайда туындайды. 

      Оқытушы  емтиханға  бір  күн  қалғанда,  пән  бойынша  студентке  қосымша  балл  қойғанда 

(сессияны әртүрлі себептермен ұзарту кезінде), факультет деканының қолымен тіркеу кеңсесіне 

«Рейтинг парағын» ұсынуға міндетті.   

      Студенттің  рейтингтісін  және  оның  оқу  нәтижесін  анықтауда  мына  келесі  жағдайлар 

бойынша мәртебесі анықталады: 

- студент GPA балы жеткілікті болған жағдайда келесі курсқа көшіріледі; 

-  студенттің  академиялық  қарызы  жоқ  болып,  бірақ  та  GPA  балы  жеткіліксіз  болса,  онда  ол 

қайта оқу курсына қалдырылады;  

-  студенттің  GPA  балы  жеткілікті  болғанымен,  оның  академиялық  қарыздары  болса,  онда  ол 

келесі курсқа шартты түрде көшіріледі, бірақ академиялық қарызын жабуы керек. 

- студент курсты қайта оқуға қалдырылады. 

      Егер  мемлекеттік  білім  грантының  иегері  келесі  курсқа  өту  балын  жинаса,  бірақ  оның 

академиялық  қарызы  болса  да,  ол  келесі  курсқа  шартты  түрде  көшіріледі,  ал  академиялық 

қарызын жабу үшін, аталған пән ақылы негізде қайтадан оқытылады. 

 

Академиялық  айырмашылықтарды жою 

         Академиялық  айырмашылықтар  төмендегідей  жағдайларда  туындайды: 

- студенттің  басқа  оқу  орнынан ауысып келуіне байланысты; 

- студенттің  басқа  мамандыққа ауысуына  байланысты; 

- студенттің  академиялық  демалыста  болуына байланысты; 

- студенттің  курсқа  қайта  қабылдануына  байланысты. 

      Академиялық  айырмашылықтарды  жою  оқу  жылының  жазғы  семестрінде  жүзеге асады. 

Жазғы  семестрде  студент: 

- көрсетілген  курсты  меңгеру  мақсатымен  сабаққа  қатысуға; 

- балды - рейтінгілік  жүйе   бойынша барлық  тапсырмаларды  орындауға; 

-  жоспарланған  кредит    мөлшерін    алу    мақсатында    қарастырылған    бақылау    түрлерін  

тапсыруға  міндетті.   

         Тіркеу офисі студенттің  өтініші  бойынша  төмендегідей  жағдайларды:   

- академиялық  айырмашылықтарды  құрайтын  пәндер  тізімін; 

- академиялық  айырмашылықтарды  жоюға  қатысатын оқытушыларды анықтайды. 

      Студент  оқитын курсына академиялық айырмашылықтарын жою үшін жазғы семестрге оқу 

ақысын толық төлегеннен кейін жіберіледі. 

 

Жазғы семестрді ұйымдастыру 

      Жазғы семестр   академиялық  қарыздар мен айырмашылықтарды  жою  үшін   студенттердің  

бастамасымен ақылы түрде  ұйымдастырылады. 

      Жазғы  семестрде  оқуға  төмендегі  студенттер жіберіледі: 

- семестрлік   рейтинг  қорытындысы  бойынша  емтиханға жіберілмегендер; 

- басқа оқу орнынан ауысып немесе академиялық демалыстан қайта келгенде, академиялық  

айырмашылықтары  анықталған, бірақ оларды белгіленген мерзімде тапсырмағандар; 

- емтиханда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алғандар. 




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау